Просмотр содержимого документа
«[К] дыбысы мен әріпін машыктандыру.»
Сабақ жоспары.
Сыныбы: 1 «Л» сыныбы
Мерзімі: 14.05.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: [К] дыбысы мен әріпін машыктандыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
[К] дыбысының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [К] дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Түзетушілік:
Оқушыға, [К] дыбысы мен әріпін жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.
- Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр. Біз бүгін хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.Саяхатымызды бастамастан бұрын артикуляциялық жаттығуларымызды жасап алайық.
А) «Ұзына бойы сипалау»- екі қолдың ортаңғы саусағымен мұрыннан екі езуге қарай уқалау (10секунд)
Ә) «Доғалатып және ирелектендіріп сылау»- екі қолдың ортаңғы саусағымен мұрын мен еріннің айналасын дөңгелектеп, ирелектендіріп жұмыс жасау. (10секунд)
Б) «Қарама - қарсы сипау»- оң қолдың сұқ саусағымен үстіңгі еріннен мұрынға қарай жоғары төмен бағытта сипау. (10секунд)
В) «Үзбей дірілдету» - сұқ саусақтың көмегімен үздіксіз дірілдете отырып, мұрыннан еріннің шет жақ беткейіне уқалау. (10секунд)
Ұрт, бет, жақ аймақтарына арналған сылап - сипау. (10секунд)
А) «Саусақ себеледі»- екі және төрт саусақтың ұшымен бетімізге саусақ себелегін жасау.
Ә) Екі қолды жұдырық етіп, ұртты айналдыра сипалау. (10секунд)
Жаққа арналған жаттығулар
Ауызды кең ашып және оны ашық күйінде 10-15 секунд ұстау.
Ерінді жымқыра отырып баяу ырғақпен шайнау қозғалысына келтіру.
Осы қозғалысты тез ырғақпен жасау.
Ерінді жымқырған қалпында, тістерді бір-біріне тақылдата тигізу.
Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: жәйлап, асықпай 2-3 рет басын оңға-солға бұру(мұрынмен дем тарту, ауызбен дем шығару), басын жерге түсіру(мұрынмен дем шығару), асықпай басын тік көтеру(ауызбен дем алу).
Тілге арналған жаттығулар:
Сағат жаттығуы
Сылақшы жаттығуы
Жаңа сабақ. Ал ,Дінмұханмед жаттығуымызды аяқтадық, енді сабағымызға кірісейік. Қазір біз бейнероликті тамашалайық. Бейнеролик беріледі.
Бейнероликте не көрдің? Хайуанаттар бағында нелерді көрдің? Олар ненің ішінде өмір сүреді екен? Хайуанаттар бағында жай жүрмей тапсырмаларды орындап жүрейік.
1.Тапсырма. Фонематикалық естуін қалыптастыру.
«Дыбысты ұста» ойыны
[с],[л],[з],[к],[ң],[з],[к],[ш],[к].
Келесі тапсырмада [К] дыбысы бар буындарды бірнеше рет қайталап, анық ,мәнерлі, жай және қатты дауыспен қайталау.
2.Тапсырма.Буын арқылы машықтандыру.
Ак-ак-ак Ка-ка-ка ака-аку-ако
Ок-ок-ок Ко-ко-ко акэ-аке-акө
3.Тапсырма.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Мына,үстелдің үстіне бірнеше жануарлардың суреттерін қойдым.Жануарлардың атын атап, сонын ішінде [К] дыбысы естілетін жануарларды жабыстыр. Берілген кеспе қағаздарда жануарлар аттары берілген сол жануарлардың төменгі тұсына жабыстыр.
4.Тапсырма
Мен бастаймын,сен аяқта!
Ка-ка-ка-карта Ке-ке-ке-кеме Ік-ік-ік -үтік
Ке-ке-ке-керік Ки-ки-ки-киік ік-ік –ік-бесік
5.Қайсы қайда мекендейді?
Оқушыға түрлі жан – жануардың суреттерін көрсету арқылы олардың мекен ету ортасын анықтау. Оқушыға түрлі түсті маркер беріп сызу арқылы табу.
6. «Келісемін,келіспеймін» стратегиясы
Керік суда мекендейді дегенге келісесің бе?
Түлкі жер бетінде мекендейді дегенге келісесің бе?
Кит жер бетінде мекендейді дегенге келісесің бе?
Кесіртке суда мекендейді дегенге келісесің бе?
6.Дыбыстық жинақтауға арналған тапсырма?
Енді мынандай тапсырма орында: Мен саған үш сөз айтамын ,сен ол сөздердегі бірінші тұрған дыбыстарды есіңе сақта (үтік,кит,ін). Оларды қосқанда қай сөз пайда болды? (Үкі)
Бекіту. Осы мен біздің хайуанаттар бағындағы саяхатамыз аяқталды .Сен хайуанттар бағында бірнеше тапсырмалар орындадың. Бүгінгі сабағымыз да қандай дыбыспен таныстың? Хайуанаттар бағында не көрдің? [К] дыбысы естілетін қандай жануарларды көрдің? Маған атап берші?