kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп о?ушыларыны? саба??а ?лгермеушілігіні? себептері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп о?ушыларыны? саба??а ?лгермеушілігіні? себептері мен логопедті? ат?арар ?ызметі

         ХХІ ?асыр жан-жа?ты, білімді, талантты, жастарды? ?асыры. Сонды?тан да ?стаздарды? алдында т?р?ан басты міндет-саналы да, ?абілетті, ?зіндік ?луметтік р?лі бар, ?о?ам?а пайдасын тигізетін т?л?аны ?алыптастыру болып табылады.Біра?, мектеп о?ушыларыны? барлы?ы бірдей емес, бір сыныпта?ы о?ушыларды? ?зі ?р т?рлі болып келеді. Жалпы мектептерді? ?айсысын алып ?араса? та, саба? ?лгерімі нашар о?ушылар кездеседі.Мектеп о?ушыларыны? ?лгеріміні? нашарлауы-б?гінгі ?о?амда?ы к?рделі м?селе.?ылыми т?р?ыдан ал?анда, о?ушылырды? саба??а ?лгермеушілік м?селесі ?лі толы? зерттелген жо?. О?ушыларды? арасында саба? ?лгерімі нашар о?ушыларды? к?беюі б?л ?о?амны? ?зекті м?селелеріні? бірі.Педагог ?шін е? алдымен о?ушыларыны? саба??а ?лгермеушілік себебін аны?тап алуы ?те ма?ызды.

                           Саба??а ?лгермеушілікті? басты себептері.                                                                                                        1.Ата-аналарды? педагогикалы? м?дениетіні? т?мендігі                                             (баласына жа?дай жасамауы, ?леуметтік-т?рмысты? жа?дайды? т?мендігі).

2. Жан?яда?ы жайсыз жа?дайлар (отбасында?ы т?рлі кикілжі?дер).

3. Ойынны? азды?ы  (баланы? ??рдастарымен ?арым-?атынас?а т?сіп,                            ойнай білмеуі).

4. Мінез-??л?ында?ы т?рлі ауыт?улар                                                                              (психопатия, мінезді?  ?стамалы?ы, ?ялша?ты?, мазасыздану т.б).

5. Интеллектуалды? де?гейіні? жетіспеушілігі                                                   (зейін,ойлау,?абылдау т.б. ?абілеттеріні? т?мендеуі).                                                                     Осы айтыл?ан себептерді? барлы?ы мектеп о?ушыларыны? саба? ?лгеріміні? нашарлауына ы?пал етеді. Баланы? теріс  мінез-??л?ыны? ?алыптасуына  алып келетін е? ма?ызды фактор саба??а  нем??райлы ?арауы, материалды ме?герудегі ?иынды?тар, с?тсіздіктерді ?немі сезінушілік мынадай теріс ?ылы?тар?а ?кеп со?тырады: ?й ж?мысын орындаудан ?ашады, кітаптарын ты?ып ?ояды, мектеп талаптарына ба?ынбайды. Олар саба??а  ?атысуды ?ояды, ата-анасына ?тірік айтады, “?й ж?мысына еште?е берілген жо?” деп алдайды, ал мектептегі ?стазына “кітаптарымды ?мытып кетіппін” деген сия?ты сылтауларды к?п айтады. Сыныпта?ы о?ушылармен т?белеседі, жаман с?здерді к?п ?олданады. Саба?тан ?ашады.?лгерімі нашар о?ушыларды? бойында теріс ?асиеттерді? ?алыптасуына м??алімдер ы?пал етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп о?ушыларыны? саба??а ?лгермеушілігіні? себептері»





Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қарауылкелді орта мектебі

Логопед Абубакирова Мерует Жолановна





























Мектеп оқушыларының сабаққа үлгермеушілігінің себептері мен логопедтің атқарар қызметі

ХХІ ғасыр жан-жақты, білімді, талантты, жастардың ғасыры. Сондықтан да ұстаздардың алдында тұрған басты міндет-саналы да, қабілетті, өзіндік әлуметтік рөлі бар, қоғамға пайдасын тигізетін тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бірақ, мектеп оқушыларының барлығы бірдей емес, бір сыныптағы оқушылардың өзі әр түрлі болып келеді. Жалпы мектептердің қайсысын алып қарасақ та, сабақ үлгерімі нашар оқушылар кездеседі.Мектеп оқушыларының үлгерімінің нашарлауы-бүгінгі қоғамдағы күрделі мәселе.Ғылыми тұрғыдан алғанда, оқушылырдың сабаққа үлгермеушілік мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Оқушылардың арасында сабақ үлгерімі нашар оқушылардың көбеюі бұл қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.Педагог үшін ең алдымен оқушыларының сабаққа үлгермеушілік себебін анықтап алуы өте маңызды.

Сабаққа үлгермеушіліктің басты себептері. 1.Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі (баласына жағдай жасамауы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігі).

2. Жанұядағы жайсыз жағдайлар (отбасындағы түрлі кикілжіңдер).

3. Ойынның аздығы (баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, ойнай білмеуі).

4. Мінез-құлқындағы түрлі ауытқулар (психопатия, мінездің ұстамалығы, ұялшақтық, мазасыздану т.б).

5. Интеллектуалдық деңгейінің жетіспеушілігі (зейін,ойлау,қабылдау т.б. Қабілеттерінің төмендеуі). Осы айтылған себептердің барлығы мектеп оқушыларының сабақ үлгерімінің нашарлауына ықпал етеді. Баланың теріс мінез-құлқының қалыптасуына алып келетін ең маңызды фактор сабаққа немқұрайлы қарауы, материалды меңгерудегі қиындықтар, сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік мынадай теріс қылықтарға әкеп соқтырады: үй жұмысын орындаудан қашады, кітаптарын тығып қояды, мектеп талаптарына бағынбайды. Олар сабаққа қатысуды қояды, ата-анасына өтірік айтады, “үй жұмысына ештеңе берілген жоқ” деп алдайды, ал мектептегі ұстазына “кітаптарымды ұмытып кетіппін” деген сияқты сылтауларды көп айтады. Сыныптағы оқушылармен төбелеседі, жаман сөздерді көп қолданады. Сабақтан қашады.Үлгерімі нашар оқушылардың бойында теріс қасиеттердің қалыптасуына мұғалімдер ықпал етеді.





Үлгерімі нашар оқушыларға мұғалімнің тигізетін ықпалы.

1.Мұғалімдер мұндай оқушыларға қатал қарайды, намысына тиетін ауыр сөздер айтады, ата-аналарына шағымданады.

2.Өзі өтетін пәніне немқұрайлы қарайды.

3.Оқушылар мен мұғалімдер арасында түсініспеушілік пайда болады, оқушының мұғалімге деген сенімі жоғалады.

4.Осыдан кейін оқушымен мұғалім арасындағы қарым-қатынас бұзылады.

5.Осы жағдайларда оқушының сабаққа немқұрайлы қарауына жол ашады.



Үлгерімі нашар оқушы мен ата-анасының арасында болатын мәселелер.

1.Ата-аналардың да баласына деген көзқарасы өзгереді.

2. Ата-аналар көбінесе мектепке жала жауып,мектепте дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәлайды.

3. Баласына сабақтан кейін үй жұмысын орындауды талап етеді,ойын ойнауына тиым салады,физикалық жазалау шараларын қолданады.

4. Баланың ата-анасының сенімінен айырылуы,баланың мінез-құлқына әсер етіп,бала психологиясына зор зиян келтіреді.

5. Оқушы бойындағы ұяңдық қасиеті де баланың оқу үлгеріміне әсер етеді.

Оқушылар сабақты түсінбесе де мұғалімнен сұрауға ұялады. Біліп тұрса да сабақ айтпайды. Сабақ кезінде өз ойын ашып айтуға қымсынады. Осындай ұяңдық қасиетінің салдарынан оқушының сабақ үлгерімі нашарлайды. Біз жалпы мектептегі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізе отырып, олардың сабаққа үлгермеушілік салдарын анықтауға тырыстық. Сол оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін мысыл етіп көрсетсек: Оқушы көп балалы отбасында дүниге келген. Сабақ үлгерімі нашар. Тәртібі жақсы, айтқан сөзге түсінеді, дені сау, әлуметтік жағдайы орташа, тіл кемістіктері жоқ. Бірақ ата-анасының дұрыс қадағаламауының себебінен оқу үлгерімі төмен. Сол сияқты әкесі жоқ, нағашы әжесінің қолында анасымен бірге тұрады, анасының денсаулығы жоқ, жұмысқа жарамсыз, оқушы үйден әжесінің көмегімен сабақ оқиды, бос уақытының көбін компьютер ойнап өткізеді, сабақ үлгерімі төмен.

Жоғарыда көрсетілген мысалдардағы жағдайларды көптеп көрсетуге болады. Бүгінгі таңда нашар оқитын оқушылардан гөрі білімді балаларды озық көріп, соларды ғана алға жетелеу, мадақтау жиі байқалады. Үлгерімі нашар оқушылар тасада қала береді. Оқушылардың білімі бағамен өлшенеді. Мұндай жікке бөлу оқушылардың оқу үлгеріміне әсер етіп қана қоймай, психологиялық, тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Сондықтан да балалардың мүмкіндігіне сай, ерекше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, баланың жан дүниесіне жол тауып, жеке-жеке бейімдеуді мақсат етіп қойсақ жөн болар еді. Аталған факторлардың барлығы баланың үнсіз бұғып қалуына себеп болады. Яғни тұлға болып қалыптасуы тежеледі. Кейбір нашар оқитын оқушылар “Болашақта көресіңдер, мен бәрінен де мықты боламын!” секілді кекшіл көзқарас туындайды.Болашақта үлкен табыстарға жетіп, биік шыңдарды бағындырады. Ал көп бөлігі өмірден өз жолын таба алмай адасып кетеді.

Ең бастысы – сабаққа үлгермеушіліктің себебін анықтап алу керек.

Логопед-мұғалім ретінде оқушылармен төмендегідей жұмыстар жасаймын: мәтінді қатесіз оқыту,дұрыс,сауатты жаздыру,жаңылтпаш,жұмбақтар шешу,жаттамақтар жаттау,логикалық ойындар,ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында дамыту-түзету жаттығулары,тіл дыбыстарының анық айтылу үшін артикуляциялық жаттығулар үнемі жасалынады.Сонымен қатар бас бөлігіндегі,қолдағы нүктелерді уқалау,сипау,зондтар арқылы массаж жасау жұмыстарын үнемі жүргіземін.



Үлгермеушілікті жақсарту мақсатында ата-аналар мен мұғалімдерге бірнеше кеңес



1.Ең алдымен баланы сабақтан кейін дем алдыру керек. Бала мектепке дейін далада серуендеп,ойнап,өзі қалаған ісімен айналысуы керек.

2.Ата-ана балсының үй тапсырмасын орындауына көмектесіп қолдау көрсетуі керек. Қолдау көрген бала қиыншылықтың бәрін жеңуге дайын болады.

3.Ұяңдықтан құтылу үшін бөтен адамға сұрақ қойғызып үйрету керек. Сабақ кезінде түсінбей қалғанын сұрау керектігін түсіндіру қажет.

4.“Дұрыстап оқы”, “қайтала” деп талап еткеннен гөрі,үлгермеушілікті анықтап алу керек.

5.Мұғалім тарапынан жеке дара тәсіл, баланың қызығушылығын ояту. Мектеп психологы тренингтер өткізу оң нәтижелер береді.

















Қарауылкелді орта мектебі









Тақырыбы:Мектеп оқушыларының сабаққа үлгермеушілігінің себептері мен логопедтің атқарар қызметі (мектеп мұғалімдеріне тақырыптық кеңес)









Өткізген: мұғалім-логопед М.Ж.Абубакирова







2015-2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мектеп о?ушыларыны? саба??а ?лгермеушілігіні? себептері

Автор: Абубакирова Мерует Жолановна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства