kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С-Ш дыбыстарын ажыраиу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: "С-Ш дыбыстарын ажырату." Саба?ты? негізі тыныс алу жатты?улары,артикуляциялы? жатты?улар, т?рлі ойындардан т?рады.Саба? т?рлі дыбыстарды? тындалуы ар?ылы саба?ты? та?ырыбы ашылады. С-Ш дыбыстарын с?з арасында ажырату,дыбыстар?а байланысты с?йлем ??растыру ж?не буын?а б?лу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С-Ш дыбыстарын ажыраиу»

Аты-жөні : Умарова Мөлдір Жанабергеновна

Облыс : Ақтөбе

Аудан : Байғанин

Ауыл : Жарқамыс

Мектеп : Жарқамыс орта мектебі

Лауазымы : мұғалім-логопед











Сабақтың тақырыбы : с-ш дыбыстарын ажырату


Білімділік мақсаты : с-ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау,тыныс алу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.С-ш дыбыстарының айырмасын нақтылай отырып,буын ,сөз.сөйлем ішінде бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,сурет арқылы ажырату.

Дамытушылық мақсаты: танымдық белсенділігін және дене белсенділігін арттыру, ойын тапсырмалар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : С,Ш дыбыстарының кескіні,суре ттер,слайд,текше, кеспе қағаздар

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, түсіндіру,ойындар,тапсырмалар.


Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Адам» суреті

-Мына суреттен не көріп тұрмыз.Енді осы смайликтерді бізде қайталап көрейікші.

1.Ерінге ,бетке ,арналған массаждар «Сиқырлы нүктелер»

2.Тыныс алу жаттығулары : «Көпіршіктер»

«Ұзақ жылы жел үрлеу»

-Ал,балалар,барлығымыз тақтаға қарайық .Мынау ненің суреті?

-Дұрыс, бұл орман.Орманда нелер болады?

-Ал мынау ненің дыбысы ?

-Бұл ағаштардың дыбысы Ш-Ш-Ш

-Ал мынау не жылан ?

-Жыланның дыбысы С-С-С

-Біз қандай дыбыстарды естідік?

-Бүгінгі сабақта біз с-ш дыбыстарын анық,дұрыс айтып және ажыратып үйренеміз.

Бұл дыбыстарды дұрыс айту үшін алдымен артикуляциялық жаттығуларды орындап алайық.

«Сағат» -ауызды ашып,тілді оңға,солға қозғалтамыз.

«Тәтті тосап»- тілді ерінге қойып ,тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатамыз.

«Тісімізді тазалаймыз» -ауызымызды кең ашып,тіліміздің ұшымен тісіміздің үсті мен астын іш жағынан тазалаймыз.

-Ал енді манағы жылан сияқты ысылдайық С-С-С

С дыбысын айтқанда дауыс жоқ.Тіл ұшы төмеңгі тіске тіреледі,ауа тіл ортасымен төмен түседі.

-Ал енді ш дыбысын айтып көрейік. Ш-Ш-Ш

Ш –дыбысын айтқанда дауыс жоқ,тіл ұшы жоғары көтеріліп,ауа тіл ортасынан өтеді.

С-Ш дыбыстарын буын ішінде бекіту

1.Са-са-са ызыңдайды маса

Ас-ас-ас- дәмді болсын ас

Ес-ес-ес- алдым кілең бес

Ша-ша-ша бугінгі күн тамаша!

Аш-аш-аш ұстап алар қаш

Еш-еш-еш болып қапты кеш


Суретпен жұмыс (барлығы хормен)


С-Ш сөз ішінде бекіту.

-Тақтадағы суретті атайсың.Содан кейін мына текшені лақтырасың.Қанша нүкте соны санап,сол сөзді соншама қайталайсың,

«Қай сөзде С-Ш дыбысы бар? » ойын

Тақтағы суреттер ішінен с-ш дыбысы бар сөздерді табады.


Дәптермен жұмыс.

-Қазір мен с-ш дыбыстарына сөздер оқимын.Ал сен артынша сөздерді ауаға жазып отырасың.Барлық сөздер оқылып болғаннан кейін,есіңде қалған сөздерді дәптеріңе жазып шығуың қажет.Жазған сөздеріңді оқисың.

Шаш,сурет,қасық,сағат,шана.


Суретпен сөйлем құрайды.

Сергіту сәті


«Бағдаршам» ойыны

-Мен әр түрлі сөздер айтамын.Егер дұрыс сөз айтсам-көк түсті,ал бұрыс айтсам- қызыл түсті көтересіңдер.

Саңғы,шар,шағат,шана,сәйнек,құс,қашқыр,қапшық,бесік,есік,шиыр, ағаш.



«Құйрығын табуға көмектес» ойыны



«Жоғалған әріп» ойыны

Ұ...ақ

Пы...ақ

...урет

Қуыр...ақ

...иыр

Қорытынды

Жерге үш заттың суреті қойылады.Әр суреттің арасы алшақтау болады.

1.Шалбар- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау.

2.Сәбіз- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау.

3. Шанышқы- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау

4.Самаурын- дұрыс айту,буынға бөлу,сөйлем құрау


Жұмбақ

Тұрғанымен бұрышта,

Еңбегіңді ақтайды.

Жиғанымды дұрыстап,

Қат-қатымен сақтайды. (Шкаф)

-Шкаф ішіндегі сыйлығынды ала ғой.Жарайсың,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!

Осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар!




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
С-Ш дыбыстарын ажыраиу

Автор: Умарова Молдир Жанабергеновна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316558


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства