Екі дос бір егістікте ж?мыс істейтін. Бірі ?йленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойда?. К?н бат?ан?а дейін ж?мыс істеп, достар тап?ан ?німді тепе-те? етіп екіге б?ліп алатын. К?нні? бірінде бойда? бол?ан ішінен: “?німді ж?не шы??ан пайданы тепе-те? б?лгеніміз д?рыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жал?ыз т?рамын, сонда?тан да айтарлы?тай к?п ?ажеттілігім де жо?”. Осындай ойымен, т?н сайын ?йінен шы?ып, бір ?ап ?німді жасырын т?рде досыны? ?й алдында?ы ?орасына апарып т?ратын болады. Досы да ішінен: “?нім мен пайданы бірдей б?лгеніміз д?рыс емес, мен ?йленгенмін, ж?байым мен балаларым бар – ?артай?анымда олар ма?ан ?арайтын болады. Досымны? болса ешкімі жо?, ?артай?ан кезінде о?ан ?арайтын адам болмайды,” – дейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
3. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Мәтін не туралы?
2. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?(сыйластық, көмектесу, сырласу)
3. Шын достықты қалай білуге болады?(қиын кезде досың көмектеседі, досың сатып кетпейді)
4. Дос болу үшін адам қандай болу керек? (әділ, сенімді, адал болу керек.)
5. Досың бар ма? Ол кім?
6. Достық жасқа байланысты ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?
4. «Достық ағашы» шығармашылық жұмыс.
Оқушылар топ арқылы жұмыс жасап «Достық ережесін жазады.»
Тақтада «Достық ағашы» ілулі тұр. Оқушалар оған жазған ережелерді іледі.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, достықты не бұзады?
- Оған қандай себептер бар?
-Достықты қалай сақтап қалуға болады?
Достықты сақтап қалу жолдарын қарастырайық. Қазір топтарға бөлініп, жұмыс істейміз. Жақсы дос болудың ережесін жасап көрейік. Сол ережені алдарыңдағы қағаздан жасалған кішкентай ғана жүректерге жазыңдар.
Достық ережесі.
1. Досыңды мазақтап, кемсітпе.
2. Досыңды алдама.
3. Досыңа адал бол.
4.Досыңа сеніммен қара.
5. Досыңды бағалай біл
6. Досың қиналғанда қол ұшын бер.
7 .Сыйлағанды сыйла
8 .Басқа ұлттың баласына бауырмал бол.
9 .Достықты бағалай біл.
10. Досыңды сатып кетпе.
Дәптерге достық туралы жазып, есте сақтайық.
Достық ережесі интерактивті тақтаға жазылған.
(Өзіне ұнаған 4 - 5 ережені дәптерге жазу.)
5. Мақал-мәтелдерді оқып, өз ойларыңды білдіріңдер. (мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру)
1. Досы көппен - сыйлас,
Досы азбен - сырлас.
2 .Дұшпан - күлдіріп айтады,
Дос - жылатып айтады.
3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
4. Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
5 .Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.
6 .Жаман достан мың сақтан.
7 .Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
8 .Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.
9 .Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.
10 .Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.
6. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету. А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады. Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады
7.“Жалғастырып көр” ойыны. а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені... ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім... б) Сыйластық бар жерде...
8. Достық туралы нақыл сөздер оқу.
1. Жүргенде көп достық малданып Алайда тек қалма оған алданып (Әл Фараби)
2. Өзіңе қарай дос таңда күшіңе қарай жүк көтер (Жүсіп Баласұғын)
4. Жолдасын таппаған ер азады Басшысын таппаған ел азады.(Мұхтар Әуезов)
5. Өрге жүзген өнегелі ісінен , Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен (Әл Фараби)
6. Жаман дос көлеңке :басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың (Абай Құнанбаев)
7. Жас күніңде кімді көрсең бәрі дос (Абай Құнанбаев)
8. Жақсы жолдас сыр шашпас (Ақан сері )
9. Адамзатта не тәтті-дос тәтті,аста тұз тәтті (Сырым Датұлы)
10. Жауға -жалынба,досқа –тарылма (Мұқтар Әуезов)
9. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың тақырып бойынша берілген жауаптарын бағалау, мадақтау.
№6 есту қабілеті бұзылған балалрдың арнайы (түзету)
мектеп-интернаты
Есту қабілетін дамыту сабағы
8 сынып
Фронтальді сабақ
Мұғалім: Қойшыбаева Индира
Қызылорда, 2016 жыл
Қойылатын сұрақтар: - «Дос» ұғымын қалай түсінесің? - Досыңның басына қиындық түскенде көмек бердің бе? - Достарың көп пе? Осыдан соң оқушылардың арасында «дос» туралы ұғымға талас пікірлер туады. Әркім өздерінің достары туралы ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар балалар достық, достықтың мәнін, маңыздылығын түсінеді. Соңында оқушыларға «Менің досым» деген тақырыпқа шағын эссе жазу тапсырылады. «Дос» ұғымына топтастыру әдісін жасайық. Сырыңды айтасың................................................ Басына қиындық......................................................Адал дос болады түскенде көмек бересің.