kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"С-Ш"дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Логопедиялық сабақ тақырыбы: «С-Ш»  дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Мақсаты:  Ш-С дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"С-Ш"дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру»


































































1 «Б» класс (топтық сабақ) 
Сабақтың тақырыбы: «С-Ш» дыбыстарын ажырату 
Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, пароним сөздерде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. 
Сабақтың көрнекілігі: айна, слайд, суреттер, трафареттер, ойыншықтар т.б. 
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Балалар, бүгін біздің сабаққа насос пен жылан қонаққа келді. Сендерге өздерінің ғажайып қалтасын әкеліп, заттарын көрсеткісі келеді. Ал біріншіден еске түсірейік, насос қандай дыбыс шығарады? (ш-ш-ш), ал жылан ше? (с-с-с). Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық. 
С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді. 
- Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді. 
- Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады. 
Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады. 
С-Ш дыбыстары дауыссыз, қатаң. 
2. Дидактикалық ойын. «Ғажайып қалта». Дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін айту. 
3. Дыбысты буында, пароним сөздерде дұрыс айту. 
Са-ша сым-шым 
Со-шо ас-аш 
Су-шу ос-ош 
Сы-шы ус-уш 
Сай-шай ыс-ыш 
Сал-шал асық-ашық 
Асыл-ашыл асыл-ашыл 
Қасық-қашық ста-шта-ста 
4. Ойын. «Ашық буынды жабық буынға алмастыр» (доппен) 
Са-ас ша-аш со-ос шо-ош су-ус шу-уш әс-сә шұ-ұш ше-еш 
5. «Көңілді тіл туралы ертегі» 
Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Көрсетейік: қалай ашылып-жабылады?Тіл үйінде отыра алмайды, далаға шығады(тілін шығару). Міне ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты, тіл тоңып кетіп үйіне кірді де есігін жауып алды. Тіл тәтті қайнатпамен шай ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады. Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, күн жарқырап тұр екен (күн жасау), балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты.(еріндерін жымитып, мақта допқа үрлеу). Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады. 
6. С-Ш дыбыстарына сөздер, есте қалғанын дәптерге жазу, талдау. 
7. Трафаретпен жұмыс. 
8. С-Ш дыбыстарын сөйлемде айтуға машықтандыру. 
9. Көп нүктенің орнына С-Ш дыбыстарын қойып, мәтінді оқу. 
Мысық пен тышқан. 
Мы...ық ты...қанды қуды. Ты...қан далаға қа...ты. Ол аға...тың ара...ына тығылды. Мы...ық ты...қанды таба алмады. 
10. Саусақ қимыл жаттығуы. 
11. «Адасқан әріптер» ойыны. Әріптер адасып қалыпты, олардың сөздегі орнын табуға көмектесейік. 
Шабақ оқып, бес алдық, Бөркін киіп башына, 
Бүгін алдық, кеше алдық. Үйден сықты асыға. 

Ілінді сортан қармаққа, Төбет шүйек кемірді 
Шортанды өзің салмақта. Содан күнде семірді. 
12. Жаңылтпаш айтып жарысайық. 
Сорпа іштік Асан массаж жасар 
Сорпа ыстық. Массаж жасап шаршар. 
Сондықтан 
Қорқа іштік. Шын еңбекші - өрмекші, 
Өрмекші шын - өрнекші. 
13. Ойлау көркі – шешу. Айырмашылығын тап. 

14. – Бүгін қандай дыбыстарды дұрыс айтып, қайталадық? 
- С-Ш дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба? 

15. Үйге тапсырма беру. 
- С-Ш дыбыстары кездесетін мақал-мәтелдер жаттап келу. 

16. Әр оқушыны біліміне, белсенділігіне қарай мақтап, мадақтау.

Сабақтың тақырыбы : с-ш дыбыстарын ажырату



Білімділік мақсаты : с-ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау,тыныс алу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.С-ш дыбыстарының айырмасын нақтылай отырып,буын ,сөз.сөйлем ішінде бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,сурет арқылы ажырату.

Дамытушылық мақсаты: танымдық белсенділігін және дене белсенділігін арттыру, ойын тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : С,Ш дыбыстарының кескіні,суре ттер,слайд,текше, кеспе қағаздар

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, түсіндіру,ойындар,тапсырмалар.



Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Адам» суреті

-Мына суреттен не көріп тұрмыз.Енді осы смайликтерді бізде қайталап көрейікші.

1.Ерінге ,бетке ,арналған массаждар «Сиқырлы нүктелер»

2.Тыныс алу жаттығулары : «Көпіршіктер»

«Ұзақ жылы жел үрлеу»

-Ал,балалар,барлығымыз тақтаға қарайық .Мынау ненің суреті?

-Дұрыс, бұл орман.Орманда нелер болады?

-Ал мынау ненің дыбысы ?

-Бұл ағаштардың дыбысы Ш-Ш-Ш

-Ал мынау не жылан ?

-Жыланның дыбысы С-С-С

-Біз қандай дыбыстарды естідік?

-Бүгінгі сабақта біз с-ш дыбыстарын анық,дұрыс айтып және ажыратып үйренеміз.

Бұл дыбыстарды дұрыс айту үшін алдымен артикуляциялық жаттығуларды орындап алайық.

«Сағат» -ауызды ашып,тілді оңға,солға қозғалтамыз.

«Тәтті тосап»- тілді ерінге қойып ,тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатамыз.

«Тісімізді тазалаймыз» -ауызымызды кең ашып,тіліміздің ұшымен тісіміздің үсті мен астын іш жағынан тазалаймыз.

-Ал енді манағы жылан сияқты ысылдайық С-С-С

С дыбысын айтқанда дауыс жоқ.Тіл ұшы төмеңгі тіске тіреледі,ауа тіл ортасымен төмен түседі.

-Ал енді ш дыбысын айтып көрейік. Ш-Ш-Ш

Ш –дыбысын айтқанда дауыс жоқ,тіл ұшы жоғары көтеріліп,ауа тіл ортасынан өтеді.

С-Ш дыбыстарын буын ішінде бекіту

1.Са-са-са ызыңдайды маса

Ас-ас-ас- дәмді болсын ас

Ес-ес-ес- алдым кілең бес

Ша-ша-ша бугінгі күн тамаша!

Аш-аш-аш ұстап алар қаш

Еш-еш-еш болып қапты кеш

Суретпен жұмыс (барлығы хормен)

С-Ш сөз ішінде бекіту.

-Тақтадағы суретті атайсың.Содан кейін мына текшені лақтырасың.Қанша нүкте соны санап,сол сөзді соншама қайталайсың,

«Қай сөзде С-Ш дыбысы бар? » ойын

Тақтағы суреттер ішінен с-ш дыбысы бар сөздерді табады.

Дәптермен жұмыс.

-Қазір мен с-ш дыбыстарына сөздер оқимын.Ал сен артынша сөздерді ауаға жазып отырасың.Барлық сөздер оқылып болғаннан кейін,есіңде қалған сөздерді дәптеріңе жазып шығуың қажет.Жазған сөздеріңді оқисың.

Шаш,сурет,қасық,сағат,шана.

Суретпен сөйлем құрайды.

Сергіту сәті

«Бағдаршам» ойыны

-Мен әр түрлі сөздер айтамын.Егер дұрыс сөз айтсам-көк түсті,ал бұрыс айтсам- қызыл түсті көтересіңдер.

Саңғы,шар,шағат,шана,сәйнек,құс,қашқыр,қапшық,бесік,есік,шиыр, ағаш.

«Құйрығын табуға көмектес» ойыны

«Жоғалған әріп» ойыны

Ұ...ақ

Пы...ақ

...урет

Қуыр...ақ

...иыр

Қорытынды

Жерге үш заттың суреті қойылады.Әр суреттің арасы алшақтау болады.

1.Шалбар- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау.

2.Сәбіз- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау.

3. Шанышқы- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау

4.Самаурын- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау

Жұмбақ

Тұрғанымен бұрышта,

Еңбегіңді ақтайды.

Жиғанымды дұрыстап,

Қат-қатымен сақтайды. (Шкаф)

-Шкаф ішіндегі сыйлығынды ала ғой.Жарайсың,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!

Осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар!


Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық бұзылуы, акустикалық дисграфия.

Топтық сабақ.

Коррекциялық тақырып : [С]-[Ш] дыбыста¬рын ажырату.

Грамматикалық: ысқырық және ызың дау¬ыссыз дыбыстар.

Лексикалық : « Ертегілер».

Құрал-жабдықтар: суреттер, буындық және сандық кестелер.

Мақсаттар:

1)[с]-[ш] дыбыстарының айтылуын салы¬стыру, анықтау;

2)[с]-[ш] дыбыстарын жеке, буындардағы, сөздердегі орналасудың фонематикалық ажы¬ратуын дамыту;

3)[с]-[ш] дыбыстарын белгілейтін әріптердің жазылуын нақтылап анықтау.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: бугінгі күн, ай, жыл мезгілі.

II. Артикуляциялық гимнастика.

ІІІ. Негізгі бөлім.

1.«Сабақ» және «шабақ» түсініктерін белгілейтін суреттер.

Бұл сөздер қандай дыбыстармен ажыраты¬лады? Ол қандай дыбыстар?

([С], [Ш] - дауыссыз, қатаң, [с] - ысқырық, [ш] - ызың.) Келесі суреттер: сағат, шана.

Бұл сөздердегі бірінші дыбыс қандай?

[С], [Ш] дыбыстарының артикуляциясын анықтау:

[С] - езу тартып,күлімсіреп, тістердің ара¬сында саңылау қалады, тіл ауыз қуысының түбінде, тілдің ұшы төменгі күрек тістердің артында, ауа тілдің ортасындағы науашамен өтеді, ауа суық, дауыс желбезегі дірілдемейді.

[Ш] - ерінді үйіріп, тіл кесе пішінді қалыпта, дауыс желбезегі дірілдемейді, шыққан ауа жылы.

[С], [Ш] дыбыстары қандай әріптермен белгіленеді?

2. Ертегі кейіпкерлері: Саққұлақ, Таусоғар, Шойынқұлақ, Көлтауысар, Шалқұйрық – бұл қай ертегіде кездеседі?

(Бұл есімдердің барлығында [с]-[ш] дыбыстарының бар екендігіне зейін қойылады).

Атауында [с-ш] дыбыстары кездесетін ертегілерді атаңдар.

(«Ер Төстік», «Шалқан», «Бауырсақ», «Қаңбақ шал», т.б.)

Есімдерінде [с-ш] дыбыстары кездесетін ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

(Самұрық, Жиренше, Тасбол, Алпамыс, Шықбермес Шығайбай, Айсұлу, касқыр, т.б.)

Бірнеше сөзді дәптерге екі бағанға жазу, біріншісіне - [с] дыбысымен, екіншісіне - [ш] ды¬бысымен. [С] дыбысының астын бір сызықпен, [ш] дыбысының астын екі сызықпен сызу.

3.«[С] дыбысын ұстап ал» ойыны: құрамында [с] дыбысы бар және [с] ды¬бысы жоқ сөздер айтылады, [с] дыбысын естігенде дыбысты «ұстап алу» - қолды бір рет шапалақтау.

4.«[Ш] дыбысын ұстап ал» ойыны: [ш] дыбы¬сы бар сөзді естігенде дыбысты «ұстап алу»

5.Сөздерде неше [с] дыбысы бар?

(Сәйкес санды көтеріп көрсету: сорпа, асау, самырсын, сынақ, сырласу, астау, сынасу, т.б.)

6.Сөздерде неше [ш] дыбысы бар?

(Сәйкес санды көтеріп көрсету: шынашақ, шойын, монша, шырыш, ұшқыш, топша, тышқан, т.б.)

7.[с-ш] дыбыстары бар сөздермен диктант жазу. Сөздерді үш бағанға жазу: 1- [c] дыбы¬сымен, 2 - [ш] дыбысымен, 3 - [с-ш] дыбыста¬рымен. (құыршақ,сырғанаушы, сабау, шошала, сыр,басқыш,сынақшы, пышақ т.б.)

[С] дыбысының астын бір сызықпен, [ш] дыбысының астын екі сызықпен сызу.

8.Буынды мозаика.

Жетіспейтін -са, немесе -ша буынын жазып, толықтыру. (қызылша, таса, қаша, балауса, тұша, маса, қорамса, т.б.)

9.Әріп адасып кетті.

Ысқырық [с] дыбысын ызың [ш] дыбысы¬мен және керісінше алмастыру.

(Шана, сақа, асу, шама, асық, қас, аштық,су, аласа, аш, шын,сөк т.б.)

10. Бүгін қандай дыбыстарды қайталадық? Олар жазуда қандай әріптерімен белгіленеді?

Үй тапсырмасы: [с-ш] дыбыстары кездесетін өсімдік атауларын ойлап, дәптерге жазу.

(арша, сұлы, қыша, шетен, сәбіз, бұрыш, бұршақ т.б.)

Автор:

Гүлнұр ЖУНУСОВА, мұғалім-дефектолог, логопед Жамбыл атындағы орта мектеп, Панфилов ауданы.


























Күні:  жыл

Сабақтың тақырыбы: Түстер әлеміне саяхат.

Логопедиялық сабақ тақырыбы: «С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Түзету-дамытушылық мақсаты: Түстер тақырыбын меңгерте отырып, Ш-С дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету.

Сабақтың түрі: Жеке, түзету сабағы. 
Алдын-ала жұмыс: Дамыту, түзету жаттығуларын жасау.

Әдіс-тәсілдері: Бақылау, әңгімелесу, көз жеткізу, ойын.

Көрнекіліктері: Айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, Ш-С дыбыстары бар суреттер, табиғат суреті.


Іс-әрекет кезеңдері

Маман іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық іс-әрекетті ояту.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу (балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік!

Сәлемдеседі, қимыл қозғалыспен орындайды.

Ұйымдастыру іздену













































Негізгі бөлім





















































Қорытындылау.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған сасақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

«Жұдырық, тақтай, алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

Артикуляциялық жаттығулар орындау

«Күрекше»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

«Алтыбақан» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.

«Ат шауып келеді» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Осы жаттығуды бір ден беске-оңға дейін қайталау қажет.

«Кесе» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

«Сылақшы» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.

Тыныс алу жаттығуларын орындау

«Көбелекті гүлге қондыр» ойыны.

Жіптің бір жағына көбелек, бір жағына гүл байланады. Бала көбелекті гүлге қондырғанша мұрынмен дем алып, ауызбен үрлейді.

Біз бүгінгі сабағымызға келген пойыздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз, ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр, әр вагон тапсырмасын орындасаң, вагондар саған пойыздың қай қалаға бара жатқанын айтады.


Бірақ, балалар, мына вагонга қарайықшы. Маған көмектесесіңдер ме?

- Ендеше, бастаймыз.

Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. І вагон

Сауысқан, сәбіз

Сарымсақ, сағыз

Сөздерінің басында қандай әріп естіп тұрсың? «С»


Қыста бар, Сарада бар,

Жазда жоқ Шарада жоқ

Түсте бар, Сақанда бар

Кеште жоқ «С» Шоқанда жоқ «С»


«С дыбысының артикуляциясы»

  • Ерін жымиып тұрады;

  • Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тірліп тұрады;

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында

жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.

  • Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу

тістерге тиіп тұрады;

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;

Артикуляциялық жаттығулар

«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтар», «Тәтті шырын»,

«Ат шауып келеді»






2-тапсырма. Көк түс.

«Кім зейінді?» ойыны.

Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп, буынды қайталайсыңдар. са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу, . 3 тапсырма: Сары түс.

Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар. Мысалы: сана, сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина. 4-тапсырма. Жасыл түс Дидактикалық ойын: «Қай баған?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет) 5 тапсырма: Күлгін түс [С]-[Ш] дыбыстарын сөздерде ажырату.

Ұста-ұшта Аласа-алаша Өсу-өшу Қас-қаш Сал-шал Сана-шана

Сабақ-шабақ Істі-ішті Сала-шала Асу-ашу Сақ-шақ Асық-ашық

- Балалар, жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестіңдер. Енді, түстерді атап шығайықшы.

- Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дымбілмеске ертегі айтып берсек қайтеді. Ендеше, «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап, әңгімелейік. Және с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айтайық.

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.










Балалар Жаттығулар орындайды.




























Берілген қағаздан жасалған көбелек пен гүлдерді үрлейді.
































Берлілген тапсырмаларды орындайды. Түстерді дауыстап атап отырады.


















Балалар кемпірқосақтың түстерін атап береді.

Рефлексифті түзету бағыты

Үйге тапсырма.

Қалаған ертегі кейіпкерінің суретін салу.


Күтілетін нәтиже салдары.

Баланың сөйлеу тілін дамыту. Ойлауын, сөздік қорын дамыту.










































Күні: 13.03.2017 жыл


Логопедиялық сабақ тақырыбы: «С-Ш» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Мақсаты:  Ш-С дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: с-ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау,тыныс алу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.С-ш дыбыстарының айырмасын нақтылай отырып,буын ,сөз.сөйлем ішінде бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,сурет арқылы ажырату.

Түзету -дамытушылық: танымдық белсенділігін арттыру, ойын тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды тиянақтылыққа,ұқыптылыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық

Алдын-ала жұмыс: Дамыту, түзету жаттығуларын жасау.

Көрнекілігі : С,Ш дыбыстарының кескіні,суреттер,слайд,текше, кеспе қағаздар ,айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, пойыз суреті

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, түсіндіру,ойындар,тапсырмалар.



Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушы

Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Балалар, бүгін оқу қызметімізге көп қонақтар келіпті.Бір-бірімізбен амандасып алайық.


Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Амансыңба жан достар?

Амансыңба қонақтар?


Амандасады.

Балалар жарты шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыспен қайталайды













Ұйымдастыру-іздену

-Балалар бүгін қонақтар сендердің дыбыстарды қалай айтатындарыңды тыңдауға келіп отыр екен.

-Ендеше, оқу қызметімізге жақсы қатысып, дыбыстарды қалай айтатынымызды көрсетейік

-Балалар мен сендерге бір дыбыс жасырамын, сол дыбыс ненің дауысы екенін табуларың керек?

-Бәріміз мұқият тыңдап көрейік!

-Бұл ненің дыбысы екен?

-Иә, дұрыс жыланның дыбысы екен.

-Жылан қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы?

-Жарайсыңдар!



-Балалар сендерге тағы бір дыбыс жасырайын, ненің даусы екенін табуымыз керек?

-Иә, дұрыс бұл насостың дыбысы екен.

-Насос қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы?

-Жарайсыңдар!



-Балалар,біз қандай дыбыстарды естідік?



Суретпен жұмыс

-Ал, балалар, барлығымыз тақтаға қарайық. Мынау ненің суреті. Шетінен атап шығайық.

Шар, шана, шелек,сағат, сиыр, сәбіз



Артикуляциялық жаттығулар

-Балалар, сендер С-Ш дыбыстарын анық айта алмай жатырмыз. Сондықтан С-Ш дыбыстарына арналған артикуляциялық жаттығуларды орындап жіберейік.



«Сағат» -ауызды ашып,тілді оңға,солға қозғалтамыз.

«Тәтті тосап»- тілді ерінге қойып ,тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатамыз.

«Тісімізді тазалаймыз» -ауызымызды кең ашып,тіліміздің ұшымен тісіміздің үсті мен астын іш жағынан тазалаймыз.



Дыбысты анық айтуға ерінге де жаттығу жасап, тынысымызды кеңейтіп алайық

Тыныс алу жаттығуы

«Көбелек үрлеу»



Тыңғаларлық сәт

-Балалар тыныш-тыныш!

Тыңдаңдаршы, мына жақтан бір дыбыс шығады!

-Бұл ненің даусы екен? ( Пойыздың дауысы )

-Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге пойыз да келіпті.Ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр екен.Пойыздың әрбір вагонында тапсырмалар бар екен.Вагондағы тапсырмаларды орындасақ пойыздың қай қалаға бара жатқанын білеміз. Тапсырмаларды орындап қай қалаға бара жатқанын білгілерің келе ме?



1 вагон

1-тапсырма

А) С-Ш дыбыстары туралы слайд;

Ә) Мнемокесте С-Ш дыбысы

-Ал енді манағы жылан сияқты ысылдайық С-С-С

С дыбысын айтқанда дауыс жоқ.Тіл ұшы төмеңгі тіске тіреледі,ауа тіл ортасымен төмен түседі.

-Ал енді ш дыбысын айтып көрейік. Ш-Ш-Ш

Ш –дыбысын айтқанда дауыс жоқ,тіл ұшы жоғары көтеріліп,ауа тіл ортасынан өтеді


2 вагон

2- тапсырма

«С-Ш» дыбысын дұрыс, анық айту.Дыбыстық жаттығу (Музыка ырғағымен, суретпен)

Са-са-са-ызыңдайды маса

Се-се-се-бұл әдемі кесе

Су-су-су-жай ағады Ақсу

Ес-ес-ес алдым кілең бес.


Ша-ша-ша-өсе берсін шырша

Ше-ше-ше- таза болсын көше

Ші-ші-ші- тату тұрсын көрші

Ша –ша-ша бүгінгі күн тамаша.


3 вагон .

3 –тапсырма. Ойын «Кубизм»

«С-Ш» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Шарты:Суретті атау.Содан кейін текшені лақтыру, қанша нүкте соны санап алады, сөзді соншама қайталайды. Үйшікке С дыбысын бөлек, Ш дыбысын бөлек орналастырады.


Шана,шалбар,шырша,шар,шелек,шие.

Сырға, сандық,саңырауқұлақ,сағат, сақина.

Логоритмика

Орнымыздан тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

«С» дегенде секіріп,

«Ш» дегенде орнымызды табайық


4 вагон

4- тапсырма. Ойын «Үйшікке орналастыр»

Дұрыс айту, буынға бөлу, сөйлем құрау

Шарты:Ұнаған суретін тандап алып, буынға бөліп,ұяшыққа орналастыру.


Шана, шанышқы, шар.

Сылдырмақ,сәбіз,сиыр,сандық.


5 вагон

5-тапсырма.

Тақпақ айту С-Ш дыбысына арналған. (Мнемо кесте)


Сауысқан, сауысқан, ұртты жеп тауысқан,

Санитар ол сауысқан.


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Шымшықтарға тастаңдар.


Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте тапқыр екенсіңдер!


6 вагон

Соңғы вагонда екі тапсырма беріпті:

6-тапсырма . Жаңылтпаштар

Сағат сыртылдады,

Сырға сыңғырлады.


Шошыттық үш құсты

Шошып үш құс ұшты.


Биыл жазда маса аз, маса азда , маза аз.


7 -тапсырма

Соңғы тапсырманы ашайық ішіндегі суретті көрейік. Пойыз қай қалаға кетіп бара жатыр екен.(Суретті көрсету)


-Яғни, пойызымыз Астана қаласына кетіп бара жатыр екен.

-Балалар, Астана қандай қала?

-Астанада не орналасқан?

-Жарайсыңдар! Сендер өте ақылды, тапқыр бала екенсіңдер! Тіпті пойыздың барлық тапсырмаларын орындап, қай қалаға бара жатқанын да таптыңдар.







-Иә



Мұқият тыңдайды

Жыланның


С-С-С



Мұқият тыңдайды, насостың



Ш-Ш-Ш



С-Ш



Балалар бірге қайталайды





Мұқият тыңдап, қызыға орындайды











Қызыға үрлейді






Пойыздың






Иә





Мұқият тыңдап, қайталайды.











Әндетіп хормен орындайды















Қызыға ойнайды. Жеке орындайды.








Қимыл-қозғалыспен орындайды.





Қызыға ойнайды.










Балаларға бірге,

жеке-жеке айтқызу










Балаларға бірге,

жеке-жеке айтқызу












Астана



Еліміздің бас қаласы, астанасы

Бәйтерек




Рефлексивті-түзетушілік








Бүгінгі ҰОҚ қандай дыбыстарды айтып үйрендік?

-Тағы бір қайталап жіберейік?

-Ненің тапсырмаларын орындадық?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Дыбыстық жаттығуды қайталап жіберейік?

-Пойыз қай қалаға бара жатқанын таптық?



-Балалар, жарайсыңдар!Барлық тапсырмаларды орындадыңдар. С-Ш дыбыстарын барынша дұрыс айттыңдар.ҰОҚ өте жақсы қатыстыңдар.Осымен ҰОҚ аяқталды.

Сау болыңдар?


С-Ш дыбыстарын


Пойыздың



Астанаға

Алған білімдерін бекіту





























































































































Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Адам» суреті

-Мына суреттен не көріп тұрмыз.Енді осы смайликтерді бізде қайталап көрейікші.

1.Ерінге ,бетке ,арналған массаждар «Сиқырлы нүктелер»

2.Тыныс алу жаттығулары : «Көпіршіктер»

«Ұзақ жылы жел үрлеу»

-Ал,балалар,барлығымыз тақтаға қарайық .Мынау ненің суреті? Пойыз

Біз бүгінгі сабағымызға келген пойыздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз, ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр, әр вагон тапсырмасын орындасаң, вагондар саған пойыздың қай қалаға бара жатқанын айтады.

1 вагон

Ал,балалар,барлығымыз тақтаға қарайық .Мынау ненің суреті?

Сәбіз,сарымсақ, сандық,сыр (С)

Шар, шана, шалбар, шие (Ш)

Қандай әріп естіледі? Ш-С



-Ал мынау ненің суреті ? Ағаштың

-Бұл ағаштардың дыбысы қандай? Есітіп көрейік Ш-Ш-Ш (аудиозапис)

-Ал мынау не ?жылан .

-Жыланның дыбысы С-С-С (аудиозапис)

-Біз қандай дыбыстарды естідік?

-Бүгінгі сабақта біз с-ш дыбыстарын анық,дұрыс айтып және ажыратып үйренеміз.

Бұл дыбыстарды дұрыс айту үшін алдымен артикуляциялық жаттығуларды орындап алайық.

«Сағат» -ауызды ашып,тілді оңға,солға қозғалтамыз.

«Тәтті тосап»- тілді ерінге қойып ,тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатамыз.

«Тісімізді тазалаймыз» -ауызымызды кең ашып,тіліміздің ұшымен тісіміздің үсті мен астын іш жағынан тазалаймыз.



-Ал енді манағы жылан сияқты ысылдайық С-С-С

С дыбысын айтқанда дауыс жоқ.Тіл ұшы төмеңгі тіске тіреледі,ауа тіл ортасымен төмен түседі.

-Ал енді ш дыбысын айтып көрейік. Ш-Ш-Ш

Ш –дыбысын айтқанда дауыс жоқ,тіл ұшы жоғары көтеріліп,ауа тіл ортасынан өтеді


2 вагон «С-Ш» дыбысын дұрыс, анық айту.Дыбыстық жаттығу (Музыка ырғағымен)

Са-са-са-ызыңдайды маса

Се-се-се-бұл әдемі кесе

Су-су-су-жай ағады Ақсу

Ша-ша-ша-өсе берсін шырша

Ше-ше-ше- таза болсын көше

Ші-ші-ші- тату тұрсын көрші


3 вагон «С-Ш» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Ойын «Кубизм»

Суретті атау.Содан кейін текшені лақтыру, қанша нүкте соны санап алады, сөзді соншама қайталайды.

Шалқан, шал, шелек, шана,сағат,сырға,сиыр, сандық, сылдырмақ, саңырауқұлақ


4 вагон

Дұрыс айту, буынға бөлу, сөйлем құрау

Шалбар,сәбіз, шанышқы,сырға, сыр

5 вагон Ойын «жеке және көпше»

Мына жануарлар не жейді?

Ит- сүйек ( сүйектер)

Қоян- сәбіз ( сәбіздер)

Мысық- сүт (Сүттер)

Сиыр- шөп (шөптер)

6 вагон мнемокесте тақпақтап

Сауысқан, сауысқан, ұртты жеп тауысқан,

Санитар ол сауысқан.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Шымшықтарға тастаңдар.

Шаңқ-шаңқ етіп шағала

Шабақ ілер жағада.


7 вагон Жаңылтпаштар (Суретті)

Сағат сыртылдады,

Сырға сыңғырлады.

Шошыттық үш құсты

Шошып үш құс ұшты.

Биыл жазда маса аз, маса азда , маза аз.


8 вагон соңғы вагонды ашайық ішіндегі суретті көрейік. Пойыз қай қалаға кетіп бара жатыр екен. Бұл вагонда жұмбақ жасырыпты.Тыңдаңдар.

Тұрғанымен бұрышта

Еңбегіңді ақтайды

Жиғанымды дұрыстап

Қат-қатымен сақтайды. (Шкаф) Яғни, суретіміз шкафта болғаны (бәйтеректің суреті шығады)

Бүгін қандай дыбыстарды айтып үйрендік? Біз бүгінгі сабағымызда ненің тапсырмаларын орындадық? Пойыздың қай қалаға бара жатқанын таптық?

Балалар, жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындадыңдар. с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айттыңдар.

Жарайсың,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!Осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"С-Ш"дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Автор: Музаева Жамила Алимжановна

Дата: 16.11.2017

Номер свидетельства: 439179


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства