дамытушылық-оқушылардың логикалақ ойлауын, ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;
тәрбиелік -ана тілін ардақтап бағалай білуге ,сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызбалар, интерактивті тақта. Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап,топтық жұмыс, салыстыру,топтастыру,ой -толғау. Сабақтың түрі :жаңа білімді меңгерту. Пәнаралық байланыс:тарих, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлығын ,қатынасуын тексеру.
Психологиялық даярлық:
«Әдебиет - тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз, осы рухани асқарға жетелейтін қасиетті қазақ әдебиеті сабағын бастаймыз.
Сыныпты екі топқа бөлу. “Мақалдар ”тобы, “Мәтелдер”тобы
Екі топ бір- біріне сәтілік ,ақ тілектерін білдіреді
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Зымыран сұрақтар. 1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? 2.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата 3.Фольклор дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Қазақ халық ауыз әдебиетінің зерттелуі қай ғасырдан басталды? 5. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не? 6. Тұрмыс –салт жырларына мысалдар келтір Үзінді айту
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ, Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ. БІЛІМ –өмір шырағы.(Оқушылардан осы сөзді неге жатқызамыз дер сұраймын .Яғни мақал –мәтел екенін айтады)
Балалар ,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ , жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады . Демек ,бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы.................... -Мақал- мәтелдер -Дұрыс , балалар , олай болса жаңа сабақты мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа сай тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сабақ . Мақал-мәтел –халық даналығының , тіл байлығының айнасы. Мақал –мәтел ауыз әдебиетінің ең байырғы ,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны,ой-пікірінің түйіні, өмір тіршілігінің айнасы. Көнеден жаңаға ,атадан балаға сақталып келе жатқан өмірлік өшпес мұра ,ғасырлар шежіресі саналатын сөз өрнегі.Онда халық тарихы,оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі кеңінен көрініс тапқан.Басқа әдеби мұраларға қарағанда көлемінің шағындығы, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Бір ауыз сөзбен тұжырымдалып,даналық қорытынды айтады. Мысалы. “Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас”, “Батыр туса –ел ырысы,жаңбыр жауса жер-ырысы”.Жанамалап,нұсқай салу түрінде айтылады. “Баяғы жартас-бір жартас”Мақал-мәтелдердің тақырыптары сан алуан Отан,туған жер,ерлік ,батырлық,ынтымақ,бірлік,достық, оқу,білім,ғылым т.б.Мақал-мәтел қарама-қарсы түрде айтылады Мыс: “Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады ” Теңеу де кездеседі. “Жақсы ай мен күндей” “Талапты бала талпынған құстай”
Мақал-мәтел екеуі қосарлана айтылғанмен айырмашылықтары бар.
Енді оқушылар мақал –мәтелдердің әр ұлтта қалай қолданатына назар аударайық.
“Азербайжанның” мақал мәтелдері.
*Ақша-қолдын кірі, жусан кетіп қалады.
*Адамды ақылынан, ағашты жапырағынан байқа.
*Сапалы мінез базарда да сатылмайды.
*Дос-ашық қарайды, дұшпан-пасық қарайды.
*Сатушыны алушы ұтады.
“Грузиннің” мақал-мәтелдері.
*Су ағады, құм қалады.
*Темір отта, адам-жоқтықта шындалады.
*Құс-қанатымен, әйел-шашымен сұлу.
*Адамның атағын шығаратын да, ұятқа қалдыратын да-қызыл тіл.
Жалғасын тап “Мақалдар”тобы 1. Суға кеткен тал ..................... 2. Батырға да ........................... 3.Ойнап айтсаң да .................4.Тұз астың дәмін келтірсе,.....................
“Мәтелдер”тобы
1.Өз елім .....................2.Балапан ұядан не көрсе .....................................
3.Ананың көңілі балада.............................4.Батыр туса ел ырысы.....................
Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттердің бірі -шығармашылық тұрғыдан бәсәкелестікке сай, үш тілді жетік меңгерген жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеу. (Н.Ә.Назарбаев). осы сөзді негізге ала отыра
“Тіл-өнер” Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл. Көп нүктенің орындағы сөздерді тауып үш тілге аудару. І топ Ұстаздан ...................озар. Көз- қорқақ,...........батыр.Көп түкірсе .........болар.
Сөз анасы -................. ............. қылыштан өткір.
“Тапқырлар аялдамасы” “Екі жақты түсініктеме” күнделігі. І топ
Өлеңнен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Мазмұнына сәйкес мақал-мәтел
Үлкен –кіші адамнан ибалық әдет кетті ,
Қыз –бозбала жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті ,
Бұл не деген замана болды ,достар?
ІІ топ
Өлеңнен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Мазмұнына сәйкес мақал-мәтел
Пайда ойлама ,ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге
Дәптермен жұмыс. І топ Венн диаграммасы
ІІ топ “Топтастыру” әдісі
Өнерлінің өрісі кең. (көрініс)
Көрініс көрсету (сынып бөлмесі, жұмыс столында мұғалім қағаз жазып отыр) Ата-ана; Саламатсыз ба? кіруге рұқсат па екен? Мұғалім; Есеңсізбе?төрлетіңіз. Ата-аналар үшін есігіміз ашық(орындық ұсынады) Ата-ана; -«еңбек түбі- береке,көптін түбі мереке»демейме халқымыз.Бала үшін жасап жатқан еңбектеріңіз ұшаң теңіз. Мұғалім; «жақсы сөз жарым ырыс» демекші сізге үлкен рахмет,бұйымтайыңызды айта отырыңыз. Ата-ана; «Илегеніміз бір терінің пұшпағы.»түпкі мақсатымыз бір болғансон,сізбен балам жайында сырласқым келіп еді. Мұғалім; «Ырыс алды ынтымақ» ата-анамен ұстаздар арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса «нұр үстіне нұр »емеспе? Ата-ана; «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»дегендей баламыздың жақсы азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектерініз зор. Мұғалім; « Оқу- инемен құдық қазғандай» оқушы мен мұғалім бірлесіп ізденген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады Ата –ана : «Ананың көңілі балада , баланың көңілі далада »дегендей баламның жүріс –тұрысы , білімі қандай? Мұғалім : «Оқу –білім бұлағы, білім -өмір шырағы » есес пе? Балаңыз үздік оқиды. Ата-ана : «Бірлік болмай ,тірлік болмас»деген ата-ана мен мұғалім қауымы бірігіп , «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса , алынбайтын асу бар ма?» тәрбиеде абыройға ие болайық . Балаларымыз үлкен азамат болсын.
2-топ Шешендердің айтқан сөздері. Көрініс.
Үргеніштің ханы Сырымның атағына сырттай қанық: “Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі” , - деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешен:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? – деп сұрайды.
Сырым батыр:
Cөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ! – деп жауап береді.
Сабақты қорытындылау . “Орынынды тап” ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып ,қажетті орындарынан тұрып,сол сөздерден мақал құрайды. Мақалдың мазмұныны түсіндіреді.
Отан , Оқу, Жақсы, Тіл, Сөз, Өтірік, Ел,Денсаулық,Тоқсан ауыз,
Үйге тапсырма: Қазіргі айтылып жүрген қандай әндерде мақал-мәтелдер бар? Әнде айтылған мақал-мәтелдердің мәнін ашу,түсіндіру.