А)Ыбырай Алтынсаринні? ?мірі мен е?бектеріне то?тала отырып, ??гімені? идеялы? мазм?нына талдау, о?ушылар?а ойландыратын сауал бере отырып, пікірін ты?дау, ?орытынды жасау.
?) Білімдік танымын, шы?армашылы? ?абілетін, тілдік ?орын, ізденстерін арттыруБ) Е?бекс?йгіштікке, маманды? та?дай білуге, адамгершілікке, ??ыптылы??а, ойын еркін жеткізуге т?рбиелеу,ал?ант білімдерін ?мірде де ?олдана алуына ы?пал жасау.
Сілтеме
?аза? ?дебиеті. о?улы?,5 сынып.М??алімге арнал?ан н?с?аулы?39,49беттер.?аза? тілі мен ?дебиеті ж?рналы №12/2012;№2/2013;№4/2013. 45minut.kz интернет
Просмотр содержимого документа
«Ы.Алтынсарин "Д?ние ?алай етсе? табылады?" »
Пірманова Замира Ауелбекқызы
Қысқа мерзімді сабақ жосары.
Қазақ әдебиеті
5 «А»-сыныбы
20.12.14 жыл
Сабақтың тақырыбы
Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»
Жалпы мақсаттары:
А)Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
Ә) Білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденстерін арттыруБ) Еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу,алғант білімдерін өмірде де қолдана алуына ықпал жасау.
Сілтеме
Қазақ әдебиеті. оқулық,5 сынып.Мұғалімге арналған нұсқаулық39,49беттер.Қазақ тілі мен әдебиеті жұрналы №12/2012;№2/2013;№4/2013 . 45minut.kz интернет
Өзен аттарымен топтарға бөлу: ЖАЙЫҚ ТОБЫЛ ЕСІЛ ЕРТІС
3.Үй тапсырмасын сұрау(10мин)
Түсінік айту,топ ішінде ізденген жұмыстарды талқылау.Топтастыру
«Су – тіршілік көзі». Ой толғау жазу
Топқа берілген тапсырманы орындау.
4.Ой қозғау(10мин)
Әңгіме не жайлы?
Топтық жұмыс:
І топ
Венн диограммасын толтыр
ІІ топ
Рафт әдісі
ІІІ топ
5-жолды өлең
IV топ
Фиш –боун әдісі
Тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.
Тапсырманы орындау.
5.Мағынаны тану(10мин)
Сэнкуэн әдісі
«Антон» (синтез).
1.Зат есім. Шоқан.
2.Екі сын есім. Мейірімді,пысық.
3.Синоним. Антон еңбекқор4.Төрт етістік. Тыным таппайды, күнін босқа өткізбейді,
еңбектеніп ақша табады, ешкімге
тәуелді болмайды.
5.Сөйлем құрау. Қиындықты жеңу –ерлік
Мәтінмен жұмыс жасау,тапсырманы орындау.
Шығармашылық жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
6.Дарынды оқушылармен жұмыс
Әңгімеден алған әсерім
Тапсырманы орындау.
Пікір жазу.
7.Рефлексия (2мин)
Стикер тарату
Өз ойын жазу,сұрақ
8.Сергіту(4мин)
Жаңбыр сергітуі.
Доп арқылы сұрақ-жауап
Сергіту жұмысын жасау
9.Үйге тапсырма(1мин)
«Жаманмен күресу керек»тақырыбына эссе жазу
Күнделікке жазып алу
10.Бағалау(3мин)
Формативті бағалау
(бағалау парақшаларымен)
Бірін –бірі бағалау.
Түстер арқылы
Суреттер
Оқиғалар
Мінездеме
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
5- сурет
Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
Антон қандай қорытынды шығарды?
Антон сияқты сенің бірге оқыған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?
Болашақта кім болам деп армандайсың? Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған екен?
Ыбырай аталарыңның еңбек тақырыбына жазған тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?
.
Еңбекқор
Уәдеге берік.
Тыным таппайды, күнін босқа өткізбейді,
еңбектеніп ақша табады, ешкімге
тәуелді емес.
Сөздікпен жұмыс: франк – француз ақшасының атауы
Мәтіннен көнерген сөзді табу: купец, реуішті.
Бағалау парақшасы:
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасын айту,іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Бағалау парақшасы
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасын айту,іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасы «Өзен»өлеңін жатқа айту,іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Бағалау парақшасы:
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
(1841–1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Жеті жылда Ыбырай мектептен жақсы білім алып шығады. Ендігі жерде өзі алған білім нұрын халқына шашқысы келіп, мектеп ашуды армандайды. Көп жылдар аңсап, өз өмірінің арманы болған мектебі тек 1864 жылы ашылады. Бала оқытқанына қатты қуанған Ыбырай: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» деп жазған екен бір хатында.
Иә, Ыбырай Алтынсарин – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, өзінің бар өмірін сол жолға арнаған адам. Сонымен қатар ол балаларға арнап әр түрлі тақырыпта көптеген өлең, шағын әңгімелер жазды. Орыс әдебиетінен балаларға лайық көркем шығармаларды аударды. Сол көркем шығармалардың бәрінде де ол балаларға білім, тәрбие, үлгі-өнеге беру мақсатын көздеді.
Өздеріңе ұсынып отырған шығармасынан осы мақсатты аңғарарсыңдар.
Ыбырайдың «Өзен» атты табиғат лирикасын оқып, өз туған жеріңдегі өзенмен салыстырып көріңдер.
«Дүние қалай етсең табылады?» деген шағын көлемді әңгімесін асықпай түсініп оқып, пікір таластырыңдар.
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасы
іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасы іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Тапсырмалар:
Аты-жөні:
Үй тапсырмасы іздену жұмыстары
5-10б
Топтық жұмысқа қатысуы,
қорғауы
5-10б
Шығармашылық жұмысты орындау
5-10б
балы:
25-30б-5 баға
20-25б-4
15-20б-3
Ата-ана туралы мақалдар
Әке –тәрегің.
Ана –жүрегің
Әкеден асқан «пірің» жоқ,
Шешеден асқан нұрың жоқ.
Ата-ана –өмірдегі қымбатың,
Жақсы жар –мақтан етер сымбатың.
Ата-анасын қорғағанды тәңірі қолдайды,
Ата –анасын қорлағанды тәңірі қарғайды.
Ана –құдірет,табынарың,
Әке –дәулет,қара нарың.
Ата-анадан асқан жақын жоқ,
Мақалдан асқан нақыл жоқ
Анаңның сөзін бақ,
Балаңның көңілін тап.
Ата сөзі оқпен тең,
Ана сөзі отпен тең.
Ана тілің-ана сүтің,
Ата дәстүр –сана құтың.
Анаңның сүтін ақта,
Бабаңның құтын сақта.
Спандияр Көбеев(1878-1958)
Спандияр Көбеев 1878 жылы, қазіргі Қостанай облысы-ның Меңдіқара ауданында туған. Әкесі мұсылманша сауатты, еңбекқор, анасы ауыл елге сыйлы жандар болыпты.
1887 жылы Ы. Алтынсарин ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң 1892-1895 жылдары Қарағайлыкөлде төрт жылдық оқуда оқиды. 1895-1897 жылдары Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен білім алды.
Ұстаз болуды армандап, Орынбордағы оқытушылар семинариясынан білім алуға талпынады, бірақ сәті келмей, 1898 жылы Қостанайдағы екі жылдық бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын курсты аяқтайды.
Оқу бітірген соң Ырғыз уезінің Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде С. Көбеев өзі білім алып, хат таныт-қан ұстазы Ыбырай жолымен, ғылым негіздерін үйретуге ынта қояды. А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.П. Чехов, И.А. Крылов шығармаларын алыс ауылдағы ел Спандияр Көбеев, мұғалімнің әңгімелеп айтуынан естиді.
Ауылдағы түрлі өрескелдіктер мен адам мінезіндегі жағымсыздықты, ұнамсыздықты сынау үшін И.А. Крылов мысалдарын аударды.
1903-1905 жылдар аралығында Петропавл уезінде мұғалім, 1905 жылы Омбыдағы бір айлық ауыл шаруашылық курсында білім алады, 1908-1910 жылдары Петропавл қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде қызмет етеді.
1910-1919 жылдары Қостанайдың Федоровка ауылында мұғалім болады.
С. Көбеев - өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиелеп, бі-лім берумен айналысқан ұстаз.
1956 жылы дүние салды.
Шығармалары. С. Көбеев ауылда мұғалім болып жүрген кезінен бастап ел тұрмысына жақын, оқиғасы шағын, есте жақсы сақталып, көңілге бірден жететін мысал өлеңдер аударуды қолға алады. Ел ішінде түрлі оқиға, іс-әрекет пен И.А. Крыловтың мысалдары арасынан үндестік та-бады. Алғаш 1908 жылдан бастап аударған мысалдарын 1910 жылы Қазан қаласында бастырып шығады. Оны «Үлгілі тәржімә» деп атайды.
Спандияр Көбеев қиянат, әділетсіздік, надандық, мақтан сүйгіш, бос кеуделілік, ақымақтықты сынайды. «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Көлбақа мен Юпитер», «Арыстан мен маса», «Жапырақтар мен тамырлар» сияқты мысалдарға әр заттың қадір-қасиетін ұғынуды, бірлік пен ынтымақты сақтауды, шамасына қарап шарқын бағамдауды, көпшіліктің жұмылса жеңбейтін, алынбайтын қамалы болмайтынын айтады.
Ұлы Абайдан басталып, А. Байтұрсынов жалғастырған мысал аударудағы С. Көбеев еңбегі өз заманына қажетті тақырып пен ойды дәл кезінде қозғауымен де маңызды әрі И.А. Крылов мысалға алған арыстан, аю, қасқыр, түлкі, қой-қозы, өгіз т.б. бейнелері қазақ әдебиетіндегі осындай аллегориялық (пернеленген) бейнелермен мінез-құлқы жағынан да үйлесе кетті.
1912 жылы Қазанда «Үлгілі бала» атты кітабы басылады. Кітап бастауыш мектеп балалары үшін оқу құ-ралы ретінде дайындалған. Крылов мысалдары мен ақын-жазушыларының шығармаларының аудармаларынан, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен құрастырылған. К.Д. Ушинскийдің «Родное словосын» басшылыққа ала әзірленген кітапта Л. Толстойдың «Құмырсқа мен көгершін», «Ат пен есек», «Атасы мен немересі», «Екі жолдас» т.б., К. Ушинскийдің «Екі соқа», «Түлкі мен теке», «Сауысқан мен қарға» т.б. әңгімелері, сонымен бірге өзінің «Жетімнің өлеңі», «Жарлы мен бай», «Қайыршы» сияқты шығармалары кірген.