kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дамыту ойындары ар?ылы психикалы? дамуы тежелген балаларды? танымды? іс - ?рекеттерін ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кезе?де ?о?амда болып жат?ан к?п ?згерістер мен ?леуметтік те?сіздіктер, отбасылы?, ?о?амды?, экологиялы?, экономикалы? да?дарыстар ж?йке ж?йесі б?зыл?ан, психикалы? дамуында тежелуі бар балаларды? к?беюіне ?келіп отыр. Психикалы? дамуында тежелуі бар балалар?а тез шаршау, с?здік ?орыны? аз болуы, ойын ж?не іс - ?рекетті? ?алыптасу б?се?дігі, ?абылдауы баяу ж?не ойлау ?ызметіні? т?мендігі, логикалы? ойлауыны? ?алыптасу ?иынды?ы т?н.

Психикалы? дамуында тежелуі бар балалар – ?детте ?за? уа?ытта ?р т?рлі себептегі нау?астар салдарынан, т?рлі созылмалы аурулардан, туа біткен ж?не ж?ре пайда бол?ан соматикалы? ж?йедегі а?аулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. К?п жа?дайда м?ндай балалар ?лсіз, ?лжуаз, ?ор?а? ж?не т?л?алы? ?арым - ?атынаста шектеулі болып келеді. К??іл - к?йіні? т?мендеуі баланы? орталы? ж?йке ж?йесіні? дамуына ?сер етеді ?рі шектейді. Алайда, нау?асынан сауы??ан балалар ?з ?атарын ?уып жете алады.

Мектеп табалдыры?ын атта?ан бала ?иын да ?ызы?ты ?мірге енеді. Ол бірте - бірте ?з ?атарластарымен ж?не м??алімдермен ?арым - ?атынас ?ліппесін ме?гере бастайды. Педагог - психолог ?алымдарды? зерттеуі бойынша мектепке келген бала ж?йелі о?у?а дайын болады. Мектепке келгеннен кейін балада бірнеше психикалы? ?згерістер пайда болады. Олар:

- ?з мінез - ??л?ын, т?ртібін ба?ылай алады;

- ?з ойын жина?тап ?орытады;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дамыту ойындары ар?ылы психикалы? дамуы тежелген балаларды? танымды? іс - ?рекеттерін ?алыптастыру»

Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру


Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс - әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.

Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым - қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл - күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.

Мектеп табалдырығын аттаған бала қиын да қызықты өмірге енеді. Ол бірте - бірте өз қатарластарымен және мұғалімдермен қарым - қатынас әліппесін меңгере бастайды. Педагог - психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке келген бала жүйелі оқуға дайын болады. Мектепке келгеннен кейін балада бірнеше психикалық өзгерістер пайда болады. Олар:

- Өз мінез - құлқын, тәртібін бақылай алады;

- Өз ойын жинақтап қорытады;

- Сөйлеуді практикалық түрде жете меңгереді;

- Басқалармен қарым - қатынас құра біледі;

- Қоғамдық іс - әрекеттерге белсенділік білдіреді.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В. И. Лубовский, К. С. Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта ПДТ балаларды этимологиялық қағида негізінде жіктеу қолданылуда (К. С. Лебединская).


Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады:

1. Конституциялық;

2. Соматикалық;

3. Психогендік;

4. Церебралдық - органикалық себептерден пайда болған.


Соңғы жылдары елімізде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу - тәрбие мекемелерінің ерекше түрі – арнайы мектептер және көпшілік жалпы білім беретін мектептер ішінен ПДТ балаларды теңестіруге арналған арнайы сыныптар бөліне бастады.

Жалпы орта білім беретін мектепте түзете - дамыта оқыту сыныптарына әртүрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар тобы қабылданады. Бұл сыныптарда оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшісі, ата - ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз - өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзету - дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.


Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету - дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

2. Шаршап кетпеуін қадағалау;

3. Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;

4. Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

5. Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

6. Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.


Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.


Адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасы өте күрделі процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретін балалардың, ұжымға бейімделуі мен білімді меңгеруінде кедергілер болады. Сол себептен бұл оқушыларды сыныптастарымен теңестіру немесе қатарға қосу негізінде ойын терапиясының маңызы өте зор. Ойын іс - әрекеті баланың танымдық қабылдауына тікелей байланысты жүргізілгені дұрыс. Себебі ойын – оқушының психикалық процестерін дамытудың бірден - бір көзі. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды.


Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен бірге баланың танымдық іс - әрекетін қалыптастыру барысында әртүрлі психологиялық жаттығулар түзете - дамыту ойындарын өткізу қажет. Дамыту ойындары – бұл баланың танымдық және ерік - эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс - әрекет.

Көмекші құрал ретінде қолданылатын дамыту ойындары арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Осы мақсатта психологиялық дамуы тежелген оқушыларға төмендегі ойындарды жүргізу ұсынылады.


1. «Сенемін - сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:

- Піл ұшу біледі;

- Құстар апанда ұйықтайды;

- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т. с. с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.


2. «Ақылды үкі» ойыны

Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту.

Балаларға әртүрлі орман мекендеушілерінің суреттері бар карточкалар таратылады. Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы бір бала таңдап алынып, үкі етіп тағайындалады. Ақылды үкі болған бала ортада тұрады. Енді шеңбер бойында тұрған балалардың біреуі өзінің қолындағы карточкадағы бейнеленген жануардың басына түскен бір жағдайды айтады және оны шешу үшін ақыл беруін сұрайды.

Мысалы: Орманда екі қоян бір үлкен жидек тауып алып, оған таласып қалды. Не істеуге болады?

Үкінің ақылы: жидек біреу болғандықтан қояндар оны анасына сыйласын.

Ал егер, үкі ақыл айта алмаса, онда ол кімге ақыл бере алмады сол бала оның орнына ақылды үкі болады.


3. «Айтқыштар» ойыны

Мақсаты: іс - әрекетін бақылай алуды дамыту.

- Балалар, мен сендерге сұрақ беремін. Сұраққа тек «Айт» деген команда берілген кезде ғана жауап беру керек.

- Сендердің кластарыңдағы қабырғаның түсі қандай?

- Бүгін аптаның қай күні?

- 100+54 қосқанда неше болады?


4. «Әңгіме құрастыру» ойыны

Мақсаты: есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту.

Нұсқау: әр ойыншы кезекпен кезек бір - бір сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болу керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.

5. «Жалғастырушы жіп» ойыны

Мақсаты: адамдар арасындағы қарым - қатынасты бағалауға қалыптастыру.

Балалар отырады, айналдыра мұғалімнен бастап жіпті бере бастайды. Жіпті қолына алған әр адам не сезінеді, өзі үшін не керек екендігін, басқаларға не тілейтінін айтады. Жіп қайтып мұғалімге келген соң, көздерін жұмып барлығы үшін бір тілекті ішінен тілейді.

Сонымен бірге қатынас орнатуға арналған «Көңіл - күйімізді жаттықтыру», «Кім екенін тап», «Көпір», «Ауызша волейбол», т. б. тренингтерді өткізу ұсынылады.

Қорыта келгенде, жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестіру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Алтынбекова Зауре Турганбековна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315396


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства