Квиллинг техникасы бойынша дизартрик-балалардың ұсақ моторикасын дамыту
Квиллинг техникасы бойынша дизартрик-балалардың ұсақ моторикасын дамыту
Дизартрияның сөйлеу дефектісі ретіндегі сипаттамасын, формаларын, дизартрик-балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру кешенді қосымша коррекциялық сабақтардан тұратын және «квиллинг» техникасына негізделе құрастырылған үйірме бағдаларамысын әзірлеуге негіз бола алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Квиллинг техникасы бойынша дизартрик-балалардың ұсақ моторикасын дамыту»
Қ.С. Жұмағұлова
«Дефектология» мамандығының ІV курс студенті
С. Аманжолов ат.ШҚМУ, Өскемен қаласы
Ғылыми жетекші - К. Ш. Коккозева
Квиллинг техникасы бойынша дизартрик-балалардың ұсақ моторикасын дамыту
Аннотация:
Қазіргі таңда сөйлеуінде кемшілігі бар балалар саны көбеюде, бұл жағдайды статистикалық мәліметтер дәлелдейді. Баланың қате, тақыл-тұқыл сөйлеуі, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын қиындатады және жалпы дамуына, мінез-құлқына әсер етеді, ал келешекте оның мектептегі үлгерімінің нашарлауының себепші болуы мүмкін. Сондай кемшіліктің бір түрі дизартрия болып табылады. Осы диагнозға тән балалармен логопедтің алғашқы жүргізілетін жұмыстарының бірі – қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту балалардың сөйлеуінің дамуына апаратын жол екендігін талай ғалымдар өз зерттеулерінде көрсеткен. Балада сөйлеу кемшілігі қалыптасқан жағдайда саусақтың жаттығуына ерекше назарды аудару керек, өйткені мидағы сөйлеу аймақтарының морфологиялық және функционалды қалыптасуы қолдың кинестетикалық импульстерінің әсерінен әрекетке қосылады. Сондықтан ұсақ моториканың дамуына квиллинг техникасын пайдаланамыз. Квиллинг, немесе қағазға түсірілген бедер (филигрань) немесе қағаз орау ретінде танымал,— спираль тәрізді оралған қағаздың ұзын және жіңішке жолақшаларынан жасалатын тегіс (жалпақ) немесе көлемді композицияларды жасау өнері.
Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігімен шартталған сөйлеудің айтылу жағынан бұзылысы. Дизартрияда басты кемшілік болып, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеудің дыбыстап айтылуы және просодикалық жақтың бұзылысы болып табылады.
Мидың ошақтық зақымдануы кезіндегі дизартрияны алғаш кешенді нейролингвистикалық зерттеуден өткізген Е.Н. Винарская болды. Бүгінгі күні балалық кездегі дизартрияның мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психолого-педагогикалық бағыттарда жедел өңделуде. Ол церебралды сал аурулары бар балаларда неғұрлым толығырақ сипатталған. (М.Б. Эйдинова, Е.Н. Правдина-Винарская,1959; К.А. Семенова,1968; Е.М. Мастюкова, 1969, 1971, 1979, 1983; И.И. Панченко, 1979; Л.А. Данилова, 1975) .
Дизартрияның патогенезі сыртқы түрлі жағымсыз факторлардың әсерінен орталық және перифериялық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен анықталады. (құрсақтағы даму кезінде және босану немесе босанғаннан кейінгі кезде).
Дизартрияның себептері өткір немесе созылмалы инфекциялардың, оттегінің жетіспеушілігі, интоксикация, жүктілік кезіндегі таксикоз және өзге де босану кезіндегі травмаға әкелушінің алғышарттарын тударытын факторлардың нәтижесі болып кедлетін құрсақтағы зақымданулар болып келеді [1, б.27].
Дизартрияның клиникалық-физиологиялық аспектілері мидың локализациясымен зақымдануының ауырлығымен анықталады. Қозғалыс және сөйлеу аймақтарының орналасып, дамуының анатомиялық және фукционалды өзарабайланысы және өткізу жолдары дизартрияның түрлі сипаттағы және айқындылықтағы қозғалыс бұзылыстарымен тіркесуін анықтайды.
Дизартрия кезінде дыбыстың айтылуының бұзылуы сөйлеудің қозғалыстық механизмінің басқару үшін қажетті мидың түрлі құрылымдарының зақымдануының нәтижіснде пайда болады. Ондай құрылымдарға төмендегілерді жатқызуға болады:
Бас миының діңінде орналасқан перифериялық қозғалыс жүйкесінің ядрасы;
Жылау, күлу, айқайлау, эмоционалды - білдіруші лептеу сияқты қарапайым эмоционалды шартсыз рефлекторлы сөйлеу реакциясынын жүзеге асыратын мидың діңімен қыртыс асты бөлімдерінде орналасқан ядролар [2, б.117].
Айтылған құрылымдардың зақымдануы перифериялық салданудың бейнесін береді: жүйке импулсьтары сөйлеу бұлшықеттеріне жетпейді, ондағы алмасу процестері бұзылады, бұлшықеттер солғын, болбыр болады, олардың атрофиясы мен атониясы байқалады. Арқа рефлекторлы доғасының үзілісінің нәтижесінде бұл бұлшықеттердегі рефлекстер жоғалып, арефлексия пайда болады [3, б.55].
Кинестетикалық сезім барлық сөйлеу бұлшықеттерінің жұмысын сүйемелдейді. Дизартрия кезінде кинестетикалық түйсінудің нақтылығы жиі бұзылады және бала сөйлеу аппаратының бұлшықетінің жағдайын қабылдамайды, дұрыс емес артикуляциялық укладты сезінбейді. Кері кинестетикалық афферентация біртұтас сөйлеудің функционалды жүйесінің маңызды бөлімшесі болып табылады, ол қыртыстық сөйлеу аймақтарының постнаталды пісіп жетілуін жүзеге асырады. Сондықтан кері кинестетикалық афферентацияның бұзылуы сөйлеуге жауап беретін қыртыстық мидың құрылымдарын қалыптасуын бұзады және сөйлеуге тікелей қатысы бар түрлі функционалды жүйелердің жұмысындағы интеграция процесін баяулатады. Ендігі кезекте мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін ашу үшін дизартрия тән балаларға сипаттама беру орынды болады.
Квиллинг техникасының ұсақ моториканың дамуына әсері.
Мектепке дайындық кезінде мектепке дейінгі кезеңдегі оқушылардың маңызды даму аспектілері қол саусақтарының қозғалыстары мен ұсақ моторикасын дамыту болып табылады. Қолдың белсенді қозғалысының даму қажеттілігі ғылыми негізге ие болды. Балалар мен жеткіншектердің физиологиясының Иститутының қызметкерлері сөйлеудің даму деңгейі қол саусақтарының нәзік қимылдарының қалыптасқандығының деңгейіне тікелей қатысты екендігін айтқан. [53, 25б.]
Баланың қол қозғалысын дамуды зерттеу тек психологтар мен педагогтар үшін ғана қызығушылық туғызбайды, сонымен қатар өзге де ғалымдарды қызықтырады (философтар, тілтанушы,тарихшылар, биологтар). Өйткені қол түрлі қызметтерді атқара отырып, ерекше адами ағзалар болып табылады. И. М. Сеченов алғашқылардың бірі болып жүйке құрылымдарының пісіп жетілуінің нәтижесі ретінде баланың қозғалысының дамуының алғышарты тұқым қуалау теориясын сынға алды. Ол «адамның қолы тұқым қуаламайды, ол қоршаған ортамен белсенді өзараәрекет процесі кезінде көру, иіс сезу және бұлшықеттік өзгерістердің арасындағы ассоциативті байланыстардың нәтижесі ретінде тәрбиелеу және оқыту процесінде пайда болады» деп жазды[22, 16б.]
6-7 жаста сәйкесінше бас миының аймақтарының пісіп жетілуі және қолдың ұсақ бұлшықеттерінің дамуы аяқталады. Дизартриясы бар балалардың моторлы жеткіліксіздігі жеңіл, өшірілген түрде анықталады. Сурет сабағында қарындашты нашар ұстайды, қолдары қысымда болады. Көпшілігі сурет салғанды ұнатпайды. Әсіресе аппликация және пластилинмен жұмыс істегенде қолдың моторлы ыңғайсыздығы байқалады. Аппликация бойынша жұмыста элементтердің кеңістікте орналасуы қиыншылық туғызады
Манипуляторлық әрекеттерді орындаудағы моторлы ыңғайсыздық, оны меңгерудегі қиыншылық, сәтсіздіктер мен ересектердің жиі оған разы болмауы баланы қиын болып келетін әрекеттерді орындаудан қашуға итермелейді. Ерекше назарды графикалық қозғалыс талап етеді. Сурет салуға деген жек көрініш – нәзік координацияланған әрекеттердің дамуының бұзылысының көрсеткіщінің бірі. Сурет салу хат жазу сияқты –жай қозғалыстың әрекеті емес, өте күрделі, құралданған әрекет: сурет салатын қарындаштың ұшының қажетті қозғалысы егер саусақтардың, буынның, қолдың, дененің әрекетін ол басқара алғанда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар 6-7 жаста бастысы - қолдың буынының дамуы болып табылады.
Изошығармашылықтың, материалдармен манипуляцияның процесінде қолдың алақанымен саусақтарында орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге табиғи массаж жасалады, ол баланың жалпы өзінің сезінуіне жағымды әсер етеді. Қолдың жалпы икемділігі қалыптасады, сонымен қатар ұсақ моторика да дамиды, қолдың қозғалыстары көру мен кинестетикалық түйсінудің бақылауында жетіледі, сондықтан меңгерілетін дағдылар физикалық және психикалық процестердің дамуына және баланың жалпы дамуына көп әсерін тигізеді. Одан басқа, ойлау тапсырмаларының көп бөлігі шешіледі – қол әрекет жасайды, ал ми түйсінуді тіркеп, оны көру, есту, тактильді қабылдауды күрделі, интеграцияланғанобраздар мен көріністерге байланыстырады. [46, 15б.]
Өнімді іс-әрекетте сөйлеуде кідірістері бар балалардың қабылдауы мен сөйлеуі жылдамырақ жүреді, өйткені сөйлеу шын мәнінде практикалық бағытта және ұсынылған іс-әрекетті орындау үшін көп мәні үшін көп рөл атқарады. Сөйлеу белсенділігінің пайда болуына мүмкіндік жасайтын мәселелі жағдайларды жеңіл жүзеге асыру кезінде жемісті іс-әрекеттің түрлері сөйлеудің дамуына жағымды. Мәселелі жағдайлар сөйлеудің коммуникативті бағыттылығын қалыптастырады [49, 68б.].
Балалар тапсырманы орындауға дейінгі және кейінгі уақытта тәрбиеші мен логопедтің тапсырмаларын орындай алу мүмкіндігінше, өзбетті жағдайда жұмыстың өту кезінде болғанда, сөйлеу материалын жақсы меңгереді. Балалар олармен түрлі әрекеттер жасай отырып, материалмен ойнайды.
Өнімді іс-әрекетте сөздің әрекетпен, әрекеттің белгілерімен тығыз байланысын жүзеге асыруға жағдай жасалады. Сөзді әрекетпен байланыстырғаннан қарағанда, затпен байланыстыру неғұрлым жеңіл: заттың өзің, ойыншықты немесе муляжды көрсетуге болады, тіпті суретті де көрсетуге болады. Сурет арқылы сөздің әрекетпен немесе заттың жағдайымен байланыстыру неғұрлым қиынырақ. Шығармашылық іс-әрекетте бұл табиғи түрде болады, өйткені бала өзі түрлі әрекеттерді орындайды. Дәл осы сабақтарда балалар әрекеттердің реттілігін және түрлі әрекеттермен құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын жақсы меңгереді. Шығармашылық іс-әрекет кезінде сөйлеумен байланысты әрекеттер неғұрлым жетілген, саналанған, мақсатбағдарлы,реттелетін және ритмикалық болатынын ерекше атап көрсетуге болады. Суреттің дағдыларын меңгеру процесі де жылдамдайды. Балалар салынған затқа қозғалыс береді. Заттық сурет негізінде балалар сөйлеу көмегімен біртұтас сюжет құрап, заттарды тірілтіп, сөйлетеді, олардың арасындағы диалогты айта алатын сөздермен және дыбысқа еліктеумен білдіреді [54, б.22].
Балаларда жұмыс істеу барысында сөйлеуді қабылдай алу дағдысын арнайы тәрбиелеп, одан кейін өзінің сөйлеуін өзінің іс-әрекетімен байланыстыруға дайындау қажет. Сөздік белгілер балаларға заттардағы олардың белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік жасайды. Сөз шығармашылық нәтижесін саналы түрде түсінуге көмектеседі. Сөйлеудің жалпы дамымағандығы бар бала жасалатын суреттерді өзбетімен жан-жақты бақылауға қабілетсіз. Сондықтан балалардағы заттың және оның бөліктерінің пішінін, контурын, түсін және басқа белгілерін байқауға дағды қалыптастыруда ересек адамның рөлі зор. Осындай жолмен, ересектің жетекшілігі жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар суретті қабылдауға да бағытталу керек.
Квиллинг элементтері қандай болады
Квиллинг элементі бос спираль. Модуль инеге қағаз жолағын орау жолымен жасалады. Одан кейін желімдеу алдында оны бос айналдыру қажет.
Квиллинг элементі тамшы. Бұл модуль келесідей жасалады. Алдын ала бос спираль жасау керек, одан соң оның бір жағынан қысу керек. Тамшы мөлшерін спираль ішінде бос айналдыра реттеуге болады.
Квиллинг элементі иілген тамшы. Бұл модуль осылай істеледі: алдын ала қарапайым тамшы жасалады, одан соң оның жіңішке ұшын қажет бұрышта иеді.
Квиллинг элементі көз. Бұл модульді дайындау үшін бос спираль керек, ол кейін екі қарама-қарсы жағынан қысылады.
Квиллинг элементі жартылай шеңбер. Бұл элемент бос спиральдан тұрады, оның бір жартысы тең болатындай, ал екіншісі ішіне қарай иіле қысылады.
Квиллинг элементі құс табаны. Бұл модуль келесідей жасалады. Алдын ала дайындалған бос спиральді үшбұрыш пішінде қалыптастыру керек, одан кейін екі бұрышын ішке иіп қысу керек.
Квиллинг элементі жапырақ. Алдын ала көз элементі жасалады, кейіннен бұрыштары иіледі.
Квиллинг элементі үшбұрыш. Алдын ала дайындалған бос спираль үш жерде қысылады және одан үшбұрыш қалыптасады.
Квиллинг элементі стрелка. Алдын ала дайындалған үшбұрыш элементінің екі бұрышы бір-біріне қысылады.
Квиллинг элементі конус. Алдын ала дайындалған бос спиральдің бір ұшы негізіне желімденеді, одан кейін барлық спираль конус тәрізді ұзартылады және осыдан кейін ғана инеден алынады.
Квиллинг элементі жарты ай. Алдын ала жасалған бос спираль бұрыштары қысылады, ал барлық бөлшектері қажет пішінге дейін иіледі.
Квиллинг элементі ромб. Алдын ала негізгі модуль көз жасалады, ал кейін ромб қалыптасқанға дейін қысылады.
Бұл модульдер негізінде бос спираль жатты. Бірақ негізгі модуль бұрама негізінде жасалатын фигуралар бар.
Квиллинг элементі мүйіз бен жүрек. Бұл модульді жасау үшін қағаз жолағын алып, екі ұшынан екі тұйық спиральды орау керек. Одан кейін бұл лентадан қажет фигура жасалады [52, б.85].
Қарастырылып отырған квиллинг техникасы біздің елімізде арнайы бейнелеу-қолөнер үйірмелерінде қолданылады. Оқу үрдісінде арнайы осы техниканы негіз ретінде алатын арнайы пәндер де жоқ. Сондықтан, біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы бір тартымды және баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін техниканы дизартрик – балалардың ұсақ моторикасын дамытудың құралы ретінде алдық.
Сонымен осы теориялық бөлімде қарастырылған мәліметтер дизартрик-балалар үшін ұсақ моториканың дамуы қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ғылыми зерттеулер біздің коррекциялық жұмысымызға негіз болып, іс-жүзінде нәтижелі іс-әрекет жасауға итермелейді. Осы бағыттағы жұмысымызды келесі екінші эксперименталды бөлімде жалғастырамыз деген ойдамыз.
Қорытынды.
Сонымен «Квиллинг техникасы бойынша дизартрик-балалардың ұсақ моторикасын дамыту » тақырыбы аясындағы зерттеу жұмысымыз бірқатар мәліметтерді қорытындылауға мүмкіндік берді. Бала миының қызметін зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектері қол функцияларының стимулдаушы маңызына ерекше назар аударады. Балалар мен жеткіншектер физиологиясы институтының қызметкерлері баланың сөйлеуінің даму деңгейі қолдың нәзік қозғалыстарының қалыптасу дәрежесіне тура тәуелді екенін дәлелдеді (М.М.Кольцова). Жүргізілген тәжірибелер мынандай заңдылықты анықтауға мүмкіндік берді: егер саусақ қимылдары жас ерекшелікке сәйкес болса, сөйлеудің дамуы да қалыпты болады. Ал саусақ қимылдары артта қалса, жалпы моторика өте жақсы дамығанымен, сөйлеудің дамуы да тежеледі (Л.В.Фомина). М.М.Кольцова сөйлеу аймақтарының қалыптасуы саусақтардан келетін кинестетикалық импульстарының әсерінен іске асатынын анықтады. Сондықтан дизартрия тән балалардың ұсақ моторикасын саусақ ойындары арқылы дамытуды зерттеудің теориялық негіздерін қарастыру бұл мәселенің әлі де өзекті екеніне көзімізді жеткзді. Дизартрияның сөйлеу дефектісі ретіндегі сипаттамасын, формаларын, дизартрик-балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру кешенді қосымша коррекциялық сабақтардан тұратын және «квиллинг» техникасына негізделе құрастырылған үйірме бағдаларамысын әзірлеуге негіз бола алады. Тәсілдердің әдістемелі жүйесінің негізіне қол саусақтарының нәзік қозғалысының қалыптасуы мен ойлау операцияларының, естің, зейіннің өзара байланысы қағидасы; жүйелілік, материалдың көркемділігі мен қол жетімділігі қағидалары жатқызылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Зайцева, А. Искусство квиллинга. – И.: Эксмо – Пресс, 2009. – 64 с.
Хелен, У. Популярный квиллинг.- И.: Ниола – пресс, 2008. – 104 с. 10. Чиотти, Д. Оригинальные поделки из бумаги. – И.: Мир книги, 2008. – 96 с.
Ткаченко Т.А. Развиваем мелкую моторику / Т.А. Ткаченко. – М.: Эксмо, 2007. – 80 с.
Казанова Т. Г. Изобразительная деятельность и художественное развитие дошкольников. М., 1983,-812с.
Аксенова М.В. Развитие тонких движений пальцев рук у детей с нарушением речи / Дошкольное воспитание, 1990, № 8.
Балобанова В.П., Богданова Л.Г., Венедиктова Л.В. и др. Диагностика нарушений речи у детей и организация логопедической работы в условиях дошкольного образовательного учреждения. – СПб.: Детство-пресс, 2001.
Лалаева Р.И., Венедиктова Л.В. Диагностика и коррекция нарушений чтения и письма у младших школьников: Учебно-методическое пособие. – СПб.: Изд-во «СОЮЗ», 2001. – 224 с.; ил.
Логопедия: Учеб. пособие для студ. пед. институтов по спец. «Дефектология» / Л.С.Волкова, Р.И.Лалаева, Е.М. Мастюкова и др.; Под ред. Л.С.Волковой. – М.: Просвещение, 1989.
Логопедия / Под ред. Л.С.Волковой. – М.; Академия, 2002.