Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қолданылатын технологиялар: Сыни тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту сатысы
-Бүгін - біздің сыныпта мақтау,алғыс айту,ризалық күні.Қандай алғыс,мақтау,ризалық сөздер білесіңдер?
Мерейің үстем болсын!
Айың оңынан тусын!
Айналайын!
Нұр жаусын!
Тілегің қабыл болсын!
Ақ батамды бердім!
Жұлдызың жансын!
-Өзің осылардың қайсысын жиірек естисің?
-Кімдерден?
-Ал екі есе жиірек есту үшін не істеу керек деп ойлайсың?
ІІ.Мағынаны тану
Ендеше балалар бүгін біз сендермен Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман»деген өлеңімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет
1-бағанды оқу
Оқушыларға өлеңнің бірінші бағаны таратылады.
Өлеңнің бірінші бағанын жеке оқиды.
-Өз бойыңдағы кемшіліктер туралы ойлан.Оны қалай түзетуге болады?
Өмірде жамандық жасап қатты өкінген кездерің болды ма?
Жеке ойланамыз.
(Әр топтан оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Сөздік жұмысы:
Қайыр күтпе-рақым күтпе
Нассың-кірсің
2-бағанды оқу
Оқушыларға өлеңнің екінші бағаны таратылады.
Өлеңнің екінші бағанын жеке оқиды.
-Өзіміздің бойымызда қандай жақсы қасиеттер бар?
-Сендер осы екі бағандағы өлең жолдарында қандай бағанға жатасыңдар?
Өлеңді талдап болған соң,әр топ жеке жұмыс жасайды.Оқушыларға кесте беріледі,соны толтырып,әр топтан бір-бір оқушы шығып,жауап береді.
Жақсы қасиеттер
Жаман қасиеттер
Ой толғаныс
Эссе жазады. «Мен әрдайым жақсылық жасаймын»
Бағалау: Әр топтан топ басшылары бағалайды.
Үйге тапсырма: Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер жаттап,әр мақалдың мағынасын ашу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің, сен – көлсің, сен-бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Өткенді қайталау:
Өткен тарауды қайталап, еске түсіру, сұрақтарға жауап беру.
Жаңа сабақ:
Әбу Насыр әл – Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген.Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп аталған.Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен.әл – Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған.Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген.Грекше, латынша білген.
Дүние жүзіннің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.
Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі – Әбу Насыр әл – Фараби. Ол қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.Қаратаудың тасын басты, Сырдың суын ішті, Арыстың нуын кешті, қылылқұмының аптабына күйді.
Отырарды арабтар Фараб деп аталған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен.
Әбу Насыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алған. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол Аристотельдің бай мұрасына ден қойған. Оның еңбекқорлығы аңызға айналып кеткен.
Ол жүз елуге тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой – мақсаттарын дамытып отырған.
А.Машани.
Сабақты қорытындылау:
Төменде берілген мақал – мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.
1.Ақылдан артық байлық жоқ. \
2.Ақыл базарда сатылмайды.
3.Байлықтың кілті – ғылым.
Рефлекция
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Мәтіндерді түсініп оқып келу.
Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымщша мәлімет жинау.
Білімділік: ертегі батырлардың ерлік істері, халық үшін күрескені жайында түсінік беру; батырлар жырының халық арасында қалай тарағаны туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, ой – қиялын дамыту, өздік және топпен жұмыс жасай білу дағдыларының дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: батырлыққа, ерлікке, елін, жерін сүюге баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекіліктер: батырлардың портреттері, қару жарақ сурет.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың оқу – құралдарын тексеру.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Қобыланды кіммен шайқасты?
Жырда Қобыланды батыр ерлігін қалай суреттеген?
III. Жаңа сабақ:
1.Кіріспе әңгіме
- Батырлар жыры туралы естігенің бар ма?
Ауыз әдебиетінің халыққа ең көп тараған түрі – батырлар жыры. Бұл жырды өте ерте кезде ақындар шығарса,жазу болмағандықтан айтқан адамның аты ұмытылып,ауызша тараған.Сондықтан да ол ауыз әдебиетінің мұрасы саналады.Жырдағы басты тақырып-ерлік,батырлық,тарихи оқиғалар.Батырлар жырында бейнелі сөз кестелері мол.Жырдағы көркем тәсіл – әсірелеу.
Мысалы «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысын былай суреттейді.Жырды оқыту.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
Жаңа сабақты қорытындылау
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
-Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.
-Мен сабақта мектептемін.
-Мен сабақты жақсы оқимын.
-Сабақты жақсы ойлап отырамын.
-Тек жақсы баға аламын.
-Енді көздерімізді ашамыз.
-Олай болса іске сәт! Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсірейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық.
Енді сабағымызды мына ережелермен бастайық.
а) Тыныштық сақтау.
ә) Өз ойын еркін айту.
б) Бір – бірінің жауабын тыңдау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Алпамыс батыр кіммен аянбай айқасты?
Жырда Алпамыс батыр ерлігі қалай суреттелген?
III. Жаңа сабақ.
Ертедегі өмірдің ертегі сияқты қызық жақтары көп – ақ қой. Жапан далада не таудың қуысынды, не ми жазық мекен, сусыз шөлде, елден ерек екі – үш үйден құралған шағын ауыл болады.Адамның жанын адам жылытады. Адамның адамсыз күні жоқ! Осындай жалғызсырап отырған ауыл алыстан арып – ашып келген жолаушыны қабақ шытпай, құшағын жая қарсы алады. Бұл – елдің атадан балаға ауысып келе жатқан кеңпейіл, асыл салты.
Оқулықпен жұмыс:
Әңгімені мәнеріне келтіре оқу.
Оқушыларға кезетте минутпен оқыту.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып бір-бірінің пікірін тыңдау.
Білімділік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының атаулының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу мүмкіндігін іске асыру.
Сабақтың әдіс: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекіліктер: оқулық, мақал – мәтелдер жазылған плакат, Қазақстан картасы, қазіргі Павлодар облысының көрікті жерлері жайлы альбом – кітап.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық.
-Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.
-Мен сабақта мектептемін.
-Мен сабақты жақсы оқимын.
-Сабақты жақсы ойлап отырамын.
-Тек жақсы баға аламын.
-Енді көздерімізді ашамыз.
-Олай болса іске сәт! Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсірейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Жырау Бөгенбайдың халыққа қамқорлығын қалай суреттеген?
Жырадың Қабанбай деген сүйіснешілігін қай сөздерінен байқайсың?
III. Жаңа сабақ:
«Ойды жинақтау» тапсырмасы:
Тақтада немесе интерактивті тақтада әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал – мәтелдер жазылған.Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай жинақтап жазып шығу керек.Ескерту. Мұғалім міндетті түрде осы мақалдармен шектеліп қалмай, сынып оқушыларының мүкіндігіне сай басқа мақал – мәтелдер де іздеп жазуға болады.Үлгі үшін бірер мақал – мәтелдер берйік.
Мысалы.
Өз еліңнің басы болсам да,
Ел даусыз болмас
Сайының тасы болайын.
Ел үмітін ел ақтар,
Жер жаусыз болмас.
Батырлардың бары игі.
Ер атағын ел сақтар.
Ел шетіне жау келсе.
Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады.
Оқулықпен жұмыс:
Әңгімені мәнеріне келтіре оқу.
Оқушыларға кезетте отырып әңгімені мәнерлетіп оқыту.
Туған жердің тарихын білу үшіен карта ғана жеткілікті ме?
Әңгімдегі бала туралы не айтар едің?
Рефлекция:
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндау.
Күні:_________
Пәні: әдебиеттік оқу
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар. Ш.Мұртаза.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бала Тұрар әңгімесі арқылы әңгіменің мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру; халық өмірінің шынайы бейнесі осы әңгімеде жатқанын байқатады.
Дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелеу мүмкіндігін іске асыру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекіліктер: оқулық
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ .
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
- Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш пен жақсылық алып сендерге сыйлаймын. Ортамызда қуаныш пен сыйластық болсын.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Олжабай атасының естелік заттарын ұрпақтары музейге неге тапсырды деп ойлайсың?
Өз өлкеңдегі жер – су аттары туралы қанадай аңыздар естідің?
III. Жаңа сабақ:
Тұрар Рсықұлов (1894 – 1938)жж.
Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы Әулиеата уезіндегі ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы.
Әкеіс Рысқұл Жылқайдарұлы 1904 жылы патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққан үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылған.
Әкесінің қылмысты болып, түрмеге қамалуы он жасар Тұрардың былайғы өмірінің басқа арнаға ауысуына себепше болды. Паналар басқа жері жоқ жетім Тұрар әкесі сотталып, жер аударылғанша түрмеде небір сорақы түрін көзімен көрді.Тұрар бала болса да оқымай, білім алмай болмайтынына көзі жетті.
Оқулықпен жұмыс:
... Тұрардың сабаққа селқос екенін аңғарған Иван Владимирович оның партасына таяп келіп, алдындағы дәптеріне үңілді, Қара тақтадағы а, б деген әрңптерді балалар көшіріп жазуға тиіс болатын. Ал Тұрардың дәптерінді жеке әріптер емес, сөздер жазулы екен. Мұғалім дәптерді өолына алып, шаласауатты адамдай әлгі бейтаныстау сөздерді ежелеп оқып шықты: «Аспара Қызыл жебе, көке».
Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?
Тұрар жазған сөздерді қалай түсіндірді?
Рефлекция
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
Әдебиеттік оқу
3-сынып
Күні______ 9-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж.Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт – дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.
Көрнекіліктер: Жамбыл ақын мен Сүйінбай портреті.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ .
Қосымша мәлімет.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Т.Рұсқұлов туралы айт
Бала Тұрар қайда тұрды?
III. Жаңа сабақ.
Оқушылардың бүгін естіген жағымды сөздерін еске түсіріп, жазу сұралады.
Мысалы:
Қайырлы таң!
Сәлеметсіз бе!
Отырыңыз.
Кешіріңіз!
Дауысың жақсы.
Көмек керек пе?
Ештеңе етпес
Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! деп сабақтың басталғандығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.
Қосымша мәлімет:
Жамбыл Жабаев
(1846 – 1945) жж.
Жамбыл Жабаев – жырау, жыршы әрі айтыс ақыны. Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен – ақ таныла бастады. Өскен ортасын ән мен жырға кенелетіп, тіптен көршілес еліне де даңқы жайылды.
Оқулықпен жұмыс:
Шу өзені бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз.Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп – қонып жүрген.
Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол кезде Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.
Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.
Менің әкем Жапа шоқптыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құұлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан де мен балалық шағымжа егісті де, бақты да, арықты да, көрдім. Жазық кең дала менің Отаным болды.
Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені көшкенде мені бесігіммен алып жүрді...
Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, ... бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді.
Білімділік: мәтіннің мағынасын түсінуге көмектесу.
Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: еңбекті сүюге, білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: : түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекіліктер: оқулық.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Ана тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ж.Жабаев кім?
Жамбыл өзі туылған жерін қалай сипаттайды?
III. Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме.
1.Мәтін мен оқушылар танысу.
2.Өз беттерінше оқуы.
3.Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
Оқулықпен жұмыс:
... Алыста Рим деген қала бар. Оған жеткенше ұшқан құстың қанаты талады, жүгірген аңның діңкесі құриды. 1960 жылы сол Римде дүниежүзінің жүйріктері жиналды. Ең биік Гималай тауының бауырынан Сингх дейтін желаяқ келді. Америкадан атышулы Нортон да қалмапты. Көп жүйріктің тоқайласқан жері осы.
Америкалық желаяқтарың портретін жазушы қалай суреттеген?
Ғұсмандай болу үшін не істеу керек?
Рефлекция
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
Әдебиеттік оқу.
3– сынып
Күні_______ 11 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі. Ә.Сәрсенбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінніңнегізгі идеясын түсінугі жағдай жасау.
Дамытушылық: мәтінді мәнерлеп оқыта отырып, ой өрістерін дамытуға,білімдерін кеңейтуге жағдай жасау
Тәрбиелік: еңбекті сүюге, білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекіліктер: оқулық
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
-Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.
-Мен сабақта мектептемін.
-Мен сабақты жақсы оқимын.
-Сабақты жақсы ойлап отырамын.
-Тек жақсы баға аламын.
-Енді көздерімізді ашамыз.
-Олай болса іске сәт! Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсірейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Мен спотртың қандай түрімен айналысасын?
Мәтінде қандай қала аттары берілген?
III. Жаңа сабақ:
Оқушыларға мәтінді мәнеріне келтіріп оқыту.
Оқулықпен жұмыс:
Мезгіл әлі жаз айы. Алайда табиғат қабағында бір кейістік белгі бар. Кесек – кесек қара бұлт күн көзін көлеңкеліп тұр. Жел күрсіне демалып, аспан жүзіндегі бұлтты дамылсыз үйіруде. Аспан мазасыз шатырлап, найзағай жарқ – жұрқ етеді.
Сарғылт дала төсінде бір қора қой жайылып жүр. Қой соңында жас қойшы, жанында арлан қасқырдай екі төбет. Бала сылт басып, бірер адымдайды да, тың тыңдайды.
Білімділік: Өлеңнің мағынасын түсінуге көмектесе отырып, Ә.Бөкейханов туралы түсінік беру.
Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: білімді сүю, елжандылыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекіліктер: оқулық
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Сен қазақ күйлері мен күйшілері туралы не білесің?
Кек күйінің атасы кім?
III. Жаңа сабақ:
Әлихан Бөкейханов (1870 – 1937) жж.
Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам мен мемлекет қайраткері, ғалым. Қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған. Қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – Алаш партиясын ұйымдастырған.
Оқушыларға өлеңді мәнеріне келтіріп оқыту.
Оқулықпен жұмыс:
Зерек ойлы, алғыр ақыл жас ұлан
Ғылым іздеп, кітап жазып жасынан.
Шетелдердің сайрап тоғыз тілінде,
Өз жұртына білім нәрін тасыған.
Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту,болашақта Әлихан Бөкейханов ізбасары болуға бағыттау.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты қорытындылау.
V. Сергіту сәті.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың.
II. Өтілген тақырыптарды еске түсіру.
-Біз қандай тарауды өттік?( оқушылар жауаптары тыңдалады).
III. Жаңа сабақ:
1.Мың жылдан артық уақыт өтсе де» ұмытылмаған кім?
Әбу Насыр әл – Фараби: «Ассам дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын» - деп кімге, неге қаратып айтқан?
А)Ансына
Ә)Әкесіне
Б)Отанына, туған жеріне
2. «Қобыланды батыр» жырының авторы кім?
3. «Алпамыс батыр жырындағы батырдың қару – жарағының аттарын теріп жаз.
4. «Апа, алыс жолдан жолаушылар келеді. Қазан құлағын көтер! Отыныңды әзірдеп, отыңды жақ! Қазаныңды ас, асыңды сал!» деген сөйлемдер қай шығармадан? Мұны кім айтты?
5. Баян тауын қорғаған батыр кім?
А.Жасыбай
Ә. Олжабай
6. Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы жырлардың авторы кім?
а.Төле би
ә.Қазыбек би
б.Бұқар жырау
в.Әйтеке би
7. «Жоқ, ... ... ..., оған надандық үңіліп қарайды» деген сөйлемді толықтырып жаз. Бұл кімнің сөзі?
8.Құрманғазының қандай күйлерін сүйіп тыңдайсың?
Сергіту сәті:
Жел уледі, уледі – у,у.
Құйын келіп биледі – зу, зу.
Қатты-қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты –ду, ду,
Шыдай алмай жапырақ – аһ,аһ,
Билеп кетті қалтырап паһ,паһ.
Үй тапсырмасын беру.
Өткен тақырыптарды қайталау
Әдебиеттік оқу.
3-сынып
Күні: 15-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан. Шығарма.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шығарма жаздыра отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Сөз бен сөзді байланыстыру, сауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлы ғұламаларды құрметтеу.
Сабақтың әдіс – тәсілі: өздік жұмысы
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекіліктер: оқулық.
Сабақтың типі: аралас
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
III. Жаңа сабақ
IV. Сергіту сәті.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың.
II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
-Біз қандай тарауды өттік?( оқушылар жауаптары тыңдалады)
III. Жаңа сабақ
Бауыржан
Жоспар:
1.Бауыржан Момұшұлы кім?
2.Қарақұл атаның қуанышы.
3.Бауыржанның батырлығын жырлау.
Тоған басында ойнап жүр едік, бір бала:
-Қараңдаршы, Қарақұл атаның үйінде той болып жатыр, - деді. Қарақұл атаның үйінің жаны ығы – жығы.Ат айқаса байланып, машиналар тізіліп тұр.
-Кеттік! – деп, киімімізді жүгіре – жолай киіп келеміз.Жол бойында үлкен кісілерден:
Асығып келсек те үйге кіре алмадық.Үлкендер жол бармейді.
Қарақұл ата сыртқа шықты.Жүзі жайдары.
-Қарақтарым – ау, біздің Бауыржанды көрдіңдер ме?Тез ертіп келе қойыңдаршы, - деді.
Қарақұл атаның Бауыржаны төменгі ескі сарайда шымшық ұяларынан балапан алып жүр екен.Ойынды қимай, әзер келді.Оған ілесіп ішке зып бердім.Төрде қырандай қомданып, бурка жамылған бір кісі отыр.Айбатты, түсі сұсты:
-Батыр ағаңа сәлем бер, - деді Қарақұл ата баласыа.Өзі батырдың оң жағында отыр.Ол кісі Бауыржанның батырлығын жыр қып айтатын. «Батырдың қарамағында әскері болдым» дегенде, аузымызды ашып қалатынбыз.Батырды жақсы көретіні сонша, кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған.Енді,міне, ол батырдың қасында тұр.
Сергіту жаттығуы.
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Сабақты қорытындылау:
Батырлар туралы мақал –мәтелдер айту
Үйге тапсырма беру:
Батырлар есімімен аталатын жер – су аттарын тауып жаз.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – санасын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік:. білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, оқулық.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Ана тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Біз қандай таруды өттті?
III. Жаңа сабақ.
Абай Құнанбайұлы
( 1845 – 1904) жж.
Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс таудында дүниеге келген.
Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.
Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту.
Өлеңнің әр шумағының мазмұнын ашу.
Қосымша мәлімет:
Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев туған әдебетіне жаңа, өрлеу дәуірін әкелді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама – ойшыл, гуманист, ағартушы болды. Абай қазақтың көркем жазба әдебиетінің негізін салды, әдеби тілін құлпыртып, оны небір айшықты, бейнелі сөздермен байытты. Ақын тек қазақ емес, әлем әдебиетінің биігіндегі жеке дара тұлға болды. Абай поэзиясы – имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия.
Ол «Адамды, Алланы, әділетті сүй», деп артына өсиет қалдырды. «Әкеңнің баласы болма, Адамның баласы бол», «Біріңді қазақ біріңді дос көрмесең, істің бәрә бос» деген қасиетті нақылдары қай заман, қай қоғам, қай адамзатқа болмасын ортақ тағылым іспестес.
Абай – өз заманының ірі тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Ертегішіл Зере мен байсалды дана мінезді Ұлжанның тәрбиесін көреді. Семейдегі «Ахмет – Риза» медресесінде білім алады. Орыс тілін өз бетімен меңгеріп, сол арқылы әлем әдебиеті, өнері, ғылымы, пәлсапасына аяқ басады. Алған білімі, үлгі – өнегесін өз халқына тарата бастайды.
Абай – халықшыл, сыншыл, шыншыл ақын болды. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытына алып келді.
Көрнекіліктер: оқулық, с.Сейфуулиннің портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, дидактикалық материалдар.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің, сен – көлсің, сен-бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Оқушыларды таңдап алған сөздеріне қарай 4 топқа бөлу.
1.Көктем. 2.Жаз. 3.Күз. 4.Қыс.
- Балалар, біздің бүгін сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдерін еске түсіреміз.
1 –сайыс. Әр топ плакаттағы суретке қарап, өз мезгілдері жөнінде пікір айтады.
Көктем тобы: Көктемде қар еріп, өзендерде сең жүреді. Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап, түрлене бастайды. Жеміс ағаштары гүл атады. Қайың мен терек жасыл жапырақтарын жаяды.
Сендер көктемнің көрінісн осылайша суреттейді екенсіңдер, ал Абай атамыз былай суреттейді.
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаз тобы: Маусым, шілде, айларында төңірекке көз салып көріңізші. Ешбір көркем кілемнің бетімен табылмайтын, ғажап бояуларды көресіз. Далада жайқалып өскен гүлдердің хош иісі мұрын жарады Абайдың «Жаздүгүні шілде болғанда» атты өлең шумағы айтылады.
Қыс тобы: Қыста айнланың бәрі ақ көрпе жамылғандай болады. Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді. Төңірек мүлгіген тыныштық. Ауа райы өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Өлең шумағы айтылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды....
Күз тобы: Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылдық болады. Топ – топ болып ұщқан құстар жылы жаққа кетеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелгне?
Ақын қыстағы адамдар өмірін қалай сипаттаған?
III. Жаңа сабақ.
Автор мағлұмат беру. С.Сейфллин Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Сөздік жұмыс жүргізу.
Қызыл шұнақ – бет қаратпайтын аяз, үскірік.
2 – сайыс. Әр топ С.Сейфуулин өлеңдерінен үзінді оқиды.
3 – сайыс. Сұрақтарға жауап беру.
С.Сейфуулин қай жылдары өмір сүрген?
Қай қыстақта дүниеге келген?
Сергіту сәті. «Бақа»
Секірді бақа жарбаңдап,
Аяқ қолы тарбаңдап.
Суға түсіп малтыды,
Әдемі бір ән салды,
Ква-ква, ква-ква.
Сабақты қорытындылау:
4 – сайыс. Әр топ жыл мезгілдері туралы 3 сөйлемнен тұратын эссе жазады.
Рефлекция
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Өлеңді түсініп, мәнерлеп жаттап алу.
Қыс мезгіліне байланысты мақал – мәтелдер жазып келу.
Әдебиеттік оқу.
3 – сынып
18 – сабақ. Күні_______
Сабақтың тақырыбы: Төрт тілек. К.Ушинский.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Митяның тілегі мен көңілі барлық балаларға тән екендігін, табиғаттың кез келген мезгілінің әдемілігін көре білу керек екендігін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыларды Табиғат – ананы сүю жай ғана сөз болмау керектігін ойландыру, проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: айналаға көз жіберу арқылы жанашырлық сезімдерінің оянуына себепші болу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекіліктер: «ҚАҚ» «ҚА - ?» кестесі, түрлі қағаздар, плакат, көктем бейнесі салынған сурет, кесте, Қ.Аманжолдың «Дауыл» өлеңінен үзінді.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Ана тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Өлеңді қыс бейнесі қалай суреттелген?
С.Сейфуулин туралы не білесің?
III. Жаңа сабақ.
а. Ақ, сары, жасыл, қызыл түсті жолақшалар тақтаға ілінеді.
- Балалар, осы түстердің қайсысы қай жыл мезгілін бейнелей алады деп ойласыңдар?
Тақиада қыстың тұсына – ақ, көктемнің тұсына ... түстер қойылып, содан кейін неліктен ол түстер таңдалып алынғанын оқушылар дәлелдейді. Мұғалім бұл жұмыстың орындалуына байланысты қорытынды ой айтады. Немесе:
ә.Оқушыларды қыс, көктем, жаз, күз топтарына төрт мезгіл бойынша бөледі.
Оқулықпен жұмыс:
Балалар, бүгін біз сендермен «Төрт тілек» деген мәтін оқимыз. Оқушылар дауыстап немесе іштей оқып шығады.Мәтін көлемі шағын болғандықтан, бұл оқу уақытты көп алмайды. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қою:
-Митя қыс кезінде не деді?
-Көктем келгендегі әңгімені жалғастыр?
-Жаз да шықты. Жаз қандай екен?
-Күз қандай? Митя әкесіне не деді?
-Әңгімені естігенде сенде қандай сезімдер пайда болды?
Білімділік: әңгімені түсініп оқуға, мазмұнын түсінуге, негізгі идеясын, ойын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – санасын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: ұрлық жасамауға, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекіліктер: оқулық.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Ана тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Табиғтта қолайсыз жағдайлар бола ма?
Митя неліктен төрт мегіздердің бітпеуін қалады?
III. Жаңа сабақ.
Оқушыларға әңгімені мәнерлеп, түсініп оқыту.
Қыс қызықтары туралы әңгімеле.
Оқулықпен жұмыс:
Аулыдың теріістігінде үлкен Жайдақ, кіші Жайдақ аталатын екі өзен бар. Бұлардың басталуы бөлек болғанымен, аяғы қосылып, Құйған аталады да, Ертіске құяды ... Менің үйім кіші Жайдақтың сағасындағы фермада тұрады.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – санасын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер: дақылдардың суреттері, оқулық.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Қосымша мәлімет
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің, сен – көлсің, сен-бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Баланың өзіңмен салыстыр. Оның жасағаны сенің қолыңнан келер ме еді?
Әңгіме тақырыбы неліктен олай аталған?
III. Жаңа сабақ.
Оқулықтан өлеңді оқып, мазмұндап айтып беру.
Оқушыларға іштей оқыту.
Дауыстап оқыту.
Тізбектей, мәнерлетіп оқыту.
Оқулықпен жұмыс:
Кезінде Ы.Алтинсарин. «Қазақ халқы – азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы біреу – салып берген тар шеңбердің қыспағына көне алмайды», - деген екен.
Кеңестер Одағына ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжановасынды боздақтарымыз тәуелсіздік жолында жанын қиды.
Қосымша мәлімет:
Мұхтар Шаханов
1942 жылы дүниеге келген.
Мұхтар Шаханов – 1942 жылы Оңтүстік Қазақсьан облысы Төле би ауданында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны.
1986 жылы желтоқсанда алаңда бас көтерген жастарды қолдаған қайраткер. Желтоқсан көтерілістің ақиқатын зерттеп, «Желтоқсан эпопеясы» еңбегін жазды.
1.Әңгімеде қыстың қандай күні суреттелген? 2.Балалар ойыны қандай өтіп жатыр?
3.Жол бойында ойнауға бола ма?
4.Нұржан Саматты неге ойынға қоспады?
Самат пен Нұржанды салыстыра отырып, мінездеме беру.
Сендерге қай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?
Рефлекция:
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырмасын беру:
«Мейірім» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту.
Әдебиеттік оқу.
3 – сынып
Күні_______ 24 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Құстар ынтымағы. А.Синявский
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әңгімені оқыта отырып мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – санасын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты, жан – жаунарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, альбомдар.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Ана тілім- өз тілім дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Әңгімеде қысқы ауыл табиғатты қалай суреттелген?
Әңгімеде Саматтың сезімі қалай суреттелген?
III. Жаңа сабақ.
Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Оқушыларға іштей оқыту.
Оқушыларға дауыстап оқыту.
Оқулықпен жұмыс:
Қыс айларында қара арша аңғарында жиі болып тұрушы едім. Барған сайын кекілектің алақандай ірі ізімен қатарласала түскен қосу белгісі секілді ұп – ұсақ жыпырлаған іздерді де көріп жүрдім. Ол бозторғайлардың іздері екен. Енді кекілік неп бозторғай неге бірге жүретінін білуге құштарландым. Сөйтсем, бозторғай өз бетімен қар астынан жемін ала алмайды екен. Ал кекілік болса, өткір тырнақтарымен қарды оп – оңай ашып тастайды. Осылайша кекілік бозторғайды аштықтан сақтап қалады.
Сергіту жаттығулары: « Ұйқасын тап»
Аппақ доп тауып,
Шақырды ақ ...( тауық).
Алмастан тыным,
Шабады ...( құлын).
Өзінше ноян,
Қорқақ ...( қоян).
Сабақты қорытындылау:
Автор құстар тіршілігінен не байқады?
Кекіліктер мен бозторғайлардың қысқы тіршілігі туралы не білдің?
Рефлекция:
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Әңгімені мәнерлеп, түсінікті оқу.
Әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу.
Әдебиеттік оқу.
3 – сынып
Күні_______ 25 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қар жауып тұр. Қ.Толыбеав
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінің мазмұнын түсіне отырып, идеясын ашу.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: елін, жерін, тарихын білу, оларды құрметтеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: табиғатты сүюге, көркейтуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері, оқулық
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту.
Рефлекция
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
а) Оқушыларды, оқу құралдарын тексеру.
ә) Сабаққа психологиялық дайындық.( бір-біріне жылы лебіздерін білдіру)
II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Жақсылыққа жақсылық» дегендң қалай түсінесің?
Кекіліктерге бозторғайдан басқа тағы не көмектеседі?
-Мерекенің қызықты өтуіне Аяз ата қалай қызмет етеді?
-Жаңа жылда қандай әндер орныдалады?
«Жасыл шырша жанында» әні орындалады.
Жаңа жыл туралы сурет салдыру.
Рефлекция:
Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?
Қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
Кімнің жауаптары ұнады?
Үйге тапсырма беру:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Аяз ата туралы өлеңдер жаттап келу.
Әдебиеттік оқу.
3 – сынып
Күні_______ 27 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Аязда. Мазмұндама.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Сөз бен сөзді байланыстыру, сауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатты құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекіліктер: Өздік жұмыс
.Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.. Жаңа сабақ.
IV. Сергіту сәті
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI .Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық.
-Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.
-Мен сабақта мектептемін.
-Мен сабақты жақсы оқимын.
-Сабақты жақсы ойлап отырамын.
-Тек жақсы баға аламын.
-Енді көздерімізді ашамыз.
-Олай болса іске сәт! Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсірейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Біз қандай тарауды өттік?( оқушылар жауаптары тыңдалады)
III. Жаңа сабақ.
Мазмұндаманың тақырыбын «Аязда» деп аталады. .Оқушылармен қыс ерекшелігін, қыс мезгіліндегі демалыс түрлерімен өз ойларын дұрыс, анықтай алуларына көмек беру.
Аязда
Жоспар:
1.Мүлгіген орман.
2.Қайшыауыздарға аяз қорқынышты емес.
3.Торғайлардың тірлігі.
Қыста күн жаздағыдай емес, күңгірт шығады.Қар басқан орман мүлгіп тұр. Барлық тірі атаулы аяздан қатып қалған секілді.Тек анда – санда суықтан тарс етіп айырылған ағаштардың дыбысы шығады.
Мен орман ішіндегі алаңға шықтым. Алаңның ар жағында шыршалы орман көрінеді.Барлық ағаштарда ірі бүрлер салбырап тұр.Бүршіктердің көптігі соншалық,бұтақтары жерге дейін иіліп тұр.
Неткен мүлгіген тыныштық! Қыста құстардың әнін естімейсің.Олардың көпшілігі оңтүстікке ұшып кетті, ал қалғандары суықтан оңаша түкпірлерге тығылып қалған.
Кенет алаңның жоғарғы жағынан бір үйір құс ұшып өтті. Бұл – қайшыауыз торғайлар ғой.Оларға аяз қорқынышты емес.Қайшыауыздар шыршаларымен бүрлерге жабысып, олардың дәмді дәндерін шығара бастады.Мұндай бүрлер көп болса, оларға аштық төнбейді.
Мен алаңда тұрып, қайшыауыздардың осы тірлігін бақыладым.
Күн шығып, көңілді құстар мен шыршаларға, бүрлерге нұрын шашты.Маған көктем шыққандай көрініп кетті.
Сергіту жаттығуы:
Күннің көзі біздерді,
Жаттығуға тұрғызды.
«Бір» дегенде қолымыз,
Көтерілсін жоғары.
Ал төбеде көк шалғын,
Сыбдырлайды көңілді.
«Екі» деген кезде сен,
Түсіре ғой қолыңды
Жаңа сабақты қорытындылау:
Бөлімді қайталау.
Үйге тапсырма беру:
Қыс көрінісі туралы сурет сал.
Әдебиеттік оқу.
3 – сынып
Күні_______ 28 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер.
Білімділік: өткентаруды қайталау, еске түсіру.
Дамытушылық: Сөз бен сөзді байланыстыру, сауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатт қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекіліктер: оқулық.
Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
III. Жаңа сабақ
Сергіту сәті.
Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш пен жақсылық алып сендерге сыйлаймын. Ортамызда қуаныш пен сыйластық болсын.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Біз қандай тарауды өттік?( оқушылар жауаптары тыңдалады).
III. Жаңа сабақ:
1.С,Сейфулиннің «Қызыл шұнақ» өлеңіндегі етістіктерді теріп жаз. Бұл сөздерді оқығанда, қыс туралы қандай сезімде болғаныңды қысқаша жаз.
2.Абайдың «Қыс» өлеңінен «кәрі құда қыстың» портретін тауып жаз.
3.Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар кімдер?
Ақын М.Шаханов өлеңі нелітен «Желтоқсан тағылымы» деп аталған?
4.Мына сөздерге қарам –қарсы сөздер жаз:
Егеменді - ...
Ерікті - ...
Бейбітшілік-...
5.Қыс көлігі:
1.шана
2.арба
3.велосипед.
6.Дұрыс па бұрыс па? Дәлелде:
1.Кекілік бозторғайға көмектеседі.
2.Бозторғай кекілікке көмектеседі.
7. «Биылғы қыс былтырғы қысқа қарағанда.... « деп басталатын «Есімде» деген қысқаша эссе жаз.