--- зат есімнен 6-сыныпта өткенді еске түсіру, пысықтау,
--- 10 зат есім жазып, оған морфологиялық талдау жасау;
III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Зат есім көптеледі, тәуелденеді, септеледі.
Тек адамға юайланысты, адамға қатысты зат еғсімдер ғана жіктеле алады.
көптеледі жіктеледі
Зат есім
септеледі тәуелденеді
Өлеңдегі зат есімнің жіктік жалғауын табу.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
(Жұбан Молдағалиев)
Оқушыларды екі топқа бөлу: 1-топ – «Алғырлар», 2-топ -- «Тапқырлар».
А. «Кітап –білім бұлағы». Жаттығулар мен тапсырмалар орындату.
46-жаттығу. Зат есімдерді үш жақта жіктеу (жекеше және көпше түрде).
1-топ: заңгер,зейнеткер, ғарышкер.
2-топ: бүркітші, жылқышы, тілекші.
Ә. Дидактикалық материалдармен жұмыс. 15 бет. «Қыздың жолы үлкен» мәтінінен зат есімдерді табу.
1-топ. Тәуелденген зат есім: әке-шешесі, ағалары, іні-бауырлары, тілегі, төркіні, бабы, орны.
2-топ. Септеулі зат есім: баланы, баланың, төрге, қызды, орнын, сөзді, жерде, қыздарды, қонаққа.
Б. «Білімді мыңды жығар» тақтада берілген мақал-мәтелдерде зат есім қойылмаған. Көп нүктенің орнына зат есімді қоя керек.
1. Ел- ... бәрі жақсы, (елдің) Өз ... бәрінен жақсы. (елің)
2. ... опасыздық еткенің, (Отанға) ... қаралы боп өткенің. (Өмірден)
3. Кісі ... сұлтан болғанша, (елінде) Өз ... ұлтан бол. (еліңде)
4. Күш ..., (білімде) Білім ... . (кітапта)
В. «Жылдам жауап» ойыны. Еңбек түбі не? Көптің түбі не? Ер тынысы не? Ердің ісі не? Ең тәтті де не? Ең ащы да не?
-- Мұқағали Мақатаевтың «Қарлығашым» өлеңін үнтаспадан тыңдату, есте сақтап зат есімдерді жаздыру.
-- Екі топтан екі оқушы шығып, сөз тіркесіне морфологиялық талдау жасау: 1-топ: әжемнің баласымын. 2-топ: мектеп оқышысысың
Г. «Сөзтізбек» ойыны. Берілген зат есім соңындағы дыбысқа басқа зат есім ойлап жазу.
Ғ. Біліміңді байқап көр.
1. Тәуелдік жалғауын тап: а) Үйім алыста орналасқан. ә) Жиналыс ертең болады. б) Біз үйге ертең барамыз.
2. Жатыс септікті көрсет.
а) Қолын берді. ә) қолына тапсырды. б) қолында бар.
3. Жіктік жалғауында тұрған сөзді көрсет.
а) кеншінің ә) ауылданбыз б) санақ
4. Күрделі зат есімді тап.
а) білім, күрек т ә) ана, мектеп б) ашудас, ауыл-аймақ
5. Тәуелдік жалғауының оңаша, ортақ түрінің Ш жағының қосымшасын көрсет.
а) –ң, -ың, -ің ә) –ым, -ім, -м б) –сы, -сі, -ы, -і.IY. Үйге тапсырма беру: «Туған жер тұғырың -- туған тіл қыдырың» тақырыбында ойтолғау.
Ай-күні:
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы:Етістіктің райларын қайталау.
Сабақтың мақстаы:
--- оқушылардың етістіктің рай категориясынан алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
--- ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
--- орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, аналарды қадірлеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, семантикалық карталар, схемалар, топ аттары, мақалдар жазылған таблицалар, перфокарталар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
--- оқушылармен сәлемдесту, түгендеу;
--- оларды жаңа сабаққа әзірлеу;
II. Өткенді қайталау:
-- Балалар, біз сендермен етістіктің райларын қайталаймыз. Сендердің етістік райларынан алған білімдеріңді тексеремін. Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар. Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Бірінші мақал Отан туралы, екіншісі тұлпар туралы екен. Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар».
Сайысымызды бастаймыз.
ІІІ. Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы. Бұл кезеңде мен сендердің теориялық білімдеріңді тексеремін.
Етістіктің райлары деген не?
Етістіктің райлары мен шақтарының арсында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
Етістік райларының қандай түрлері бар?
Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?
Бұйрық рай деген не, қалай жасалады?
Шартты рай, және оның жасалуы.
Қалау рай деген не?
Қалау райдың жасалу жолдары туралы.
ІY. Оқулықпен жұмыс. (тақтада және дәптерде орындау)
Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезекпен шығарып, етістіктердің шағын анықтату.
Болатын – ашық рай, ауыспалы өткен шақ.
Көрінеді – ашық рай, ауыспалы осы шақ..
Y. Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».
Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өлең кім туралы? Авторы кім?
Ақынның басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?
Өлеңнен бұйрық рай, қалау рай, ашық райда тұрған етістіктерді табыңдар.
Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.
Бұйрық рай: Тыңда.
Қалау рай: салғың келеді, айтқың келеді.
Ашық рай: еккен, түлеткекн, күл еткен, тұрған, сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).
--- оқушыларды екі топқа бөліп, олардың атауын түсіндіру;
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалын ала отыры тобымыздың аттарын «Алтау» және «Төртеу» деп атадық.
--- оқушыларды бағалау тәсілін түсіндіру;
Құрметті оқушылар, барлықтарыңды алда келе жатқан жаңа жыл мерекелкріңмен құттықтаймын. Жаңа 2010 жыл барлығымызға жаңа бақыт, мол табыстар ала келсін!
Балалар, бүгін біз сабағымыздың барысында жаңа жыл белгісі шыршамызды безендіретін боламыз.. Мен әр топқа бір шыршадан дайындадым. Әр дұрыс жауапқа бір әшекейден беріп отырамын. Қай топ бұрын шыршасын толық безендіріп бітеді, сол топ бүгінгі сабақта жеңіске жетеді.
ІІ.Сабақтың барысы:
І. Үй жұмысын тексеру кезеңі: Өткен тақырыптарға шолу жасау:
«Алтау» тобына Зат есім туралы оқып келу;
зат есім деген не?
Зат есімнің мағыналық түрлері туралы
Зат есімнің құрылымдық топтары
«Төртеу» тобына—Сын есім туралы оқып келу берілген:
Сын есім туралы айту
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің құрылымдық топтары туралы баяндау.
ІІ. Жаңа сабаққа көшу:
а) --- Қайталау сұрақтары.
Сан есім деген не?
Cан есімнің құрылымдық түрлері.
Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
Cан есімнің мағыналық түрлері.
Есептік сан есім туралы.
Реттік сан есімнің дасалу жолдары.
Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?
Болжалдық сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?
Топтау сан есімінің ерекшеліктері.
Бөлшектік сан есімдер туралы.
Сан есімнің емлесі туралы7
Сан есім
Мағыналық түрі
Құрылымдық түрі
Есептік сан есім
Негізгі сан есім
Реттік сан есім
Туынды сан есім
Жинақтық сан есім
Дара сан есім
Болжаулық сан есім
Күрделі сан есім
Топтау сан есім
Бөлшектік сан есім
ә) Оқулықпен жұмыс.
«Алтау» тобына 182-жаттығу, «Төртеу» тобына 183-жаттығуды жазбаша орындату.
б) Деңгейлік тапсырмалар орындату:
--- карточкамен жұмыс
І деңгей.
1. бес әріптен жазылып, бір цифрмен таңбаланатын қандай сан? (8,9)
2. Кестені толтыр.
Есептік сан есім
Реттік сан есім
45,258,1,25,6666,100,32,1005,9
ІІ деңгей.
1. сөз құрамындағы сан есімді тауып цифрмен жаз.
Түбір -- тү+1
Кекіл -- к+2+л
Күшік -- к+3+ік
Төртпақ -- 4+пақ
Дербес -- дер+5
Балтыр -- б+6+р
Жетік -- 7+к
Сегізкөз -- 8+көз
Тоғызқұмалақ -- 9+құмалақ
2. мақал-мәтел құрамындағы түсірілген сан есімдерді жаз.
1.Қызға ... үйден тыю.
2. ... болса, ауыздағы кетеді.
3. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.
4. Білекті ... жығар, білімді ... жығар.
ІІІ деңгей.
1. ,Төмендегі сан есімдерді мағыналарына қарай топтап,сызбаны толтыр.
Сексен. Тоқсандай.он-оннан. Алпыс-жетпіс. Он бір. Елу-алпыс. Алтау. Жетпістей. Мыңыншы. Біреу. Бес-бестен. Екі жүз қырық екі. Бірер. Қырықтан. Отыз шақты. Бес жүз. Бір мың тоғыз жүз жиырма төрт. Жетінші.екеу. 1,5. онға тарта. Тоқсандай. 0,25.
Есептік
Реттік
Жинақтық
Болжалдық
Топтау
Бөлшектік
2. Мақалды жалғастыр.
1. Жүз теңгең болғанша, ... ... ...
2. жүздің атын білгенше, ... ... ...
3. жеті атасын білмеген, ... ... ...
--- Шығармашылық жұмыс:
Тақтаға үш түрлі деңгейде:
--- ІІІ деңгей «Ұлы көш», ІІ деңгей «Құстар өмірі», І деңгей «Біздің сынып» тақырыбында суреттер іліп, соған ішінде сан есімі бар сөйлемдер құратқызу.
в) Сергіту сәті: «Он алты қыз» әнін тыңдату.
г) Сандардың әдебиетте өрнектелуі:
----- Халық жаналығындағы 3,5,7 сандарына байланысты ұғымдарды айтыңдар:
ер кезегі үшке дейін, үш жұрт,
Жеті ата, жеті жұт, жеті қазына, жеті күн т.б.
Бес қару, бес түлік мал,
----- цифрларға байланысты мақал-мәтелдер айту:
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Бір адам қазған құдықтан мың кісі келіп су ішер.
Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.
----- сан есімге байланысты жаңылтпаш айту:
Бір қыз кесте тікті,
Кестесін кеште, түсте тікті.
Бестүп алма бестік алғандікі,
Төрт түп алма төрттік алғандікі.
Бір ақ шымшық,
Үш ақ шымшық
Төрт ақ шымшық.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Пеш ішінде бес мысық,
Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші – бес пысық.
----- сан есімнен жұмбақ жасыру:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа. (жыл, он екі ай, күн)
Мекені көкте екі ару,
Бірін-бірі көруге зәру. (күн мен ай)
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді. (орамдапырақ)
Бір түгіл үш бұты бар,
Көтергенінің құты бар. (ошақ пен қазан)
Бір құрсақты, Бір түймелі,
Екі құлақты, Екі желілі,
Он екі белбеулі, Күйдің көрігі, Әннің көлігі. ( домбыра)
----- Өлеңде өрнектелген сандар.
Жеті ұл
Сәл демалып, Екіншісі – Сейсенбі,
Тыным ал. Үшіншісі – Сәрсенбі,
Тақпақ тыңдап, Төртіншісі – Бейсенбі,
Ұғып ал. Жұма деген – бесінші ұл,
Апта деген ағайдың Алтыншы ұл ол – Сенбі,
Жеті бірдей ұлы бар: Жетіншісі – Жексенбі.
Біріншісі – Дүйсенбі,
Санамақтар
Бір дегенім – бесік, Алты деген – ақыл,
Шықтың содан өсіп. Тыңдағаның мақұл.
Екі дегенім – елім, Жеті деген – жалау,
Далам, тауым, көгім. Жүректегі алау.
Үш дегенім – үміт, Сегіз деген – сөзің,
Үміт артар жігіт. Серт беретін кезің.
Төрт дегенім – төзім, Тоғыз деген – тоқтау,
Төзе білем өзім. Елдің жоғын жоқтау.
Бес дегенім – бақыт, Он дегенім – Отан,
Бағалайтын уақыт. Қорға соны, ботам!
ғ) Талдау жұмысы.
Екі топ басшыларын тақтаға шығарып морфологиялық талдау жасату:
«Алтау» тобына: Алтыншы сыныпқа мектептен алты жүз елу дәптер бөлінді.
«Төртеу» тобына: Он бірінші сыныптың жиналысына жиырма-жиырма бес ата-ана қатысты.
е) Сөзжұмбақты шешу:
с
е
к
С
е
н
а
л
т
А
у
қ
а
Н
ш
а
е
с
Е
п
т
і
к
С
е
г
і
з
б
І
р
г
е
м
а
т
е
М
а
т
и
к
а
Ондық сан.
Жинақтық сан есім.
Сан есімнің негізгі сұрақтарының бірі.
Сан есімнің мағыналық түрінің бірі.
Жігіт ... қырлы, бір сырлы келер.
... тумақ бар,
... өлмек жоқ.
Сандарды ең көп қолданатын пән.
ІІІ. Қорытынды:
ІY. Үйге тапсырма беру:
«Егер мен бизнесмен болсам...» математикалық есептен тұратын мәтін құрастырып келу: