Шатты? ше?бері
?лкенге де сіз
Кішіге де сіз
С?лем бердік сіздерге
??рметпенен біз.
Жо?ары ?арап к?н к?рдім
Т?мен ?арап жер к?рдім
О??а, сол?а б?рылып
Егеменді ел к?рдім
Балалар сендер саяхат?а бар?ы? келе ме?
- Ендеше біз б?гін бау – ба?ша?а саяхат?а барамыз. Саяхат?а біз поезбен барамыз
?имылды ойын: «Поезд»
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік
Ж?рісті біз ?деттік
Гу - гу, гу - гу гуілдеп
?алып ?ойма бірі?де.
?ане балалар то?тайы? пыш - ш - ш. Балалар біз міне бау – ба?ша?а да келіп ?алды?. ?ане поездан т?сейік. Ой балалар ?ара?даршы бау - ба?ша ?андай ?демі. Айналаны? б?рі сап – сары. Жерге сары кілем т?селіпті. К?згі бау - ба?шаны? с?лулы?ын ?ара?даршы неткен ?демі, неткен ?ажап.Сендер ма?ан жемістер мен к?к?ністер жинау?а к?мектесесі?дер ме?
Балалар м??алімге жемістер мен к?к?ністер жинау?а к?мектеседі.Сендер ма?ан ?лкен к?мек берді?дер.
М??алім: ?ане балалар сендер ?андай жеміс пен к?к?ністер жинап берді?дер?
Балалардан жина?ан жемістері мен к?к?ністеріні? аттарын, пішіні мен т?сін с?рау.Д?птеріне жеміс-жидектерді? суретін салдыру. Саба?ты ?орыту:Балалар поезд болып, сыныптарына оралады.
Балалар сендерге саяхатымыз ?нады ма?
Балалар сендер саяхатта ?здері?ді жа?сы ?стады?дар. Жемістер мен к?к?ністерді де жа?сы терді?дер
Ба?алау:тиісті ба?асын ?ою.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бау-ба?ша?а саяхат»
Көмекші мектеп- интернатта өзіндік дайындықты өткізуі
Үй жұмысын орындау ақыл-ойы кем оқушыларының өз бетімен жұмыс істеуінің негізгі формаларының бірі. Үй тапсырмасын орындау сабақта алған білімді бекіту болып табылады. Мектеп- интернатта үй тапсырмасын тәрбиеленушілер өз бетімен тәрбиешінің қадағалауымен орындайды. Өзіндік дайындық сабақтан кейінгі негізгі екінші күнтәртібінің негізі болып табылады. Өзіндік дайындықтың коррекциялық және тәрбиелік мақсаттары өзара тығыз байланысты болуда.
Тапсырманы орындауда оқушылардың адал көз қарасын тәрбиелеу.
Оқушыларға өзін-өзі жұмыспен қамту үшін ниеті орнықты болуға, бір-біріне қарайласуға борыш сезімін ояту ,ұжымдық тобына , тәрбиеші, мұғаімдерге деген сыйласылымдылықты борыш сезімін қалыптастырады
3.Оқушыларды табандылық, еңбексүйгіштік, адалдық, сенімділік, мақсаткерлікке білімге деген құштарлыққа тәрбиелейді
4. Оқушылардың жұмысына деген белсенділігімен, қызығушылығын арттыру жүзге асырылады.
5.Жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ету, командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Тәрбиешінің міндетіне өзіндік дайындықты жүргізу кезінде: оқушылардың уақытты дұрыс қолдануы , жұмыс ретін дұрыс қалыптастыруы, оқушылардың бір – біріне өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту. Ақыл ойы- кем оқушыларға арналған арнайы мектеп – интернаттардың типтік ережесі және мектепті-интернаттың жарғысында көрсетілгендей тәрбиешінің негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушыларды бойына еңбексүйгіштікті тәрбиелеп , үй тапсырмасын уақытылы орындауын бақылау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу т.б
Өзіндік дайындық көмекші мектеп – интернатында оқу үрдісінің жалғасы болып табылады бірақ, сабақ әдістемесін ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Егер мұғалім оқушыларға жүйелі түрде сабақ берсе , өзіндік білімін қалыптастырса, тәрбиешінің негізгі міндеті тәрбиеленушілердің сабақта алған білімдерін бекітіу, ұжымда жұмыс істеуге үйрету, күн тәртібі уақытын қатаң қадағалау. Өзіндік дайындық уақытылы басталып, уақытылы аяқталуы, санала түрде үй тапсырмасы орындалуы.
Үй тапсырмасын орындаудың жетістігі оқушы сабақты дұрыс түсіну сапасына байланысты болады. Көмекші мектеп-интернатта жоғарғы саплы сабақтың өтуі оқушылардың өзіндік дайындық кезеңінде тиімді жұмысы үшін ең маңыздысы болады. Өзіндік дайындық кезінде оқушының үй жұмысын дұрыс орындауы тәрбиеші мен мұғаімнің арасындағы өзара байланысы тиімді болуы қажет. Үй тапсырмасы белгілі мөлшерде берілу керек. В.Воронкава әдіс-тәсілі бойынша оқушылар топқа бөлініп оқытылады және үй жұмысы да әр топқа жеке-жек беріледі. Үй тапсырмасының үлкен көлемде берілген кезде оқушылар асығады, ашуланады және жауапкершілігі азайяды, көмекші мектеп – интернатта әсіресе бастауыш сыныптарда жеке тапсырмасын қажет ететін оқушылар бар . Мысалы: кей оқушының моторикасы бұзылған ол басқа балалардан баяу жазады, бұл оқушыға аз мөлшерде жазбалы тапсырма беру керек, егер оқушы есепті нашар шығарса оған да аз мөлшерде тапсырма беру , егер басқа топтағы балаларға берген тапсырмасын төменгі топтағы оқушыға берсе, онда оқушы ашуланады, асығады, нәтижесінде өзіндік дайындыққа , пәнге деген қызығушылығы төмендейді.
Типтік ережеге сәйкес оқушылардың өзіндік дайындық кезіндегі уақыт төмендегідей:
Осы уақытта тәжірбиелі тәрбиешілерде ақы-ойы кем оқушылардың бәрі үй тапсырмасын орындап үлгереді;
Өзіндік дайындықтың нәтижелі өтуі , балаларды уақытылы дем алдырып күн тәртібін сақтау, таза ауада дем алу және сергіту сәттерін жүргізу өте маңызды болып табылады.
Күнделікті іс-тәжірбиеден байқалады егер көмекші мектеп-интернатта өзіндік жұмысты өткізу алдында оқушылармен таза ауада серуендеп немесе жеңіл спорттық ойындарды өткізіп келген соң өзіндік жұмысты бастау қажет.
Көбінесе бастауыш сынып оқушылары түстен кейін күн тәртібі бойынша ұйықтайды, сондықтан бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты 1630 –да бастаған жөн, себебі ұйқыдан тұрған ақыл-ойы кем оқушылар бірден өзіндік дайындыққа кірісе алмайды, жоғарыда айтылғандай серуен, таза ауада жеңіл спорттық ойындар өткізіп, ұйқысын ашып барып өткізсе өзіндік дайындық нәтижелі болады. Интернатта оқушылар таңертеннен бастап бір сыныпта отырады, сабақта сол сыныпта өтеді, өзіндік дайындықта сол сыныпта сондықтан сыныптың ауасын, оқушылар серуенге кеткенде тазартып, еденін сүртіп ,шаң тозандарды жиһаздардан сүтіп отыру өте маңызды. Күнделікті сыныпта кезекші оқушы тәрбиешіге көмектесіп, әр түрлі көрнекіліктерді, таблица, суреттерді лөстіріп, оқушылардың кітап, қалам, дәптерлерін түгендеп көмектеседі. Сыныпта бөлек үстелде дидактикалық материал, сабақтан тыс кезінде оқитын әңгіме кітапарды мұғалім мен тәрбиеші дайындап отырады. Көрнекіліктер мұғалімнің қолданған көрнекіліктерімен сәйкес бірдей болу қажет. Күнделікті өзіндік дайындыққа даярлай алдында оқушылар бірінші сабақ кестесінне үйге қандай тапсырма берілгенін қарап, сабаққа дайындау ретін белгілейді, соған қарай отырып оқу құралдарын реттеуге дағдыланады.
Өзіндік дайндық кезенінде тәрбиешінің негізгі міндеті оқушыға өзіндік жұмыс істеуге жағдай туғызу. Бірақ көп жағдайда , тәрбиеші мұғалімнің қызметін алмастырып сабақты жаңадан түсіндіріп кетеді, бұл үлкен қателік. Тәрбиеші әр оқушымен кітаппен, көрнекі құралдармен уақытты дұрыс қолдануға , жұмысты дұрыс жоспарлауға, басқа оқушыға кедергі келтірмеуге, үй жұмысын ұқыпты орындауға, партада дұрыс отыруға, жұмысқа тез кірісуіне дағдыландырады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды тексеріп отырады, олар өз бетінше жұмыс істеп үйренгенше. І-ІІ сыныптарда күнделікті оқушылардан үйге не берілді кітаптан көрсет, қандай тапсырма, оқы қалай шығару немесе жазу жолдарын көрсет ,тапсырманың орындау жолын тексеріп отырады. Тәрбиеші оқушылардың үй жұмысын орындау темпін реттеп, тапсырманы дұрыс тез орындауын, дұрыс тез жасаған оқушыны мадақтап, отрады. Бастауышта тәрбиеші өзінің көмегін оқушы өз бетімен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерін толық меңгерген соң азайтады.
Өзіндік дайындық кезеңінде тәрбиеші ақыл-ойы кем оқушының тәртібінде, тапсырманы орындауда, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуін кездестіреді. Осы кездесетін кедергілерді шешуге арнайы міндеттер қояды.
Көмекші мектеп-интернатының оқушылары оқу жылының басында педагогтардың байқауында жүреді. Тәрбиеші тәрбиелік жұмысында, өзіндік дайындық кезеңінде педагогикалық әдіс-тәсідерді толық меңгерген болуы тиіс. Ол оқушы үшін өіндік дайындық кезеңінде берілген тапсырманы өзі орындап бермейді. Әр минут сайын көмек сұраған оқушыға жауап беру,әрбір тапсырманы өзі орындап беру, оқушының тәрбиеші айтып береді, мен үшін ойланады, орындайды деген үміттерін туғызбауы тиіс. Ең үлкен қате оқушының тапсырманы орындау барысында әр бір тапсырма сұрақтарын оқушы үшін айтып орындап беру. Осындай кезеңдерде тәрбиеші оқушының өз бетімен жұмыс істеуге үйретуін ұмытып кетеді, сондықтан оларға бірінші болып көмекке келуге болмайды, себебі олардың күнделікті көмек сұрауы оқушының талабына, тәрбиешінің көмегі-әдетке айналады.
Егер оқушы тапсырманы орындай алмаса, тәрбиеші кітаптан ережені оқуына, жасалған ұқсас тапсырманы дәптерден көруге, қатесін көрсетіп , көрнекі құралдарға қарауын ұсынады. Үлгерімі төмен оқушыларды үнемі қолдап , өзіне деген сенімділігін тудырып қиындықтарды жеңе білуін үйрету қажет. Үй тапсырмасын сыныптағы оқушылардың жартысынан көбі орындай алмаса онда оны ертенгі күнге қалдырып, мұғалімге хабарлау қажет. Ол тақырыпты тәрбиеші фронтальды түсіндірмейді.
Тәрбиеші оқушыға көбінесе жеке көмек көрсетеді, тапсырманы психофизиологиялық ерекшелігіне және тапсырманы орындай алмау себебіне қарай жеке жұмыс жүргізеді.
Оқушылардың өз бетімен үй тапсырмасын орындауды қалыптастыруда, ережелер көмектеседі. Бастауыш сыныпқа арналған ережелер мазмұны түсінікті, қысқаша, ірі әріппен жазылуы тиіс және көркем безендірілген болу қажет.Бұл ережелер көрнекі жерде ілініп тұру керек.
. Ана тілін дайындаудағы қолданатын ереже:
Сөйлемнің әр сөзін бөлек оқымай ,бүтін сөйлеммен оқуға тырыс.
Мәтінді оқығаннан кейін кітапты жауып, мазмұның негізгісін ішінен қайтала .
Мәтінің соңында берілген сұрағына жауап бер немесе мұғалімнің берген жоспары бойынша ауызша жауап бер.Егер жауап бере алмасаң қайтадан оқып шық.
Егер кейбір сұрақтарға жауап бере алмасаң қайтадан оқы.
Қазақ тілін дайындаудағы қолданатын ереже:
Тапсырманы мұқият, түсініп оқы.
Тапсырма қай ережеге байланысты, есіңе түсір! Ұмытсаң, ережені оқулықтан тауып қайтала.
Алдымен сөйлемді толық оқы, түсініп содан кейін дәптеріңе жаз.
Тапсырманы орындағаннан кейін , оның дұрыстығын тексер.
Егер орындалған тапсырмадан қате тапсаң, оны түзе, дұрыс емес әріпті немесе сөзді сызып, жоғарғы жағына керекті нұсқаны жаз.
Математикадан өзіндік дайындалу ережесі:
Оқулықтың керекті бетін аш. Алдымен өткенді қайтала, ережені қайтала. Содан соң сыныптағы шығарылған есепті дәптеріңнен қара.
Берілген тапсырманы екі рет оқы, оның мазмұны мен сандарына мән аудар.
Ішінен берілген тапсырмаларды қайтала, егер ұмытсан тағы да бір рет оқы.
Қысқаша тапсырманың берілгенін жаз.
Тапсырманың негізгі сұрағына жауап беру үшін не қажет екенің анықта.
Бірінші сұрақты құр, содан соң оны орында.
Есепті шығарардан бұрын қажет ережені қайтала.
Сыныпта шығарған есептерді дәптерден қара. Тапсырманы шығарып болғаннан кейін дұрыстығын тексер.
Табылған қатені ұқыптап түзе.
Әр түрлі пәндерден ауызша тапсырмаларды орындау ережесі:
Кітаптын бетін ашып тақырыбын оқы.
Сабақта мұғалім не түсіндіргенін есіңе түсір.
Алдымен мәтінді толық оқы және оның мазмұнына мән бер .
Тексті тағы да оқы да, екі бөлімге бөл.
Әр бөлімді оқы және онда не негізгі болатынын анықта.
Өз сөзімен , әр бөлімді мазмұндап бер.
Текстегі сұрақтарға жауап бер.
Жаратылыстану және география пәндеріне дайындала отырып картаны, көрнекі құралдарды қолдан.
Екінші сыныпта оқушылар жәй жазады, үй жұмысына жеңіл тапсырмалар беріледі. Өзіндік дайындықтың сабақ үрдісінен ерекшелігі сыныпта оқушы өз бетімен жұмыс істейді. Оқушы үлкейген сайын өз бетімен үй жұмысын орындау дағдысы қалыптасады.
І-ІІІ сыныпта тәрбиеші сабақтың орындалуын, тәртібін, ұзақтығы әр пән бойынша белгілейді. Әр оқушының жұмыс жасау уақытын белгілей отырып, оларға қортындысын айтып отырады. Кейбір тәрбиешілер өзіндік дайындық кезінде тақтаға сағат іледі немесе қолдан қағаздан жасалған сағат макетін іліп 10 минут сайын тілін жылжытып отырады. Бұл әдіс оқушылардың уақытты дұрыс қолдануын кейбір ақыл-ойы кем оқушылар асығып, тапсырманы қате, шала орындайды, сондықтан осындай оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп сағатты қолдануға байімдейді.
V-IX сынып оқушылары өзіндік дайындықты өз беттерімен жұмыс істеуге, өз жұмыстарын жоспарлауға, уақытты әр пән бойынша дұрыс бөлуге оны қолдануға, бір тапсырманы орындап келесі тапсырманы орындауға бейімделген, тек тәрбиеші қадағалап тапсырманың дұрыстығын тексеріп отырады.
Үй жұмысын қай пәнен бастап орындау керек?
Ақыл ойы кем оқушылар сабаққа кіріскенде бірден бар күш жігерлерін жұмысқа салмайды. Алғашқы уақытта жұмысқа тартылады, одан кейін жұмысқа бар күшімен кіріседі. Бұл ерекшелікті ескерген жөн. Сондықтан жеңіл пәннен бастап, қиын тапсырмаларды қамтитын пәнге көшкен жөн. Кейде бұл математика, кейде ана тілі болуы мүмкін. Тапсыпманың көлемі мен , мазмұнына байланысты, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарға қарай пәндерді ауыстыруға болады.
Тәрбиешінің міндеті оқушыларды үй тапсырмасын орындату кезінде тақырыпқа байланысты ережені қайталауға үйрету, жазба жұмысын қадағалау, ережені қолдану және оқулықпен жұмыс істей білуге үйрету.
1-ші, 3-ші сынып оқушылары үзіліссіз жұмыс істейді, берілген тапсырмаларды бір сағатта орындап болады. 4- ші , 9- шы сынып оқушылары жұмыстың негізгі кезенің орындағаннан кейін, 40-45 минут үзіліс жасауға болады.
Тапсырмаларды тексеру үшін әр – түрлі әдіс тәсілдер қолданылады;
Өзіндік тексеру:
Бірін -бірі тексеру;
Тәрбиешінің бақылауы;
Сондықтан тәрбиеші жоспарына тексеру әдістерінің әр түрлі әдістемелерін енгізеді. Үй тапсырмасын тексере білмеу ақы-ой кем балалардың зейінің тұрақсыздығына байланысты, сөздерді қалдырып кету, дұрыс оқымауы қадағаланады. Сондықтан тәрбиеші мысалдар арқылы көрсетеді.
Өзіндік дайындық біткеннен соң тәрбиеші жұмысты қорытындылайды.
Тәрбиеші баға қоймайды. Тәрбиеленушілер қорытындыны асыға күтеді, тәрбиеші оқушылардың тез және басқалардан жақсы жұмысты орындағандарды атайды, оқушылардың жұмыстарын қорытындылай келе жақсы оқушыларды мақтап, мадақтайды, үлгерімі төмен оқушыларды қолдайды, көтермелейді. Бұндай жұмыстың формасы ақыл-ойы кем оқушыларды өзіндік дайындық кезеңінде шуламай, дұрыс отырып орындауларына көмегін тигізеді. Өзіндік дайындық біткен соң әр кім өзінің оқу-құралдарын жинастырып, келесі күнде болатын сабақтарға дайындалады.
Смагулова Куралай Кажибаевна
Сарқан облыстық көмекщі мектеп-интернатының жоғарғы санатты логопеді
Алматы обылысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы.
Қолданылған әдебиет:
Т.И.Пороцкая Работа воспитателя вспомогательной школы .