Пайдаланылған әдебиеттер: Ж.Аймауытов «Әнші» , Қазақ мәдениеті (анықтамалық) , Қазақстан тарихы (энциклопедия) , Қазақтың халық әндері (әндер жинағы)
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
(Сабақ сатысының мақсаты: оқушының өз білімін (бұрынғы білгенін) ортаға салуына мүмкіндік жасау,ой қозғау.)
Психологиялық тренинг
Әр топ бір-бірлеріне өтетін жақсы тілек , лебіздерін білдіреді.
(Сендерге сәттілік тілейміз! Табыс,көтеріңкі көңіл күй тілейміз! т.б.)
Ой шақыру стратегиясы
Бұл стратегияда сынып 3 топқа бөлініп жұмыс істейді , әр топ спикер сайлайды , өздеріне берілген тапсырманы ортаға салып талдайды , белгі бір уақыттан кейін әр топтың спикері ортаға шығып топ атынан сөйлейді.Топ мүшелері қосымша толықтыруларына болады.
І топ сұрағы
Әнші деген кім? (анықтама беру)
ІІ топ сұрағы
Жүсіпбек Аймауытов - психолог.
ІІІ топ сұрағы
Жүсіпбек Аймауытов көркем проза шебері,сөз зергері.
ІІ. Мағынаны тану.
(Сабақ сатысының мақсаты: бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастыру,сын тұрғысынан талдау,салыстыру,білім аясын кеңейту,жүйелеу)
Сабақтың эпиграфі: Сұңқылдаған көмейі
Сыбызғының үніндей...
Блум таксоманиясы стратегиясы
Сынып 6 топқа бөлініп жұмыс істейді, әр топ спикері сайланады , топқа берілген сұрақтарды оқылған шығарма бойынша талданып,толық айтылады.
1.БІЛІМ СҰРАҚТАРЫ
1) «Әнші» әңгімесі қандай жанрда жазылған?
2) Әңгіме нешінші жақта баяндалған?
3) Әңгімедегі оқиға қай жерде болған еді? Ол қала туралы не білесіңдер?
СЕМЕЙ
Семей – Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі және облыс орталығы.
Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі аты – Доржынкит.
Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында « Тас мешіт» деген атпен XVІ ғасырдың басынан белгілі. І Петр тапсырмасымен бұл жерге арнайы келген әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты», «Семь палат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған.
1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген Чередов пен Бухгольц Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады. Бұл екеуінің айтуынша Жеті шатырдың құрылыстары Бұхар мазарларының стилімен салынған. Онда ғажайып суреттер, кітаптар, қолжазбалар болған. Сарайдағы жазулардың бір тобын 1718 жылы Бухгольц І Петрге сыйға тартқан. І Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж академиясына жібереді. Бұл жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатыр сарайларының ең бағалы қазыналарының бірі – суреттер. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көркемделген.
4) Әңгіменің басты кейіпкері кім? Әмірқанның протатипі туралы не білесіңдер?
Әміре деген кім?
Әміре Қашаубаев (1888-1934) – қазақтың атақты әншісі. Әміре Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. «Әнші бала», «Әнші жігіт» атанған шағында Әміре өнер жолын қуады, ел аралап ән салады.
Ол Қоянды жәрмеңкесінде қараөткелдік Ғазиз, баянауылдық Қали, керекулік Майра, т.б. әншілермен танысып, талай өнер жарысына қатысады.
Ол 1925 жылы Парижде жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысады.
Әміре Парижде «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша», т.б. әндерді орындап, зор абыройға ие болады.
«Париж апталығы» газеті Әміренің сирек кездесетін талант екенін айтады. Ал Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Әміре осы жолы екінші орын алып, күміс медальға ие болды.
Әміре 1927 жылы Германияның Майындағы Франкфуртте болатын Жержүзілік музыкалық көрмеге жіберілді.
1925 жылы Семейдің губерниялық халық ағарту бөліміне Москвадан телеграмма келеді. Онда «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этонографиялық концертке қатысуға келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіріуіңізді сұраймын. РСФСР Халық ағарту Комиссары – Лунчарский», - делінген.
Әміре Москваға жол тартты. Ол этнографиялық ансамбльмен Парижге барады. Ансамбль Парижде он бір концерт береді. Бұрын – соңды ондай музыканы тындап көрмеген Париж халқына қатты ұнайды.
Әміре- қазақтың ұлттық театрының іргетасын қаласқан өнерпаздың бірі. 1925-1933 жылға дейін театрда әнші - әртіс болған Әміре «Еңлік-Кебекте», Жапалдың, «Айман –Шолпанда» Жарсатың рөлдерінде ойнайды. Концерттерде жиі шығып, халықтық ән шығармашылығын насихаттайды.
2.ТҮСІНУ
1) Әмірқан өз өнерін қай мерекеде көрсетті?
2) Мереке жүргізушілер Әмірқанға сахнаға шығарда не істеу керектігін үйретті?Ол оны орындады ма?
3) Әмірқан әнді қалай айтты? (кітаптан туып оқу)
3.ҚОЛДАНУ
1) Әмірқанның үйінде қай әнші туралы сөз болды?
2) Әмірқан қазақ әнін айтуға қандай кеңес берген?
3) Оның әншілік өнері сүйіктісі екеуін кімдерден құтқарды?
(Естайдың әні «Қорлан» ,орындау)
4.ТАЛДАУ
(дәптермен жұмыс)
Әмірқанның сахнаға шығып ән салғаннан кейін халықтың оны қайтадан шақырған жерін тауып оқыңдар.Өлеңнен теңеуді табыңдар.
5.ЖИНАҚТАУ
Әмірқан қандай әнші? (суреттеп айту)
6.БАҒАЛАУ
Әмірқанның әншілігін қазіргі әншілікпен салыстырып,баға беріңдер.
ІІІ. Ой толғаныс.
(Сабақ сатысының мақсаты: оқушының алған білімі арқылы шешімге келуі,оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдауына көз жеткізуі,алған білімін қолдануы)
( Т кестесі )
Ж.Аймауытов сөз өнерімен атақты әншіге ескерткіш орнатты ма?
Иә (жоқ)
Дәлел
ИӘ
Жүсіпбек Аймауытов сөз өнерін өрнектей отырып, қазақтың атын шыңға шығарған атақты әнші Әміре Қашаубаевқа мәңгі өшпес ескерткіш орнатты .