kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың рөлі.

Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы»

Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы

  1. Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі.

  2. Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші.

1.Логопедиялық түзету жұмыстарындағы гимнастиканың ролі. Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

  • Дайындық кезеңі

  • Дыбысты қою кезеңі

  • Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ – 1-нің аяқталуы 2-нің басталуына ұласып кетеді. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:

  • «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

  • «Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

  • «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

  • «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

  • «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

  • «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

  • «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

  • «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

  • «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮ КЕЗЕҢІ Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның элементтерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр, етеді. Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады. Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды. Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады/. Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі қатысында айтылатын – г дыбысын қалыптастыру негіз болады. Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, – ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолымен сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да –ш дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының /сөз, сөз тіркесі/ мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі. Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. 1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – с дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/. 2-ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында. Ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, а артикуляциялық гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі. Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды.

  1. оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна.

  2. шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары.

  3. сөзді жазып, қайталайтын магнитофон.

  4. тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар альбоммен құралдар.

  5. дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.

  6. түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер лото.

  7. түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап – құрал.

  8. әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап.

Сөйлесуді көзбен бақылау /фиброскоп «Двин» / немесе сөйлеу органдарына механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы – антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады. Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі – р дыбысын тамақпен айту немесе –с дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы –ш орнына –с алмастыру / «ескі» – ешкі/, немесе –р орнына –л / «роза» – лоза/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады» Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады. Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын – шабын, қасық – қашық т.б. Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмікн. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек. Түрлі дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемішіліктердің пайда болуына себеп болатын оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі. Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады. Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стомотолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.

  1. Гимнастика өткізудің әдістемелік көрсеткіші.

Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл – қозғалыстарында көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы: «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «н» дыбысын созып айтуын өтінеміз. Осы кезде логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілді жұмсақ таңдайға шейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буынды анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Мысалы: қа-ға та-те қо-ғо па-пе қу-ғу ба-бе қы-ғы са-се то-то ты-ті бо-бө бы-бі ко-ке сы-сі со-се мы-мі мо-ме ны-ні Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқанда кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айту машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы: әт тә әл лә әс сә әз зә ДЫБЫСТЫ ҚОЮҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР Артикуляциялық жаттығуларында негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтай білуі қажет. Біріншіден атаулар балаларды жаттығуға қызықтырады, екіншіден жұмыс барысында уақытты жасау шарттарын түсіндермей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы: «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық. 1. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек. /40 сурет/. 2. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. /41 сурет/. 3. «Ине» ауыз ашық. Тілді жіңішкертіп ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. /42 сурет/. 4. «Төбешік» ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек. /43 сурет/. 5. «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу. /44 сурет/. Осы жаттығулардың бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет. 6.«Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек. 15-20 рет қайталау. /45 сурет/. 7. «Ат шауып келеді» тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-15 рет қайталау. /46 сурет/. 8. «Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру керек. /46 сурет/. 9. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет. /47 сурет/. 10. «Тәтті шырын» жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. Осылайша 15 рет қайталау қажет. 11. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу. 12. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау. Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа керектілерін ғана іріктеп алады.

Әдебиет:

  1. Логопедия./ Под ред. Волковой Л.С.-М.: Просвещение, 1989.

  2. Филичева Т.Б. и др. Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.

  3. Буденная Т.В. Логопедическая гимнастика.- СПб., 2001.

  4. Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. М.: Просвещение, 1989.

  5. Волкова Л.С. Хрестоматия по логопедии. – М.: Владос, 1997




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы

Автор: Тулеутаева Шынар Бериковна

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360418


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства