kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаба?шада?ы логопедиялы? ж?мысты? мазм?ны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі т?рбиелеу мен о?ытуды? негізгі ма?саты-баланы? жеке басыны? ?алыптасуы мен дамуы. Ол ?здіксіз білім берудін ал?аш?ы де?гейі. Мектепке дейінгі т?рбиелеу мен о?ытуды баланы? ?ана емес,елімізді? де жар?ын болаша?ыны? кепілі болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы логопедиялы? ж?мысты? мазм?ны»

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ



Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы. Ол үздіксіз білім берудін алғашқы деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды баланың ғана емес,еліміздің де жарқын болашағының кепілі болып отыр.

Біздің тіліміз екі міндетті атқарады:

  • адам мен адамды өзара қатынастыру,байланыстыру құралы ретінде;

  • айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп,түсіну үшін қолданылады.

Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал. Сөйлеу тілі бұзылып,дыбыстың дұрыс қолданылмауы баланың әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне,сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізу мүмкін.

Қазіргі уақытта тіл кемістігі ең үлкен мәселе. Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Көп ата-аналар 6-7 жасар балаларын мектепке берген кезде олардың бір, немесе бірнеше дыбысты дұрыс айта алмауына уақытында назар аудармайды. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан – түзету жұмысын осы кезде бастаған жөн [1, б. 8-9].

Бала дамуының маңызды бір бағыты ол баланың тілінің дамуы. Тіл арқылы бала жаңа өмірдің есігін ашып әлемді таниды және адамдармен қарым қатынасқа түсу мүмкіншілігі кеңейеді. Сөйлеу адам психикасының өзіндік жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлы фактор. Тіл сөйлеу процесіне түрткі болып, адамдардың бір-бірін түсінуіне, өзіндік сана сезім, көз қарасы сенімі, интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық сезімдері және мінез-құлқы ерік жігері қалыптасуына сонымен қатар қоршаған ортаны танып білуіне септігін тигізеді. (1-сурет)


бір-бірін түсіну

интеллектуалдық сезімдер




өзіндік сана сезім

моральдық сезімдер




көз қарасы сенімі

эстетикалық сезімдер






1-сурет. Сөйлеу процесінің адам дамуына әсері

Тіл адам баласынына берілген табиғаттың керемет сыйы. Бірақ бұл сый туыла сала берілмейді. Өмірге келген баланың бұған жету үшін дамудың бірнеше сатыларынан өту керек. Сөйлеуге деген алғашқы талпыныстар үлкендердің тарпынан бала тілдінің уақтылы және дұрыс дамуына ықпалы және жауапкершілігі. Себебі қандайда болса дер кезінде көрсетілмеген көмек бала тілінің қалыпты дамуына іс-әрекетіне, мінез-құлқына жалпы өзіндік тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осындай кері әсерге түрткі болатын қазіргі таңда егеменді еліміздің болашағының бастау болатын балабақша балаларының тіл мүкістігінің көптеп кездесуі.

Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат мүддесін білдіреді. Бала 4-5жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзеліп кетеді» деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді. Дыбыстың айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез- құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Жалпы тіл кемістігі бар балалардың дамуындағы ерекшеліктері – зейінділігі тұрақсыз, есте сақтау қабілеттері төмен, қабылдауы шашыраңқы, тез шаршағыш болып келеді [4, б. 31-33].

Жалпы тіл кемістігі болған жағдайда бұл кемістік неліктен екенін анықтап алып, дер кезінде арнайы мамандардың көмегімен түзету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың сөйлеуі дұрыс қалыптасып, сөздік қоры неғұрлым бай болса, соншалықты өз ойындағысын жетік бере алатын ой-өріcі дамыған тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан, бала тілін, ой - қабілетін дамытуға жағдай жасау ата-ана мен балабақшаның міндеті.

Мектепке келген тіл кемістігі бар балалармен логопед маманы жұмыс жасайды. Ал, кейбір жалпы білім беретін мекемелерде «Логопед» маманының штаты бөлінбеген. Сондықтан әр тәрбиеші, немесе, мұғалім логопедиялық жұмыстың негізгі салаларын білген жөн.

Сөйлеу қарым-қатынас кезінде дамиды. Сөйлеу дефектілердің алдын алу мен оны жоюға бағытталған жұмыс жүйесін ұйымдастыру осыған негізделген. Егер күнделікті ата-аналардың,тәрбиешілердің сөйлеу дефектісін жою жұмысы жүйелі,байланысқан болса логопедтік әрекеттер (артикуляциялық гимнастика, дыбысты қою, қойылған дыбысты сөзінде бекіту, есту және көру зейіндерін, фонематикалық есту қабілеттерін қалыптастыру, қолдың саусақтарының ұсақ моторикасын және жалпы моторикасын дамыту, сөйлеу демімен дауыстың қойылуы) толыққанды және тиімді болады [2, б. 23-25].

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытуымен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Біз сөздін жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адам ойлау тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданады. Олай болса, баланың таза, дұрыс сөйлеуі оның ойын дамытуда маңызды. Сөз қорының тайыздығы,тілдің толық жетілмеуі ақыл–ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады. Сол себептен баланы логопед маманына көрсету қажет. Егер осы кемістіктерді дәл уақытында жоймаса,олар барған сайын ұлғайып,нығаяды да,баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.

Сөйлеу тілінің дұрыс тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдердің грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Тіл кемістігін дәл уақытында ескерту және жою үшін тіл бұзылуының каңдай себептерінен пайда болуы мүмкін екенін тәрбиеші білу керек.

Қөбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезенде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің әлде нақты қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезенде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс салмақ салмауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және тіл кемістігінен алдынала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен рөл атқарады.

Қорыта айта келе, пайда болған тіл кемістігі өздігінен жойылмайды, олар бекітіледі. Сондықтан бұл жағдайда логопед маманының көмегі қажет. Баланың дұрыс сөйлемеуі оның әрі қарай дамуын тежеп,кедергі келтіреді,мектептегі оқуына қиындық туғызады. Сол себептен тіл кемістігі бар балаларды дер кезінде анықтап, ата-аналарымен кеңес жүргізіп,логопед маманының көмегіне жүгіну қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Г.Б.Ибатова.Дыбыс айту түзетудегі дайындық кезеңіндегі логопедиялық жұмыс. Алматы 2014.

  2. Қ.Қ.Өмірбекова, С.Ж.Өмірбекова. Фонетикасы, фонематикасы толық дамымаған балаларды оқыту және тәрбиелеу. Алматы 2004.

  3. Тілашар.Логопед.№ 4,2013.

  4. Н.В.Нищева.Система коррекционной работы в логопедической группе для детей с общим недоразвитием речи. Санкт-Петербург 2009.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балаба?шада?ы логопедиялы? ж?мысты? мазм?ны

Автор: Кузембай Арман Сергазыкызы

Дата: 28.07.2016

Номер свидетельства: 338214


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства