«Әке мен бала» әңгімелері.
Жалпы мақсаттар: | Ы.Алтынсарин шығармашылығы туралы мәлімет. Алтынсарин әңгімелеріндегі еңбек, адамгершілік мәселесі туралы мәлімет. Топтық жұмыстар арқылы өз ойын ортаға сала білу дағдысына ықпал жасау. |
Міндеттер: | Бүгінгі тақырыпты түсінулерін анықтау; Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау,диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау; Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау; |
Негізгі идеялар: | Мейірімділік, қанағатшылдық,еңбек |
Тапсырмалар: | Топтық тапсырмалар,комулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме |
Күтілетін нәтиже: | Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады. Ы.Алтынсарин шығармашылық жолы туралы біледі. Әңгімелеріндегі көтерілген еңбек, адамгершілік мәселелері жөнінде ой қорытады. |
Көрнекілігі: | Стикер,маркер,бағалау парағы,оқулық,ресурстар |
Сабаққтың түрі, әдіс-тәсілдері: | Топтық әдіс, жұптық талқылау, сұрақ-жауап |
Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурс тар |
Ұйымдас тыру | Амандасу, «Жылы лебіз» тренингі Өнер алды-қызыл тіл Анаңдай оны құрметте Қажымай,талмай үйрен біл Аслын сөзін өрнекте Ана тілі-асыл қазына Байлығың-білсең,ол сенің Жеткізер өмір жазына Сонымен өсер өркенің-дей келе сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін кезекті әдебиет сабағымызды бастаймыз. | Оқушылармен амандасып, бір –біріне жылы лебіздерін айтып,сәттілік тілеп жағымды ахуал орнатады. | | |
Үй тапсырма- сын тексеру, бекіту | І-топ Ыбырай өмірімен шығармашылығы ІІ- топ Ыбырайдың «Жаз» өлеңін жаттау ІІІ-топ Ыбырайдың «Азған елдің билері» өлеңін жаттау. | Постер қорғайды ІІ-ІІІ топ оқушылары өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады. | Формативті бағалау. | Оқулы, флип чарт |
Бағалау критерий лерін құру | Оқушылармен бірлесе отырып, критерийлер құру. 1.Топта бірлесе жұмыстануы 2.Өз ойын көркем тілмен жеткізуі 3.Әңгіменің мазмұнын ашуы | Мұғаліммен бірлесе отырып, критерийлер құру. | | |
Топқа бөлу | Оқушыларды әдебиет теориялары бойынша топқа бөлу. І топ «Әңгіме» ІІ топ «Поэзия» ІІІ топ «Мысал» | Оқушылар өздері топшамаларды таңдау арқылы топтаға бөлінеді. | | Қиынды қағаздар |
Жаңа сабақ. Ой қозғау. | Ыбырай шығармаларының ішінен әдеби теорияларды әр топ тауып жұмыстану. І топ Әңгіме ІІ топ Поэзия ІІІ топ Мысал | Әр топ өздеріне берілген әдебиет теорияларын тауып айтады, сонымен бірге Ыбырай шығармашылығынан сол ұғымдарды табады. | Формативті бағалау. | Ресурс тар |
Сергіту сәті | «Менің үшбұрышты қалпағым»жаңылтпашын қимылмен көрсету. | Оқушылар қимылмен көрсетіп отырады. | | |
Тапсырма лар | І топ «Әңгіме» тобына «Әке мен бала» ІІ топ «Поэзия » тобына «Атымтай жомарт» ІІІ топ «Мысал» тобына «Мейірімді бала» | Әңгімелерді оқып өз беттерімен жұмыстанады. Компазицялық құрылысына талдап, мазмұнын ашады. Swot әдісі | Формативті бағалау | Ресурс тар,оқу лықтар |
Сабақты бекіту. «Сиқырлы таяқша» әдісі | І топ сұрақ (қызыл) ІІ топ жауап (сары) ІІІ топ ұсыныс,идея (жасыл) | Оқушылар топтар болып орындайды | | Үш таяқша |
Бағалау | Оқушылармен бірлесе отырып бағалау, критери бойынша бағалау топтар бір –бірін | Оқушылар өз пікірлерін айтып сыныптастарын бағалайды. | Формативті, сумативті бағалау | |
Үйге тапсырма | І топ «Ыбырай балалар әдебиетінің атасы» реферат ІІ топ Ыбырай Алтынсаринге тест құрап келу ІІІ топ эссе жазу | | | |
Кері байланыс | Оқушылар кері байланыс ұсынылады Біз надан болып өсірдік Иектегі сақалды Өнер-жігіт көркі деп Ескермедік мақалды Біз болмасақ,сіз барсыз Үміт еткен достарым Сіздерге бердім батамды-деп Ыбырай атамыз бұдан көп жыл бұрын сіздер сияқты жас ұрпаққа батасын берген екен. Сол аталар батасын ақтап, ұлтымыздың тілі мен әдебиетін сақтап,жадымызда ұстайық,балалар! | Оқушылар стикерге кері байланыстарын жазады. | | Стикер,А3 формат |