Просмотр содержимого документа
«Жамбыл Жабаев шы?армашылы?ы»
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 «а»
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады
өлең сөздің даңғылы
Суырып салма
Дара жүйрік
Жамбыл
өнерлі
Айтыс ақын
Ауыз әдебиетін жалғастырушы
2 сабақ
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
5 3
Атаңнан бата// ал,балам,
Арғымақ атқа// мін,балам!
Ақ сақалым// желбіреп,
Артыңнан қарап //мен қалам;
1 шумақ , 4. тармақ , 8 бунақ , 8 буынды
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Шығармашылық жұмыс: Тұрмыс-салт жырының түрлерін соның ішінде жоқтау туралы айтады.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды
. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.