kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Асан?а к?мектесеміз» ойыны ар?ылы о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тілдік  лексикалы? –грамматикалы?  ??рылымын дамыту бойынша компьютерлік технологияны  ?олдану ар?ылы  ?ткізілген жеке логопедиялы? саба?                                                                                                                      Ма?саты:                                                                                                                                 1. 1.Білімділік ма?саты- музыкалы? аспаптарды  дауысы бойынша ажырата білуін бекіту ж?не дабыл,сыбыз?ы,сылдырма? с?здерін ?одануды белсендіру;?андай? деген с?ра??а д?рыс жауап беруге ?йрету,?лкен кішкентай деген сын есімдерді,?стінде,астында сия?ты к?мекші с?здерді,зат есімні? т?уелдік жал?ауын (к?йлегі,шашбауы,белдемшесі,туфлиі ) жай с?йлемдерді ??р?анда ?олдана білуге жатты?тыру.                                                              2. Т?зету ма?саты- тілді? психологиялы? базасын ?алыптастыру: есту ж?не к?ру ар?ылы ?абылдауын,зейіні мен есте са?тау ?абілеттерін дамыту; ?за? тыныс шы?аруды ?алыптастыру,дауыс к?шін, жалпы ж?не ?са?,артикуляциялы? моторикасын,бетті?, мойынны?  мимикалы? б?лшы? еттерін дамыту.                                                                                                                          3.Т?рбиелік ма?саты- логопедиялы? саба?тар?а деген т?ра?ты ?ызы?ушылы?ын,тапсырманы орындау?а деген ынтасын ?алыптастыру,мейірімділікке,?зара к?мек к?рсете білуге т?рбиелеу. Т?зету ж?мысыны? арнаулы ?дістері:бетті? мимикалы? б?лшы? еттерін сылау,сауса? ойын тренингі,мойын б?лшы? еттеріне арнал?ан жатты?у (Краузе бойынша),тыныс алу ж?не артикуляциялы? жатты?улар.                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Асан?а к?мектесеміз» ойыны ар?ылы о?ыту»

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің логопеді Денизбаева Алма Едресовна

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы


Тақырыбы: «Асанға көмектесеміз» ойыны арқылы оқыту

Тілдік лексикалық –грамматикалық құрылымын дамыту бойынша компьютерлік технологияны қолдану арқылы өткізілген жеке логопедиялық сабақ Мақсаты: 1. 1.Білімділік мақсаты- музыкалық аспаптарды дауысы бойынша ажырата білуін бекіту және дабыл,сыбызғы,сылдырмақ сөздерін қодануды белсендіру;қандай? деген сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету,үлкен кішкентай деген сын есімдерді,үстінде,астында сияқты көмекші сөздерді,зат есімнің тәуелдік жалғауын (көйлегі,шашбауы,белдемшесі,туфлиі ) жай сөйлемдерді құрғанда қолдана білуге жаттықтыру. 2. Түзету мақсаты- тілдің психологиялық базасын қалыптастыру: есту және көру арқылы қабылдауын,зейіні мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; ұзақ тыныс шығаруды қалыптастыру,дауыс күшін, жалпы және ұсақ,артикуляциялық моторикасын,беттің, мойынның мимикалық бұлшық еттерін дамыту. 3.Тәрбиелік мақсаты- логопедиялық сабақтарға деген тұрақты қызығушылығын,тапсырманы орындауға деген ынтасын қалыптастыру,мейірімділікке,өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Түзету жұмысының арнаулы әдістері:беттің мимикалық бұлшық еттерін сылау,саусақ ойын тренингі,мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығу (Краузе бойынша),тыныс алу және артикуляциялық жаттығулар.

Құралдар:

* Асан қуыршағы;

* артикуляциялық жаттығуларға арналған суреттері бар магнитті тақта; * үлкен және кішкентай ойыншықтардың суреттері;

* «Ойыншық қайда?» жаттығуына арналған карточкалар;

* сөмке (ішінде тапсырмалары бар карточкалар);

* балалардың музыкалық аспаптары (дабыл,сыбызғы,сылдырмақ);

* сылауға арналған қолғаптар;

* 6 қырлы қарындаштар;

* шүберекті көзілдіріктер;

* магнитафон,аудиокассета;

*ноутбук

Сабақ барысы І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кіріспе әңгіме. в) Психожаттығу.

«Армысың алтын күн».

Армысың,мейірімді жер ана!

Армысың көгілдір аспан! Армысыздар,құрметті қонақтар!

ІІ. Дайындық жұмысы:

а) «Сиқырлы қолғаптар» - музыка әуенімен беттің мимикалық бұлшықеттеріне сылау жасау.

б) «Жан-жағыңа қара».Краузе әдісі бойынша мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығу(басты соңғы рет бұрған кезде логопед баланың назарын қуыршақ Асанға аударады).

ІІІ.Негізгі бөлім.

а) Қызықты сәт. Асан келеді («Алтын сақа»қазақ халық ертегісінің кейіпкері).

Асан өте көңілсіз.

Логопед: Асан,не болды,сен неге көңілсізсің?

Асан: Зұлым Мыстан кемпір менің сүйікті ойыншығым-алтын сақамды алып қойды да,оның барлық тапсырмасын орындамасам,оны қайтармайтын Логопед: Батырхан,қалай ойлайсың,енді не істеу керек? Дұрыс,Асанға көмектесу керек. Логопед: Асан уайымдама,біз саған көмектесеміз. Мыстан кемпірдің қиын тапсырмаларын орындау үшін дайындалу керек.Кел,алдымен сергіту жаттығуларын орындайық.

б) Сергіту сәті

в) Логопед тапсырмасы

Логопед: Ал енді, тапсырмаларды орындауға кірісейік.

1 –тапсырма. «Ненің дыбысы шықты?»

-Сиқырлы көзілдірікті ки де, мен қандай аспапта ойнағанымды тап?

2-тапсырма. «Айырмашылығын ата»

-Суреттердің қандай айырмашылығы бар? (Үлкен және кішкентай ойышықтардың суреттері)

3-тапсырма. «Ойыншық қайда?» ойыны.

-Қуыршақ қайда?

-Қуыршақ сөренің үстінде.

-Доп қайда?

-Доп орындықтың астында т.б.

4-тапсырма-«Көңілді қарындаштар» - саусақ ойын тренингі.

-Қандай ғажайып қарындаштар, қарашы! Олармен сурет салып қана қоймай, саусақтар мен алақанға сылау жасауға да болады.

5-тапсырма- компьютерлік ойын «Қуыршақты киіндір»

Мынадай сөйлемдерді құру.

Қуыршақтың көйлегі қызыл.

Қуыршақтың белдемшесі қызыл.

Қуыршақтың шашбауы қызыл.

Қуыршақтың туфлиі қызыл және т.б.

ІV. Қорытынды.

Мыстан кемпір кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, Батырхан, Асан, құрметті қонақтар! Мені кешіріңіздер, мен жалғызбын,маған көңілсіз болды, менің ойнайтын ойыншықтарым да жоқ, сондықтан Асанның ойыншығын тартып алған едім. Асан, мә, алтын сақаңды ал.

Логопед: Мыстан кемпірге ойыншықсыз көңілсіз екен.

Асан: Онда барлығымыз бірге ойнайық, көңілдірек болады.

Асан Батырханға көмектескені үшін алғыс айтып, мыстан кемпір екеуі кетеді.

V.Рефлексия.

- Асан неге көңілсіз болды?

-Біз оған қалай көмектестік?

-Мыстан кемпір қандай еді?

- Неге?

-Одан кейін қандай болды?

-Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Асан мен мыстан кемпірге достасып кетуге көмектестіңдер.

VI. Қонақтармен қоштасу:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болыңыздар сіздер де аман!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Асан?а к?мектесеміз» ойыны ар?ылы о?ыту

Автор: Денизбаева Алма Едресовна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315298


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства