kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С дыбысын буында с?зде д?рыс айту?а машы?тандыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? барысы

           І ?йымдастыру  б?лімі:

  1. О?ушыны  саба??а психологиялы? даярлау.

С?леметсі? бе!

- Б?гінгі саба??а ?андай к??іл к?ймен кеді??

  1.  

-?азір жылды? ?ай мезгілі?

  1.  

-?ыс мезгілі ?андай?

-?ыс суы?

-?ысты? ?ай айы?

-А?пан айы.

-А?апнны? нешесі?

  1.  

-Аптаны? ?ай к?ні?

  1.  
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С дыбысын буында с?зде д?рыс айту?а машы?тандыру »

Тақырыбы: С дыбысын буында сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Сабақтың мақсаты:

С дыбысын буында ,сөзде анық айтуға үйрету, фонематикалық қабылдауын дамыту. С-дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. С дыбысының орнын анықтау, сөздік талдау жұмыстарын жүргізу.

Түзете-дамыту: Тыныс алуын дұрыс қалыптастыра отырып, дыбыстарды анық айтуға, көзбен көргенін есте сақтап қалу, ойын тапсырмалары арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға, қол саусақтарына арналған жаттығуларды жасау арқылы саусақ бұлышық еттерін дамыту.Суреттерді атау арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушыны мамандық таңдауға, ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: С дыбысының профилі, күн суреті, мамандықтарға арналған суреттер, үйдің кескін суреттері, кран машина ойыншығы, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, мақтадан жасалған қар, көбелектер, с -дыбысына арналған суреттер, буындарға арналған суреттер, айна ,дәптер, қалам.

Сабақтың түрі: жеке сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Оқушыны сабаққа психологиялық даярлау.

Сәлеметсің бе!

- Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен кедің?

-Жақсы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

-Қыс мезгілі қандай?

-Қыс суық

-Қыстың қай айы?

-Ақпан айы.

-Ақапнның нешесі?

-18-і

-Аптаның қай күні?

-Сәрсенбі.


Аутотренинг:

Мен бәрінде білемін, менің қолымнан бәріде келеді.

Мен сөйлеу ережесін сақтаймын.

Мен асықпай, саспай, тынысымды дұрыс алып, анық сөйлеймін.

Мен сұрақтарға ойланып, толық жауап беремін.

Мен сабағымды жақсы өткізуге тырысамын.

-Жақсы отыра ғой.

-Мен онда саған осы сабақта табыс тілеймін, сенде бәрі жақсы болсын, осы күндей көңіл- күйің жарқырасын (күнді тақтаға ілу)


Дархан сен өскенде қандай мамандықты таңдайсың? Кім боласың?

Құрлысшы, мұғалім, дәрігер, шахтер ме?

Құрлысшы .

Өте жақсы.

Құрлысшы немен шұғылданады?

-Үйлер салады.

Оларға қандай техникалар қажет?

Трактор, эксковатор, камаздар және крандар.

Үйді көтеру үшін қандай көлік түрлері керек?

Кран машинасы.

Бүгінгі сабағымызда кран машинасын қолданып әдемі үй тұрғызамыз.

Қарашы, кранымыз босқа келмей тұмсығына хат ала келіпті.

Хаттың іші толған тапсырмалар екен.

Үйдің әр бөлшегінде саған арналған тапсырмалар болады, соны орындай отырып үйімізді тұрғызамыз.

Ал, қане конвертімізді ашайық

Қандай тапсырма екен?

  1. Артикуляциялық жаттығуларды орында

  1. Басқа арналған жаттығу

Басымызды жоғары-төмен, оңға-солға бұрамыз

Құлағымызды есікке қарай тосамыз (қандай дыбыстарды есту)

«Қаз»Мойнымызды созамыз. Басымызды айландырамыз.

2.Дұрыс дем алуға арналған жаттығу

«Қар», «Көбелектер», Құмыраға үрлеу. Қарандашты сырғытайық.

3.Қолдың ұсақ саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу

«Жаңғақ», «Саусақтар амандасады», «Жұдырық – қабырға-алақан», «Қыстың суығын-ай».қайық.

4. Артикуляциялық жаттығу

Көңілді тіл туралы ертегі

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй?

Дұрыс ол- ауыз. Ол үйдің есігі ашылып-жабылып тұрады. Көрсетейік: қалай ашылып жабылады? Тіл үйінде отыра алмайды. Сағат қарайды (сағаттың тілі). Далаға шығады.(тілін шығару)

Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр( күрекше). Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кетіп үйіне кірді де, төсегіне жатып орана кетті(түтікше). Жылына алмай тұрды да тәтті қайнатпамен шай ішті

( тәтті қайнатпа). Сонан соң тісін тазалады( тілдің ұшымен төменгі, жоғарғы тістерін тазалау). Тіл үйінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, балалар футбол ойнап жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты (еріндерін жымитып мақта допқа үрлеу). Көңілді тіл шаршап,үйшігіне келіп ұйықтады.

Өте жақсы орындадың, үйіміздің бірінші қандай бөлшегін тұрғызамыз?

Ірге тасын

Ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Тік төртбұрыш

Енді үйдің қай бөлшегін тұрғызамыз?

Қабырғасын.

Қандай тапсырма беріліпті?

5. Ой жаттығуы

1.Уақытты көрсететін құрал? (сағат)

2.Қолдың кірін немен жуамыз? (сабын)

3. Құлаққа тағатын әшекей ? (сырға)

Осы аталған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? Бірінші дыбыс қандай?

С-С-С сағат, сабын, сырға.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: С-дыбысын буында, сөзде айтуға үйренеміз.

Жақсы үйіміздің қабырғасын тұрғызайық, ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Төртбұрышқа.

Келесі үйдің бірінші терезесін салайық оған арналған тапсырманы орындайық.

Тапсырманы оқы.

С дыбысының артикуляциясын айтып бер? (Сфонемасының артикуляциялық кескіні)

  1. Ерін жымиып тұрады, тілдің үші төменгі тістерге тірелі, тілдің ортасы көтеріңкі болады, тілдің бүйір жақтары азу тістерге тиіп тұрады, тілдің ортасы көтерінкі ортасында ауа жолы жүреді. Дауыс пердесі жабық.

  2. С дыбысына мінездеме бер.

С- дауыссыз ,қатаң

Мына суреттерге қара, паровоз жүргенде қандай дыбыс шығарады?

ССССС

Дөңгелек жарылып қалды. Қандай дыбыс шығарды?.С-с-с!

Жылыан қалай ысылдайды? СССС

Шәйнек қалай ысқырады? СССС

Өте жақсы. Үйіміздің бірінші терезесін орнатайық, ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Төртбұрыш

Келесі тапсырманы орындайықта екінші терезені салайық.

Тапмсырманы оқи ғой.

С дыбысын буында айту.

Ойын: « Буын тізейік»

«С» мен «А»дыбыстары көбелекке отырып ұшып, серуендеп әндетіп гүлге қонды. Олар қандай ән айтты? Қандай буын пайда болды?

СА

«С» мен «У» дыбыстары доптың үстінде секіріп келе жатып, соғысып қалды . Қандай буын пайда болды?

СУ

«С мен «О» дыбыстары қайықта серуендеп жүріп кездесіп қалды. Олар қуанып қандай өлең айтты?

СО

«С мен «Ұ» дыбыстары шанамен сырғанақ тепті. Олар қол ұстасып, көңілді өлең айтты. Олар қандай өлең айтты?.

СҰ

Қайталап айт.

СА-СУ-СО-СҰ

Буындарды дұрыс айт.

СА-СУ-СО-СҰ СЫ-СО-СҰ-СА


СО-СУ-СА-СЫ СА- СУ –СУ- СҰ


СҰ-СО-СА-СЫ СЫ –СУ- СҰ- СО


Дұрыс. Үйіміздің қай бөлігін қоямыз?

Екінші терезесін ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Тік төртбұрыш

Енді үйіміздің қай бөлшегін жабамыз? Шатырын

Келесі тапсырмамызды алайық. Оқи ғой.

С дыбысын сөзде айтуға дағдылан.

Жоғарыда құрған буындарды пайдалана отырып сөздер құра.

С-А С-О С-У С-Ұ

Сағат соқа сурет сұлы

Саусақ сойыл суыр сұлу

Сандық Сона су сұқ

Сағат сөзіне фонетикалық талдау жаса.( тақтаға)

С-дауыссыз, қатаң

А-дауысты, жуан

Ғ-дауыссыз, ұяң

Т-дауыссыз,қатаң

5 дыбыс,5әріп, 2 дауысты, 3дауыссыз, 2 буын.

Шатырымызды жабайық ол қандай фигураға ұқсайды?

Үш бұрышқа

Сергіту сәті

Мен саған допты бергенде сөз айтам сен С дыбысын созып қайтала.

Сән, сәби, сәбіз, сен, сенім, серке, сейсенбі, сексен, сегіз, сәуле,сәулетші.

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Серігп алдық .

Келесі тапсырманы орыдап үйдің есігін орнатайық.

Тапсырманы оқи ғой.

Суреттерді дұрыс ата.

«С» дыбысы сөздің қай жерінде естіледі: басында, ортасында, соңында.

Сабын, сызғыш, қасық, күнбағыс, сандық, маса, асық, ыдыс, мысық.


Жақсы .Үйіміздің есігін орнатық ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Тік төртбұрыш

Дұрыс келесі тапсырмамызды орындай отырып шатыр үстіне мұржаны орналастырайық.

Тапсырманы оқиық.

Ойын: «Тез ойла»

Мен сөздің басын айтам , сен аяқта

Ма-------са

А-ла----са

Бол-----са

Дұр- - ыс

Бар- - ыс

Қал- - ыс қайтала.

дұрыс, осы сөздерді есте сақтап дәптеріңе жаз.

Өте жақсы. Үйіміздің мұржасын жабсырайық ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Тік төртбұрыш

Өте жақсы. Міне қара қандай әдемі үй салдық?

Сабақтың қорытындысы

Бүгін сабақтан өзіңе қандай білім алдың?

С дыбысын сөзде дұрыс айтуға үйрендім, сөзде орнын табуға дағдыландым.

Дархан сенен күшті құрлысшы шығады екен. Саған ол үшін әлі де көп сабақ оқып, іздену қажет, сонда сен өз ауылыңа көптеген адамдарғ әдемі үй салып бересің. Олардың батасын алып, үлкен азамат бол! Мына күндей әр қашан жарқырап жүр.

Бағалау

Бүгін сабаққа белсене қатыстың .Өте жақсы.

Үйге тапсырма .

Жаңылтпашты жатта

Есік ескі,

Ескі есік.


Сұр сұңқар,

Сұм сұңқар.

Сабақ аяқталды. Сау бол!


Смагулова Куралай Кажибаевна

Жоғарғы санатты логопед

Сарқан облыстық көмкеші мектеп-интернаты

Сарқан қаласы, Алматы облысы












































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С дыбысын буында с?зде д?рыс айту?а машы?тандыру

Автор: Смагулова Куралай Кажибаевна

Дата: 28.10.2015

Номер свидетельства: 244938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства