Просмотр содержимого документа
«Т?рмыс-салт жырларын ?айталау»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін тереңдету, өз бетімен жұмыс істеп, ой қорытуға үйрету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар «құндылық» сөзінің мәнін түсіне отырып, өздері білетін ауыз әдебиеті туындыларындағы ұлттық құндылықтарды, биік мұраттарды танып үйренеді.
Сабақтың әдіс-тәсілі: алты қалпақ, араның ұясы, топтық, жұптық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен амандасу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
«шаттық шеңберін» өткізу
ІІ Сабақ мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
ІІІ Үй жұмысын тексеру
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, тұрмыс-салт жырлары туралы мәтін мазмұнын және «Қазіргі қоғамдағы тұрмыс-салт жырларының орны» тақырыбында жазған шағын шығармаларын тыңдау.
ІV Жаңа сабақ
Кластер құрастыру
Тұрмыс-салт жырлары, Халық ауыз әдебиеті, мақал-мәтел түрлері мен тақырыбы тақырыптарында әр топ кластер құрастыру.
Ойланудың алты қалпағы әдісі
Оқушылар өздеріне ұнаған қалпақты таңдап тұрмыс-салт жырларын жан-жақты талдайды.