Просмотр содержимого документа
«Алма а?ашы г?лдеді»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.
Мақсаты : ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: перде, араластыру.
Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Педагог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды.
Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? (Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.)
Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық (Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз.бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.
Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.
Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.