І деңгей. Білу | -1)«Әнші» әңгімесі не жайлы? -2)Әңгіме жанрының ерекшелігі неде? -3)Әмірқанның прототипі кім? -4)Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаев туралы не білесіз? | 1) Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады. 2)Әңгіме дегеніміз қара сөзбен жазылған шығарма. Бір ғана оқиғаны айтып баяндайтын көп қабаты жоқ, оқиғасы аз, кейіпкерлері де көп емес шағын шығарма. 3) Әмірқанның прототипі- Ә.Қашаубаев. Прототип дегеніміз –гр. түптұлға, әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға негіз болғатын өмірде болған адам, тарихи тұлға. 4) Ә. Қашаубаев- қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этонографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан. |
ІІ деңгей Түсіну | 1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз 2) Әңгіме бөлімдеріне ат қойыңыз 3)Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз 4) Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз? | 1)Жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. 3)Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады.» Немесе «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.» - 4) І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмасы. Өнер қуаты, құдіреті, өнерінің ішкі жан-дүниесі, психологиясы, оқиғаға құрылған поэмада көркем бейнеленген. |
ІІІ деңгей Қолдану | Жазушының тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар. І топ. Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген? ІІ топ. Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз ІІІ топ.Әңгімедегі теңеулерді табыңыз ІV топ. Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген? | 1) Наурыз тойы, орамал тастау ойыны, наурыз көже пісіріп, ет асу, қыз алып қашу дәстүрі, шілдехана. Төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт. 2) Иісі кеудеңді жарады, жандырып жүреді, көңіл көкке серпу, төбем көкке жетті, қалпақтай түстім, есім ауып қалды, өңім екенін, түсім екенін білмей., жанымен салу, қабағынан қар жауған.т.б. ІІІ. Әмірқанды суреттеуі «Шеуліқаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер»; «Сұңқылдаған көмейі, Сыбызғының үніндей; Ескектеген толқыны «Бозайғырдың» күйіндей; Аспандап соққан айқайы Алтайдың асқар тауындай;Желпілдеткен түндікті Күздігүні дауылдай; Төмендет сорғалап, Тас бұлақтың суындай»..... 4) Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман... Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала |
ІV деңгей Талдау | Топтық жұмыс 1) Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әмірқан, Ақтамақ) жазбаша 2) Әмірқанды өнерге баулыған кім? 3) Әмірқан әнді қалай салады? 4) Әмірқан мен Ақтамақтың махаббаты жайлы әңгімелеңіз | 1)Әмірқан – дарынды, елінің еркесі, еркін, бюірде бұйығы, момын, өнерді жан-тәнімен сүйе алатын жан. Өнерін ешқашан ақша табу үшін пайдаланбайды. Ақжарқын, топтың ажарын кіргізеді, Ақтамақ – үріп ауызға салағндай, жұтынып тұрған сұлу, паң, жөпшеңді бозбалаға көзінің қырын да салмайды. Сүйгені үшін бәріне даяр, тәуекелшіл. 2) Әмірқанды өнерге баулыған-Жұмабек әнші. Оның прототипі бүкіл арқаға, қала берді жалпақ қазақ даласына мәшһүр дауыл үнді асқақ әнші әрі композитор- Жарылғапберді Жұмабаев 3) Әмірқанның әнге берілгені сонша, басқа шаруаға олақ-ақ. Сүмірейе, қылмита соқты; желдете құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.Ә) Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқа жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қағы зарға ұқсап, өкінішті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. |