kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Творческая работа «Абай- дана, Абай-дара»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Восточно-Казахстанская область, город Семей

                         КГУ «Средняя общеобразовательная школа-комплекс №3»

                         Ученицы  9 «Б»  класса

                         Тұрсынбекова Аяулым

«Абай- дана, Абай-дара» 

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

(С Торайғыров).

   Абайды оқып таңырқайтын ұрпақтың бірімін десем қателеспеспін. Неге десеңіз, Абайды оқып, өз биігінде өшпес із қалдырғандар туралы оқығанмын. Мұхтар атамыздың  бала Абай туралы жазғаны  мені ерекше ойға қалдырады. Сондықтан болар Абай атамның балалық шағы мені қызықтырады. Өз балалық шағым осы киелі жер аталған Семейде өтіп жатыр. Абай атамыз бұл жерді медреседе оқып жүргенде  9 жасында басып өткен.  13 жасында ауылына қайтып бара жатқан Абай менің көз алдыма келеді.  Туған жерге деген сағынышты, туған жер қадірін тек алыстасақ ғана сезінеміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Творческая работа «Абай- дана, Абай-дара»»

Восточно-Казахстанская область, город Семей

КГУ «Средняя общеобразовательная школа-комплекс №3»

Ученицы 9 «Б» класса

Тұрсынбекова Аяулым



«Абай- дана, Абай-дара»



«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

(С Торайғыров).

Абайды оқып таңырқайтын ұрпақтың бірімін десем қателеспеспін. Неге десеңіз, Абайды оқып, өз биігінде өшпес із қалдырғандар туралы оқығанмын. Мұхтар атамыздың бала Абай туралы жазғаны мені ерекше ойға қалдырады. Сондықтан болар Абай атамның балалық шағы мені қызықтырады. Өз балалық шағым осы киелі жер аталған Семейде өтіп жатыр. Абай атамыз бұл жерді медреседе оқып жүргенде 9 жасында басып өткен. 13 жасында ауылына қайтып бара жатқан Абай менің көз алдыма келеді. Туған жерге деген сағынышты, туған жер қадірін тек алыстасақ ғана сезінеміз.

«Әке -балаға сыншы» дегендей әкесі Құнанбай балаларының ішіндегі ақылды, зерегі Абайды өз ізбасары етіп тәрбиелеген. Семейдегі оқуынан оралған бала Абай әке тапсырмасын мүлтіксіз орындайды. Қазақ даласындағы атқамінерлерлің әрекетінен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын ұғады. «Адам болам десеңіз..., бес нәрседен қашық бол..., бес нәрсеге асық бол» деп санамалап береді. Ішкі жан дүниеміздің жаңаруы тек білімде жатқанын да түсінікті түрде жазады.

«Кім екен деп келіп ем, түйе қуған...» өлеңін Абай 10 жасында жазса да, өлеңге толық адам болғанда қайта оралған. Орта жүздің Арғын-Тобықты руынан шыққан билер әулеті де, оның тәрбиесіне жақсы әсер еткен. Әкесі Құнанбай өзі өмір сүрген кезде атақ-даңқымен, Қарқаралы елінің аға сұлтаны болғанын тарихтан білеміз. Әке төңірегіндегі ел жақсыларымен арласып, шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөз де, әділ билік те бала Абайды дана жолға бастайтын соқпаққа салады. Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт баланың ішіндегі ең ақылдысы да Абай болған екен. Зеректігін байқаған әкесі 9 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне берген. Абай медресе білімімен шектелмей өз бетімен орыс әдебиетін оқып үйренген. Абайдың ақыл- парасатына, әсіресе, аналарының аңыз- әңгімелері, ауыз әдебиетінің үлгілері айрықша ықпал еткенін айқын аңғаруға болады. Анасы- Орта жүздің Арғын-Қаракесек руынан. Тапқырлығы мен шешендігі мен мұндалап тұрған Ұлжан жас Ибраһимді еркелетіп «Абай» атандырып жіберген.

Тамыз айының 10-жұлдызында 1845 жылы Шыңғыс тауының бөктерінде Ибраһим болып дүниеге келген, Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туған. Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан тарайды. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай одан Өскенбай, Өскенбайдың Зере дегн әйелінен –Құнанбай, Құнанбайдан - Абай туған. Қазақтың киелі сөзі бар. «Жеті атасын білмеген –жетесіз» деген сөздің астарын да осы шығарма жазу барысында байқадым. Өзімнің де жеті атамды білуге деген қызығушылығым оянды. Әрі мұражайға саяхатқа барып, мағұлмат алғаным да әсер етті. Енді Абай туралы жазып отырмын

Абай: «Атадан- алтау, анадан- төртеу, жалғыздық көрер жайым жоқ» - деуі, Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады екен.

Алғашқы сауатын Абай ауылдағы Ғабитхан молдадан алып. Семейдегі Ахмет Риза медресесінен араб, парсы тілдерін меңгерген. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ғұлама ақындарын оқып, араб, иран, шағатай тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысып, “Приходская школада” орысша сауатын ашқан. Бар-жоғы 3-4 жыл ішінде меңгерген білімі болашақ ақынға айқын да ашық жол еді. Білімге ден қойған алғыр шәкірт, зейінді бала ықыласымен оқыған оқуының зейнетін көп уақыт өтпей- ақ көреді. Ауылына келген соң, алған білімін шамшырақтай айналасына үйретіп, жастардың оқуына ықпал етеді.

Бала Абайдың болмысын Мұхтар Әуезов «Абай жолы» арқылы танытады.

«Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт астындағы жарау құла бестісін ағызып- ағызып алып, жалпақ жазықтықтың белінен- беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, ұшып келеді». Құла бестісін ағызып- ағызып алуы, басқалардан оқ бойы алда келуі, туған жерге деген сағынышы. Семей шаһарындағы оқуын тастамай оқуы, өздігінен тіл үйренуі білімге құштарлығы, шыдамдылығы, отбасы тәрбиесінің бірізділігі деп ойлаймын. Сарғайған сағынышы алып- ұшып бара жатқан бала Абайдан алар үлгіміз де жоқ емес. Ұлттық құндылығымыздың айшығын аңғару да қиын емес. Жайлаудағы ауылға жеткен жолаушыларды мейірімді аналарымен туған жері күтіп тұр еді. Абайдың аналарымен амандасуы, Зере әжесіне деген сыйластықтың, кішіпейілдіктің көрінісінің куәсі боласың.

5 –сыныпта «Ақын қонақтар» әңгімесінде әжесінің, анасының айтқан ертегі, аңыз, әңгімелері білсем деген бала көңілімен сабақтасып жатқанын байқау қиын емес. Барлас пен Байкөкше ақынның бұл елге келуі Абайдың көңілін көтеретіні бар. Сондағы білуге құштарлық олардың қасынан шықпай, бір ай жібермей, қайтарында ерекше ықыласпен шығарып салуынан Абай бойындағы асыл қасиет адамгершіліктің дәнін туған жер, туған елден жиналғанын байқауға болады. Сырқаттанып жатқан адамды да сөз емдейтінін байқайсың, Барлас ақын да бала Абайдың зеректігін, ұғымталдығын байқап, қатты риза боп:

Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыдасаң, шыңға жетерсің, -деп шын сүйсінгенін білдірсе, бала Абай да:

-Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы, -дейді. Аттанып кеткен соң анасын құшақтап, еркелеуінен риза көңілінің қуанышын жеткізгені ана мен бала арасындағы табиғи таза сүйіспеншілікпен бала көңілінің кіршіксіз таза бейнесі айқындала түскендей әсерде болдым.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы –халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы» (Ж.Ысмағұлов) екені күн өткен сайын айшықтала түскендей. Түсінген адамға ақын сөзі санаға «адам бол» деген ұғымды түсіндіреді. Жастық шақтық албырт екенін «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» деген ойынан түсінуге болады. Бізде оқудың пайдасын күн өткен сайын алдыңа жайып салар заманды көріп отырмыз. Бірақ барлығымыз жаппай білімді болып жатқанымыз жоқ. Заманынан озып шыққан Абай қасиеті зиялы қауым өкілдерімен әдеби- мәдени байланысы, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» бұл Абай бойынан анық байқалады.

Абайдай даналар жүз болса да қазаққа көптік етпес еді. Менің де мақсатым Абай салған білім соқпағына түсіп, үш тұғырлы тілді басты ұстанымым етіп, елімнің өркендеуіне үлес қоссам деп ойлаймын.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Творческая работа «Абай- дана, Абай-дара»

Автор: Турсынбекова Аяулым

Дата: 15.04.2017

Номер свидетельства: 409407


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства