kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырып : ?ЙЛЕНУ ТОЙЫ.Тойбастар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саттары:

а) Білімділік: О?ушыларды? ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлерін, м?дениеті мен ?нері туралы та?ырыптарды ?ай д?режеде ме?гергендіктерін бай?ау, ?лтты? салт-д?ст?рімізді тере?ірек таныту

жинал?ан білімдерін пайдалана отырып, с?здік ?орларын молайту.

?) Дамытушылы?. Ойлау ?абілеттерін, ?ызы?ушылы?тарын, тіл байлы?тарын, с?йлеу м?нерін жетілдіру.

б) Т?рбиелік. ?лтты? салт-д?ст?рді ?адірлеу білуге, мемлекеттік тілге деген с?йіспеншілікті арттыру. Елін, жерін, салтын ?астерлейтін ?л-?ызды т?рбилеу. Болаша? ?рпа?ты этнопедагогика т?рбиесін насихаттау.

Саба?ты? т?рі: ОЙЫН САБА?

Саба?та ?олданылатын ?діс: Ойын элементтерін ?олдану, с?ра?-жауап, тест

Саба?ты? к?рнектілігі: т?рлі-т?сті суреттер,тест, ?уырша?тар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырып : ?ЙЛЕНУ ТОЙЫ.Тойбастар. »

Тақырып : ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ.Тойбастар.

 

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен өнері туралы тақырыптарды қай дәрежеде меңгергендіктерін байқау, ұлттық салт-дәстүрімізді тереңірек таныту

жиналған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын молайту.

ә) Дамытушылық. Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын, сөйлеу мәнерін жетілдіру.

б) Тәрбиелік. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеу білуге, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру. Елін, жерін, салтын қастерлейтін ұл-қызды тәрбилеу. Болашақ ұрпақты этнопедагогика тәрбиесін насихаттау.

 

Сабақтың түрі: ОЙЫН САБАҚ

Сабақта қолданылатын әдіс: Ойын элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнектілігі: түрлі-түсті суреттер,тест, қуыршақтар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, балаларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Кіріспе.

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы үйлену той,тойбастар. Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – үйлену тойы.

Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Қазақ халқында "Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық" деген мақал бар.

3.Негізгі бөлім. Үйленуге байланысты қазақтың салт – дәстүрі. Үйлену тойының мәдениеті. 1)Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты. Үйленуге байланысты қазақтың салт - дәстүрі: жаушы жіберу,қалың мал,сүт ақы,қыз ұзату, қыз айттыру, құда түсу, бата аяқ, құда тартар, қыз ұзату тойы, жасау беру,қыз киімін беру,жар-жар, сыңсу, қоштасу. «Той десе қу бас домалайды» дейтін қазақ, «тойға бұйырсын» деген үмітпен мал жиған, дәулет құрған. «Сәукеле кигізу" салтына құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы олқы болмайды.Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар.Той күні бала-шаға, жастар, қыз-келіншектер және үлкен кісілер тойға жиналған. Той дастарқаны басында қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар таратылған кейін, той басқарушы ұйымдастырған әндер айтылған. Түрлі ойындар ұйымдастырылған: балуандар күресі, ат бәйге, қыз қуу, көкпар, жамбы атыс, арқан тартыс. Жастары таң атқанша ойын-сауық құрған.Тойға байланысты салт - дәстүрі: Арқан керу. Ауыл өмірінде ертеден келе жатқан ежелгі дәстүр. Оның екі түрі бар. 1) Құда келгенде немесе келін түскенде олардың алдынан арқан керіп, әйелдер кәдесін алады. 2)Үйленуге байланысты қазақтың салт - дәстүрі:Атастыру.Ескі салт, қыз бен жігіт ата-аналарының күн бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке есіттіруі. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Үйленуге байланысты қазақтың Салт - Дәстүрі: Табақ тарта білейік.Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе. Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық... Үйленуге байланысты қазақтың Салт - Дәстүрі: Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі «аяғына жығылу» деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, кінәлі адамынан жұрт алдында кешірім сұрайды, күнәсі тым ауыр болған жағдайда аяғына жығылады. 3)Үйленуге байланысты қазақтың салт - дәстүрі: Әмеңгерлік. Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда, оның жесірі жас болса «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен, әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады...

4)Тойбастар. «Тойдың кешкі ойынан өлеңмен бастайды.Сонда айтылған өлең тойбастар деп аталады.(А.Байтұрсынов).Той бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі рахмет айтып,тойбастар яғни сый-сияпат ұсынып,құрмет көрсетеді.

 

4. Тестпен жұмыс.

Тест сұрақтары

 

1.Үш байлыққа қай сөз жатпайды?

а) денсаулық

ә) ақ жаулық

б) жұмыс

в) он саулық

2. Шаңырақтағы отты жағуды кімге тапсырған?

а) келін

ә бойжеткен

б) қайын ене

в) нағашы апа

3. Тойда кімдер шашу шашады?

а) әжелер

ә) аталар

б) ағалар

в) қыздар

4. Жігіттің әкесі қалындыққа кім болады?

а) нағашы ата

ә) қайын ата

б) қайын аға

в) бөле

5.Жігітпен қалындық туыстары бір-біріне кім болады?

а) құдалар

ә )нағашылар

б) жиендер

в) немерелер

6.Қазақтың мақалын аяқта:

" Құда – мың жылдық

Күйеу — ….. жылдық"

а) жүз

ә) екі жүз

б) елу

в) ғасыр

7. Қазақ халқы ұл баласын неше жаста үйлендірген?

а) он үш

ә) жиырма

б) он бес

в) он сегіз

8.Неше атаға дейін қыз алыспау дәстүрі бар?

а) алты

ә) жеті

б) үш

в) сегіз

9. Жігіттің шешесі қалындыққа кім болады?

а) қайын ене

ә) қайын апа

б) қайын бике

в) құдағи

10. Қызға беретін құн қалай аталады?

а) қалың мал

ә) зекет

б) садақа

в) ақша

 




5. Қуыршақтармен көрініс.

Театрландырылған көрініс.

Әр оқушы өз кейіпкерлерінің сөздерін тауып оқыиды.

Құда бала:

  • Сүйінші! Сүйінші! Жастар келе жатыр, қарсы алайық!

 

Асаба:

- О, халайық, халайық!

Тыныштала қалайық,

Күмбірлетіп күй тартып,

Әсем әнге салайық – деп тойды бастайық.

Енді беташар айтайық: Келін, келін келдіңбе?

Керілмей сәлем бердің бе?

Құтты болсын босағаң.

Құт келің бол еліңе!

Құда: Көп жаса, қарағым! Бақытты бол! Қосағыңмен қоса ағар!

 

Құдағи: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық.

 

 

Құда ( қыз жағынан): Қазақта мынандай мақал бар: "Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық". Екеуің болып баламыз, қосылады арамыз.

 

Құдағи ( қыз жақтан) Тойымыз құтты болсын, екі жас бақытты болсын!

 

6. Жаңа тақырыпты қорытындылау

 

Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Біз бүгін бәріміз үйлену тойына қатыстық.

 



 














































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Та?ырып : ?ЙЛЕНУ ТОЙЫ.Тойбастар.

Автор: Каражигитова Еркежан Избасаровна

Дата: 09.08.2015

Номер свидетельства: 224731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства