Білімділік: С?з со?ында «б» мен «п» дауыссыз дыбыстарын жазуда ажырата білуді ме?герту. С?ра?тар?а толы? жауап бере білуге да?дыландыру. Ауызша ж?не жазбаша байланыстырып с?йлеу тілдерін, зейінін, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.
Дамытушылы?: Сауатты к?ркем жазу да?дыларын, д?рыс с?йлеу, ?атесіз, т?сініп о?у да?дыларын дамыту. ?з ойын тез ?рі ж?йелі жеткізуге да?дыландыру. Дыбыстарды? арасынан берілген дыбысты ажырата білуге ?йрету-фонематикалы? есту ?абілетін дамыту
Т?рбиелік: О?ушыларды? логикалы? ойлауын, сурет бойынша с?йлем ??рап айту да?дыларын жетілдіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««б-п» с?йлемдер мен м?тінде ажырату»
«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату
Фонетико-фонематикалық қабылдауы толық жетілмеген,
оқу жазу жағы дамымаған .
2 «а» класс.
Мақсаты: Білімділік: Сөз соңында «б» мен «п» дауыссыз дыбыстарын жазуда ажырата білуді меңгерту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Сауатты көркем жазу дағдыларын, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету-фонематикалық есту қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап айту дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, айна
І Психологиялық жаттығу
-Біз бәрін де білеміз, біздің қолымыздан бәрі келеді.
-Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.
-Біз сабағымызды жақсы өткізуге тырысамыз.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Көктем мезгілі қандай? (Көктем жылы)
Бүгін сәуірдің нешінші жұлдызы?
12-сәуір қандай мереке?
Дұрыс-ақ... «Ғарышкерлер күні».Олай болса, ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім? Біздің Қазақстаннан ұшқан ғарышкер кім ?
Жарайсыңдар, балалар.
Ал, енді сабағымызды жалғастырайық!
І тапсырма.
Төмендегі сөздерге «ы,і» әріптерінің тиістісін қосып жаз.
Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, көп, шөп, талап.
Бұл сөздердегі «п» дыбысының «б»-ға айналуы қай дыбыстың әсерінен деп ойлайсың?
Жарайсыңдар балалар! Олай болса, балалар, сөз соңында «б» естілгенімен «п» әрпі жазылу керектігін меңгереміз.
Ал, енді балалар, «Тіл туралы ертегіні» айтайық.(артикуляциялық, дем алу, шығару жаттығулары)
ІІ тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды жатқа жаз.
а) Кіта...-білім бұлағы.
Мекте...-білім бесігі.
ә) Кәсі..., тү...і, нәсі...і.
Сергіту сәті.
Саусақтарды қосамыз,
Қолдарымызды созамыз,
Аспандағы бұлттарды
Жан-жаққа біз қуамыз.
Ребусты шеш
«Естігенде шапалақта» ойыны. (Ойын барысы : берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың, сөздердің арасынан, берілген дыбысты белгілейді.)