Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын — Аристотельді, Абылай хан — Төле биді, Шәкәрім — Абайды, Бердақ — Күнқожаны, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алып, ұстазын жоғары бағалаған. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі аса көп екенін жақсы түсінген.
Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз – сабырлы, білімді, жан-жақты, жауапкершілігі мол маман.
Ұстазға құрмет көрсету — білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы белгілі.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ кәсіби жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Ұстаз берген білім мен тәрбие әрбір шәкірттің өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Қай заманда болсын, ұстаздарға, өзі оқыған, білім алған оқу орнына құрмет жоғары.
Просмотр содержимого документа
«Тіл сабақтарында фнукционалдық сауаттылық»
Сабақты өткізгендер: Астана қаласы №56 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі-Жанат Саматовна Кемелбекова
Шебер сынып жоспары
ТАҚЫРЫБЫ: Табысқа бастар жол (Тіл сабақтарында фнукционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жолдары)
Мақсаты: Академиялық білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайлар мен тиімді әлеуметтенуде қолдану қабілетін анықтауға бағытталған. Топта, жұпта жұмыс істеу комуникативті дағдыларды қалыптастырады
Ресурстар:Диктант, мазмұндамалар жинағы, PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша ҚР педагог қызыметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі)
Әдіс-тәсілдер: Микрафон әдісі, БЛУМ стратегиясы.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық, бағалау парағы.
Құрылғылар: АКТ, маркер, флипчарт, желім, стикер.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: Мәтінмен жұмыс жасай отырып,функционалдық сауаттылығын арттыруда тапсырмалар жүйесін дайындау, сабақ барысында қолдануда кездесетін кедергілерді анықтап, оларды жоюдың түрлі тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуды үйренуі.
Қатысушыларды түрлі тілге байланысты айтылған нақыл сөздер бойынша төрт топқа 6-7 оқушыдан бөлу
Нақыл сөздер бойынша төрт топқа 6-7 мұғалімнен бөлінеді.
1
Топтағы нақыл сөзге назар аударту
1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн
2.«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» А.Эйнштейн
3."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет". Ш. Уәлиханов.
4.«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» Н.Ә.Назарбаев
Нақыл сөздің мағанасын түсіндіру, мәнін анықтау
3
Мағынаны ашу
«Оқу сауаттылығы бойынша дәйексөз»
Нақыл сөздер беріледі
«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
Өз сөзімен айтылған дәйексөз
Тіл таңдау туралы түсініктеме
Берліген дәйексөзді түсініп оқиды. Оны өз сөзімен жазады. Қандай сөздерді мағыналас сөздермен айырбастағанын айтады.
7
PISA тапсырмалары
Мәтінмен жұмыс
Шағын мәтін беріледі. Сөйлемнен сын есімдерді теріп жазады, кестені толтырту.
1.Сын есімдерді табу;
2.Құрлысына қарай сын есімдерді ажырату;
3.Сөйлемде сын есіммен байланысты тіркестерді анықтайды.
Оқушылар мәтіннен сын есімді табады, сын есімді құрлысына қарай ажыратады, сөйлемдегі тіркестерді табады.
5
«Диктант, мазмұндама» жинағы
Оқылым бойынша тапсырмалар
Мәтіндегі ақпаратты сәйкестендір
Құрмет тұтқан ұстаздарын сәйкестендір.
1.Ескендір Зұлқарнайын А.Сүйінбайды
2.Абылай хан Ә.Күнқожаны
3.Шәкәрім Б.Аристотельді
4.Бердақ В.Төле биді
5.Жамбыл Г.Абайды
Ақпараттарды сәкестендіреді.
2
«Диктант, мазмұндама» жинағы
Әркімнің сөзін өзіне қой.
1. Ескендір а.«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан»
2.Абай ә.«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
3.Халық даналығы б.«Ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін»
Мәтінді толық түсінгенін тексеріп, ақпараттарды сәкестендіреді.
2
PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы.
Мәтін бойынша берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру
1.Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейді.
2.Ұстазға құрмет көрсету — білімге құрмет көрсету.
3.Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер.
4.... білім алған оқу орнына құрмет жоғары
Мәтінді толық түсінгенін тексеріп, сөйлемді ретімен орналастырады.
3
PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы.
Айтылым бойынша тапсырма
Өмірдегі ұстазыма хат Пайдалануға арналған сөздер (құттықтаймыз, табыс тілейміз, намыс, үлгі) (1 сөзін орысша, ағылшынша айту)
Тірек сөздерді пайдалана отырып, хат жазады.
6
PISA халықаралық зерттеу бағдарлама
Тыңдалым бойынша тапсырма
«Қар» туралы бейнефильм көрсетіледі.
Баламалы тест. («ия», «жоқ» деп жауап береді)
1. Бейнефильмде екі адам болды ..............
2. Үстерінде көкшіл түсті киімі бар..........
3. Бейнефильм тау мен шың жайлы ...........
Бейнефильмді көреді. Балама теске жауап береді.
2
PISA тапсырмалары
Сәйкестендіру тесті
1.Колифорнияда А. Жасыл қар
2.Швецияда Ә.Қара қар
3.Антариктидада Б.қызыл қар
4.Америкада В. Ең үлкен қар
Бейнефильмді көреді. сәйкестендіру теске жауап береді.
2
PISA тапсырмалары
Жазылым бойынша тапсырма
Граффити мәтін «Менің мектебім» тақырыбында берілген үнсіз мәтін бойынша әңгіме құрайды.
Әңгіме төмендегі критерий бойынша бағаланады.
Тақырыптан ауытқымауы;
Ой жүйелігі мен дәлдігі;
Тіл көркемдігі;
Оқу сауаттылығы;
Жазу сауаттылығы.
Әр топ мүшелері таратылған граффити мәтін/үнсіз мәтін бойынша әңгіме құрайды, жазады, ортақ бір әңгімені ұсынады
5
PISA тапсырмалары
Деңгейлік тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар ұсыну:
Тапсырманы орындаңдар:
А деңгей: Сөз табы, сын есім дегеніміз не?
В деңгей: Сын есімнен болатын сөйлем мүшелерін анықта
С деңгей: Кез-келген сөз табын басқа сөз таптарына айырбастауға болатынын дәлелде
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздігінен шығарады.
4
Оқулық
Кері байланыс
Ой толғаныс
Топ жетекшілерін тыңдау.
Көшбасшының топтың жұмысын бағалауы.
5
Іденгей курсы. Қосымша таратпа материал
РЕФЛЕКСИЯ:
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1.Күрделі тапсырмалармен жұмыс жасай біледі және тапсырманы талдау жасай білу дағдылары дамыды.
2. Кері байланыс ынтымақтастық ахуалдың қалыптасуына ықпал етті.
Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын — Аристотельді, Абылай хан — Төле биді, Шәкәрім — Абайды, Бердақ — Күнқожаны, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алып, ұстазын жоғары бағалаған. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі аса көп екенін жақсы түсінген.
Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз – сабырлы, білімді, жан-жақты, жауапкершілігі мол маман.
Ұстазға құрмет көрсету — білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы белгілі.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлыАбай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ кәсіби жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Ұстаз берген білім мен тәрбие әрбір шәкірттің өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Қай заманда болсын, ұстаздарға, өзі оқыған, білім алған оқу орнына құрмет жоғары.