kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин «Д?ние ?алай етсе? табылады?» ??гімесін о?ыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?абиева Сауле Есім?ызы ?аза? тілі мен ?дебиет п?ніні? м??алімі. Е?бек ?тілімі: 12 жыл. Санаттылы?ы: 1. ?осымша ат?аратын міндетім директорды? ?ылыми ісі ж?ніндегі орынбасары. Саба?та жа?а технологияларды тиімді пайдалана біледі. О?ушылары ауданды? ж?не облысты? сайыстарыны? ж?лдегері.Шы?армашылы? та?ырыбым: О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыта отырып, зерделі, талантты, ?з ана тілін ??рметтей білетін т?л?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин «Д?ние ?алай етсе? табылады?» ??гімесін о?ыту.»

Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін оқыту.



Сабақтың мақсаты: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін жан- жақты талдау.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты. Автордың негізгі ойын анықтап, өз сөзімен жеткізе біледі.

  2. Сыни ойлауға байланысты. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы ойын тұжырымдауға, айналасындағылардың көзқарасын тыңдауға, сыйлауға үйрету.

  3. Топпен жұмысқа байланысты. Өз топтарында жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау арқылы жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдістері: Еркін жазу, Блумның сұрақ қою жүйесі, пікірталас кестесі.

Сабақтың жабдығы: плакаттар, калька, маркер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Сынып үш топқа бөлінеді.

І. Ой шақыру. «Еркін жазу» әдісі.

- Балалар, «еңбек» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді, көз алдарыңа не елестейді, қалай түсінесіңдер? Соны екі- үш сөйлеммен ғана дәптерлеріңе жазыңдар.

Оқушылар не ойлағандарын берілген уақыттың ішінде қағаз бетіне түсіреді. Орфографиялық қателерге мән берілмейді. Оқушылардың еңбек тақырыбына деген көзқарасын, ойларын танып білгеннен кейін, әңгімені талдауға көшеміз.

ІІ. Мағынаны ажырату. Блумның сұрақ қою жүйесі.

Тақырыпты оқытарда қандай әдіс- тәсілдерді қолдану керектігін өтілетін шығарманың табиғатына, сабақтың мақсатына қарай анықтадым. Ондағы нақты іс- әрекет мәтін арқылы жүзеге асатыны белгілі; себебі оқушылардың ойын, тілін дамытудың негізгі қазығы- мәтін.













Ы.Алтынсарин « Дүние қалай етсең табылады?»

Деңгейі

Мұғалімнің сұрағы

Оқушының іс- әрекеті



Білім



Жалқаулық пен еріншектік туралы не білесің? Ол адамның қандай қасиетіне жатады?

Жалқаулық пен еріншектік адамды аздырады. Жаман нәрселерге итереді. Соның кесірінен Антон тіленші болып кеткен. Ол адамның ең жаман қасиеті.





Түсіну

Автордың «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін жазуға себеп болған не?

Әңгіменің бұлай аталуы нені меңзейді?

Ең басты негізгі себеп- адамзаттың қас жауы еріншектікпен, жалқаулықпен, арам еңбекпен күресу. Жаман қасиетті әшкерелеу, халықты одан бездіру, еңбекқорлыққа шақыру.





Қолдану

Бейтаныс кісінің «Осы айтқанымдай машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың» деген сөздерінен нені ұқтыңдар? Әңгіме идеясын ашудағы мақсаты қандай?

Бұл үзіндіде Ы.Алтынсарин бейтаныс адамның сөзі арқылы еріншек, жалқау адамға еңбек ету арқылы өмір сүрудің жолдарын көрсеткісі келеді. Бұл эпизодта тіленші Антонға ақылдылық танытқан бейтаныс адамның жанашырлығын аңғардым.





Анализ

Жазушы алдына қандай мақсат қойып отыр? Осы арқылы нені үлгі етпек? «Еңбек шаһар түзетеді, еңбексіздік оны жүдетеді» деген мақалдың мәнін қалай түсінесің? Қазіргі таңда Антон сияқты кейіпкерлер кездесе ме? Кездессе дәлелде.

Жазушы «Еңбектен. Еңбек етсең мақсатыңа жетесің, байлыққа кенелесің» деп отыр. Антон сияқты кейіпкерлер қазіргі кезде бар.

« Заманға таң қалма, адамға таң қал» деп бекерге айтылмаған. Мұндай адамдар мешіттің қасында, базарларда, көшеде кездеседі.





Синтез

Әңгімеден қандай ой түйдің?

«Еңбекпен тапқан нан тәтті»,

«Байлықтың көзі –еңбекте» немесе басқа қалаған ат қойып эссе жаз.

Еңбек- ол адамның іс- әрекеті. Еңбектенбеген адам өмірден құр қалған адам. Әрине, еңбектің наны қашан да тәтті болады. Өйткені сен оны таңның атысы, күннің батысына дейін еңбектенген ақшаңа алып жейсің. т.б.





Бағалау



Әңгімедегі қай адаммен кездескің келеді? Осы әңгімені оқи отырып, мен өзіме не ала алдым?

Әңгіменің негізгі мәселесі- еріншектік пен жалқаулықтан безініп, адал еңбек ету. Әңгімедегі Антон алғашқыда еңбекті оңай жолмен тапқысы келді. Одан әріден аса алмады. Соңында ол бейтаныс кісінің ақылынан кейін өз өмірін мүлдем өзгертті. Ол белгілі кітап дүкенінің иесі болды. Мен осы әңгімені оқи отырып, «Адамды адам еткен еңбек» екеніне толық көзім жетті.



ІІІ. Ой толғаныс. Пікірталас кестесі.



Антонның алақанын жайып, қайыр сұрап жүргені дұрыс па?



Иә

Жоқ

1. Ол- кедей.

1. Ол- ер азамат.

2. Жан ашитын, көмек беретін ешкімі жоқ.

2. Намысқа тырысып, ұсақ- түйекпен айналыспау керек еді.

3. Жалғыз болғандықтан еңбекті неден бастарын білмеді.

3. Өйткені ол еріншек, жалқау болды.



Түйін сөз: Антонның алақанын жайып, қайыр сұрап жүргені дұрыс емес.




Топ оқушылары ең соңында өзара бір шешімге келіп, түйін шығаруы тиіс.



Үйге тапсырма: «Антонға сауаттылық хат» жазу. «Еңбек- адамның екінші анасы» деген тақырыпта ой толғау жазу. Еңбек жайында мақал- мәтелдер әкелсе де болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ыбырай Алтынсарин «Д?ние ?алай етсе? табылады?» ??гімесін о?ыту.

Автор: Кабиева Сауле Есимовна

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306852


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства