Просмотр содержимого документа
«Ж. Баласа??н «??ттыбілік» »
Бектлеуова Гульфайруз Казыгалиевна
Сабақтың тақырыбы:Ж. Баласағұн «Құтты білік» Сабақтың мақсаты: Ж. Баласағұнның өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту. Шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық – эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі - өнеге ету. Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер. Сабақтың түрі: дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест тапсырмалары, түсіндіру, жинақтау, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер. Пәнаралық байланыс: 1. Тіл. Түркі тілдері туралы. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Сынып оқушыларын /тіл,достық,қасиет/ деген сөздерді суырту арқылы 3- топқа бөлу және сол сөз туралы 5 мақалдан кем білмейтін оқушыны анықтау арқылы топ басшысын сайлап, алдарына бағалау парағын үлестіру/
Қызығушылықты ояту
«Суреттер сөйлейді» стратегиясы
/ Слайдтың бір жағына Әбу Насыр Әл Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұнның суреттері, екінші жағына олар дүниеге келген қалалардың суреттері топтастырылған, солардың байланысын оқушылар табуы керек./
Үй тапсырмасын қорытындылау
Аталмыш суреттердің артындағы сұрақтарға жауап береді.
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері?
2.Толық аты-жөні?
3.Әбу Насыр әл-Фараби қандай есіммен әлемге әйгілі болды?
4.Әл-Фарабидің “Бауырым, қанша сүйгенмен” деген өлеңіндегі «бейопа» сөзінің мағынасы қандай?
5.Әл-Фараби түркі тілдерімен қатар қандай тілдерді жетік меңгерді?
6.Қожа Ахмет Яссауидің көлемді шығармасын атаңыз?
7. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қайда орналасқан?
8. Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына кімнің бұйрығымен кесене тұрғызды?
9.Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінде орнатылған қазандыққа неше металл қосылған?
10.Қожа Ахмет Яссауидің ұстаз тұтқан адамы?
Мағынаны тану
1-тапсырма
І топ Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы туралы постер қорғау
ІІ топ. “Құтты білік” дастаны бойынша рөлдік ойын сомдау
ІІІ топ: Тақырыпқа сай радио бағдарлама дайындау
3 топ өздерін критерий бойынша бағалайды.
«Құтты білік» дастаны бойынша бейнекөрініс көрсету
2- тапсырма
І топ «Құтты білік » дастаны бойынша «Екі жақты күнделік» стратегиясын жүргізу
Үзінді
Үзіндінің сыры неде?
ІІ топ Жүсіп Баласағұн мен Абайдың ерекшелік, айырмашылықтарын табу
ІІІ топ Шығармашылық тапсырма
Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта. Екі түрлі достықтың бар есебі, Сол үшін жұрт табысады, сенеді. Бір достық бар Тәңірді алған араға, Болмайды онда қалтарыс та, нала да. Тағы бірі тек пайда үшін достасар Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар. Достасыңдар Тәңірді алып ортаға, Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама. Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда, Алда Құдай берер, кетпес ешқайда. Егер пайда үшін дос боп табысса, Қатынаспа, түйінін шеш қатысса. Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт, Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық. Дос, туыс сол қуанышта қуанар, Қайғы келсе, қасында боп уатар.
ІІІ топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру. Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл, Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл. Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл - арыстан есік баққан ашулы, Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды! Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер Құлақ салып, амал қылып, есті елер.
«Тілімнен көп жапа шектім, есебім, Бас кесілмес үшін тілді кесемін. Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын, Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»
Ой толғаныс Тест
1. Жүсіп Баласағұн кім?
А) әнші
Ә)ақын
Б) ұстаз
2.Баласағұн қаласы бұрын қалай аталған?
А) Жетісу
Ә) Орта Азия
Б) Күз Орда
3. Ол хан сарайында қандай қызмет атқарған?
А) өлең айтып, күй шерткен
Ә) ақыл айтқан
Б) ұстаз болған
4.Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады?
А) 6520 бәйіттен
Ә) 6321 Бәйіттен
Б) 6000 бәйіттен
5. Неше тарауға бөлініп берілген?
А) 90 тарауға
Ә) 80 тарауға
Б) 85 тарауға
6. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде кімді көрсетеді?
А) Айтолдыны
Ә) Одгүрмішті
Б) Күнтуды патшаны
7.Дастанды қанша уақыт жазған?
А) 12 ай
Ә) 1 жыл
Б) 18 ай
8.Кімге тарту еткен?
А) Сатұқ Қара Бұғра ханға
Ә) Одгүрмішке
Б) Күнтуды ханға
9.Сол үшін хан өз жарлығымен Баласағұнға қандай атақ берген?
А) хан
Ә) бас уәзір
Б) патша
10. Жүсіп «қанағат» атты қасиетті кімнің бойына топтастырды?
А) Айтолдының
Ә) Одгүрміштің
Б) Ұғдүлміштің
6. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде кімді көрсетеді?
А) Айтолдыны
Ә) Одгүрмішті
Б) Күнтуды патшаны
7.Дастанды қанша уақыт жазған?
А) 12 ай
Ә) 1 жыл
Б) 18 ай
8.Кімге тарту еткен?
А) Сатұқ Қара Бұғра ханға
Ә) Одгүрмішке
Б) Күнтуды ханға
9.Сол үшін хан өз жарлығымен Баласағұнға қандай атақ берген?
А) хан
Ә) бас уәзір
Б) патша
10. Жүсіп «қанағат» атты қасиетті кімнің бойына топтастырды?
А) Айтолдының
Ә) Одгүрміштің
Б) Ұғдүлміштің
Жауабы:
1.ә
2.б
3.а
4.а
5.б
6.б
7.б
8.а
9.ә
10.ә
Бағалау шкаласы:
«5»-9-10
«4»-7-8
«3»-5-7
Үйге:
«Құтты білік»дастанын оқу
Ұнаған үзіндіні жаттау
«Бақыт деген не?
Әділет деген не?
Ақыл деген не?
Қанағат деген не?» тақырыбында ой толғау жазып келу
Қорытынды.
Ж. Б. бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Б - ға “хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген.
Дастанның нұсқалары Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қ - нда 1439 ж. көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қ - ндағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғ - дың 1 - жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қ - нан табылған үшінші нұсқасы 12 ғ - да араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану ин - тының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, “Құтты білік” дастанының ғыл. негізделген толық мәтінін жасап шықты.
Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 ж. “Азия” журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832 – 1913) “Құтты біліктің” бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 ж. Инсбрук қ - нда жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғыл. мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. В. Радлов (1837 – 1918) жиырма жыл бойы (1890 – 1910) үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942 – 43 ж. “Құтты біліктің” үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды.
Құтты білік дастанының аудармалары Оны Қ. Каримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның жазылу тарихы Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан - ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Ж. Б. өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж. Б. дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші - патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын адам – ақыл - парасаты ұшан - теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық - сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.
Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап - тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой - пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей - тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік - этик. талаптар сипатталып көрсетілген.
Дастанның әр түрлі аталуы Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул - мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул - мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. 1. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. 2. Екіншісі, бақ - дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ - дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. 3. Үшіншісі, ақыл - парасат. Ақыл - парасаттың қоғамдық - әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. 4. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ж. Б - ның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ж. Б. ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің филос. түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Ж. Б - ның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған
Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Ж. Б. жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс - әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Ж. Б - дің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Ж. Б. өзінің әлеум. философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Ж. Б. өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған.
“Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т. б. мәселелерді қарастырады Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Ж. Б. шығарм - ғына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.
“Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ - жауаптарынан, бір - біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу - білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім - тәрбие мәселелерін дидактикалық - филос. тұрғыдан сөз етеді.
Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру - тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс - тіршілігін, наным - сенімін, әдет - ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"..
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет - ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір ұлы педагог секілді ол энциклопедист - философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын. Ойшыл ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама - қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар: • біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді; • екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; • үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды; • төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін; • бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді. "Тіл өнерінің қасиет - сипаты мен пайда зияны" айтылатын тарауын да егжей - тегжейлі қозғалған. Халықтық тәрбие дәстүрлерін жетік білгені Баласағұнға мінез - құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті.