kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ы.Алтынсарин. Өмірі мен шығармашылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алып, шығармаларын талдауға, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға дағдыланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ы.Алтынсарин. Өмірі мен шығармашылығы»

Сыныбы: 9 Пәні: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.Өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ

Көрнекілігі: Слайдтар, тірек-сызбалар, кестелер.

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы

Сабақтыңбарысы:

І. Қызығушылықтыояту

  1. Сыныпты 4 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

  2. Сабақтың мақсатын айту. 

  3. Үй жұмысын тексеру

«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.

(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1821 – Нысанбай жырау Сыр бойында ауқатты отбасында дүниеге келген. 
14-15 Нысанбай «бала ақын» атанады.

17 – Кенесары оны өкіл іні етіп жанына алады.

1835- Қасым төренің кіші ұлы Наурызбаймен бірге өскен.

1870 –Орта Азия елдерінде қашып жүріп,ауыр жоқшылықта дүние салады.
1912- «Кенесары-Наурызбай» дастаны Қазан қаласында жарық көрген.

1923 - «Кенесары-Наурызбай» дастаны Ташкент қаласында жарық көрген.

         ІІ. Мағынаны ажырату

1.Ой қозғау

«Үміт еткен көзімнің нұры  - балам.»


Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаңмұндаанаңменесен-аман,

Сүйіпсәлемжазадыбүгінсаған.

 

Атаңдысағындымдепасығарсың,

Оқуғакөңілбөлсең, басыларсың.

Ата – анаңдыөнербілсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.

 

Шырағым, мұндажүрсең, не етередің?

Қолыңақұрықалыпкетередің.

Тентірепекіауылдыңарасында

Жүргенмен не мұратқажетередің?!

-Балалар, бұл өлең кімге арналған? Және кімнің жазған өлеңі деп ойлайсыңдар?

- Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?

2. «ББҮ стратегиясы» .

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім




Тақтаға тақырып пен күннің жадысы жазылады.

3.Ы.Алтынсарин өмірімен таныстыру. (презентация арқылы)

4.Мәтінмен топтық жұмыс.

Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқып, берілген жобаны қорғайды.

1-топ. Ыбырай кім? Оның орыс достары.

2-топ. Ыбырай ашқан мектептер.

3-топ. «Қазақ хрестоматиясы»

4-топ. «Мұсылмандық тұтқасы»

Ыбырай кім? Ыбырай ашқан мектептер.



Ы.Алтынсарин







«Қазақ хрестоматиясы» «Мұсылмандық тұтқасы»

5.Ақын шығармаларына талдау жасау.

1-топ.Ыбырай сөзі қандай қасиеттерді айқындайды?

Өлеңдерінен үзінді

Адам бойындағы қасиет

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен

Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар.

Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алғызды.

Ақылсыз жанды досым деп, Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда, Ол жаман айғақ болар басыңа.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Ұрлық пен біреуге жалынышты болудан аулақ болуды айтқан.

Оқу оқып, білім алу арқылы адамның қолы көп нәрсеге жететінін баяндайды.



Білімді, өнерлі адамның өрісі кең екендігін ұғындырады.




Досты дұрыс таңдауға ақыл-кеңес береді.





Адамға ең жақын , ең қымбат жан ананың қадірі мен қасиетін түсініп, сыйлауға шақырады.



2-топ. Венн диаграммасы.

Ыбырай мектебіндегі оқу Діни оқу

1.Татар, араб тілдерінде оқыды.

2.Дін жолындағы адамды тәрбиеледі.

3.Ескіше әдіспен оқытты.

1.Қазақ тілінде оқыды.

2.Адамгершілігі мол азамат

болуды көздеді.

3.Жаңа әдіспен оқытты.












3-топ. Ы.Алтынсариннің бір әңгімесін сахналандыру. (Қойылым қою)

Бақша ағаштары.

Жаздың жайма шуақ күнінде әкесі мен баласы бақшаны тамашалауға барады. Бірі қисық, бірі түзу өсіп тұрған ағаштарды көріп баласы:

-Әке, анау тұрған ағаш неге қисық, ал мына ағаш неге түзу өскен?-деп сұрайды. Сонда әкесі:

  • Балам, мына ағаш бағып-баптап отырғаннан түзу, ал мына ағаш бапталмаған соң қисық өскен.Егер сен де жас күніңде бағыт –бағдар берілмей, қаралмай өссең, мына қисық ағаш секілді қисық, тәрбиесіз өсер едің.«Бағу-қағуда көп мағына бар» деген осы, балам,- депті.

4-топ.Ұлы ұстазға хат жазу.

ІІІ. Ойтолғаныс

1. «ББҮ» стратегиясына оралу.

Не білдік? Не үйрендік? (Кестені толтыру)

2.Тест жұмысы.
1.Ақын қашан дүниеге келді?
а)1835 ә)1841 б)1845 в)1846

2.Ақын Орынборда неше жыл оқыды?
а)5 ә)6 б)7 в)10

3.Ы.Алтынсарин ,, Силинші ханым” әңгімесін кімнен аударды?
а)Л.Н.Толстой ә)А.С. Пушкин б)М.Ю.Лермонтов в)И.С.Тургенев

4.Ы.Алтынсариннің орыс досы кім?
а) Ф.И.Тютчев ә) Н.И.Ильминский б) Н.В.Гоголь в) Ф.М.Достоевский

5.1887 жылы Ырғызда қандай мектеп ашты?
а) діни оқу мектебі ә) қыздар мектебі б) балалар мектебі в)мұғалімдер мектебі

Бағалау

  • Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.

Үйгетапсырма:

  • «Даланың дара ұстазы» тақырыбына эссе жазу

  • Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ы.Алтынсарин. Өмірі мен шығармашылығы

Автор: Утешова Гулжан Амангелдиевна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства