Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Торсық – жолаушы серігі.»
Ортаңғы тобы
Кіріктіріліген ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: Торсық – жолаушы серігі.
Жұбанышева Айжан Досқалиевна, тәрбиеші
«Брусничка» б/б, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы.
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, дамытушы кітаптарды қолдана отырып, балаларды әңгімеге араластырып, тілін жетілдіру; сұраққа мағыналы түрде жауап беруге көмектесу, өз ойларын дұрыс құрылған сөйлеммен жеткізуіне үйрету, сөздік қорын молайту, (торсық) оған түсінік беру.
Балаларға ұлттық тәрбие беру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық ұйымдармен танысып бару, торсықтың қасиеттерімен таныстыру, оларды ою- өрнектермен әшекейлеу, жапсырудағы әдіс – тәсілін меңгерту, желіммен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын арқылы балалардың қабілеттерін дамыту.
Құрал – жабдықтар: Торсықтың суреті( А-4), қатты қағаздан жасалған торсықтың нұсқасы, «Қошқар мүйіз», ою- өрнек үлгісі, әр балаға картоннан қиылған торсық нұсқасы және өрнек кесіндісі, желімдер, сүрткіштер, ойынға арналған асықтар.
Сабақ барысы: Тәрбиеші сабақты қонақтармен амандасудан бастайды да, таңертеңгілік шеңберге кілем үстіне шақырады. Балрық баланың қолына гүл ұстатады. Балалар бір - біріне гүл сыйлау арқылы жылы сөздер айтып, жанындағы балаға сыйлайды. Соңында тәрбиешінің қолында әдемі гүлдер пайда болады.
балалар, рахмет. Бүгінгі айтылған жылы сөздер, жақсы тілектер, біздің сабағымыздың жақсы өтуіне жақсы әсерін тигізеді.
Ал, неді орындарымызға жайғасайық.
Балалар, біздің Отанымыз қалай айтылады?
Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
Біз тұратын қаламыз қалай аталады екен?
Дұрыс. Балалар, сендерге айтайын дегенім, біздің ауданымыз – Қарасай ауданы деп аталады. Ол Қарасай батырдың атынан қойылған. Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз, яғни, туған күнін, соған арнап «отан» атты әнімізді орындайық.
Балалар орындарына отырады.
Балалар, біз өткен сабағымызда қазақтың ұлттық бұйымдарымен танысып, оларды әшекейлеп жүрміз.
Мынау не? (табақ, құмыра, құман, кесе, шәйнек, табақ т.б.)
Ал, бүгін сендер қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі, ыдыстың түрі – торсықпен таныстырғалы отырмын.(сурет ілінеді). Бұл – торсық. (1-2 балаға қайталату, топпен қайталау).
Торсық – бұл салқын сусын құятын ыдыс. Аталарымыз бұрындары атпен жүрген ғой, сусындарын осындай торсыққа құйып алып жүрген. Торсықтың қасиеті - әрі – бері шайқалып төгілмейді.
Ал, енді балалар, байқаған болсаңыз, мына бұйымдар, ыдыстардың бәрі немен әшекейленген.
Дұрыс, бұл ою- өрнектер, (егер балалар білмеген жағдайда, тәрбиеші түсіндіреді). Бұны ою- өрнектер,- дейді.
Сабақтарымызда біз ою - өрнектерімен танысып барамыз, ал бүгін ою- өрнектің бір түрімен танысамыз. Ол «Қошқар мүйіз» деп аталады.
Неге солай аталады, қалай ойлайсыңдар?
(себебі қошқардың мүйізіне ұқсайды)
Ал, енді сендер ою- өрнек немесе өнер туралы тақпақ, мақал – мәтелдерді білесіңдер ме?
Қане, кім айтады?
(Фарух, Ақбота, Барат, Максим, мақал – мәтелдерін айтып
беруі),
соңынан Керім мен Мейіржан тақпақтарын айтып береді.