kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланы? с?йлеуіні? б?зылуына ы?пал ететін биологиялы?- психологиялы? факторлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы? с?йлеуіні? б?зылуына ы?пал ететін биологиялы?- психологиялы? факторлар

Адам ?мірінде ?арым-?атынас аса ма?ызды, ал ?арым-?атынас с?йлеу ар?ылы ж?зеге асады. Сонды?тан шыр етіп д?ниеге келген бала ?орша?ан ортамен, анасымен дыбыс, тіл ар?ылы ?арым-?атынас жасайды.

С?йлеу – адамны? бір-бірімен ?атынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу ?шін тілді ?олдану ?рдісі. Тілі шы?па?ан н?рестені? алдымен с?йлеу м?шелері дамиды. Жалпы, д?ниеге келген с?би еріксіз дыбыс шы?арады: ?арныны? аш?анын, ауыр?анын немесе та?ы да бас?а ?рекеттерін ай?ай салуы, жылау, ?ы?сылау ж?не бас?а да дыбыстар ар?ылы білдіреді. Б?л дыбыстар с?йлеуді? ізашары болып табылады, оларды? интонациялы? м?нерлігіне ?арап анасы баласыны? ?арныны? аш?анын, оны? бір жеріні? ауырып т?р?анын ж?не та?ы бас?аны ??а алады. Біра? та б?л дыбыстарды? ?лі де еш?андай с?йлеуге ?атысы жо? болса да, олар ?те ма?ызды. Ол жі?ішке ж?не ?рт?рлі ?оз?алысты с?йлеу м?шелеріні? дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбысты? ж?не артикуляция м?шелері. Бала дауыс?а ?те тез ?йренеді ж?не бірінші айды? ая?ында с?йлеген дауыс?а ?рекет ете бастайды. О?ан еркелік интонация ?найды, ?уенді ?н оны? тынышталуына ж?не ?йы?тауына к?мектеседі. Та?ы да біраз уа?ыт ?ткеннен кейін бала дыбыс шы??ан жа??а ?арай басын б?рып немесе к?зімен оны ?ада?алайды. Егерде баланы? бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланы? сырт?ы д?ние ?серіне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылауды? ?серінен баланы? тыныс м?шелері мен с?йлеу органдары ны?ая т?седі.

Бірінші дыбыс артикуляциясыны? ?рекет жасауы екі – ?ш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала ?лкендерді? ерін артикуляциялы? ?оз?алыстарын ?айталау?а тырысады. Б?л бірнеше ?айталау ?оз?алыстары ?оз?алыс да?дысыны? ?атаюына ?келеді. Алты айдан бастап бала б?лек буындарды аны? айтады (мысалы: ше-ше, ?-ке ж?не та?ы бас?а), ж?не а?ырындап ?лкендерден тек барлы? с?з элементтерін ?ана емес, сонымен ?атар интонацияны, ритмді, екпінді ??а бастайды. 9-10 айында бала б?лек с?здерді бірдей ж?пты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па ж?не та?ы бас?а). Б?л жылда с?здік ?оры 10-15 с?зден т?рады. Ал белгілі ?алым А.Н. Леонтьев б?ны даярлы? этабы дейді, себебі б?л уа?ытта с?зді ме?геру дайынды?ы ?туде. Балалар т?рт жасында фразалармен еркін с?йлейді, оларды? с?йлемдері біршама ?иын, ал бес жасында дыбыс шы?аруы д?рыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды ?алай болса солай шы?ара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сонды?тан с?йлеу м?шелеріні? ?оз?алыстары д?л, белгілі за?дылы??а ба?ынып отырады.

Адамда с?йлеуге арнал?ан негізгі органы жо?, с?йлеуге ?кпе, ??еш, ж?т?ынша?, тіл, тіс, ерін, ?рт ?атысады. Дауыс?а негізі ауыз ?уысы мен м?рын ?уыстары ?атысады. ?атты с?йлеуде миды? ?лкен жарты шарында орналас?ан б?ліктері реттейтін тыныс алу, фонациялы? ж?не артикуляциялы? б?лшы?еттер ?атысады. Адамны? с?зі аны? ж?не т?сінікті болу ?шін с?йлеу органдарыны? ?оз?алысы на?ты ж?не автоматты т?рде болу керек. С?йлеу аппараты – бас миында орналас?ан орталы? ж?не тыныс алу, с?йлеу, артикуляциялы? б?лімдерінен т?ратын перифериялы? болып екіге б?лінеді. Тыныс алу б?лімі кеуде ?уысында?ы ?кпе, бронхы, трахеядан т?рады. С?йлеу дем шы?ару кезінде пайда болады, сонды?тан да с?йлеген кезде тыныс алу?а ?ара?анда дем шы?аруы к?бірек. Дауыс б?лігі дыбыс ?атпарлары бар ке?ірдектен т?рады.

Артикуляция м?шелеріне ?ыс?аша то?талып кетейік. Оны? негізгі органдары болып ерін, тіл, жо?ар?ы-т?менгі жа?, ж?мса? ж?не ?атты та?дай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, ж?мса? та?дай ж?не т?менгі жа? ?оз?алу органдары болып табылады. Дауыс буындарыны? ?ысылуына байланысты дыбыс ке?ірдектен шы?ады. Дауыс жо?арлы?ымен, к?шімен, екпінімен сипатталады. Дауысты? жо?арлы?ы дауыс буындарыны? тол?уыны? жиілігіне байланысты. Ол ?зынды?ымен жуанды?ына байланысты болады. Дауыс к?ші демні? ішке тартылуына байланысты шы?ады, ал дауыс буындарыны? ?оз?алыс ?ар?ынына байланысты болады. Баланы? с?йлеуі бойыны? ?суімен ж?не дамуымен бірге ?алыптасады ж?не дамуды? ?рт?рлі ?атарда?ы сатыларынан ?теді.

Алайда тіпті кейбір балаларды? естуі мен интеллектісі ?алыпты бол?ан жа?дайда да, с?йлеуіні? дамуында кідіріс болуы м?мкін. Б?ндай балалар?а дыбыс шы?аруыны? б?зылуы, фонематикалы? естуіні? дамымауы, с?з ?орыны? азды?ы ж?не грамматикалы? ?атарыны? д?рыс болмауы т?н.

Біра? с?йлеу тілін ме?геру процесі барлы? балаларда ойда?ыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оны? жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілеріні? с?йлеу тілдеріндегі дыбыстарды? айтылуы б?зылады немесе б?рмаланады, ?шіншілерін-де с?здерді? ж?не с?йлемдерді? т?зілістері немесе оларды? ма?ыналары б?зылады.

С?йлеуді? жалпы дамымауы т?рлі д?режеде к?рінеді, сонды?тан с?йлеуді? дамуыны? 3 де?гейін б?ліп к?рсетуге болады:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланы? с?йлеуіні? б?зылуына ы?пал ететін биологиялы?- психологиялы? факторлар »

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы

Боровской орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.















Баланың сөйлеуінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық- психологиялық факторлар









Мектеп – логопеді: Г.Т.Ахатова















Меңдіқара ауданы

Баланың сөйлеуінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық- психологиялық факторлар

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.

Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.

Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.

Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді.

Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.

Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:

1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.

Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.

Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.

1. Органикалық тұтығу – тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.

2. Функциональді тұтығу – көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі. Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады.

Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық.

Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:

1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.

2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.

3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.

4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.

5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді.

Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды.

Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет.

Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз. Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? деп, содан кейін кешке жақын баладан: «Білесің бе біз не көрдік?» деп сұраңыз. Сонда бала бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуімен зейінін дамыта аламыз.

Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын, нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі нашарлайды.

Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады.

Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады.

Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен шартты байланыс жүйесі пайда болады.

Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.

М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн.

Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет.

Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.







ӘДЕБИЕТТЕР

1. Психодиагностика и коррекция детей с нарушениями и отклонениями развития. / Сост. и общая редакция В.М. Астапова, Ю.В. Микадзе. - СПб.: Питер, 2002.

2. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Учебное пособие. - Ростов н/Д, 1997.

3. Цветкова Л.С. Введение в нейропсихологию и восстановительное обучение. – М.: Московский психолого-социальный институт, 2000.

4. Флерова Ж.М. Логопедия. - М., 2001






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баланы? с?йлеуіні? б?зылуына ы?пал ететін биологиялы?- психологиялы? факторлар

Автор: Ахатова Гульбике Тлеубергеновна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201466


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства