Просмотр содержимого документа
«Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер»
Логопедия ғылымында
қолданылатын тәсілдер
Жоспары
Балалардың тіл кемістігін түзетуде қолданылатын тәсілдер.
Тіл кемістігін түзетуде қолданылатын медициналық тәсілдер
Логопедияда қолданылатын
тәсілдер
Бақылау
Тәжірибе жасау
Әңгімелесу
Табиғи тәжірибе
Лаборотория-лық тәжірибе
Бақылау тәсілі
Бақылау тәсілі – бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да кеңінен қолданады сонымен қатар логопедияда да пайдаланады. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау қажет. Бақылаудың қандай түрі болмасын мақсатқа сәйкес болуы керек. Әрдайым сөйлегенде ғана бақылай бермей, ол үшін алдын-ала мақсатын қою керек. Мысалы: бір кезде баланың сөздік қоры немесе грамматикалық құрылысын қадағаласақ, бір жағдайда дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын тексереміз. Бұл тәсіл мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл тәсілге қойылатын ең маңызды талаптың бірі бақылаудың жүйелілігі мен жоспарлылығында. Баланың тілін анықтау үшін ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын-ала дайындау қажет.
Тікелей және жанама
Бақылаудың түрлері
Ұзақ мерімді және қысқа мерзімді
Ішінара және жаппай
Ағымдық және қорытынды
Әңгімелесу тәсілі
Әңгімелесу тәсілі – екінші маңызды тәсіл. Ол тіл кемістіктерін әңгімелесудің көмегін анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс, қайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.
Тәжірибе жасау тәсілі
Тәжірибе жасау тәсілі – бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан айырмашылығы және артықшылығы сол, ол өзінің мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен ерекшелініп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:
Табиғи тәжірибе
Лабороториялық тәжірибе
Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу арқылы жүргізіледі. Ол үшін арнаулы керекті құралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.
Лабороториялық тәжірибе – тіл кемшіліктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту қабілетіне арнайы аудиометр.
Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады.
Олар:
А) операция жасау: кейде баланың тіл кемістігі артикуляция аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Таңдай мен еріннің, тістің көмегімен айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен дауыстың мұрын арқылы шығып мылқаулануы осындай кемшіліктің айғағы. Мұндай жағдайда таңдай мен еріннің тілінген жерін операция жасап тікеннен кейін дыбыстардың жақсы, әрі анық естілуіне орай арнайы логопедиялық жұмыс жүргізіледі.
Б) протездеу: кей жағдайда таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен жауып қояды.Есту мүмкіндігі төмендеген жағдайда да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала кісінің сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есту аппаратының немесе есту протезінің көмегін пайдаланады
В) Жақ сүйегін түзету және реттеу . Жақ сүйектер мен тістердің құрылысының түзелуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігермен жақ сүйектерін реттеп түзеткенде ауыртпайды, сонымен қатар жақсы нәтижеге жетеді.
Г) Дәрі-дәрмекпен емдеу: дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы да басқа жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын нығайту үшін дәрігер-терапевт қажетті режим мен дәрі-дәрмек қабылдауды ұсынады.
Д) Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу. Физиотерапия ағзаны жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.
Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасына сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеу, күманданғышты, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтарды түзету.
Психотерапиялық жұмыстың міндеті түсіндіру, сендіру, әңгімемен ұйыту арқылы жағымсыз мінездерді өзгерту болып табылады. Кейде психотерапияның бір түрі гипноза да қолданылады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы сыныптағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.
Сұрақ –жауап:
Логопедияда қолданылатын тәсілдерді неше және қандай түрлерге топтастыруға болады?
Бақылау қандай тәсіл және оның түрлері қандай?
Бақылауға қандай талаптар қойылады?
Әңгімелесу тәсілінің маңызы қандай?
Тәжірибе жасау тәсілінің түрлері қандай?
Логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдерді ата.