kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок конфференция на тему "Сонбес жулдыздар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я  МАМАШЕВА  ГУЛЬЗИРА  ЖАНБОЛАТОВНА, РАБОТАЮ  В  ОСНОВНОЙ  СРЕДНЕЙ  ШКОЛЕ ЖЕНИС, ШКОЛА  НАША  СРЕДНЯЯ, ОБУЧАЕТСЯ ОКОЛО  500 УЧЕНИКОВ, КОЛЛЕКТИВ НАШ  ДРУЖНЫЙ, ВЕСЕЛЫЙ, АКТИВНЫЙ, ТРУДОЛЮБИВЫЙ,  МНЕ  НРАВИТСЯ  МОЯ  ПРОФЕССИЯ, В  СВОБОДНОЕ  ВРЕМЯ  ЛЮБЛЮ   СЛУШАТЬ  МУЗЫКУ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«урок конфференция на тему "Сонбес жулдыздар"»

«Жеңіс» негізгі орта мектебі.



Бағыты: Сөнбес жұлдыздар.

Тақырыбы: «Ер есімі, ел есінде!»

8А сынып оқушылары:

  1. Мырзахмет Ұлдана Тасболатқызы.

  2. Абдикадыр Айтолқын Жомартқызы.

  3. Қаюп Балнұр Хасенқызы.

  4. Нұрпапа Камшат Аманқызы.

  5. Салыбекова Балнұр Мұхтарқызы.

Жетекшісі: Аға тәлімгер Мамашева Гулзира Жанболатқызы.

Кіріспе: Бұл бағытта біз қазақ батырларының өмірбаяны мен майдан

жолдарын енгізіп отырмыз. Ардақты ардагерлеріміздің тартымды

баяндалған сырлары мен жырларын, естеліктерін жинақтадық.

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз Отанын қорғауға, сонымен қатар ерліктерінің

мәңгілік ел есінде сақталып, кейінгі ұрпақ одан үлгі-өнеге

алуына үлес қосу.

Міндетіміз: Ардагер ағаларымыздың есімін ұмытпау, бүгінгі Тәуелсіз

мемлекетіміздің жарқын болашағына куә болған қазына

қарттарымызға бас иу.

















Негізгі бөлім: Біздің ата- бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы-Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқан мақсаты-ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бибітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бибіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз деп ойлаймыз. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Соның бірі Төле би ауданы Көксәйек ауыл округінің тұрғыны Мысик Федор Ивановичтің үйіне «Жеңіс» негізгі орта мектебінің 8А сынып оқушылары кездесу ұйымдастырып, ардагеріміздің өмір – дерегімен танысып қайтты. Ұрыс даласынан от кешіп оралған қария соғыс кезіндегі майдандас достарының ерліктерін еске түсіріп, тебірене әңгімелеп берді. Мысик Федор Иванович 1926 жылы 11 қыркүйекте Орынбор облысы, Тула ауданында дүниеге келген екен. Алты кластық білімі бар. «Большая пятилетка» колхозында жұмыс істеген. 1943 жылы әскерге шақырылып, 17 жасында ең алғаш бірінші Беларусь майданында фашист басқыншыларымен шайқасып, Варшава, Берлин операцияларына қатысқан. Жау ордасында Жеңіс туы желбіреуінің куәсі болған. Мысик Федор атамыз «Отан соғысы» -орденімен, бірнеше медалымен награтталған. Санап көргенімізде 19 медалын таққан екен. 1947 жылы әскерден елге оралады. Бейбіт күндері бірден еңбекке араласып, «Победа» колхозында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шығады. Қосағымен үш перзент сүйіп, ұядан ұшырады. Бүгіндері ардагер атамыз тоғыз немересінің қызығын көріп отыр. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.













1978 жылдың сәуірінде Ауғанстанда болған төңкерістің соңы соғысқа айналды. Соғыс тек ел ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. «Интернационалдық көмек ретінде»-деп айтылғанымен, бұл КСРО Қарулы күштерінің Ауғаныстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғу салдарынан тұтанған соғыс еді. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізіледі. 1989 жылы бұл қырғи-қабақ соғыс аяқталып, 15 ақпанында барлық србаздар Ауған жерінен шығарылады. Қазақ жерінен Ауғаныстанға 22269 сарбаз жіберілген. Олардың 920-сы майдан даласында опат болса, 21 сарбаз із-түзсіз жоғалып, 1015 жас елге мүгедек болып оралған. Осылай 17-18 жастағы өрімдей боздақтар Ауған соғысында жазқсыз құрбан болып кете барды. Соның бірі Төле би ауданы Көксәйек ауылдың тумасы Мамаев Бақтияр Мадатұлы 1966 жылы қарашаның 19 да дүниеге келген. 1972 жылы Мухаммед Хайдар Дулати мектебіне барып, 1983 жылы мектепті тамамдайды. Әкесі Мамаев Мадат Мамаиұлы 1933 дүниеге келген. Ал анасы Мамаева Құрбан Тоқтаметқызы 1938 жылы дүниеге келген. Екеуіде қарапайым отбасынан шыққан. Содан Түлкібас ауданындағы қазіргі Т. Рысқұлов аулында 1983 жылы Механик Учелищиге оқуға түседі. Бір жылдан кейін, қарашаның 21 күні 3 айға Ваянкомат ДОСАФ армиясына шақырылады. Әскерге қызмет етуге Краснаярский край Канск қаласында түстім. Әскери ұшақта жүк тасымалдаушы әуе радисті болып қызмет атқарды. 1985 жылы мамыр айында оқуды бітіргенсоң, Амурская облысы Забитинск қаласында АН-12 Әуе ұшағында қызметте болды. Сонда Авганыстанда халықаралық қызметін өтеді. Одан Ауған елінің Баграм қаласында болды. Біздің міндетіміз Ауғандармен кеңес әскерін қару жарақпен, азық-түлікпен, техникамен және киім кешекті дер кезінде жеткізу болды. Таң атпай сағат 4 те тұрады, 5-те таңғы астарын ішеді, сағат 6-да Әуежайға әскери дайындыққа ұшуға барады. Әуе ұшағындағы экипаж мүшелерінің міндеті Кабула аймағындағы алыс станциялармен қарым-қатынас орнатуын қамтамассыз ету болды.



Ауған жері өте ыстық 50-60-70 градусқа дейын жеткен. Аптаның 6 күнінде ұшаққа ұшамыз 1 күнін ұшақты жөндеуге арнаған. Әуе жайы бар барлық қалаларында болған. Кабул, Баграм, Кандагар, Герат, Шиндант, Мазари-Шериф, Джалалабад, Хост, Кундуз осы қалаларды ұшақпен түгел аралаған. 1986 жылы қараша айында Қазақстан еліне оралып, бірнеше Кеңес одағының марапат грамоталарымен марапатталған. 1986 жылы Әскерден оралған соң оқуын 1989 жылы техникум учелищисін жалғастырды. 1989 жылы Мамаева Гулшат Ирисметқызы мен отау құрып 1 ұл 1 қыз дүниеге әкелді. Екі немересі бар. Гулшат Ирисметқызы 1971 жылы Сайрам ауданы Абдул-абад ауылында дүниеге келген. Қазір Көксәйек ауылындағы Балалар үйінде жұмыс істейді. Ұлы 1990 жылы Мамаев Айбек Бақтиярұлы М.Х Дулати мектебін оқып, 2010 жылы №9 –коледжді бітірген. Сол жылы Семейдегі әскери қызметін 2011 жылы өтеп келеді. 2015 жылы Ұлын үйлендіреді, келіні Шымкент қаласында мед бике қызметін атқарады. Қызы 1992 жылы Мамаева Саодат Бақтиярқызы олда М.Х. Дулати мектебін оқып Көксәйек ауылының МЕД коледжде оқиды, қазір тұрмыста екі қызы бар, Севгина, Мадина. Содан 1996 жылы Көксәйек ауылындағы СПТУ-9 коледж АЗЭС операторында жұмыс істеді. Қазір зейнетке шыққан, бірақ Көксәйек ауылының «Гүлдер» балабақшасында жұмыс істейді.













Төле би ауданы Көксәйек ауылының тұрғыны Умаров Юсуп-али Ерсалиұлы 1969 жылы дүниеге келген. Әкесі Умаров Ерсали Алиярұлы 1945 жылғы, Колхоз Победасында жұмыс істеген. Анасы Умарова Тамара Қалтайқызы 1945 жылы Колхоз Победасында жұмыстеген. Умаров Юсуп-али Ерсалиұлы М.Х. Дулати атындағы жалпы орта мектебіне 1974 жылы барады. 1985 жылы мектепті бітіреді. 3 жыл СПТУ - Учелищісінде оқиды. 1987 жылы Армияға шақырылады, 1988 жылы Ауған соғысына аттандырылады. Ауған еліне кіріп бара жатып қорқыныш болады, бірақ ата-анасына хабар бермейді. Ауған соғысынан қайтар алдында отбасына хат келеді, ол хатта мен аманмын елге жақында ораламын –деп жазған. Анасы сонда өзін жайсыз сезініп жүрегі ауырады. Сәуір айынан бастап Қыркүйек айына дейін Қытай шекарасындағы Ресей әскерінде ДОСЖУ 2 ай карантинде болған, минаметчик қызметін атқарды. 1989 жылы Ауған соғысы аяқталып Отанға оралады. Халықаралық медалдармен награтталады. 1992 жылы Умарова Маққұба Хабибуллақызымен отау құрады. Маққұба Хабибуллақызы 1974 жылы Сайрам ауданы Манкент ауылында дүниеге келген. Үй шаруасымен айналысады. Отбасында 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр. Умарова Фатима 1993 жылы және Умарова Зухра егіз қыздары 6-шы желтоқсанда дүниеге келген. Екі қызы отбасын құрған. Умарова Фатиманың 1 қызы бар Ханифа. Көксәйек ауылындағы Балницасында жұмыс істейді. Ал Умарова Зухраның 1 қыз, 1 ұлы бар Камила, Дидар. Умарова Юлдуз Юсуп-алиұлы 1997 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Қазір тігіншіде оқиды. Умаров Умиджан Юсуп-алиұлы 2003 жылы 6 маусымында дүниеге келген. Қазір «Жеңіс» негізгі орта мектебінің 7А сыныбында оқиды. Міне ел батырларымыз Тәуелсіздікті алғанға дейін бір қатар қиындықтарды бастан кешірді. Ауған соғысы да қаралы даталардың бырі . Он жылға ұласқан сұрапыл соғысқа «Бірінші міндетім-Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын. Сондықтан соғыс кезінде болған бауырларымыздың бәрін қаһарман деп айтуымызға негіз бар.

«Бұл соғысқа еліміздегі барлық сарбаздар өз еріктерімен қатысты. Достық көмек ретінде, Отан атынан Ауған елінде жанын құрбан етті. Енгігі тілегім – бүгінгідей бейбіт елімізде соғыс ардагерлеріміздің соңы біз болып қалайық» ,-деп жұртшылықты осы бейбіт заманның қадірін білуге,қасиетін ұғынуға шақырды. Халхымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» -деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін «Отаным» маған не бересін деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын ?»- деп өсу керек. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгердер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
урок конфференция на тему "Сонбес жулдыздар"

Автор: МАМАШЕВА ГУЛЬЗИРА ЖАНБОЛАТОВНА

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312207


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства