kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

XIX - XX ?асырда?ы ?нші а?ындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?кілі Ыбырайды? ?мірбаянын шы?армасына негіздей отырып талдау, ?айталанбас суреткер екеніне к??іл б?лу, жазушыны? ?з бейнесін к?ру ?шін шы?армасына тере? ??ілдіру, сол ар?ылы ?мірі, арман - м?раты, а?ын жазушыларды? ?нер та?ырыбын ме?герту, ?н ?неріні? ??діретін таныту шеберліктерін а??арту.

Дамытушылы?:

    ?аламгерді? суреткер ретіндегі м?мкіншілігін таныту, идеялы?, эстетикалы? м?нін ашу ?шін логикалы? ойларын дамыту.

Т?рбиелік: 

  ?нерді с?ю, ?нге ??штарлы?, ?нер адамдарына деген к?з?арасты ?алыптастыру.    

Саба?ты? т?рі:   білімді бекіту  
Саба?ты? ?дісі:  топтастыру, талдау ?дісі, о?улы?пен ж?мыс, с?здік ?дісі

Саба?ты? к?рнекілігі: Сызбалар, интерактивті та?та, бейне таспа, ?нтаспа

П?наралы? байланыс:    Тарих, ?аза? тілі, ?н

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:

А) о?ушылармен амандасу ж?не оларды т?гендеу

?) назарларын саба??а аудару

ІІ. ?йге берілген тапсырманы тексеру

XIX – XX ?асырда ?мір с?рген ?нші – сазгер  а?ындар шы?армашылы?ына шолу

- Сан?асырлы?  тарихы бар ?аза? м?дениетіні? ?ай саласы да ?рдайым ?зіндік даму, ?ркендеу ?стінде болды. ?сіресе ке? далада еркін ж?рген халы?ты? жанына е? жа?ыны с?з ?нері мен саз ?нері еді. Я?ни, ?аза? ?шін ?н мен ?ле?ні? орны ?ай кезе?де де аса ?адірлі болды. Т?рт жол ?ле? ??растырмайтын, екі ауыз ?н ?уелетпейтін ?аза? кемде – кем болуы осыны? ай?а?ы болса керек. Б?л ж?нінде Г.Потанин: «Ма?ан б?кіл ?аза? даласы ?н салып т?р?андай болып к?рінеді», - деген  еді. Б?л ?аза? ?ніні? ж?рекке ?онымдылы?ы мен таби?илы?ына берілген ??нды пікір болатын.   

Ш. «Ой ?оз?ау» стратегиясы ар?ылы ?йге берілген тапсырманы пысы?тау с?ра?тары ар?ылы тексеру.

  1. «?нші – а?ындар»  деп кімдерді атаймыз?
  2. ?нші – а?ындарды? ?зіндік ?андай ерекшеліктері бар?
  3. XIX – XX ?асырда  ?мір с?рген ?нші – а?ындар кімдер?
  4. ?нші – а?ындарды? бойында то?ыс?ан ??састы? сипаттар ?андай?
  5. Сал – сері  дегеніміз кімдер? Сал – серілік д?ст?рді? басты белгілері ?андай?
  6. ?нші – а?ындар  шы?армаларына орта? бол?ан м?селе ?андай?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«XIX - XX ?асырда?ы ?нші а?ындар»

Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығы

(1856 – 1932)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Үкілі Ыбырайдың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау, қайталанбас суреткер екеніне көңіл бөлу, жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман - мұраты, ақын жазушылардың өнер тақырыбын меңгерту, ән өнерінің құдіретін таныту шеберліктерін аңғарту.

Дамытушылық:

Қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық, эстетикалық мәнін ашу үшін логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік:

Өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі:
топтастыру, талдау әдісі, оқулықпен жұмыс, сөздік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, интерактивті тақта, бейне таспа, үнтаспа

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, ән

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен амандасу және оларды түгендеу

Ә) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

XIX – XX ғасырда өмір сүрген әнші – сазгер ақындар шығармашылығына шолу

- Санғасырлық тарихы бар қазақ мәдениетінің қай саласы да әрдайым өзіндік даму, өркендеу үстінде болды. Әсіресе кең далада еркін жүрген халықтың жанына ең жақыны сөз өнері мен саз өнері еді. Яғни, қазақ үшін ән мен өлеңнің орны қай кезеңде де аса қадірлі болды. Төрт жол өлең құрастырмайтын, екі ауыз ән әуелетпейтін қазақ кемде – кем болуы осының айғағы болса керек. Бұл жөнінде Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді», - деген еді. Бұл қазақ әнінің жүрекке қонымдылығы мен табиғилығына берілген құнды пікір болатын.

Ш. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы үйге берілген тапсырманы пысықтау сұрақтары арқылы тексеру.

  1. «Әнші – ақындар» деп кімдерді атаймыз?

  2. Әнші – ақындардың өзіндік қандай ерекшеліктері бар?

  3. XIX – XX ғасырда өмір сүрген әнші – ақындар кімдер?

  4. Әнші – ақындардың бойында тоғысқан ұқсастық сипаттар қандай?

  5. Сал – сері дегеніміз кімдер? Сал – серілік дәстүрдің басты белгілері қандай?

  6. Әнші – ақындар шығармаларына ортақ болған мәселе қандай?







IV. Жаңа сабақ

Қазақтың танымал опера әншісі, драма актрисасы Күләш Бәйсейітованың орындауында Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әуені тыңдалады.

  • Оқушылар, бұл әннің авторы кім деп ойлайсыңдар?

  • Әнді орындаушы кім?

Осы сәтте тақтаға Күләш Бәйсейітованың бейнесуреті көрсетіледі.

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда халқымыздың біртуар әншісі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз. Тақтада ақынның бейнесуреті көрсетіледі.

а) Теңдесі жоқ дарынды ақын

Тақтада Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының бейнесуреті көрсетіледі.

 Әнші бар Көкшетауда талай ірі,        

 Ыбырай топ жарғанның о да бірі.

Қаңбақша қыз – боз бала қағып алып,  

 Жайылған талай әсем ән мен жыры.    

Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы,

Сауықтың жан думаны, болған пірі.    

Ақырып арыстандай ән салады,     

Ыбырай жүйрік тарлан әлі тірі. – деп Сәкен Сейфуллин жырлағандай, Ыбырай Сәндібайұлы халқымыздың теңдесі жоқ дарынды ақыны, сұлулық жастық шақтың жыршысы.  (слайдта көрсетіледі)

ә) Ақынның өмір белестері

Ыбырай бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты «Жалғызтау» бөктерінде 1856 жылы дүниеге келген. Ыбырайдың арғы атасы – Сәбден батыр. Ол халық арасында және кейінгі ұрпаққа Үкілі Ыбырай деген атпен мәлім болды. Бас киіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскен балаң жігіт  Үкілі Ыбырай атанады.

Әкесі Сандыбай ұсталықпен күн көрген шағын шаруалы адам болған. Әйтсе де баласының оқу іздеуіне, өнер қууына кедергі жасамаған. Ыбырай жастайынан молдадан оқып хат таниды. Кейбір деректер бойынша, оған сегіз жасынан бастап өнер дарып, әншілікке, ақындыққа ден қойыпты. Қолына түскен алуан түрлі кітаптарды оқып, қисса – хикаяларға қатты құмартады. Ыбырай ертегі, дастандарды жатқа білетін. «Тотының тоқсан тарауы»,  «Алтын балық», «Мұңлық-Зарлық», «Қыз-Жібек» дастандарын, Сәкеннің «Көкшетау», «Бозжігіт», «Мың бір түн», «Оқжетпесін» жатқа айтады екен.

Әкесі Сандыбай да сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі болғанмен, кедейліктің мехнатын көрген жан еді. «Әке балаға сыншы» демекші, бойында өнердің ұшқыны бар баласына зергерлікті  мирас етіп қалдырам деген ойы іске аспай, әнші Ыбырай ойын-тойда ән салып, серілік құрғанды тәуір көреді. Сұлу қыз, құмай тазы, жүйрік ат пен қыран бүркіт - жастық шағының құмары болған ол кезі келгенде бірер ауыз өлең шығарып, жүрген ортасын думанға бөлейді. (тақтада өмір туралы деректі фильм көрсетіледі)

Аңыз бойынша Ыбырай сегіз  жасында түс көреді. Ел Сасықкөлдің жағасында екен. Көлдің  маңында біреудің айғайлаған даусы естіледі. Қараса, қолына домбыра ұстаған ақсақалды шал. Ол Ыбырайға жақындап: Шырағым, мынаны саған сыйладым, - деп домбырасын ұсынады. Ыбекең ақсақалдың сыйын қабыл алады. Сол күннен бастап ән шығарғыш болып, атағы елге жайылған деседі. (өмірі туралы деректі фильм слайдта көрсетіледі)

б) Айналайын халқымнан,

Маңдайдан шырақ жандырған...

(Ыбырайдың ән – өлеңдері туралы мағлұмат беріледі)

- Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылық мұрасының негізін сұлу сазды ән өлеңдер құрайды. Өнерпаздың ел арасында тараған сұлуда ырғақты ән өлеңдері аса мол.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы кім?





Ақынның шынайы талантын танытатын жастық шақ, махаббат жайындағы ән – өлеңдері:

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өлеңдерінің өзіндік сыры мен жазылу тарихы бар.

Мысалы: Ел қыдырған серілік шақта Хакима атты қызға ғашық болып, айдай аруды аққуға теңеп, «Гәкку» әнін шығарады. Қызға көңілін білдіргенде Хакима:

     Ақынға неге керек құр мырзалық,

     Сүйгенін жаутаңдатып, ойға салып,

     Айт-тағы сертіңе жет-деген мақал,

      Болмай ма шырқаса ән өмірге азық - десе, Ыбырай оған былайша жауап қайтарады:

    

Таусылмас дариясы әзіл-наздың,

     Мамығы жақсыға ем, қоңыр қаздың,

     Қыл арқан ер мойнында шірімейді,

     Періштем, жәннәбіңе қарыздармын,- депті. Сөйтіп, жүректі тербеген әдемі әуен әнге айналған деседі. (слайдта көрсетіледі)

Бұл диалог – Үкілі Ыбырайдың айтыскер ақын екендігін дәлелдейді.

Үкілі Ыбырай – жасы үлкен Біржан сал Қожағұлұлымен, Ақан сері Қорамсаұлы секілді ақындардың жолын қуған ізбасары.  

Аққумен аспандағы үн қосамын,

          Шығарсам ащы күйді түптен тартып, - деп толқындата ән салған Біржан салға арнап, Үкілі Ыбырай «Шалқыма» деген әнін шығарған. (тақтада өмір жолынан үзінді көрсетіледі)

в) Орта жүздің ішінде

Ән шырқаған мен едім...

Оқушылар Үкілі Ыбырайдың өлеңдерін жатқа оқиды. Өлеңнің жазылу тарихы туралы баяндайды.



г) Темір торға шырмалған өмір

 – Шіркін бір дүние кең едің,
 Біраз күн алдап бөгедің.
 Өкпеледім, дүние – ай
 Жолдас едің демедің.
 Арғын, Найман ұлынан,
 Талайдан сарқыт жеп едім.
 Жетпістен асқан шағымда,
 Сақал, мұртым қуарып,
 Тамыр біткен суалып,
 Неліктен мұнша жүдедім. (слайдта көрсетіледі)

- Ыбырай Сандыбайұлы Кеңес заманында қуғын – сүргінге ұшырап, жазықсыздан-жазықсыз халық жауы атанады. «Басқа пәле тілден» демекші, қазақта жер дауы, жесір дауы  деген болған ғой. Шабындық жер үшін Молдахмет Күдербековпен сөзге келген Ыбырайдың соңынан сыныққа сылтау іздеген аңдушылар көбейеді. Ол аздай Кәден деген кісінің келіншегі сүймей қосылған соң күйеуін менсінбей, Ыбырайдың туған інісі Шалғынбаймен көңіл қосады. Бұл  іске де  Ыбырайдың көп көмегі тиеді.

Мінекей, осыдан бастап ОГПУ – әнші – композитор Үкілі Ыбырайды қудалай бастайды. Сөйтіп, өкпеге қиса да өлімге қимайтын ағайын ел еркесі, арқалы айтыс ақыны Ыбырай Сандыбайұлының 70 – тен асқан шағында көп мұңлықтың бірі болып ақ түрменің торынан телміруіне себепкер болады. (тақтада деректі фильмнен үзінді)

1959 жылы Жоғарғы Кеңестің депутаты, халық жазушысы Сәбит Мұқанов сол кездегі Қазақстан  Орталық комитетінің хатшысы Жанділдин жолдасқа Ыбырай Сандыбайұлының ақталуы жөнінде жазған хатында: «Атағы кең тараған қазақтың ақынын, әрі сазгері Ыбырай Сандыбайұлы 1929 жылы «істі болып» кулак есебінде сотталып ұзамай өлген. Ол тамаша өлеңдерімен көпшілікті думанға бөлеуші еді. Ыбырай қазақ мәдениетіне өз үлесін қосты, оның бір ғана «Гәкку» әні «Қыз Жібек» операсының арқауы болып, Күләштің есімін әлемге паш еткені баршамызға белгілі. Нақақтан жала жабылып, қуғын-сүргін құрбаны болған халық ақыны Ыбырай Сандыбаевтың ақталуын шындық талап етеді. Осымен қоса мен Ыбырайдың 1924 жылы түскен суретін тапсырамын» деген екен Сәбең.

Осы хаттан кейін Орталық Комитет Ыбырай ісін қайта қарауды тапсырады.

            1959 жылдың 22 желтоқсанында Үкілі Ыбырай ақталады.



V. Қорытындылау

Алпысқа келдім, жамағат,

Шықпады ешбір жаман ат.

«Қалдырғанды» тапсырдым,

Сұрағанға аманат. – дей отырып, Үкілі Ыбырай ақынның болашаққа аманат етіп қалдырған мұрасы мәңгілік тірі, ол еш уақытта өлмек емес. Бізбен бірге мәңгілік өмір сүреді.



VI. Сабақты бекіту

«Инсерт жүйесі»



Білетінім

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды

Білгім келеді

«Гәкку», «Қалдырған»әнінің авторы екендігі

Қисса- дастан жазғаны

Жан-жақты дарын иесі екендігі

Ұрпағы, олардың қайда тұратындығы



 

 «Концептуальдық кесте»


Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілігі

Кейіпкерге берілетін баға

Үкілі Ыбырай

Өмірге құштарлығы жоғары, дүние танымы кең, өнерді қатты бағалап, сүйе білген

Кішіпейіл, ақкөңіл, адал, мейірімді, намысты

Сан қырлы өнер иесі, елінің ән өнерін биікке көтерген, өте дарынды сері, ұлтжанды азамат, дала артисі



 


VII. Үй тапсырмасын беру

Ақынның өмірін тереңірек зерттеу.


VIII. Бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
XIX - XX ?асырда?ы ?нші а?ындар

Автор: Разакова Айымгул Каниевна

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320397


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства