kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойындар ар?ылы ой-?рісін, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойындар ар?ылы ой-?рісін, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту саба?ында о?ушыларды? саба?тан тыс уа?ытта ой-?рісін? с?йлеу тілін жатты?тыру ма?сатында жекелеген тапсырмалар беріліп, ж?мыстар жасалады. О?ушылар ?з ойларын ж?йелі айтуда тідерін жатты?тырып, ?ол моторикасын дамыту барысында ж?мыс жасайды. Астана ?аласына саяхат?а шы?у ар?ылы ?сем жерлерді тілге тиек ете отырып, ?иын с?здерді ?здері айту?а да?дыланады. Оларды? ?ай жерде оналас?аны ?андай ?ызмет ат?аратынды?ын айта білуге ?йренеді. ?здері айт?ан с?здерді? грамматикалы? ?атесін жібермей та?та?а к?шіріп, к?здерін демалдыру, тілдерін жатты?тыру, ойлау ?абілетін ?штау іс ?рекеттерін т?зеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойындар ар?ылы ой-?рісін, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту»

Арнайы сынып

Пәні: оқу және тіл дамыту

Сыныбы:3

Сабақтың тақырыбы: ойындар арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Мақсаты.

А) білімділік: өткен сабақты қайталай отырып, сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Жаңа сөздерді бекіту.

Ә) дамытушылық: оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Б) тәрбиелік: білімге, мектепке деген қызығушылығын арттыру. Тазалық пен әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Әдісі: тренингтер, «қарлы кесек» әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

ІІІ. Логопедиялық жаттығулар


Ұйымдастыру бөлімі:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Назар салып тақтаға,

Сабақтарды сұраңыз.


(Есікті қағып пошташы кіреді)

Пошташы: -Оқушылар, сіздерге Астана қаласынан Елбасы Н.Назарбаевтан хат келді. Сыртында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №1 қазақ орта мектебінің арнайы түзетім сыныбының 3-сынып оқушыларына.

(Мұғалім хатты ашып оқиды.)

Қымбатты , қазақ елінің азаматтары!

Бүгінгі сабақтарыңыз құтты болсын. Мен сіздердің осы кезге дейінгі оқығандарыңды қаншалықты меңгергендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар беремін. Кім дұрыс жауап бере алса, сол оқушы келешекте менің ізбасарым болып, Қазақстанды басқаратын сенімді азаматы болады. Мен сіздерден жақсы азамат шығарына сенемін. Астана қаласына саяхатқа қыдырып келіңіздер.

Іске сәт, қазақ елінің жас өрендері!

Тапсырмалар:

  1. Аптаның неше күні бар?

  2. Бір айда неше күн бар?

  3. Жыл мезгілдерін ата?

  4. Ең сүйікті сергіту сәттерің қандай?

Сергіту минуты.

Қолымызды созамыз, қолымызды созамыз.

Алақанды ысқылап, қолымызды соғамыз.

Қолымызды соғамыз.

Бір отырып, бір тұрып

Біздер сабақ жазамыз.


Мәтінді оқу. (тізбектеп)

Айгүл мен Айнұр достарымен бірге мұғалімге еріп, Астанаға демалысқа барды. Пойызда олар уақытты көңілді өткізді. Астанаға келген соң циркке, бассейнге, акванариумге, бәйтерекке саяхат жасады. Автобусқа мініп, қаланы аралады.


(Интербелсенді тақтадан балалар саяхатқа шыққан жерлер көрсетіле бастайды).


Ерасыл, айта қойшы, сен қай жерлерге қыдырдың. (Оқушы пойыз, циркке, бассейнге, акванариумге, бәйтерекке сөздерін қайталайды).

Айнұр өзінің көрген жерлерін айта бастайды. С(өздерді дұрыс айтуға үйретемін. Қателер түзетіліп отырылады.)

1-тапсырма :

Берілген сөздердің мағынасын түсінгендерің бойынша жазып шығыңыздар.

Пойыз-

Акванариум-

Бассейн-

Бәйтерек-

Цирк-


2-тапсырма:

Достық жайлы әңгіме айтайық.

Қортынды

-Біз бүгін сабағымызда достық, бірліктен туындайтынын білдік. Бірлік-бұл балалардың арасындағы ынтымақтастық, татулық екенін түсіндік. Әрқашан отбасымызда, мектепте бірігіп еткен еңбектің жемісті болатыны белгілі. Сондықтан «бірлік бар жерде , тірлік бар» деген аталы сөзбен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ойындар ар?ылы ой-?рісін, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту

Автор: Дос?алиева Айн?р Ба?ытжан?ызы

Дата: 10.04.2016

Номер свидетельства: 317280


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства