kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок по казахской литературе "?абит Мусіреповті? ?мірі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?бдірахманова Н?ржан Ай?ожа?ызы ?араб?ла? ауылыны? негізгі мектебіні? ?аза? тілі мен ?дебиетіні? м??алімі Саба?ты? та?ырыбы: ?абит М?сіреповті? ?мірі Ма?саты: о?ушыларды? «Абай жолы» роман- эпопеясы жайлы т?сініктерін пысы?тау, ?аза? ?дебиетіні? дамуына к?п ?лес ?ос?ан ?абит Махм?т?лы М?сіреповті? ?мірі ж?не шы?армалары жайлы т?сінік беру, хал?ымызды? салт-д?ст?ріне деген с?йіспеншілікке баулу, ойлау ?абілеттерін, тіл байлы?ын дамыту Т?рі: Жарыс саба? ?дісі: т?сіндірмелі, с?ра?-жауап, Венн диаграммасы, м?тінмен ж?мыс П?наралы? байланыс: ?аза? тілі К?рнекілік: «Абай жолы» роман-эпопеясы, М. ?уезовті? суреті, ?. М?сіреповті? суреті, кітап к?рмесі, ?аза?станны? картасы, т?скиіз, д??гелек ?стел, ?. Т?жібаев «Есімдегілер», «Ж?лдыз» журналы, кеспе ?а?аздар Саба?ты? барысы: 1. М??алім с?зі «Кітап- ?мір ?стазы. Сонды?тан жастар кіт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок по казахской литературе "?абит Мусіреповті? ?мірі"»

Әбдірахманова Нұржан Айғожақызы

Қарабұлақ ауылының негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің өмірі

Мақсаты: оқушылардың «Абай жолы» роман- эпопеясы жайлы түсініктерін пысықтау, қазақ әдебиетінің дамуына көп үлес қосқан Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің өмірі және шығармалары жайлы түсінік беру, халқымыздың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке баулу, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту

Түрі: Жарыс сабақ

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы , мәтінмен жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілік: «Абай жолы» роман-эпопеясы, М. Әуезовтің суреті, Ғ. Мүсіреповтің суреті, кітап көрмесі, Қазақстанның картасы, түскиіз, дөңгелек үстел, Ә. Тәжібаев «Есімдегілер», «Жұлдыз» журналы, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

  1. Мұғалім сөзі

«Кітап- өмір ұстазы . Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс: Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес,- деді қазақ актері Серке Қожамқұлов.»

Балалар, ертең мейрам . Наурыз-қазақтың көнеден келе жатқан мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңесіп, жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді. Сондықтан да халқымыз бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні-ұлыс күні » деп атаған.

Біздің заманымыздың 7-8 ғасырларында Иран мемлекеті мен қазіргі өзбектердің жерін, Қазақстанның оңтүстік аймағын арабтар жаулап алады да, оларды мұсылман дініне енгізеді. Ата салтынан , әдет- ғұрпынан айырылған жұрттың езгіге көнгіш , дінге де сенгіш келетінін білген шапқыншылар қол астындағы халықтардың көне салт- дәстүрлерін жойып, жер атаулары мен адам аттарын өзгертуге, мәдени мұраларды талқандауға күш салды. Әсіресе халықтық мейрам- Наурызды тұншықтырғылары келеді. Араб шапқыншыларының қол астында қалған Орта Азия халықтары бір ғасырдай Наурызды тойлай алмайды. Бірақ көне мейрам халық жадынан шығып та қалмайды. Кейде жасырын , кейде ашық бұл мейрамды әркім өз үйінде тойлайды.

Енді отаршылар күрес тәсілін өзгертіп, Наурызды ислам дінінің беделін арттыру үшін пайдаланғылары келеді. Сондықтан Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли иманның құрметіне тойланатын той, ал наурыз көже – жиырма екінші наурызда туған Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам деп жарияланды. Бірақ бұл мереке халықтық мереке болып қала берді.

1920 жылы халық Наурызбен қайта қауышты.Бірақ 1926 жылдан бастап «діни мейрам» , «ескіліктің сарқыншағы » деген жаламен қуғынға ұшырады.

Үкімет орындарының тікелей басшылығымен 1988 жылы Алматы қаласында, 1989 жылы барлық елде тойлана бастады.

Біз де сол Наурыз тойын тойламақпыз (Шашу) . Той болған соң ойын- сауық, жарыс болады. Меніңше, жорға жарысын өткізген дұрыс сияқты. Себебі жарыс кезінде нағыз жорғалар жүрісінен танбайды екен, ондайларды су жорға дейді. Ондай жорғалармен алып жүрген су төгілмейді. Егер жорға жүрісінен жаңылса, яғни оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын , сол жақтағы артқы мен сол жақтағы алдыңғы аяғын бірдей ала алмаса, тәртіпті төрт рет бұзса ойыннан, яғни жарыстан шығады. Жорға жарысына әйел де, қыздар да қатысады.

Әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Ал енді жорға жарысын бастайық. Тақтаның алдына келіп, жарыс алаңындағы аттарды таңдаңдар. «Жақсы ат- жанға серік » ,- деген халқымыз. Қазіргі жағдайда аттың жақсы- жаман болуы өздеріңе, білімдеріңе байланысты. Ат суретінің сыртындағы сұраққа жауап беріңдер.

1-үлестірме қағаз

Абайдың феодалдық қоғаммен күресе отырып, халық жағына шығуын дәлелде.

2-үлестірме қағаз

Абай мен үстем тап өкілдерінің біріне салыстырмалы мінездеме бер.

3-үлестірме қағаз


«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі қандай оқиғаға байланысты жазылды?Өлеңді мәнерлеп оқы.

4-үлестірме қағаз

Роман- эпопеядағы Құнанбай бейнесі. Құнанбай бейнесі жайлы жаңа көзқарас туралы не білесің?

5-үлестірме қағаз

Абайдың орыс достары жайлы әңгімеле. Достар сөзіне фонетикалық талдау жаса.

6- үлестірме қағаз

«Татьянаның Онегинге жазған хаты» немесе «Көзімнің қарасы»өлеңдерін әнімен айту

7- үлестірме қағаз
Дәркембайдың негізгі қасиеттері жайлы әңгімеле


8-үлестірме қағаз

Өзіңе ұнаған бейнеге хат жаз

Әділқазылар алқасына сөз беру. Жақсы жауап берген оқушыны марапаттау.

Ұлыс күнінде жеті түрлі заттан- соғымнан қалған сүр еттен; қойдың басынан; езілген құрт, бидайдан, сүт, пияз, сәбізден қазан толы көже пісіріледі. Қалыптасқан дағды бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді.

Наурыз көженің қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тамағымен қоштасуды , құрамына ақтың қосылуы- жаз тамағымен (сүт) қауышуды білдіреді.

Мен сендерге наурыз көже- үлестірме қағаздар дайындадым. Ең әуелі басты жейік, себебі бұл қыс тағамы. Халқымыз ер адамды өте қадірлейді, сондықтан бас мүжу кезегін ұлдардың біріне берейік.

1-үлестірме қағаз

Атағы әлемге тараған ұлы жазушы М. О. Әуезов қай жылы, қай жерде туды? Шығармаларын ата.

Қалған тағамдарымыз жаз тағамдары, яғни жазбен қауышуымызды білдіреді. Біз де бүгін М. Әуезовтің шығармаларымен әзірше қоштасып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі- Ғ. Мүсіреповтің өмірбаянымен танысамыз. Алдарыңдағы үлестірме қағаздарда өмірбаяны жайлы деректер бар. Солармен танысып, мазмұнын әңгімелеп беріңдер.





2-үлестірме қағаз

Ғ. Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды.

1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы 2 кластық орыс мектебіне түседі. Қазақтың белгілі ұстазы Бекет Өтетілеуов Ғабит атамыздың әдебиетті сүйіп оқуына ықпалын тигізеді. Орыс мектебін бітірген соң Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түсіп, 7 жылдық көлемінде білім алады.

3- үлестірме қағаз

1923 жылы Орынбордағы рабфакқа оқуға түседі. Орыс және әлем әдебиеті саңлақтары мен ұлттық сөз өнері үлгілерін оқиды.

1926 жылы Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. «Тулаған толқында» повесін жазады. 1928-1938 жылдары баспасөз, әр түрлі жауапты орындарда істейді.

1938-1955 жылдары бірыңғай әдебиетпен шұғылданады.

4-үлестірме қағаз

1956- 1966 жылдары «Ара- Шмель» атты сатиралық журналдың бас редакторы , Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы қызметін атқарады.

1966 жылдан кейін тек қана жазушылықпен айналысады.

Ол Жапония, Египет, Алжир, Италия сияқты елдерді аралап, туған елінің сөз өнерін насихаттады.

5- үлестірме қағаз

Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» либреттосын, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» , «Ақан сері- Ақтоқты» , «Амангелді» пьесасы мен «Қазақ солдаты», екі томдық «Оянған өлке», «Ұлпан» романы және «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасын жазды.

6- үлестірме қағаз

Медеу Сәрсекеев «Ғ. Мүсірепов туралы эсселер»

Менің түзеуден кеткен бір жаман әдетім бар. Оны сірә да бұзбаймын, оғаш көрсеңдер де өзгертпеймін ,- деген Ғабең езу тартып,- Аңға иә жолға шығып кетіп бара жатқанда әлдебір көшенің қиылысынан сыншы Т. иә ақын Ө. кездесіп, жолыңды кесе- көлденең қиып өтті ме- жүргізушіге дереу кері қайтуды бұйырамын.

-Сірә оларды ерекше жек көретін шығарсыз?

.- Ие солай болуы керек. Менің мінезім солай : көңілім бір қалған адамға қайтып жібімеймін.

7-үлестірме қағаз

Менің дүниеде ерекше бір құмар ісім- таяқ жинау. Бұрнағы жылы жапон еліне бардым ғой. Сонда жапон патшасының бағын араладық. Бақты армансыз аралап, шығар кезде, қипақтап тұрып, бастаушы кісімізге өз тілегімді айттым. Жапондар қонақ күтуге бізден артық па деймін, қолма- қол қызметшісі келіп, тырбық ағаштан таяқ істеп берді.

-Сенің мұның , Ғабеке, енді бүкіл Алатау бауырынан ағаш таппағандай... бала-шағаға мәңгілік дүние дүние болатын бір теледидар иә магнитофон әкеп берудің орнына ,- деп Серағаң кеңк-кеңк күліп, қаламгерге тиісе сөйлеп еді.

Наурыз күні қасиетті тағамнан алыс сапарда жүрген адамдарға , қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады. Қалған үлестірме қағаздарды сыбаға ретінде қалдырайық.

Қорытынды:

Наурыз мейрамы кезінде аузы дуалы қариялар мен ел басқарған көсемдер ұрпақтары айта жүретін ұлағатты сөз айтады екен. Мен халық арасында аты аңызға айналған батыр атамыз , жазушы Бауыржан Момышұлының сөзімен сабақты аяқтағым келеді.

«Өткенді ескермеген өшеді, өткенді қастерлеген өседі» ,- деген екен атамыз.

Үйге:Газет – журнал материалдарын пайдалана отырып, Ғ. Мүсіреповтің өмірі жайлы әңгіме дайындау

Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Урок по казахской литературе "?абит Мусіреповті? ?мірі"

Автор: Абдрахманова Нуржан Айгожиевна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272802


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства