kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДЫБЫСТЫҢ АЙТЫЛУЫН ТУЗЕТУ ӘДіСТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалада сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды дамыту және оған арналған жаттығулар жайлы жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДЫБЫСТЫҢ АЙТЫЛУЫН ТУЗЕТУ ӘДіСТЕРІ»

Тақырыбы:

ДЫБЫСТЫҢ АЙТЫЛУЫН ТУЗЕТУ ӘДіСІ

Тынысты дамыту

Бастапқыда, сөздің қатысуынсыз, ұзақ тыныс алумен жұмыс жасалынады. Бұл кезде, тыныс алу кезінде бала иығын көтермеуі және тыныс алуға қажетті деформацияланған бұлшықетіне ауыр күш түсірмеуін бақылау қажет. Себебі тыныс шығару біртіндеп, жұмсақ және ұзақ болу мақсатынлда. Қабырғаралық және диафрагмалық тыныс алуды тәрбиелеу. Логопед бақылау мақсатында қолын баланың кейдесіне қояды, ал бала логопедтін кеудесіне қолын қойып, қолмен сезу арқылы тыныс алуын қайталайды.

Дауысты, сөздік тыныс алу, еліктеу және есту қабылдаудың, белгілі бір сатыдағы дыбыстың айтылу бұзылысын коррекциялауда, дыбыстық еліктеуге ойындар жүргізіледі.

Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды бекіту

Ұзақ, баяу тыныс шығаруда, сөздік тынысты дамыту мақсатында арнайы жаттығулар беріледі.

Гүлдер

Логопед балаға таныс гүлшоқтарын салады. Балалар гүлді атын атайды. Содан кейін, кезекпен бір-бір гүлден алып иіскеп, тыныс шығаруда берілген сөзді қоса айтады. Сөздер бірте-бірте күрделене береді. Мысалы: Жақсы иістер. Раушанның иістері жақсы. Раушанның иістері өте жақсы.

Сөздер қосу

Логопед қысқаша фраза айту арқылы суреттер мен сюжетті сұхбат жүргізгенде. Балалар оны бір сөзбен толықтыра отырып, оны қайталайды. Бұл сөзді тыныс шығаруда айтылуын ұсынады.

Дұрыс сөйлеудегі тыныс шығаруды дамыту және бекіту мақсатында 3.Александровой, С.Маршака, А.Барто, М.Ивенсен және т.б қысқа өлең шумақтарын пайдалануға болады. Сонымен қатар балалар алдымен тақпақты жаттайды, содан кейін кезекпен бір рет тыныс шығаруда, тақпақтың бір жолын оқиды. Балаларда көбінде диологқа деген қызығушылық болады. Диолог бойынша жұмыс жасау, дұрыс сөй,леуде тыныс шығару, дауыс ырғағын және мәнерлеп сөйлеуді дамытады. Диологтар (суреттер, макеттермен жануарлар маскасы және т.б) көрнекі материалдармен қоса жүруі тиіс. Диолог ақыл-есі кем 1-сынып оқушыларына түсінікті болуы керек.

Балаларға таныс әрі қысқа ертегілер қсынылады, мысалы "Три медведя", "Колобок", "Теремок" және т.б .

Артикуляторлы моториканы дамыту

Белгілі бір сатыдағы дыбыстың айтылу бұзылысын коррекциялауда, мимикалық жаттығуларды және ерін, тілдің қозғалысын дамыту. Бастапқыда балаларға бет бұлшықетіне жаттығулар жасатады. Бұл жаттығулар көбіне ақыл-есі кем 1-сынып балаларына және дизартриясы бар балаларға ұсынылады, себебі олардың бет бұлшықеті қозғалысы және мимкасы нашар болады.

Мысал жаттығулары: көзімізді жұмамыз, екі көзімізді қатты қысамыз, оң көзімізді қатты қысамыз, сол көзімізді қатты қысамыз, ұртымызға ауа толтырамыз, майшамды үрлеу арқылы өширеміз және т.б.

Сурет карточкасы арқылы мимикалық жаттығуларды қайталау ұсынылады. Мысалы, балаларға сурет беріледі. Логопед суретте болған жайтты түсіндіреді, балалар мимикалық жестпен түсіндіреді, келтіреді.

1.Балалар күнге қыздырынып жатыр. Ашық, ыстық күн. Балалар құмның үстінде көздерін жұмып жатыр, оларға сондай жақсы әрі жылы. Ақырын көздеріңдң жұмыңдар. Бетімізді, маңдайымызды және еріндерімізді босаңсытамыз.

2. Атасы немересіне коньки сыйлады. Немересі қатты қуанып, жүзінен күлкі кетпейді. Баламен бірге күлейік.

3. Біз суретті баланың отырғанын, ал қасында әжесінің тұрғанын көріп тұрмыз. Бізге бұл ұнамайды. Біз қабағымызды түсіреміз.

4. Бала қышқыл лимон жеп отыр. Біз қышқыл лимон жегенде түріміз қандай болады?, сондай түр жасайық.

5. Зоопаркта бала бірінші рет жирафты көрді. Жирафтың ұзын мойнына қатты таң қалды. Бізде таң қалайықшы: көзімізді бақырайтып, қасымызды жоғары көтереміз.

Келесі жұмыс тілдің және еріннің қозғалысына арналады. Белгілі бір сатыда артикуляторлы жаттығулар таңдалынып алынады. Артикуляторлық жаттығулар статикалық және динамикалық бағдар қозғалысына да ұсынылады. Бастапқы сатыда артикуляторлы моториканы дамытуда түрлі анализаторларға (есту, көру), кинестетикалық, сипап сезуге арналған жаттығулар жасалынады.

Ақыл-есі кем балаларда артикуляторлық қозғалыстар екі түрлі бағытта жүреді: 1) кине­тикалық қозғалыстың негізін дамыту, 2) кинестетикалық сезуді дамыту. Кинестетикалық сезімді ынталандыру кезінде жұмыс айнаның көмегінсіз жүзеге асады. Ол қарапайым дыбыстар шығарған кезде ерінді орналастыру, артикуляторлы органдардың ұстанымын анықтау үшін, логопед пассивті қозғалыстан кейін артикулярлы дыбысты айтуға ұсынылады.

Еріннің кинестетикалық ұстанымын сезінуге мүмкіндігі и-у дыбыстары бойынша бастапқы қалыпта орындалады, дыбыстарды айтуда еріннің қалпында айырмашылық бар.

Арнайы жаттығулар:

1. Бұл дыбысты шығарған кезде айна алдында тұрып ерін қалай тұрғанын айту. Жауап беру кезде логопед қосымша шатастыратын сұрақтары болады: «дыбысты айтар кезде ерінді күлімсіреп созылған немесе алға шығарылған ұзынша түтікше ?»

2. Бұл дыбысты шығарған кезде айна алдында тұрып ерін қалай тұрғанын айту.

3. И-у дыбысын қосып айту кезінде еріннің позициясы бірдейлігін анықтау.

4. И дыбысын айтқан кезде, ерін қандай позицияда тұрғандығын өз бетімен анықтау(айнаның көмегінсіз)

5. У дыбысын айтқан кезде, ерін қандай позицияда тұрғандығын өз бетімен анықтау(айнаның көмегінсіз)

6. И— у я дыбысын айтқан кезде, қай дыбыстан кейін ерін созылынқы болады.

7. И -у и айтқан кезде, қай дыбыстан кейін ерін алға шығарылған ұзынша түтікше болады.

8. Логопед ерінінің позициясы бойынша үнсіз артикуляция үшін дыбысты анықтаңыз.

9. Иу, уи үнсіз артикуляциялық қатардың алғашқы (немесе соңғы) дыбысын анықтау.

Дауысты дыбыс и —а, у — о, дауыссыз дыбыс м (ерін жабыңқы), н (ерін ашыңқы) және т.б дыбыстарын айту кезінде еріннің қалпына қарай айырмашылықтар өңделеді.

Содан кейін әр түрлі дыбыстарды айтуда тілдің ұстанымына қарай түсіндіру. Тілдің кинестетикалық қалыпы (көтеріңкі немесе төмен түсіңкі) артикуляциялық дыбыстарды ерекшеліктерімен тұжырымдауға әкеледі: и-д, а-д, и-тДыбысты (тығыз немесе щельді) қалыптастырудағы айырмашылық ш-т, ж-д дыбыстарында көрсетілген, яғни, тілдің ұшы басылған немесе басылмағаны анықталынады. Тіл ұшының жіңішке немесе жалпақтығын н және л дыбысын айтуда байқауға болады. Н дыбысын айтқанда тілдің ұшы жалпақ, ал л дыбысын айтқанда тілдің ұшы жіңішке. Алдымен дауыс қатпарларының дауысты, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарды айтуда вибрациялы көмейге қолдың көмегімен басу арқылы түсіндіріледі. Логопед балаларға қолдың бас бармағы және сұқ саусақты көмейге қоюын ұсынады. Балалар қатаң және үнді дауыссыз дыбыстарды дауыс қатпарларының дірілі арқылы оңай ажырата алады.

Келесіде де балалар дауыс қатпарларын қолдың тактильді сезуін қоланбай-ақ анықтай алады.

Осылайша, алғашқы кезеңдерінде мультимодальдық афферентацияны артикуляторлық қозғалысқа қолданса, келесі кезеңдерде кинестетикалық сезіну негізіне құрылған жаттығуларды дұрыс орындай алуын бағалау болып табылады.

Ойын әдістерін пайдалана отырып, артикуляциялық жаттығулар, дыбыстың айтылуын түзету кезеңінде 1-сынып ақыл-есі кем балалардың психологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.

Артикуляциялық жаттығу барысында артикуляциялық қозғалыстарға және түрлі параметрлі қозғалыстарға сапалы орындалуына ерекше назар аудару қажет. Тілдің және еріннің координациялық қозғалысын, бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуы, қозғалыстардың сапалы жасалуы (қозғалыстың болмай қалулығы), қозғалыстардың бір қалыпта, темппен орындалуы, бұлшықет тонусының қалыптылығы (шамадан тыс күйзелісті немесе босаңсылуы), қозғалыстың көлемділігі және бір қозғалысты біраз уақытқа дейін ұстап тұруы бақыланады. Дизартрия зардап шегуші балалармен жұмыс барысында, сіз тіл және еріннің қозғалыстарын симметриялы орындалуы, яғни, оңға немесе солға ауытқып кетпеуін қамтамасыз ету тиіс.

М.Е. Хватцев дыбысты айтуда коррекциялық бұзылушылықтарының әртүрлі кезеңінде қолдануға болатын артикуляциялық жаттығуларды ұсынады.

Ерінге және бетке арналған жаттығулар

1. Бір мезгілде екі бетімізді ауа толтырамыз..

2. Кезекпен бетімізді ауаға толтырамыз.

3. Беттерімізді аузымыздың ішіне қарай тартамыз.

4. Ерінімізді жабық қалпында түтікше сияқты алға қарай созамыз (Хоботок), содан кейін өзінің қалыпты жағдайына ораламыз.

5. Езулік: ерінімізді екі жаққа созып, тістерімізді көрсетеміз.

6. Кезектесу оскал-хоботок (езулік-еріндік)

7. Жақтың ашық кезінде ерінді ауыздың ішіне қарай тарту.

8. Тек жоғарғы ерінді көтеріпғ үстіңгі тістерді көрсету.

9. Астыңғы ерінді тарту арқылы, төменгі тістерді көрсету.

10. Кезекпен жоғарғы және төменгі ерінді көтеру және түсіру.

11. Тістерді шаю имитациясы..

12. Жоғарғы тіс астындағы төменгі ерін.

13. Төменгі тіс астындағы жоғарғы ерін.

14. Алдыңғы екі жаттығулардың кезектесуі.

15. Еріннің дірілі (жылқының жөтелуі).

16. Тыныс шығарғанда ерінмен қарындаш немесе шыны түтікшені ұстау.

Жаққа арналған жаттығулар:

1. Астыңғы жақты төмен-жоғары қозғалту.

2. Астыңғы жақты оңға қарай қозғалту.

3. Астыңғы жақты солға қарай қозғалту.

4. Астыңғы жақты оңға-солға қарай кезекпен қозғалту.

Тілге арналған жаттығулар:

1. Тілді "күрекше" етіп шығарамыз, тіліміздің шеттері аузымыздың жиектеріне тиюі қажет. Егер жалпақ тіл жасай алмаған жағдайда, қалақшамен тіліміздің үстінен бірнеше рет басамыз, тілімізді тіспен тістелейміз( тістелеу кезінде бя-бя-бя, мя-мя-мя айтуға болады),шығыңқы тілге үрлеу және жымию.

2.Тілімізді үшкірлетіп шығарамыз. Бұл қозғалыс бірден мүмкін емес болса, тіліміздің ұшын жабық еріндеріміздің арасынан шығарып, қарындаш немесе саусақ арқылы оңға-солға қозғау.

3. Кезекпен тілімізді жалпағынан және үшкірлетіп шығарамыз.

4. Тілімізді шығарамыз, бірінші жалпайтамыз сосын үшкірлейміз.

5. Тілімізді аузымыздан барынша қатты шығарамыз, сосын аузымыздың ішіне қарай қатты тартамыз.

6. Тілімізді шығарып оңға-солға қозғалтамыз (маятниктік).

7. Аузымызды кең ашып тілімізді жоғары-төмен қозғалтамыз.

8. Тілімізді арқасын таңдайымызға тигізіп сорамыз.

9. Тіліміздің ұшымен ерінімізді айландыра жалаймыз.

10. Жоғарғы және төменгі еріннің астындағы тістерді жалаймыз (тіс тазалау).

11. Тілдің жалпақ үшын жоғарғы және төменгі ерінге, астыңғы және үстіңгі тістерге көтеру және түсіру.

12. Тілдің жалпақ ұшын тістің қызылиегіне көтеру және түсіру арқылы тигізу.

13. Тілдің үшін жоғары-төмен қайыру: мұрынның ұшына иекке, сосын жоғарғы және төменгі ерінге, содан кейін астыңғы және үстіңгі тістерге тигізу.

14. Ауыз қуысындағы тілдің ұшын кезекпен жоғарғы және төменгі тістердің альвеоласына қайыру,

15. Ауыз қуысынан тыс "суағар" немесе "қайық": тілдің бүйір шеттері жоғары көтерілген, тілдің ұшы астыңғы ерінде жатып тілдің ортасы ойық болады. Бұл қозғалысқа қалақша (шпател) мен зондты тілге басу арқылы іске асады.

16. Ауыз қуысындағы «суағар.

17. Тілді "суағарға" ұқсатып, тілдің ұшын ақырын жоғары көтеру қажет.

18. Ауыз қуысындағы тіл тостағаншасы (тілдің бүйір шеттері және тілдің ұшы жоғары көтеріліп, ортаңғы бөлігімен тілдің арқасы төмен түскен)

19. Екі бетімізді ауаға толтырамыз..

20. Тілдің бүйір шеттерін тіспен тістеу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ДЫБЫСТЫҢ АЙТЫЛУЫН ТУЗЕТУ ӘДіСТЕРІ

Автор: Бердібек Айнагүл Бердібекқызы

Дата: 06.10.2016

Номер свидетельства: 347812


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства