2.Балалар сендер қазақ халқының қандай әншілерін білесіңдер?
3.Қандай әндерді білесіңдер?
4.Сонымен оқушылар бүгін біз қандай жаңа тақырыпты өткелі жатырмыз? Ж.Аймауытұлының
«Әнші»әңгімесі туралы болмақ .(оқушылар әңгіме мазмұнымен үйден оқып,танысып келеді.Онын мазмұнын оқушылар өздери постер арқылы әңгімелеп береді.
Содан соң үш топ бір-бірінің постерлерін критерийалды бағалау арқылы постерлерге өз бағаларын береді
1.Жауаптың нақтылығы
2.Деректер мен дәлелдемелер
3.Уақыт үнемділігі
4.Көркемділігі
Түсіндіру жоспары
Ж.Аймауытұлы өмірі,шығармашылық мұрасына қысқаша шолу.
«Әнші»әңгімесі 3. Әншімен алғаш таныстық 4. Ән құдіреті
5. Наурыздағы сауық той 6. Аруақты әнші 7. Әмірханның үйінде
8. Әншінің жүдеу тұрмысы 9. Ән салу-үлкен өнер 10. Әнші де жылайды екен.
1.топ Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту. «Әнші» әңгімесі
1. Авторы: Ж.Аймауытұлы
2. Тақырыбы: әншілік өнер.
3. Әдеби жанры: проза (әңгіме)
4. Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға,әншілік шеберлікті тереңұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдық үндеу.
5. Шығарманың композициялық құрылысы
а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.
ә) Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.
б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той.
в) Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы
г) Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті
ғ) Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
7. Әдеби теориялық ұғымдар.
А) Эпитет: ми дала, меңіреу шөл,күміс көлдер т.б
ә) Теңеу: үйректей,қаздай қалқып т.б
б) Метафора: бұлбұлмын,тұлпармын.
Әмірханның мінездемелік сипаты
Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.
Әншінің орындаушылық шеберлігі: Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.
Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. ... рахаттанып гүл-гүл жайнайды.
Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.
Махаббатқа адалдығы
Мәтіндегі түсінігі қиын сөздер:
Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы
Орамал тастау-ұлттық ойын
Жанторсық-қымыз құятын ыдыс
Таң асып тұрған-бабына келген
Жөпшеңді-анау-мынау жай
Білімді бекіту:
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Оқушыларға 1925- жылы Прижде өткен дүнежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс медаль иемденді.Қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді.
Орындаған “Балқадиша”әнін оқушыларға тыңдату.
Шығармадағы әрбір оқиға,штрих-детальді жазушы өзінің эстетикалық мұрат-мақсаттарын бейнелеу үшін ұтымды ала алғандығын байқата отырып,шәкірттерге жазушының суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту. : Әміре Қашаубаев -ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу.
«Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.
Пікірлер
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы
«Әнші» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) Ж.Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту
Сабақ барысында 7-сынып оқушылары өте көп жұмыс түрлерін орындап өз білімдерін көрсетті.Сабақ жүйелі түрде өтті. Мұғалім оқушыларды өзіне тарта білді. Осы сабақта оқушылар тақырыпқа толық мағлұматтар алып кетті деп ауыз толтырып айтуға болады. Өйтені бейне фильмдер. Әншінің Парижде орындаған әні оқушыларды сабаққа одан сайын қызықтыра түсті. Сабақ барысында оқушылар постер қорғай отырып өздері қосымша мағлұматтарды интернеттен тауып ортаға салды. Оқушылар өз білгендерін қысылмай еркін ,сауатты айтып бере алады. Мұғалім сабақ мақсатына жетті.
Қалалық әдістеме бірлестігінің жетекшісі:
Смаилова Л.Э- сабақ өте жақсы өтті. Мұғалім өз мақсатына жетті. Оқушылардың сөздік қорлары бай, өз ойларын тиянақты, еркін жеткізеді. Көрнекі құралдары эстетикалық талапқа сай. Сабақ жаңа бағыт бойынша өтті.
Мұғалім сабақта өз шеберлігін көрсете білді. Өз алғысымды айтамын.
Кутербекова С.Т:
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Содан соң үш топ бір-бірінің постерлерін критерийалды бағалау арқылы постерлерге өз бағаларын береді
1.Жауаптың нақтылығы
2.Деректер мен дәлелдемелер
3.Уақыт үнемділігі
4.Көркемділігі
Содан соң үш топ бір-бірінің постерлерін критерийалды бағалау арқылы постерлерге өз бағаларын береді
1.Жауаптың нақтылығы
2.Деректер мен дәлелдемелер
3.Уақыт үнемділігі
4.Көркемділігі
«Желсіз түнде жарық ай»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Қазақ елі»
Қарашаның жиырмасы.
Сынып жұмысы
Ж.Аймауытұлының
«Әнші» әңгімесі
осы әңгімеге жоспар құрылады:
Жоспар;
1.Жетішатыр қаласының сипаты,халқының тұрмысы мен салты.( Жетішатыр –жақсы қала.Қаптап жатқан қазақ.Жазы-қысы қымыз,ойын-сауы.Айт ,той,құдалық,атжарыс,кұрес.Маскүнем.Төбелес.Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық…
Жаз шықса параход,паром,желқайық,жасыл арал,қалың орман..Көкке шыққан ,гуләйт соққан ,масайраған шат көңіл…Сырнай –керней…Қайткенмен сергек қала.)
2.Шәкет үйінің көрінісі.(қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалды)томашадай аппақ қана Шәкет сары қымыз сыпырып отырады.
3.Әмірқанның әні,оның тыңдаушыларға әсері.
4.Әмірқан туралы әңгіме –кеңес.
5.Алғашқы ойын-сауыққа дайындық.
6.Жұртты сүйіндірген Әмірқан.
7.Әмірқанның әңгімесі.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы
«Ақтамақ хикаясы»
Сабақтың мақсаты:
а) Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін,адалдығын ұғындыру;
ә) жазушы тілінің көркемдігіне тінті ете отырып,Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;
б) өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу;
3. Әншінің өнерге сүйіспеншілігі 4. Әншінің адамға үйірсектігі
5. Азаматтық тұлғасы 6. Ән салу шеберлігі 7. Махаббатқа адалдығы
Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.
Әмірханның мінездемелік сипаты
Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.
Әншінің орындаушылық шеберлігі: Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.
Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. ... рахаттанып гүл-гүл жайнайды.
Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.
Махаббатқа адалдығы
Мәтіндегі түсінігі қиын сөздер:
Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы
Орамал тастау-ұлттық ойын
Жанторсық-қымыз құятын ыдыс
Таң асып тұрған-бабына келген
Жөпшеңді-анау-мынау жай.
Білімді бекіту: Әміре Қашаубаев -ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
өлең сөздің даңғылы
Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады
Суырып салма
Дара жүйрік
өнерлі
Айтыс ақын
Ауыз әдебиетін жалғастырушы
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Жамбылдың ұстазы кім?
Қандай дастанын білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
«Аттандыру»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жамбылдың ұстазы кім?
2. Қандай дастанын білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
5 3
Атаңнан бата// ал,балам,
Арғымақ атқа// мін,балам!
Ақ сақалым// желбіреп,
Артыңнан қарап //мен қалам;
1 шумақ , 4. тармақ , 8 бунақ , 8 буынды
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Жамбыл кімдермен айтысқан?
Есімін неге Жамбыл деп қойған?
Қандай атақты ақынды жеңді?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жамбыл кімдермен айтысқан?
2.Есімін неге Жамбыл деп қойған?
3.Қандай атақты ақынды жеңді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Шығармашылық жұмыс: Тұрмыс-салт жырының түрлерін соның ішінде жоқтау туралы айтады.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды
. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Сабақтың мақсаты:
а) С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
С.Сейфуллин Ақмола облысы,Нілді болысында туған. Ауыл молдасынан арбша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдідегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен 1908-1913 жылдары Ақмолада Прихордская школады, қалалық училищеде білім алады.
Тірек сызба арқылы шығармаларымен таныстырамын.
Сәкен Сейфуллин
поэмалары
өлеңдері
пьесалары
повестері
романы
новелла
«Өткен күндер»
«Асау тұлпар»
«Тұлпарым»
«Сыр сандақ»
«
«Көкшетау»
«Аққудың айырылысуы»
« Қызыл ат»
«Альбатрос»
«Бақыт жолында»
«Қызыл сұңқарлар»
«Жемістер»
«Айша»
«Жер қазғандар»
«Бандыны қуған Хамит»
«Тар жол тайғақ кешу»
Кітаппен жұмыс:Сәкенің өлеңдерін мәнерлеп оқиды
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Сәкен неге жазықсыз жалаға ұшырады?
Үш бәйтерекке тағы кімдерді жатқызамыз?
Қандай газетте еңбек етті?
Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:С.Сейфуллиннің өмірбаянын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің
«Сыр сандық» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып,идеялық көркемдік ерекшелігін таныту;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық ,сюжеттік құрылымына с әйкес оқып,мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1-2,3-4, 5-7, 8-11, 12-19, 20-21 шумақтары)
1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.
2-топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы,жүрегі-берік қойма. Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.
3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.
4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.
5-топтың жауабы. –Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар,онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым,ғажап перне,сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі .
6-топтың жауабы. –Адамның жүрегі-алтын қойма,оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол-шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.
Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал,қымбаттым! –деп,Сәкен өмір қызығы –достықта,достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! –деп тілеген екуен. Менің де тілегім-сендерге осы достық,-деп сабақты қорытындылаймын.
«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
4. Досыңның кім екенін ата-анаң білу ге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.
Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.
Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.
Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.
Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.
Жоспар
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім:
а)
ә)
III Қорытынды.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин
«Қамаудан»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Сәкеннің шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: арлас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Сейфуллинің «Сыр сандық» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы, 20 жасында Қазанда басылады. Жинақтағы өлеңдер ағартушылық бағытта, сыншыл реализммен жазылған.
Сәкен 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде,Аненковтің азап вагонында,Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді. 1919 жылы наурыз айында тұтқындар лагерінен қашып шығып біраз қызметтер атқарады.
1938 жылы сталиндік жазалауға ұшырайды. Міне , осындай қиыншылықта түрмеде отырып «Қамаудан» өлеңін шығарады. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын түсіндіремін.
Дәптермен жұмыс: Өлеңдегі тың,бейнелі,айшықты сөздерді тауып дәптерлеріне жазады..
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
Тұтқын бостандықты неге теңейді?
Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
а) І. Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Сейфуллинің «Қамаудан» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
Тұтқын бостандықты неге теңейді?
Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.
1894 1905-1911 1912
1938 1915
1934-1936 1925-1928 1920-1921
Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтың өмірбаянын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров
«Жетісу суреттері»
Сабақтың мақсаты:
а) І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті ,пейзаждық сурет т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген І.Жансүгіровтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу суреттері» 5 тараудан тұрады.
1. Жалпы сын 2. Тау суреті 3. Жетісуда су суреті
4. Жетісу жәндігі 5. Жер түгі
Өлеңді мәнерлеп оқу
Өлеңде туған жері мен елінің тау-тасын,өзен –көлін беріле сүйген ақынның өзін қоршаған ортадан нәр алған шабытты шалқар сезімі беріледі. Ақын табиғат көрінісін айшықты бояулармен кестелейді.
Енді оқушылар назарымызды мына бейне сөзге аударайық.
Жетісу-жер жаннаты. Қазақстанның ең сұлу өңірі төрт түлікке құт болған,тарихы мол,қазыналы өңір.
Кітаппен жұмыс: 3оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)
Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Ілияс қандай ақын?
2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров
«Бөбек бөлеу»
Сабақтың мақсаты:
а) І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ілияс қандай ақын?
2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?
3. Өлең қандай лирикаға жатады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І.Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» өлеңі халық арасында көп жырланатын бесік жырларының бірі. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, оның тақырыбы мен идеясын ашу. Әрбір ана сәбиін ертерек есейіп ,үлкен азамат болуын тілейді.
Кітаппен жұмыс: оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Өзіндік жұмыс: Өздерің « Бесік жырын» құрастырып (шығарып) көріңдер.
Көрнекілігі: семантикалық карталар,оқулық,схемалар,топ аттары,мақалдар жазылған таблицалар,перфокарталар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар,біз сіздермен етістіктің райларын қайталаймыз.Сендердің білімдеріңді тексеремін.Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар.Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.
1.Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2.Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар.
Бірінші мақал Отан туралы,екіншісі тұлпар туралы екен.Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар».
Сайысымызды бастаймыз.
ІІІ.Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялық білімін тексеру).
1.Етістіктің райлары дегеніміз не?
2.Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
3.Етістік райларының қандай түрлері бар?
4.Ашық рай нені білдіреді,қалай жасалады?
5.Бұйрық рай дегеніміз не,қалай жасалады?
6.Шартты рай дегеніміз не,қалай жасалады?
7.Қалау рай дегеніміз не?
8.Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?
IV.Оқулықпен жұмыс (тақтада және дәптерде орындау).
Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек шығарып,етістіктердің шағын анықтату.
Болатын – ашық рай,ауыспалы өткен шақ.
Көрінеді – ашық рай,ауыспалы өткен шақ.
V.Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».
Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өлең кім туралы?Авторы кім?
Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?
Өлеңнен бұйрық рай,қалау рай,ашық райда тұрған етістіктерді табыңыздар.
Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.
Бұйрық рай: тыңда.
Қалау рай:салғың келеді,айтқың келеді.
Ашық рай: еккен,түлеткен,күл еткен,тұрған,сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).
VI.Салыстыру. «Венн диаграммасы»
Қалау рай мен ашық райды салыстыру
-ғы, -гі, -қы, -кі+кел үш жақтың бірінде
-са, -се+игі еді етістік райлары қолданылады,
-ғай, -гей, -қай, -кей сөйлеушінің
шындыққа қатысын білдіреді
Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру
Іс-әрекеттің орындалуын қимылдың,іс-әрекеттің
талап ету мағынасын етістік райлары болу-болмау мүмкіндігінің
білдіреді,көбінесе ІІ жақ шартын білдіреді, -са, -се
жұрнақтары арқылы жасалады
VII. Әр райға қатысты мақал-мәтел,нақыл сөздер жарысы.
Шәкәрім Стамбулда болған еді.Үйдің төңірегі қобырап жатыр.Жақсы жаныңа жолдас болар.Екеуінің әңгімеі аяқталмай қалды.
ә) Мақалдардағы етістік райларын анықта.
1.Отан үшін отқа түс,күймейсің.
2.Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.
Түс – бұйрық рай, ІІ жақ,жекеше,қалыпты.
Шығады – ашық рай,ауыспалы осы шақ,ІІІ жақ.
Е
м
е
н
А
т
а
Б
і
л
е
з
і
к
С
ә
у
к
е
л
е
Т
а
р
и
х
І
л
и
я
с
К
і
л
т
4-деңгей. «Тез тап». а) Сөзжұмбақ шешу.
1.Ағааш түрі
2.Әкеңнің әкесі
3.Ұлттық әшекей бұйым
4.Қалыңдықтың бас киімі
5.Пәннің аты
6.Көрнекті ақын
7.Есікті ашатын құрал.
ә) Семантикалық картаны толтыру.Өздік жұмыс.
Мысалдар
Нақ осы шақ
Ауыспалы
келер шақ
Болжалды
келер шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы келер шақ
Бұрынғы өткен шақ
Жедел өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
1
Мен
барғанмын
+
Сабақты бекіту. «Топтастыру»
- Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік райларының неше түрі бар?
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: 180-жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазып келу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Сабақтың міндеттері: білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу. 180-жаттығуды тексеру.
ІІІ. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.
IV.Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады.
V. Дамыту кезеңі.
1. 181-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт боланы қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
2. 182-жаттығу. а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.
3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,
«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.
«Шартты рай» тобына :
«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам,атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,
Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды.
Айтса,қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең,жалқаулық басынады.
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса,бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.
Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістік қойып,көшіріп жазу.
4. «Қазымыр» ойыны.Әр топтан бір оқушы тұрып,келесі топқа сұрақ қояды.Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.
«Түйін түю» стратегиясы.Топ басшылары топ аттарына лайық рай түрлерінің жасалу жолдарын қолдарына берілген стрелка үлгісінде қиылған қағазға толтырып,тақтадағы «рай» деген сөздің айналасына ретімен іледі.
Үйге тапсырма. 183-жаттығу.Рай түрлерін қайталау.
Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.
2
Етістік
категориялары
Көсемше
Сабақты етістік
Болымды етістік
Есімдік
Салт етістік
Етіс
Болымсыз етістік
.Үй тапсырмасы. 1 (тақтаға сызба ілінеді).
а) Етістік дегеніміз не?
ә) Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
б) Етіс дегеніміз не? Етістіктің түрлері.
в) Есімше дегеніміз не? Жасалу жолы.
г) Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.
Сөйлеп тұрған сәттегі
іс-әрекет
Сөйлеп тұрған сәттен
бұрын болған іс-әрекет
Алда болатын
іс-әрекет
Жаңа сабақ. Ал,енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар,жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін назарымызды келесі сызбалы кестеге аударайық.
Шақ іс-әрекеттің өту кезеңі сөйлеп тұрған сәтке
байланысты айқындалады
Етістік шақтары есімше,көсмше
тұлғалы етістік түбіріне
-ып, -іп, -а,
-е, -й
келіп отыр
-ар, -ер, -мақ,
-мек, -бақ, -бек
бармақ екен
-ды, -ді. -ты,
-ті, -ған, -ген
Ол кеше келген
осы шақ келер шақ өткен шақ
Етістік қимыл іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістік – шақ категориясы арқылы түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс жүргіземіз.
1.Үміткерлер тобы: орташа оқитындар
122-жаттығу жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады.Етістіктің райлары қимылдың,іс-әрекеттің жүзеге асу,орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай,бұйрық рай,, шартты рай,қалау рай.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1 . Рай категориясы дегеніміз не?
2. Райдың неше түрі бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ашық райдың мәні етістіңтің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты.Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.
Жаттығумен жұмыс: 165-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.
Жеке оқушылармен жұмыс: Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрастырыңдар.
Оқыды,айтыпты, тыңдап отырмыз, озар, жазған
Шығармашылық жұмыс: Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпта шағын хабарлама жазыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар?
4. Ашық рай қалай жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1 . Рай категориясы дегеніміз не?
2. Райдың неше түрі бар?
3.Ашық рай қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра,талап,тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!
Бір жаққа қаратылып,қимылдың іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады..
Жаттығумен жұмыс: 171-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұйрық райлы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын,олардың мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар.
Топпен жұмыс: Екі топ бұйрық райда тұрған мақал-мәтел айтып жарысады.
Мысалы: Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атаңа ауыр жүк артпа!
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Бұйрық рай дегеніміз не?
2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар?
4. Ашық рай қалай жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Етістіктері бұйрық райда тұрған бата жаттап келіңдер.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Бұйрық райдың жіктелу үлгісі
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, бұйрық райдың жіктелу үлгісі туралы түсіндіру;
ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1 . Рай категориясы дегеніміз не?
2. Райдың неше түрі бар?
3.Ашық рай қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұйрық райдың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше
Көпше
І
ІІ
ІІІ
Барайын,келейін,санайын
Бар-, кел-, сана,
Барыңыз, келіңіз, санаңыз
Барсын,келсін, санасын
Барайық,келейік,санайық
Барыңдар,келіңдер,санаңдар
Барыңыздар,келіңіздер, санаңыздар
Барсын,келсін,санасын
Етістіктің бұйрық рай түріне кейде –шы,-ші жұрнағы жаллғанып та жұмсала береді.
Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын-алайыншы
Жаттығумен жұмыс: 172-жаттығу. М.Қашқаридің сөзін есте ұстаңдар. Көшіріп жазып бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?
5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Бұйрық райды жіктеп бірнеше сөйлем жазып келіңдер.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Шартты рай
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, шартты райдың жасалу жолын түсіндіру;
ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
а) Етістіктің райлары туралы түсінік беру, қалау райдың жасалу жолын түсіндіру;
ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1 . Рай категориясы дегеніміз не? 2. Райдың неше түрі бар?
3.Ашық рай қалай жасалады? 4. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылдың, іс-әрекетті қалауын ,соған ынтасын, ниетінбілдіреді де белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Жетсе игі еді, айтқайсың.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?
5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?
6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп есім қызметін атқарады.
Есімшенің тәуелдену үлгісі Есімшенің септелу үлгісі
І айтқаным А. Айтқан Ж. айтқанда
ІІ айтқаның І айтқанның Ш. айтқаннан
Айтқаныңыз Б. Айтқанға К. айтқанмен
ІІІ айтқаны Т. айтқанды
Жаттығумен жұмыс: 184-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер.
Айтар, баратын, білген, оқитын
Жеке оқушылармен жұмыс: тапқан, барған,білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.
Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.
Жаз,көмектес, кел, айт, сөйле, ізде, көр, түсін
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты :
а) Көсемшенің түрленуін, жасалатын жұрнақтарын меңгерту;
ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Есімшенің түрлену жолын түсіндір.
Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.
Етістіктің неше шағы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше де жіктеліп немес күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып,нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса,енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады.
Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады.
1) -а,-е,-й: айта, бере, ойлай;
2) -ып,-іп,-п; айтып, беріп, ойлап;
3) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі түрі жіктелмейді.
Жаттығумен жұмыс: 201-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.
Көріп, оқып, біле, сұрай, айта
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?
Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
а) Көсемшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтыру;
ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?
Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып,ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.
Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп,пысықтауыш қызметін атқарады. Т.б
Жаттығумен жұмыс: 206-жаттығу . Көшіріп жазып көсемшелерді тауып,сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.
Топпен жұмыс: Мөлшерлі уақыттың ішінде көсемшенің үш түрін келтіріп,сөйлемдер жазады. Мысалды көп және дұрыс жазған топ ұтып шығады.
Тақтамен жұмыс: Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңдар және тұлғалық талдау жасап,сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
2. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Көсемшенің қандай ерекшелігі бар?
Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 208-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Жапонияда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі
Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы біздің түнгі сағат он екіде емес,ертеңіне бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып,көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін салтанатпен қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.
Кісіге сыйлық тарту-жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі шама-шарқынша сыйлық тартады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың ,тал, қарақаттың бұтақтарымен безелген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша,қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға Жаңа жыл қарағай жасының ұзақтығы ,бамбуктың беріктігі,тал, қарақаттың тез өсетін қасиеттері дариды-мыс. («Ғалым ғажаптары» кітабынан.) (107 сөз)
Тапсырма: Мәтіннің ішінен етістікті тауып қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Үйге тапсырма : көсемшенің түрленуін қайталау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын тексеру:
Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы:Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;.
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
семшенің қандай ерекшелігі бар?
Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у.
Тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.
Тұйық етістік тікелей септеле де,тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.
Кітаппен жұмыс: 210-жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.
Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.
1.Отанды сүю от басынан басталады.
2. Аяққа кісен салуға болар,
Тілге кісен салынбас.
3. Жақсының қасиеті-жарастыру,
Жаманның қасиеті- таластыру
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Сабақтың мақсаты: . а) Тұйық етістіктің –у жұрнағының жалғану ерекшеліктері: бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағының түбірдегі дыбыстарды өзгертуін түсіндіру.
ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі : тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Орынсыз ашу – от шашу
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
а) Тұйық етістіктің –д жұрнағының жалғану ерекшеліктері : бірде дауысты,бірде дауыссыз болуы –у жұрнағы
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.
1.Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшеліктері неде?
2.Етіс нені білдіреді? 3. Етістің қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
5. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді ? 4.Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады ?
6. Не себепті көсемше етістіктің еоекше түрі деп аталады ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
1. Дауыссыз дыбыстарға біткенетістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады : бар-у, қайт-у, көр-у,кел-у.Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады : ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у.
2. Дауысты ы,і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,түбірдің соңындағы ы,і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де,ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мысалы : оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.
3. Қатаң п,к,қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға қ,к дыбыстары ғ,г дыбыстарына айналады.
Мысалы : тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.
Тақтамен жұмыс :213-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып,олардың қандай септіктерде тұрғанын ажыратыңдар.
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Сейфуллиннің «Далада» өлеңін мәнерлеп оқытып,мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?
2. Көз алдарыңа кең даланы жасыл жайлауды,елестете отырып,қандай әсер алуға болады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Тараз ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен сауатын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы «Ғалия» медресесінен кейін Уфа қаласындағы «Уәзифа» медресесінен білім алған.
«Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп беремін.
кітаппен жұмыс: .Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқытып, сол бойынша сұрақтар қоямын.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.XX ғасырдың басында қазақ тұрмысына енген жаңалықтар және ескі мен жаңаның арасындағы үйлесімсіздіктер әңгімеде кімдердің істері мен сөздері арқылы суреттелген?
2. Дайрабай сөзі көптің көңілінен шығып, Айсары әрекетінің келемеж-мазаққа айналуы неліктен?
3. Жазушының қандай әңгімелерін оқығансың?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіноқып келу.
а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қандай поэмаларын білесіңдер?
2. Дайрабай сөзі көптің көңілінен шығып, Айсары әрекетінің келемеж-мазаққа айналуы неліктен
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Б.Майлин әңгімелерінің тақырыбы –ауыл өмірі. 20 –ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды қазақтың қабылдауы,түсінуі халыққа жат әдет-ғұрыпты күшпен таңу,оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген.
Б.Майлин әңгімелері сол тұстағы аумалы-төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын,пайдасы мен залалын дәл тауып көрсете білуімен құнды.Жазушының сондай әңгімелерінің бірі «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» .
Шығармашылық жұмыс: Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
Жағымды жағымсыз
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
а) І.Жансүгіров шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын,негізгі идеясын ашу;
ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
б) оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз ойын ашық айтуға,ізденуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме жазып келгнін тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Б.Майлин өлеңдерінде,әңгімелерінде сол кездегі ауыл тұрмысы қалай суреттелген?
2. Жазушының қандай романын білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді.
Ақынның 1915-1916 жылдары алғашқы өлеңдерінде қоғамдық,саяси теңсіздікті көрсету,оқу-ағарту,білім ге шақыру,өнерге,еңбекке үндеу мәселелері жазылған.
«Ана тілім» өлеңін мәнерлеп оқып,тақырыбы мен идеясын ашып беремін.
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Ана тілі туралы не айтқан?
Қазіргі тіл мәселесіне қалай қарайсыңдар?
«Үш тұғырлы тіл» дегенге келісесіңдер ме?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І Жансүгіровтың
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» дегенді білдіреді.Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді.: бірншісі –ауыз әдебиеті,екіншісі—жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті –елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.Жазу өнері болмаған соң,елдің тарихы,өмірі,тұрмысы,салты, туған жері,өнері,арманы,әдемі,мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты-жөндері бізге белгісіз.Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп ,ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.
Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.
Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар
ертегілер
аңыз әңгімелер мәтелдер
шешендік сөздер айтыстар
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
3.Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?
2. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?
4.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен саласы-тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді,жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атайды.
Топпен жұмыс: .Тұрмыс-салт жырларының түрлерін топтастыру.
Бесік жыры тұсаукесер жыры жар-жар
тойбастар
беташар бата-тілек
жоқтау наурыз жыры
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?
Қандай түрлерін білесіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері туралы оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы
Сабақтың мақсаты:
а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;
ә) оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?
2. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?
4.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тұрмыс-салт жырларының төрт түлік малға ,басқа жануарларға арналған түрлері көп.
Төрт түлік мал қазақ халқының күнкөрісінің көзі еді. Ол сауса-сүт,сойса-ет, мінсе-көлік,кисе киім болған. Сондықтан қазақтар малды аса қадірлеп,олар туралы тамаша жырлар тудырып отырған.
Топпен жұмыс: .Төрт түлікке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Шопан ата,Зеңгі баба,Ойсыл қара, Қамбар ата, Шекшек ата.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне төрт түлік туралы мақал-мәтелдер жазады.
1. Ер қанаты-ат. 2. Сиырдың сүті тілінде 3. Түлік төлден өседі.
4. Тұлпар шаба жетіледі, 5. Тамыр тартқан тарықпас
Сұңқар ұша жетіледі.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Төрт түлік туралы қандай ырым-жоралғыларды білесіңдер?
Не себепті төрт түлікті жоғары бағалаған?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап жеке-жеке шағын суреттемелер жазып келеді.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Наурыз өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) ауыз әдебиетінің түрлері туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Төрт түліктің атасын атап бер.
2. Зеңгібаба қай төлдің атасы?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тұрмыс-салт жырларының ең көп түрінің бірі наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып,мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп,жауын көп болсын,ақ мол болсын,елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз.
Топпен жұмыс: .
1-топ: наурызда ойналатын ойынның түрлерін жазады. Мысалы: алтыбақан, арқан тартыс,теңге алу, қыз қуу т.б
2-топ: наурыз тойда дастарханға жасалатын ұлттық тағамдардың атын жазады. Мысалы: наурыз көже,ірімшік,бауырсақ ,сөк, жент,қымыз,қымыран т.б
Суретпен жұмыс: Наурыз тойдың суретіне қарап шағын мәтін құрастырады
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?
3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?
4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.
Білім қымбат,білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...
-- Мақал-мәтелдер.
--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады
Халық даналығының айнасы
Халықтың ұрпағына өсиеті
Асыл сөз қазынасы.
Өмір сүру ережесі
(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже
Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.
Ой,тиянақты,дәлелді
салыстыру
Аяқталған сөйлем
Екі бөлімді
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі
топшылау
Мағына тұспалды
Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу 1-топ мақалдарды, 2-топ мәтелдерді.
Білімді бекіту: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.
№
Мақал-мәтелдер
Тақырыптары
1
2
3
4
5
6
7
Денсаулық-зор байлық
.............
Досы көпті жау алмайды,.....
...............
Ата көрген оқ жонар,........
...............
Ерді намыс өлтіреді, ...........
.......
өнер-білім
...........
Еңбек
...........
Ынтымақ,бірлік
..........
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
а) мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері және мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара,меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру;
ә) қызықты грамматикалық ойындар арқылы тіл байлықтарын,ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;
б) мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге ,ұшқыр ойлы сөйлеуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын т.б
1-топ. Берілген шеңберді төртке бөл, сол сызықтар бойынша оқып шық. Сонда қай сөзден бастап оқуға болады?
Не деген мақал шығады? жерде
кең тар
отырасың, отырсаң
2-топ. «Жасырынған мақал»
Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап. Сол әріптерді жалғастырып жазғанда жасырынған мақал шығады. Ол не деген мақал?
Кім-өкім ара-арқа
Желі-желін су-ысу
Кен-кене қобы-қобыз
Елік-ерлік қылық-ықылық
Мал-амал баға-балға
Мүше-мүшел аяқ-таяқ
Ана-дана кит-киіт
Ақ-ақыл жеке-желке
Дұрыс жауаптар
1-топ. Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырасың.
2-топ. Өнер алды-қызыл тіл.
Венн диаграммасы:мақал мәтел
Білімді бекіту:
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
Мақалдарда қандай сөздер айтылады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
а) ауыз әдебиетінің түрлері туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Мақал-мәтел дегеніміз не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жұмбақ—ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол-адамдардың бір нәрсенің белгілерінің екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап,ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен,әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген.
Топпен жұмыс:. 1-қатардағылар жұмбақ айтады,2-қатарлардағылар шешуін табады.
Мысалы: Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін. ( қолғап)
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты, (Адамның сәби,жігіт,қарт кезі.)
Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың өздері әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шығарады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Жұмбақ дегеніміз не?
Жұмбақтың мақалдан айырмашылығы қандай?
Білімді бағалау:
. Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма:Жұмбақ туралы түсінікті оқып,жұмбақтар жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Сабақтың мақсаты:
а) ертегі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Жұмбақ дегеніміз не?
2. Жұмбақ адамның ой ұшқырлығын қалай танытады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жырына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін,ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып,ел есінде ғасырлар бойы сақталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп,ол үнемі жаңарып,толықтырылып,жетілдіріліп отырған.
Топтастыру стратегиясы: .
Қиял-ғажайып ертегілері шыншыл ертегілер
Хайуанаттар жайлы ертегілер
Суретпен жұмыс: Түрлі ертегінің суреттеріне қарай отырып,ертегілер құрастыру.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Ертегі дегеніміз не?
Ертегі нешеге бөлінеді?
Шыншыл ертегілеріне қандай ертегілер жатады?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ертегілер туралы түсінікті оқып,кез-келген ертегіні оқып,мазмұндап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ер Төстік
Сабақтың мақсаты:
а) ауыз әдебиетінің түрі ертегілер туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Ертегі нешеге бөлінеді?
3. Шыншыл ертегі дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ер Төстік ертегісінің мазмұнын қысқаша айтып беремін.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты.Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс тола жылқылары болыпты.Ерназардың сегіз ұлы болыпты дей келе Ер Төстіктің дүниеге келгенінен бастап түсіндіремін.
Шығармашылық жұмыс: Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама береді. Кенжекей,Шалқұйрық, Күңке ,жер астының өнерпаздары,жыландар.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Ер Төстіктің қиял-ғажайып ертегіге жататынын қалай дәлелдеуге болады?
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Аяз би» ертегісінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Хан Жаманды «Барса келмеске» не үшін жұмсады.
2.Уәзір құстың,шөптің,адамның жаманын қандай белгілеріне қарап таңдады?
3. Жаман мен Меңдіні басқалардан оқшаулап тұрған қандай қасиет?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертеде Қаратаудың ойында,Қарасудың бойында Қазанғап деген кісінің баласы Кендебайдың дүниеге келгенін, Кендебай аң аулап жүріп қасқырдан арашалап алған биенің ішін қанжарымен жарып алып құлынын үйіне әкеліп,оны құланның сүтімен асырайды
Топпен жұмыс: .Кендебайға сипаттама жазады.
Кендебай мейлінше қайырымды болыпты: жылығанды жұбатыпты.қысылғанға жәрдем беріпті.Өзімдікі дегенді білмепті,жатсынуды сүймепті.Табысына бүкіл ел ортақ болыпты.
Кітаппен жұмыс: Кендебайдың ер жетуін суреттейтін жерлерін мәтіннен тауып,мәнерлеп оқиды.
Шығармашылық жұмыс: Ертегіден мақал-мәтелдерді теріп жазады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Кендебайдың бойында үлгі боларлық тағы қандай қасиет бар?
2Ертегіні неше бөлімге бөлуге болады?
3.Кендебайдың орнында сен болсаң ,қойшы балаға қандай жақсылық етер едің?.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, Кендебай мен қозы баққан баланың кездесуін сәттік сахнаға бейімдеп,ролдерге бөліп дайындалып келіңдер.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Кейіпкер туралы
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың теориялық білімдерін толықтыру,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін артыру;
ә) оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,логикалық ойын дамыту оқу материалына сын көзімен қарап жолдастық көмекке қашанда әзір болуғаүйрету;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өздерің оқыған «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі адамдар жақсы өмір үшін әділет жолында күресіп жатады. Сол жолда небір қиындықтарды жеңіп,жауыз күштерді ауыздықтайды. Біз олардың сыртқы түрін,қимыл-әрекетін ,мінез-құлқын,басқалармен қарым-қатынасын ойша біліп отырамыз да,көз алдымызға елестетеміз. Жақсы ісіне сүйсініп,мейірімсіздік танытқандарына ызымыз келеді. Бұның бәрі шығарманың өн бойында көркемделіп,күшейтіліп,нақтыланып көрсетіледі. Ертегіні шығарушы халық ертегідегі адамдар әрекетінің бәріне бірдей қарамайды,яғни біреулерін ұнатып,кейбіреулерін жек көре баяндап жатқанын аңғарамыз. Сонымен шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз. Мысалы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісін бізге жеткізген халқымыз Кендебайдың ісін,әрекетін құптап,кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады да,хан балаларын күлкі ете көрсетеді
Кейіпкерлерді негізгі және қосалқы,жағымды және жағымсыз кейіпкер деп бөлеміз.
Шығармашылық жұмыс: Оқушылар оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді қай топқа жатқызатынын талдап береді. Жағымды кейіпкерлердің іс-әрекетіне еліктеп,ал жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетіне іштей қынжылып отырады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкерден қалай ажыратамыз?
2 Өмірде де жағымсыз кейіпкердің ролін ойнап жүрген адамдар бар ма?
3.Өзіңді өмірдегі кейіпкедің қай түріне жатқызған болар едің?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Кейіпкер туралы түсінікті оқып келу. Кез-келген оқыған шығармасындағы кейіпкерлерді талдап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Cырттандар
Сабақтың мақсаты:
а) «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Кендебайдың бойында үлгі боларлық тағы қандай қасиет бар?
2Ертегіні неше бөлімге бөлуге болады?
3.Кендебайдың орнында сен болсаң ,қойшы балаға қандай жақсылық етер едің?.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегінің мазмұнын қысқаша түсіндіріп беремін.
Бұрында бір байдың жалғыз баласы болыпты.Байдың қадірлі ұлы да,қызы да сол болыпты. Күндердің күнінде сол байдың баласы түс көріпті. Түсінде баланы бір қара қасқыр жейін деп,баланың аяғына аузын сала бергенде,бала шошып оянады. Осы түсті күн сайын көреді.
Мазмұндау жоспары
Баланың түсін әке-шешесіне айтып беруі
Сәуегейдің түс жоруы
Баланың қасқырдан қашып құтылуы т.б
Кітаппен жұмыс: Ертегіні түсініп оқып шыққан соң бөлімдерге бөліп тақырып қояды.
Шығармашылық жұмыс: Кербестіге,қара қасқырға, қара ауыз итке мінездеме береді.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ертегі оқиғасынан қандай ой қорытуға болады?
2. Қара ауыз иттің өлуі нені байқатады?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
а) «Қырық өтірік» ертегісі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Сырттандар» ертегісінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ертегі оқиғасынан қандай ой қорытуға болады? 2. Қара ауыз иттің өлуі нені байқатады? 3. «Сырттандар» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегінің мазмұнын қысқаша түсіндіріп беремін.
Ерте,ертеде ешкі құйрығы келтеде бір еріккен хан халқына жар салады.
-Кімде –кім алдыма келіп,кідірмей,мүдірмей қырық өтірік әңгіме айтып берсе және артынан қырық ауыз өтірік өлең айтып берсе,сол адамның төбесінен төмен қарай алтын құямын-депті.
Мазмұндау жоспары:
Ділмар шешендердің хан сынағына түсуі
Тазша баланың тәуекелге бел бууы.
Тазшаның хан сынағынан өтуі
Кітаппен жұмыс: «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап,мәтіннен тауып оқиды.
Шығармашылық жұмыс:
Тапқырлық
тұрмыс даналығы байқампаздық
пайымдылық
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: « Қырық өтірік» ертегісін оқып келуге беремін
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер
Сабақтың мақсаты:
а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Қырық өтірік» ертегісінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
2. «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады деп ойлайсыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады.
Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би,ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол істепті –міс. Сол айтыпты-мыс дегенәртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады.Оны әңгіме,жыр етіп, біреуден-біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдаркөсе сияқты қарапайым, жай адамдар туралы да аңыздар көп.
Топпен жұмыс: Өздерің туған жерлеріңе байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Аңыз әңгімелер оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан
Сабақтың мақсаты:
а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу,ұжымдық талдау т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Асан Қайғының жер ұйықты іздеуі» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1 Асан Сәбитұлының тарихта болғаны рас па?
2.Жерұйықты іздеудегі арманы,мақсаты не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп,бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құланды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйіткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты. Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп, құйрығын шаншып құйғытып,құландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіріп кетеді. Аңшылар баланы іздеп таба алмайды. Жошы аңшыларға қаһарын төгіп: «Баламды тауып бер» деп қалың кісіге іздетеді.
Балады өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Аңшылар бір жерден баланың жұлмаланған қолын табады.Енді ешкім баланың өлгенін Жошы ханға айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып ,бір домбырашыға күймен айтқызады.
Кітаппен жұмыс: Жошы ханға күймен естірткен сөзін мәнерлеп оқиды және Естірту туралы түсінік береді..
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жошы хан қай жылдары өмір сүрген?
2. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
3. Аңыз әңгіме әдебиеттің қай түріне жатады?
4. Өзіміздің ауданға қатысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Ақсақ құлан Жошы хан» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жошы хан қай жылдары өмір сүрген?
2. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
3. Аңыз әңгіме әдебиеттің қай түріне жатады?
4. Өзіміздің ауданға қатысты қандай аңыздарды білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Аңызда баяндалатын жай дәл сол қалпында өмірде болды дей қою қиын.
Алайда аңызда баяндалатындай оқиға тарихтан белгілі. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы аңда жүргенде қаза болған . Мазары Жезқазған өңіріндегі Кеңгір өзенінің бойында тұр. Күні бүгінге дейін күйшілер Кет –Бұғаның Жошы өлімін естіртуі деп «Ақсақ құлан Жошы хан» атты күй тартады.
Тоғыз қанат ақ орданың ішінде отырған Шыңғысхан Кет-Бұғаның кіргенін байқамады ма, ойланып отыр ма белгісіз
Бір уақытта «Жырла» деді.Не жөнінде жырламақ.
Кет-Бұғаның күй арқылы Шыңғысханға ұлы Жошының өлімін естіртуі.
Күй арқылы Шыңғысханның бір жамандықты сезуі.
Кет-Бұғаны өлтірейін деп жатқандағы оның жауабы.
Кітаппен жұмыс: «Кет-Бұғаның естіртуі» әңгімесін рөлдерге бөліп оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
«Ақсақ құлан Жошы хан» мен «Кет-Бұғаның естіртуі» екеуінің арасында қандай айырмашылық бар?
Кет-Бұға қандай кісі мінездеме бер.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Кет-Бұғаның естіртуі» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген « Кет-Бұғаның естіртуі» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.«Ақсақ құлан Жошы хан» мен «Кет-Бұғаның естіртуі» екеуінің арасында қандай айырмашылық бар?
2. Шыңғысхан туралы не білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»
Жиренше шешен туралы қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?
Қаракөз ханым өлген соң Жиренше үйленбей көп жүріпті. Кез келген қызды ұнатпайды екен.
Мазмұндау жоспары.
Жиренше шешеннің жолдасымен жолға шығуы.
Оларға бір топ қыздың кездесуі.
Бір топ қыздың ішінен Қарашаштың бөлінуі.
Жиренше Қарашаштың бөлініп қалуының мәнісін сұрауы.
Жиреншенің Қарашаштың үйіне қонуы.
Байдың Жиреншені шақыртуы.
Байдың сөзден тосылып,Жиреншеге Қарашашты алып беруі.
Топпен жұмыс: Осы әңгіме бойынша сахналық көрініс құрады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түсуі
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселеге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә)Cымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
2.Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
3.Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
4.Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бір күні Жиреншені хан шақыртып алып, оған қырық сиыр беріпті.
-Осы сиырлардың ішек- қарнын тірідей тазалап әкел; барлығында соясың; сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!-депті.
Жиренше қырық сиырды айдап,әйелі Қарашашқа келеді.
Мазмұндау жоспары.
Қарашаштың Жиреншеге берген жауабы.
Жиреншенің Қарашаштың айтқанын орындауы.
Ханның Жиреншеге сексен еркек қойды қоздатып бер деп шарт қоюы.
Жиреншенің Қарашашпен ақылдасуы
Ханның Қарашаштан жеңілуі
Кітаппен жұмыс: Оқушыларға кітаптан сұрақ қоя отырып жауабын оқытқызамын.
Шығырмашылық жұмыс: Қарашашқа сипаттама жазады..
ақылды
парасатты тапқыр
сөзге шешен
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау; Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жиреншенің хан сынағына түскені» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?
Сабақтың мақсаты:
а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;
ә) оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Хан Жиреншеге қырық сиырды не үшін беріп жіберді?
2. Жиренше сиырлардың ішін қалай тазалады?
3. Жолмен де жүрмесін,жолсызбен де жүрмесін деп шарт қойғанда Жиренше қалай барды?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Баяғыда Жиренше деген өзі кедей бір шешен болыпты. Ол асқан ақылды сөзге ұста,шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып,хан шақыртып алып,оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрақтамай, өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. Өз үйіне келгенде ол мың жасап,бой жазып қалады екен.
Мазмұндау жоспары.
Жиреншенің ханмен бірге серуенге шығуы.
Ханның алдынан қаңбақтың шығуы.
Жиреншені қаңбаққа жұмсауы.
Жиреншенің қаңбаққа баруы.
Ханға қаңбақтың жауабын айтуы.
Кітаппен жұмыс: .Кітаптан әңгімені мәнерлеп, рөлдерге бөліп оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Жиренше не үшін ханның сарайында тұрмады?
Жиренше ханмен бірге қайда шықты?
Қаңбақ не деп жауап берді?
Сұратқан хан ақымақ па,әлде сұрап барған Жиренше ақымақ па?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?» әңгімесін оқып,сахналық көрініс дайындап келеді.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) Әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау,ойларын жүйелеу,оқу барысында қарапайым,шыншыл, көпшіл болуға бейімдеу;
ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту;
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Сұраған хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Жиренше не үшін ханның сарайында тұрмады?
2.Жиренше ханмен бірге қайда шықты?
3.Қаңбақ не деп жауап берді?
4.Сұратқан хан ақымақ па,әлде сұрап барған Жиренше ақымақ па?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өткен сабақтар бойынша шолу жүргіземін, схемаға қарап оқушылар түсінгендерін айтады.
Қазақ әдебиеті
Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиеті
Тұрмыс-салт жырлары
Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар
ертегілер
Аңыз әңгімелер
Шешендік сөздер
Батырлар жыры
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Кез-келген ақын –жазушылардың шығармаларын оқып келуге беремін.
Қысқа мерзімді жоспар.
6 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Сыйлық тандау
Жалпы мақсат
Оқушыларды сыйлық таңдауға, досының туған күніне арнап құттықтау мәтінін жазуға; қарапайым жағдаяттарда туған күнді тойлау жөнінде қысқаша сөйлеуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі
Өз білімін дамытуға мүмкіндік алады. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.Білімдері нақтыланады. Топпен жарнама құрастыруға үйренеді.
Негізгі мақсат
СТО әдісі, , АКТ, топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс ұйымдастыру. постермен жұмыс,дарынды және талантты балалармен жұмыс. «Синквейн» әдісі
Тапсырмалар
Тақырыпты ашу. Миға шабуыл. Сұрақ жауап
1 тапсырма Сөздікпен жұмыс
1 топ Мәтінді оқып, аудару
2 топ Сұрақтарды құрастыру
2 тапсырма
1 топ Деңгейлік тапсырмаларды орындау
2 топ Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Бағалау критерийлері
Формативтік бағалау. Өздері- өздерін бағалау
Орындауға арналған тапсырма
Сөздерді жаттау
Қысқа мерзімді жоспар.
6 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Тоқсандық қайталау
Жалпы мақсат
Ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту; оқушылардың зеінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шындау, шығармашылық қабилеттерін дамыту.
Оқу нәтижесі
Тоқсан бойы алған білімдерін қорытындылау. Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз алған білімдерін көрсетеді.
Негізгі мақсат
СТО. АКТ. « Инсерт.» Сұрақ-жауап, диалог. Блум таксаномиясы. «Миға шабуыл» стратегиясы. Диалогтік оқыту,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту. Ашық және жабық сұрақтар