Просмотр содержимого документа
«?.Т?жібаев "Сырдария" 7-сынып»
Күні : 07.04.16
Сынып : 7
Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі.
Сабақтың мақсаты :
А) білімділік: ақпарат көздері арқылы жазушы туралы мәлімет беру; сатылай кешенді талдауға дағдыландыру; Өлеңнің идеясын ашу;
Ә) дамытушылық: мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «ой шақыру» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту;
Б) тәрбиелік мақсат:туған жерді,елді сүюге,табиғат анамызды қорғауға, құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту(аралас сабақ) Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ақынның өмірімен шығармашылығына арналған слайд, суреттер,карта,бес жолды өлең, венн диаграммасы,домбыра, күй.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көркемдеп оқыту, талдау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, екі жақты күнделік әдісі.(СТО) Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, география, музыка.
Б) Шығармада аты аталған Хафиз, Фердоуси туралы не білесіңдер?
3. Жаңа тақырып: «Қызығушылығын ояту»
Р.Әлқожаның «Сарыарқа» әнін тыңдату.
Оқушылар «Топтастыру» әдісі арқылы «Сырдария» туралы білгендерін жазады.
Сырдария
Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Оқушыларға «Қар үйіндісі» талқылау әдісі арқылы жаңа материалды меңгерту.
а) Оқушыларға көмекші материалдар
- Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінен бастайды.
Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғашқы өлеңдері
1932 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.
Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған.
«Поэзия минуты» (екі топ та өлеңді мәнерлеп оқиды)
1. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.
А)«Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.
Авторы: Ә.Тәжібаев
Тақырыбы: Туған жер
Жанр түрі: Лирика, туған жер лирикасы.
Идеясы: Туған жерді бағалау.Ыстық екенін ұғына білу.
Шумақ саны: 6
Тармақ саны: 24
Бунақ саны: 2
Буын саны: 7-8
Ұйқас түрі: АБВБ Кезекті ұйқас
Өлеңнің тәрбиелік мәні: Оқушылардың еліне, туған жеріне дегенсүйіспеншілігін оята білу.Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білугешақыру.
Деңгейлік тапсырмалар:
А: Отан, туған жер тақырыбында өлеңдер жазып, оқу.
Б: Отан, туған жер тақырыбында мақал-мәтелдер жазу.
С: Бес жолды өлең.
Бес жолды өлең
1. 1 сөз (зат есім)
2. 2 сөз (сын есім)
3. 3 сөз (етістік)
4. 4 сөз (мағыналы сөйлем)
5. (тақырыптық синоним).
Бекіту тапсырмалары:
1. Өлеңнен жалқы есімдерді теріп жазу.
2. Кейіптеуге мысал келтір.
Сөздікпен жұмыс.
(тақтамен жұмыс).
Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.
Сыр, Рейн, Днепр, Еділ - өзен аттары.
Тарас – Тарас Шевченко украин ақыны.
Пушкин – Александр Пушкин орыс ақыны.
3. Жаңа тақырыпты түсінгендерін зерттеу кезеңі.
(сұрақ-жауап әдісі, кітаппен жұмыс)
1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
2. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
3. Туған жер – алтын бесік, Туған жерге оралмайтын жан болмайды. Ендеше, осы ойды қай шумақтан байқадыңдар?
4. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Өлеңнің қай шумақтарынан байқауға болады?
4. «Сөздер банкісі» әдісі арқылы сабақты бекіту.
Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Әбділда Тәжібаевтың өмірбаянын оқу.
2. Сырдария өзенінің бұрынғысы және қазіргісін «жаңалық» тәсілінде әзірлеп келу.