Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық сабағы.С-З дыбыстарын ажырату.»
Тақырыбы: С - З дыбыстарын ажырату . Мақсаты:
С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету. Қыс мезгілінде болатын құбылыстармен таныстырып, байланыстырып сөйлеуге және сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. 2. Фонетикалық - фонематикалық есту қабілетін, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу мүшелерінің қызметін жетілдіру. 3. Өз - өзін қадағалауға, бір - біріне көмектесуге және кедергі жасамауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстап, қамқор болуға баулу. Көрнекілігі: С, З дыбыстарының профилі, кеспе суреттер, шырша, үлестірмелі парақшалар, ойыншықтар. Құрал - жабдығы: айна,суреттер
Түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Суретпен жұмыс.Психогимнастика:– Балалар, жылдың қай мезгілі? - Қыс. - Қыс мезгілінде қандай айлар бар? - Желтоқсан, қаңтар, ақпан - Ауа - райы қандай? - Суық, аяз, боран - Кәне, балалар, тоңғанда қалай жылынамыз? /тоңған адамды бейнелеу арқылы бетке массаж, тыныс жаттығуын, жалпы және ұсақ қол - қимыл жаттығуларын жасату/ - Балалар, қазір қандай сабақ? - Анық, таза сөйлеуге үйрену сабағы. - Олай болса, тілімізге жаттығулар жасайық
ІІІ. Жаңа сабақ. Заузадан көре аласың, Заңғардан таба аласың, Байқамасаң анықтап, Үш екен деп қаласың. /З/ Қыста бар, жазда жоқ. Түсте бар, кешке жоқ /С/ Бұл дыбыстар бүгін бізге қонаққа келген С, З дыбыстарына ұқсайды екен. С, З дыбыстарының артикуляциялық мінездемесі /профилін көрсету/ Ұқсастығы: - ерін езу тартып тұрады - тістердің арасы жақын - тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі - тілдің екі жағы жоғарғы тістерге тиеді, тілдің ортасымен сыртқа суық ауа шығады - пішіні кесені еске түсіреді Айырмашылығы: С - дауыссыз, қатаң - дауыс шымылдығы жұмыс істемейді - тамақта қырыл жоқ /дауыс жоқ/ З - дауыссыз, ұяң - дауыс шымылдығы жұмыс істейді - тамақта қырыл бар/дауыс бар/ /Венн диаграммасы арқылы түсіндіру/ - Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр? - Жаңа жыл. - Жаңа - жылды кімсіз көзімізге елестете алмаймыз? - Аяз Атасыз. - Дұрыс. - Балалар, Аяз Ата бізге мынадай тапсырма беріп жіберіпті. Егер тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындасақ, Аяз Ата да тез келеді екен. 1. Тапсырма С - З дыбыстарын бір - бірінен ажырату Ойын «Кім зейінді?» /«С» дыбысын естісең 1 рет, «З» дыбысын естісең 2 рет алақан соқ/ 2. Тапсырма « Ұйқасын тап» Буындық жаттығу / С - З дыбыстарын буында ажырату/ Са - са - са – Сара ----------- ас - ас - ас - бұйра бас За - за - за – Зада ------------ аз - аз - аз - басы таз Сы - сы - сы – сыбдыр ----- ыс - ыс - ыс - келді қыс Зы - зы - зы - зығыр --------- ыз - ыз - ыз – соқты аяз 3. Тапсырма Ойын « Не артық?» С - З дыбыстарын сөзде ажырату/ С - асқабақ, сарымсақ, сәбіз, бұрыш З - қияр, қызылша, пияз, қызанақ