Логопедиялы? ж?рдемді ?йымдастыру м?селесін жеке зерттеу /Исследование отдельных проблем логопедийной помощи/
Логопедиялы? ж?рдемді ?йымдастыру м?селесін жеке зерттеу /Исследование отдельных проблем логопедийной помощи/
Ал?аш 17 ?асырда ?ол?а алын?анымен тіліні? м?кісі бар балаларды медицина ж?не психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын ?олдануды? жолын табу ?рекеттері 20 ?асырды? 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктерді? ?айсыбірі с?йлеу жа?ынан (м?селен, тіл м?кістігінен) бай?алса, екіншісі о?уы мен жазуыны? (дислекция, дисграфия) б?зылуынан да к?рінеді. Фонетика, сондай-а?, лексика-грамматика ж?йені (алалия, афазия) ?амтитын б?зылулар бар. К?бінде тілді? кемістіктері оны? ?ар?ыны мен созылмалы?ына (т?ты?па) ?атысты болады. Тілді? кемістігін зерттеу мен жою білімні? бас?а салаларыны? психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып ж?ргізіледі. 1.Логопедияны? ма?саты мен міндеттері
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу
Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі. 1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері
2.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері
Логопедия дегеніміз –сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемшілектерді әртурлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.Логопедия – логос сөз және пайдео тәрбиелеймін,үйренемін деген грек сөздерінің тубірінен алынған.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқыту, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді,сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде зерттеу болып табылады .
Логопедия ғылымы мынандай міндеттерін белгілеуге болады.
Әртүрлі тіл кемістіктерінегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;
Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;
Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау;
Әртүрлі ақаулықтары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерешеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;
Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, қүрылымын, механизмдерін анықтау;
Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, оны ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру дамыту ;
Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;
Тіл кемістіктерінің ерешекіктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;
Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;
Сөйлеу тіл кемістіктерінен алдын алу сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру;
Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады.Оған бөгет болатын жағдайлар,өбіріншіден тіл кемістіктерінің коптеген түрлерінің кездесуі және олардың нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сол, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін.Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін.Соған байланысты олар логопедияда өзіндік белгілеріне байланысты белгілі терминдермен нақты белгілінеді. Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері мынадай:
· Дислалия– есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тілдік дыбыстардың бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.
· Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық–функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігнің, тембрінің, дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Синонимдері мұрынмен сөйлеу.
· Дизартрия– жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады .Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айрылады.
· Тұтықпа- сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы.Синонимдері: логоневроз.
· Алалия- бас ми қабығындағы тіл аймақтары (зонасының) жастайынан зақымдануының әсерінен балада сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.Синонимі: мылқау.
· Афазия- бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жоғалуы, жойылуы.Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адамның сөйлеу қабілетінен айырылуы.
· Брадилалия –сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы.Тахилалия- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс жылдам болуы.
· Дисфония –дауыс шығару мүшелерінің( күші, биіктігі, тембрі) қалыптан тыс өзгеру себептерінен дауыстың жартылай бұзылуы.Афония-дауыстың толықтай жойылуы.
· Дислексия –оқу процесінің жартылай бұзылуы. Алексия оқу процесінің мүлдем қалыптаспауы.
· Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.Аграфия –жазу процесінің мүлдем қалыптаспауы.
· Жалпы тіл кемістігі– есту қабілеті мен ой–өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістектері.ЖТК үш деңгейі бар (1-2-3).
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады .Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн.
Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса, ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2 жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді.
2 жасында -300-400
3 жасында -1000-1500
4 жасында -1600-1800
5 жасында-2000-2300
6 жасында-3000-3500 дейін сөздік қоры болады.
Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық зандылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет.
Дефектология (лат. дефект – жетімсіздік және гр. логия – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы. Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір!
Сөзден ауытқымай, мамандық жайлы кеңінен тоқтала кетсем, дефектология төрт салаға бөлінеді: 1. Сурдопедагогика – мылқау балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Оған құлағы нашар және мүлде естімейтін балалар кіреді. Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу құралы кіреді. Әріптерді қолмен көрсету түрі:
2. Тифлопедагогика – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған (зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен білімді талап етеді. Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды. Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан зерттеу. Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т.б. жатады. Көру кемістігі бар жандар үшін оқу құралы:
Ең қызығы осы екі суреттегі мүмкіндікті емтихандарға пайдалануым еді. Ешкім түсінбейтін осы оқу, сөйлеу тілін өз мүмкіндігіңізге шпор ретінде пайдалану. не деген әккі едім)))
3. Олигофренопедагогика — ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым. Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны: 1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім; 2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика); 3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың гылыми негіздемесі; 4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі; 5. ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке сәтті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жағымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.