екенін т?сіндіру, буында, с?зде, с?йлем ішінде д?рыс жазылуы мен айтылуын ?ада?алау.
Т?рбиелік ма?саты:
Партада д?рыс отыру?а, ?аламды, д?птерді таза ??ыпты ?стау?а, к?ркем таза жазу?а, ?жыммен бірігіп ж?мыс жасау?а баулу.
К?рнекіліктер: Карточка, т?рлі т?сті ?арындаш, кеспе дыбыстар, ?има м?тіндер, суреттер, айна, тіл жатты?улары мен тыныс жатты?уларына арнал?ан ??ралдар, ??м т.б.
Просмотр содержимого документа
«"Дауыссызды дифференсациялау."»
Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопед
Диагнозы: С.т. фонетикалық бұзылысы салдарынан оқу ме жазу бұзылысы бар балалар тобы.
Сабақтың тақырыбы: [С]-[Ш] дыбысы.
Дауыссызды дифференсациялау.
Түзете-дамытушылық мақсаты:
Дыбысты буын, сөз, сөйлем ішінде барлық, позиияда, пароним сөздерде ажырату, өзге дыбыстармен айтылу,жазылун салыстыру арқылы ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілетін дамыту. Фонематикалқ қабілетін дамыту, дұрыс айтуға машықтандыру. Сөз қорын молайту. Дыбысты ауада, құмда және дәптерге жазу арқылы ұсақ оторикасын дамыту. Дыбыстарды белгілі пәнде сабақ ретінде ғана емес, күнделікті адамдармен қарм-қатынас жасауда дұрыс айтуға бағыттау, тұрмыстық зат атауларын үйрету.
Білімділік мақсаты:
Дыбыстардың жазылу, оқылуын үйрету. Дыбыстың қатаң дауыссыз
екенін түсіндіру, буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс жазылуы мен айтылуын қадағалау.
Тәрбиелік мақсаты:
Партада дұрыс отыруға, қаламды, дәптерді таза ұқыпты ұстауға, көркем таза жазуға, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға баулу.
Көрнекіліктер: Карточка, түрлі түсті қарындаш, кеспе дыбыстар, қима мәтіндер, суреттер, айна, тіл жаттығулары мен тыныс жаттығуларына арналған құралдар, құм т.б.
3сөздерді буынға бөл қанша дауысты, қанша буын бар?
4 с және ш дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?
- Басында, ортасында, соңында.
IV.Тіл жаттығулары.
«Қақпа» «Бегемот» - дауысымыз, сөйлген сөзіміз анық, дұрыс шығуы үшін, өзгелерге түсінікті болуы үшін ауызмызды кең ашып, тілдерімізді тез қимылдатып сөйлеуіміз керек. Ол үшін ең алдымен «Қақпа» жаттығуын жасайық, ауызымызды кең ашып 5 ке дейін санағанша ұстаймыз.
«Бегемот»
-балалар, бегемотты көргендерің бар ма? Бегемот балалар, ауызын ашқанда, тек астыңғы жағы қимылдады екен, ол үшін астыңғы жағымызды ашып, «а» дбысын дбыстап ұстап тұрамыз да қайта жабамыз.
«Жымию».
-Балалар адам өзі тартымды болуы үшін, өзгелерді өзіне тарту үшін жымия білуі керек және әрқашан айналасына шуағын шашып жүруі тиіс.
«Ине»
Тілімізді ине тәрізді ұштап 5 ке дейін санағанша ұстап тұрамыз.
«Кесе»
Тілімізді құдды кесе тәрізді иіп ұстап тұрамыз
Қақпа-кесе-жымию-ине жаттығуларын бірінен соң бірін орындаймыз.
Кесені сол қалпы ішке ендіріп, «С» дыбысын дыбыстайық.
Шыраймен жұмыс.
«С» дыбысы – тіс арасы жақын орналасқан, ерін езу тартқан күйде; Тіл ұшы астыңғы тіске тиеді, тіл арқасы дөңестелген. Дауыс байламдарында діріл жоқ.
С-қатаң, дауыссыз.
«Ш» дыбысы – ерніміздөңгеленіп алдыға шығады, тіл ұшы үстіңгі тіл иектеріне жақын орналасқан. Тіл жаны азу тістрге бекіген.Тіл арқасы дөңестелген. Тіл формасы кесе тәрізді.