Просмотр содержимого документа
«Жаяу м?са шы?армашылыгы »
Сабақ № 6
Сабақтың тақырыбы: Әнші – ақынның әлеуметтік тақырыбындағы шығармалар.
Мақсаты: Автор лирикасының мәнін ашу, өлең мазмұндарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Өлеңдерін талдау, автор көз-қарасын айқындау.
Тәрбиелігі: Әлемдегі ұлы сезімнің қадір -қасиетін дарыту.
Пәнаралық байланыс: өмірмен
Әдісі: Баяндау, сұрақ –жауап
Түрі: Білімді жетілдіру сабағы.
Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
Ақының есіміне «жаяу» анықтауыш сөзінің қосылу себебі не?
Жаяу Мұса кімдерге қарсы болды?
Шорман әулеті туралы не білісіңдер?
III.Жаңа сабақ
Жаяу Мұсаның шығармашылық мұрасы мол. Оның әртүрлі мазмұндағы көркем лирикалық өлеңдерімен қатар «Олжабай батыр» атты көлемді дастаны, «Данышпан қыз» поэмасы және бірқатар мысал өлеңдері бар. Бұл жағынан Жаяу Мұса Арқа өңіріндегі Біржан сал, Ақан сері бастаған әнші –ақындар тобының әріден келе жатқан әдеби дәстүрін жалғастырады.
Жаяу Мұса жүрегінен шыққан «Көзкаршын», «Ақсиса», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», «Хаулау», «Сапар», «Сәулем қыздар» тәрізді көптеген ән, өлеңдері осындай жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Жаяу Мұсаның бозбала кезінде жазған өлеңдері, негізінен, махаббат, жастық шақ, сүйіспеншілік мәселелеріне арналады. Осы тақырыпқа жазылған «Сәулем қыздар», «Сұрша қыз», « Ләйлім» сияқты өлеңдерінде жастық шақтың әсерлі суреті, махаббаттың алаулы лебі бар.
IV. Мына кестені толтырыңдар.
Жаяу Мұса шығармалары
Тақырыбы
Арқау -желі
«Олжабай батыр» дастаны
Батырлық, ер қорғау ерлік, елдік
Ел арасындығы Олжабай батыр туралы әңгіме- аңыздар
«Ақсиса»
Заман шындығы, әділіетсіздік, теңсіздік
«Көкаршын»
Өнерге деген сезімі, асқақ көңіл күйі
V.
Мұса шығармашылығы
Өлеңдері
Поэмалары
Әндері
Өлеңдері
Жаяу Мұса көтерген тақырыптар
Жаяу Мұса көтерген тақырыптар
Мысал өлеңдеріндегі адамгершілік тақырыбы
Әділет үшін күрес
Нәзік сырлы сезім
VI. «Сұрша қыз», « Ләйлім» атты өлеңінің мәнін оқушыларға мәнерлеп оқытып, түсінік бергізу.
VII. Сабақты қорытындылау
Жаяу Мұса өлеңдеріндегі көпшілігіне ортақ кейіпкер кім?
Ақын шығармаларында адам сезімдері қалай жырланады?
Ақын өлеңдеріндегі көркем бейнелеу тәсілдері, теңеулер мен салыстыру туралы не айтасыңдар?
VIII. Үйге тапсырма: Өлеңдерінің мәтінін өз қалауы бойынша жаттап алу.