Қазақ халық ойындарын логопедиялық сабақтарда қолдану
Қазақ халық ойындарын логопедиялық сабақтарда қолдану
Ойын балалардың күнделікті тиіді іс-әрекеті. ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттің бір түрі. Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестету қаблетінің ерекшеліктері, оның белсенділігі, қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді. Ойын арқылы бала үлкендер әлеміне еніп, әлеуметтік негізді қамти отырып, рухтық бағалықты қамтиды. Ойын кезінде баланың қиялы күшейе түседі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ халық ойындарын логопедиялық сабақтарда қолдану»
Қазақ халық ойындарын логопедиялық сабақтарда қолдану
Ойын балалардың күнделікті тиіді іс-әрекеті. ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттің бір түрі. Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестету қаблетінің ерекшеліктері, оның белсенділігі, қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді. Ойын арқылы бала үлкендер әлеміне еніп, әлеуметтік негізді қамти отырып, рухтық бағалықты қамтиды. Ойын кезінде баланың қиялы күшейе түседі.
Халық педагогикасында қазақ халық ойындары дәстүр ретінде қолданылады. Халық ойындары қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің бір компоненті болып табылады. Бұл халық ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді. Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасайды, дыбыс айтуының, лексикалық-грматикалық құрылымның бұзылыстарын түзетуге, моторлы функцияларын жетілдіруге көмектеседі. Логопедиялық сабақтың нақты мақсат, міндеттеріне сай әдістемелік дұрыс іріктелген арнайы тәсілдер енгізу мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің коммуникативті функцияларын қалыптастыру және түзетушілік міндеттерді шешу мақсатымен ойынның мазмұнын қарастыру және толықтыруды көздейді. Қазақ халық ойындарын сабақ барысында әр түрлі өткізуі, оның ішіндегі тапсырмаларды балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейіне, сөйлеу мүмкіндіктеріне байланысты логопедиялық сабақтарда қолдану халық ойынының түзетушілік функцияларын ажыратуға мүмкіндік береді. Халық ойындарын сабақтың мақсат, міндеттеріне байланысты логопедиялық жұмыстың әр кезінде қолдануға болады: дайындық, дыбысты машықтандыру, ажырату, коммуникативті дағдыларын қалыптастыру. Балаларға бір ойын негізінде әр түрлі жақтан амал ету, логопедиялық жұмыста арнайы тәсілдер, материалдар қолдануға, ойынның мазмұны, міндеттері балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды өзгертуге мүмкіндік тудырады.
Ойындар түзетушілік, тәрбиешілік, білімділік міндеттерді шешуінің байланысын қамтамасыз етеді. Кез келген әрекет кезеңіменен қалыптасатыны белгілі. Балаларды халық ойындарына үйрету төмендегілей кезектілікпен жүреді.
Логопед (экспериментатор) ойынды атайды. Балалар оның артынан қайталайды, содан кейін өз бетінше ойынның атын атайды.
Балалардың жасына сай, әрекетке ниеттейтін түсінікті және негізгі мақсаттарын, уәжділігін (мотивациясын) түсіндіру.
Халық ойындарының мазмұнын балаларға түсінікті және оңай түрде түсіндіру. Әрекеттерді, қимыл-қозғалыстарды жаттықтыру. Қалыптастырып жатқан қимылдарды вербалдау.
Лексикалық жұмыс ойынның міндетті элементі болып табылады. Ойын кезінде кездесетін жаңа сөздерді балаларға түсіндіріп, қайталап айтқызу керек.
Түзету жұмысы логопедиялық сабақтың мақсатына сай жүргізіледі: қимылдарын жеілдіру, қалыптастырып жатқан қимылдарды вербалдау, дыбыстарды дұрыс айтқызу, т.б.
Әр баланың әрекетін міндетті түрде сөзбен бағалай отырып, ойынды аяқтау. Қоғамдық мотивтерін енгізу.
Логопедпен және балалармен қалыптастырылған функцияларды бағалау: әрі қарай жалғастыратын әрекетін анықтау үшін ойынға қатысушының әр қайсысының әрекетін бағалау қажет, меңгерген білімдеру, дағдылары, іскерліктері бағаланады.
Балаларды сөзсіз және сөйлеу тілінің процестерін қалыптастыруда логопедиялық сабақтар ойын түрінде өткізілуі тиіс, мысалы, «Сақина салу», «Хан алшы», «Орныңды тап», «Ұшты-ұшты», «Алтыбақан», «Сандық», «Қолтұзақ», т.б. ойындарды логопедиялық сабақта бала тілінің дау деңгейін ескере отырып, әр түрлі әдістермен, тәсілдермен де қолданылады. Бұл жағдайда ойынның коммуникативті беталыс принципі іске асады, сөйлеу әрекетіне ынталандыруына қажетті жағдай жасалады. Халық ойындарын ебімен қолдану балалардың шаршағандығын азайтады, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Басқаша айтқанда, ойын сабақта шығармашылық атмосфераның болуына, жағымды жағдай тудыруға мүмкіндік береді. Бұл түзетушілік міндеттерді іске асыруға ықпал етеді.
М.Әуезовтің айтуынша, қазақ халқының тарихында көптеген қызықты ойындар бар, олар балалар үшін тек қана көңіл көтеру ісі емес, сонымен қатар ләззат алу құралы деген. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, логопедтер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, ойлай да білсін.