kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логопедиялық топтық сабақ. Тақырыбы "С-Ш" және "З-Ж" дыбыстарының айтылуын машықтандыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мектепке логопедиялық кемістігі бар мектепке дейінгі  жас балаларына арналған фронтальді сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық топтық сабақ. Тақырыбы "С-Ш" және "З-Ж" дыбыстарының айтылуын машықтандыру.»

Тақырыбы: C – Ш (З – Ж ) дыбыстарын ажырату



Сабақтың мақсаты:          

- Ш (Ж) дыбысын сөздерде, сөйлемдерде, сөйлеу барысында дұрыс айтылуын бекіту.

- Сабаққа қызығушылығын тапсырмаларды орындау арқылы арттыру;

-      Меңгерген дыбыстарды айтудағы кемшіліктерді сөздерді, сөйлемдерді айтқызу, сөйлеу барысында түзету.

-      Лексикалық тақырыптар бойынша (мамандықтар, азық-түлік, оқу құралдары, көкөкністер, жиһаздар) сөздік қорын толықтыру, жалпылау сөздерін қолдануға үйрету.

- Фонематикалық қабылдауын дамыту; дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: С- Ш, З-Ж дыбыстарына байланысты суреттер, ойыншықтар, «Сиқырлы дорба», «Мамандықтар» пазлы, сюжетті суреттер, жапсырғыштар



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  -    сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға салайық,

Жүрегіме басып ұстап қалайық.

Сондай жарық, мейірімді көңілмен,

Сабағымызды бастайық.



ІІ. Артикуляциялық жаттығу. «Апамның ала мысығы» ертегісі.

Апамның ала мысығы,

Таң атысымен тұрыпты.

Жоғары-төмен, жоғары-төмен,

Арқасын кере иіпті.

Беті-қолын жуыпты,

Тіс щеткасын алып ап,

Жақсылап тісін де ысыпты.

Тарағымен таранып,

Ас бөлмеге кіріпті.

Кеседегі ақ сүтті

Жалап-жалап ішіпті.

Шелпек пенен қаймақтан

Одан да ауыз тиіпті.

Тойып алған бұл мысық,

Доп ойнауға шығыпты.

Тоқылдақ та, маса да,

Доп ойнауға келіпті.

Ойнап болып бұл достар,

Машинаға мініпті.

Ырылдатып моторын,

Алыс жолға шығыты.



ІІІ. С – Ш дыбыстарының сипаттамасы.

  • Шар, қуыршақ, алаша сөздерінде қандай дыбысты жиі естисіңдер?

  • Ал, сабын, аспан, қас сөздерінде ше?

ІҮ. «Сиқырлы дорба» ойыны.

  • Сөздерде С-Ш дыбыстарының кездесуіне қарай, ойыншықтарды таптастыру.

Ү. Сен ША (ШО, ШҰ, ШЫ) буынын айт, ал мен екінші буынды айтып аяқтаймын.

ША(НА) ШО(ПАН) ШҰ(БАТ) ШЫ(БЫҚ)

ША(ҒАЛА) ШО(РТАН) ШҰ(БАР) ШЫ(БЫН)

ЖА(СА) ЖА(З) СА(ША) СЫ (ЛАҚШЫ)

ЖА(ЗА) ЖА(С) СА(ҚШЫ)

ЖА(ЗУ) СА(УЫНШЫ)

СУ(ШЫ)

Ү. Саусақ ән-жаттығуы «Қуырмаш»

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Шоқып-шоқып жем жейміз.

Шоқып жем жейміз.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Құт-құт, құт-құт, құт-құт,

Туықтарша әнге бас.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш.

Бір-екі-үш, бір-екі-үш, бір-екі-үш.

Тауықтарша қанат қақ.

Балапандар келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Кел, билейік айнала.

Қане, келіңдер.

ҮІ. «Мамандықтар» пазлы

- Біз, балалар, әр маманға қандай зат керек екенін табуымыз керек. Және ол мамандықтың атауы қандай екенін атайық.



Сөздік: Шаштараз, суретші, теңізші, құрылысшы және т.б.



ҮІІ. «Аспазшыға көмектес» ойыны.

  • Заттарды атау.

  • Заттарды топтау, жалпылау сөздерін қолдану.

  • Балалар, аспазшыға асханаға қандай заттар қажет, және олар не үшін қажет?



Сөздік: Азық-түліктер, жиһаздар, көкөністер.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Логопедиялық топтық сабақ. Тақырыбы "С-Ш" және "З-Ж" дыбыстарының айтылуын машықтандыру.

Автор: Бейсекенова Асель Бериковна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394340


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства