Сигналды карточкалар бойынша орындалатын тест (оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы жауап береді, әр сұрақтан кейін тақтаға дұрыс жауабы шығарылып, әр оқушы өзін-өзі тексеріп, бағалайды). 1.Әңіме мәтініндегі «франк» дегеннің не екенін табыңыз. А) ақша бірлігі В) ұлт С) қала Д) кісі есімі 2.Әңгімені баяндаушының оқиға басында кім болғандығын көрсетіңіз. А) студент В) жолаушы С) тіленші Д) жазушы 3. Ыбырайдың бұл әңгіме арқылы не айтқысы келетінін көрсетіңіз. А) ерінбеген тілегіне жетеді В) адамшылық-ар ісі С) еңбек ерлікке жеткізер Д) бос жүрсең, бос қаларсың 4.Әңгіменің идеясы нені тұспалдайтындығын табыңыз. А) оқу-білімнің пайдасы В) адал еңбек етуді С) адамшылық жолдан аттамауды Д) мінезсіз болудың пайдасыздығын 5.Брюссель қаласындағы кітап дүкенінің иесі кім екендігін көрсетіңіз. А) Антон В) бұрынғы жолаушы кісі С) бұрынғы студент Д) әңгімені баяндаушы Қалай ойлайсыз, сол жолы Антонға жолаушы кездеспегенде Антон тіленшіліктен шыға алар ма еді? (шағын эссе жазады). |