Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру- Іздестіру Рефлексивті- түзетүшілік | Жылулық шеңбері: -Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы. Бақыт деген осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері Бақыт деген көрмей қалса сағынып, Мен іздейтін адал жүрек сендегі. -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен сәлемдесейік -Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші -Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу) -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па? -Дұрыс айтасыңдар. «Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? «Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер «Мә-мә»деген әні бар Секірер ор, жары бар Селтеңдейді құлағы Секіргіш бір жануар Ол не екен балалар? «Лақ»сөзін айтып көрейікші -Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз? «Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы -«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе? -Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. -Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен? -«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз? -Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі Тіл ұстарту жаттығулары: 1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала, Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу. 2.Ра-ра келді ара Ла-ла араның усті ала. -дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі. - Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді. - 1. Тапсырма «Дыбыстық талдау» Лақ, тал ( үтел-үстінде) 2.Тапсырма. (Жаңылтпаш жаттау) -Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен) «-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.» (Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу) Жарайсыңдар. -Балалар, «Л»-дыбысын, кәні ауада жазып көрейік. Дәптерімізді ашайық Әдемі етіп жазайық. Дәптермен жұмыс: Қарындашты дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады Сергіту сәті: Жалт-жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ, Секірем деп бірақ, Қала көрме құлап. (2рет) Қортындылау -Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық? -Л дауысты ма әлде дауыссыз ба?Неге? «Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны Балалар, қолдарындағы көк,қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді. -Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгін келген қонаққа Сау болыңыздар деп айтамыз. | Шеңберге тұрып,тілектер айтады. Саламатсыздарма апайлар! -«Р»дыбысы -«Р»дыбысы Дауыссыз дыбыс -Р дыбысын көк текшемен белгілейміз Радио, ара, зымыран,т.б. -Дыбысты естейміз,айтамыз. -Әріпті көреміз, жазамыз. -лақ -лақ, -Л-дыбысы. -Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр. -Л-дыбысы дауыссыз -Көк түсті текшемен Балалар бірнеше рет қайталайды -балалар сөздерді қайталайды -текшемен белгілейді. Дыбыстық талдау жасап -Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады. сыбырлап, орташа, қатты айтады -Л әріпін ауада жазады. -Л әрпімен - Дауыссыз. -Өйткені кедергімен айтылады. , Келген қонақтармен қоштасады |