Саба?ты? ма?саты:1.?кілі Ыбырай Сандыбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ізденіс,зерттеу ж?мыстарын ж?ргізе отырып, Ыбырайды? сан ?ырлы ?нер иесі екенін д?ріптеу.
2. ?аза? ?нерін биікке к?теруге ?ос?ан ?лесін ма?тан ете отырып, о?ушыларды тал?ампазды??а,?нерді ??рметтеп с?юге т?рбиелеу.
3. О?ушыларды м?нерлеп с?йлеуге, т?жырымды ой айту?а, шы?армашылы??а баулу.
Міндеттер:
1.?ызы?ушылы?ты ояту: ?тілетін та?ырып бойынша о?ушыны? ?з білімін орта?а салу?а м?мкіндік жасау.
2. Ма?ынаны тану :Б?рын?ы білімін жа?а біліммен ?штастыру, сын т?р?ысынан талдау, салыстыру, о?ушыларды? білім аясын ке?ейту.
Саба?ты? т?йіні : (екі топ саба?ты? т?йінін айтады)
?кілі Ыбырай – ?зге еш а?ын?а да ??самайтын ?зіндік мінез-??л?ымен, ?зіндік ашы?ты?ы, ай?ынды?ы, турашылды?ы, шапша?ды?ы мен салма?тылы?ы бар а?ынды? дара ??былыс, ?аза?ты? ма?дайына біткен тарихи т?л?а.
Просмотр содержимого документа
«?кілі Ыбырай Сандыбай?лыны ?мірі мен шы?армашылы?ы "Г?кку" ?ні»
23.04.2014. "Үздік жыл мұғалімі-2014"байқауы
Қазақ әдебиетінен ашық сабақтың үлгісі 10"а"-сынып
Сабақтың тақырыбы: Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының
өмірі мен шығармашылығы "Гәкку" әні.
Сабақтың мақсаты:1.Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіс,зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, Ыбырайдың сан қырлы өнер иесі екенін дәріптеу.
2. Қазақ өнерін биікке көтеруге қосқан үлесін мақтан ете отырып, оқушыларды талғампаздыққа ,өнерді құрметтеп сүюге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды мәнерлеп сөйлеуге, тұжырымды ой айтуға, шығармашылыққа баулу.
Міндеттер:
1.Қызығушылықты ояту: Өтілетін тақырып бойынша оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау.
2. Мағынаны тану :Бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастыру, сын тұрғысынан талдау, салыстыру, оқушылардың білім аясын кеңейту.
3.Ой толғаныс: Оқушылардың алған білімдері арқылы шешімге келу.
Көрнекіліктер: Үкілі Ыбырайдың суреті, үн таспа, интербелсенді тақта.
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: СТО стратегиясы. 1.Топтастыру, 2.өзара оқу,
Пән аралық байланыс: музыка, өнер,әдебиет.
Күтілетін нәтеже:Үкілі Ыбырай сан қырлы өнер иесі, халық қазынасына қосқан әндері келер ұрпаққа баға жетпес мұра.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу, топқа бөлу.
Жаңа сабақ барысы:
Әрбір халықтың саналы өмір сүруі ұлттық өнерімен танылады. Өнері жоқ халық ұлттық рухын жоғалтады, ал өнерсіз ел болуы мүмкін емес.
І."Қызығушылығын ояту" кезеңі.
Топтастыру стратегиясы. 5 минут
Үкілі Ыбырайдың "Гәкку" әнін тыңдап отырып сұрақ қою.
- Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл ән- кімнің әні және қалай аталады?
ІІ. Мағынаны тану кезеңі. Өзара /бірін-бірі/ оқыту стратегиясы 10 минут
( берілген тапсырманы әр топтағы оқушылар екеуара,топпен оқып,талдап ортаға салады)
1-топ. "Әдибетшілер"
Берілетін тапсырма: Үкілі Ыбырайдың өмір жолы.
Брусиловский Ыбырайдың әндерін қалай ,қайда қолданды.
2-топ. "Зерттеушілер"
Берілетін тапсырма: Үкілі Ыбырайдың шығармашылық мұрасы. "Гәкку" әнінің шығу тарихы
1-топ. «Әдебиетшілер «Концептуальдық кесте»
"Гәкку" әнінің кейіпкері кім?
Ақын лирикалық кейіпкерді неге балаған?
Ыбырайға Кәкима қандай өнерімен ұнады?
Кәкима
Көлде кербезденген,таранған аққуға және дарияның ортасында сырғыған қоңыр қазға балады.
Сырнайға тартып, сыңғырлап салған әнімен ұнады.
2-топ.«Зерттеушілер» «Концептуальдық кесте»
Бүгінгі сабақтың кейіпкері
Өмірге қызығушылығы
Адамгершілігі
Кейіпкерге берілетін баға
Үкілі Ыбырай
Өмірге құштарлығы жоғары, дүние танымы кең, өнерді қатты бағалап, сүйе білген
Кішіпейіл, ақкөңіл, адал, мейірімді, намысты
Сан қырлы өнер иесі, елінің ән өнерін биікке көтерген, өте дарынды сері, ұлтжанды азамат, дала артисі
ІІІ. Ой қорыту кезеңі (Жедел сұрақ сабақты бекіту)
1. "Қыз жібек" операсында Гәкку әнін кім орындады? Ол кісі туралы не білесіздер?
2. Қазіргі уақытта "Гәкку" әнін қандай әншілер орындайды?
3.Үкілі Ыбырайдың әншілік, сазгерлік өнерінен басқа тағы қандай өнерімен көзге түскен?
4.Қазіргі жастар қандай әндерді тыңдайды?
5.Өнер туралы мақал-мәтелдерді айтып беріңдер
Сабақтың түйіні : (екі топ сабақтың түйінін айтады)
Үкілі Ыбырай – өзге еш ақынға да ұқсамайтын өзіндік мінез-құлқымен, өзіндік ашықтығы, айқындығы, турашылдығы, шапшаңдығы мен салмақтылығы бар ақындық дара құбылыс, қазақтың маңдайына біткен тарихи тұлға.