kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Т?уелсіздік к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кере ?арыс ма?дайынан ?арыш?а жол салып,

Ша?иттік Ер ??мыр шал?ы?ан!

С???ыла сертінде боданды? булы?ып,

Д??алы с?зінде азатты? а??ы?ан!

Арыстан ж?ректі, абадан мінезді асылым!

Ажалды жылатып, айбынды от жыры?,

Жал?анды ж?батты періште п?ктігі?.
Жан м??ын с?йлетіп,
Ар ??нын ??лпыртып,
Алашты? демінен Ж?ма?ты? суретін билетіп,
Кешегі керауыз сат?ынды састырып,
Б?гінгі сорауыз жалта??а ?асты?ып,
К??ілді? к?гінде ?ырандай сусылдап,
Ж?ректі? ?обызын к??ірентіп,
?ош келді? біздерге А? С?уле – А?ты? ?н!

Т??ірі тірілтіп, Т??ірі ?олда?ан,
Бес к?ндік ?мірді? ?зегін жал?а?ан,
Ер Баба тілінен ?р, дана Рухы? н?р алып,
Сегіз ?ыр С?зі?нен сегіз н?р таралып,
К?н шы?ыс к?зінен к?ре? н?р 
                                    ?ара ?ле? лаулатып,
К?нбатыс к?гіне К?н болып жаралып,
Алаш?а Алланы? Самалын естіріп,
?ош келді? б?л жерге ?а?арман хас А?ын!

?ош келді? Жанарым!
Ту?ан жер топыра?ын тол?атып,
жібектей желімен сырласып,
ш?бімен, а?ымен, ??сымен м??дасып,
Т?бі бір Т?ркі ?шін,
Алтайдай  ??лазып,
Ар?адай а?ырап,
Т?ранны? т?сіне ж?лдызды 
                                      ойлары жамырап...
?аламны? ?шынан

 ?лемні? сезімін т?рленткен
?лы А?ын!
?ош келді? Т?уелсіз Т?ркіге!
?ош келді? Т?уелсіз ?аза??а!

Даланы? к?шпелі Обалын ойла?ан –
Сананы? м??гілік Шыра?ы.
Ойыны? киелі т?мары,
Рухы сусаса сусындар ?асиет б?ла?ы –
Сендегі А?сарды? зарымен,
?мітті? ?анымен к?ктеген жазбалар,
?аза?ты? Есінде Дес болып жай?алып,
Жусандай б?р?ырап т?р ?лі!

Сен сенді? Жастар?а,
Сен сенген мына Мен –
С?зіммен шайтанды шошыттым!
?зіммен к?пірді жасыттым!
Желто?сан желінде 
                     ?айрат боп ?а?арым ж?л?ынып,
Ажал?а ж?гірдім кегіммен ?мтылып!
Содан со?…
Кірпікті? ?шында ?уаныш м?лдіреп,
К?зімні? ішінде К?к Туым желбіреп,
Ар?аны? т?сіне айбарлы Астана орнатып,
Алашты? мерейін тасыттым!

Сен сенген мына – Мен,
Е-е-хе-?е-ей!!!
?арашы,
Адамны? аспантек баласы!
Иманым ж?зімнен жыр болып шашырап,
К?н болып шаттанып, шал?а?тап к?лемін!
Білемін,
К?мейден к?й сынды с???ылдап тілегім,
Ел ?шін ж?лыным ж?лынса ?кінбен!
Хас А?ын,
Мен са?ан Ант етем!
Алланы?  ж?парлы Атымен Ант етем!
?лемге с?йгізем ?аза?ты? х?сни Ж?регін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Т?уелсіздік к?ні »

Кере қарыс маңдайынан ғарышқа жол салып,

Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған!

Сұңғыла сертінде бодандық булығып,

Дұғалы сөзінде азаттық аңқыған!

Арыстан жүректі, абадан мінезді асылым!

Ажалды жылатып, айбынды от жырың,

Жалғанды жұбатты періште пәктігің.
Жан мұңын сөйлетіп,
Ар құнын құлпыртып,
Алаштың демінен Жұмақтың суретін билетіп,
Кешегі керауыз сатқынды састырып,
Бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып,
Көңілдің көгінде қырандай сусылдап,
Жүректің қобызын күңірентіп,
Қош келдің біздерге Ақ Сәуле – Ақтық Үн!

Тәңірі тірілтіп, Тәңірі қолдаған,
Бес күндік өмірдің өзегін жалғаған,
Ер Баба тілінен өр, дана Рухың нәр алып,
Сегіз қыр Сөзіңнен сегіз нұр таралып,
Күн шығыс көзінен күрең нұр 
                                    қара өлең лаулатып,
Күнбатыс көгіне Күн болып жаралып,
Алашқа Алланың Самалын естіріп,
Қош келдің бұл жерге қаһарман хас Ақын!

Қош келдің Жанарым!
Туған жер топырағын толғатып,
жібектей желімен сырласып,
шөбімен, аңымен, құсымен мұңдасып,
Түбі бір Түркі үшін,
Алтайдай  құлазып,
Арқадай аңырап,
Тұранның төсіне жұлдызды 
                                      ойлары жамырап...
Қаламның ұшынан 

 Әлемнің сезімін түрленткен
Ұлы Ақын!
Қош келдің Тәуелсіз Түркіге!
Қош келдің Тәуелсіз Қазаққа!

Даланың көшпелі Обалын ойлаған –
Сананың мәңгілік Шырағы.
Ойының киелі тұмары,
Рухы сусаса сусындар қасиет бұлағы –
Сендегі Аңсардың зарымен,
Үміттің қанымен көктеген жазбалар,
Қазақтың Есінде Дес болып жайқалып,
Жусандай бұрқырап тұр әлі!

Сен сендің Жастарға,
Сен сенген мына Мен –
Сөзіммен шайтанды шошыттым!
Өзіммен кәпірді жасыттым!
Желтоқсан желінде 
                     Қайрат боп қаһарым жұлқынып,
Ажалға жүгірдім кегіммен ұмтылып!
Содан соң…
Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп,
Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп,
Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып,
Алаштың мерейін тасыттым!

Сен сенген мына – Мен,
Е-е-хе-һе-ей!!!
Қарашы,
Адамның аспантек баласы!
Иманым жүзімнен жыр болып шашырап,
Күн болып шаттанып, шалқақтап күлемін!
Білемін,
Көмейден күй сынды сұңқылдап тілегім,
Ел үшін жұлыным жұлынса өкінбен!
Хас Ақын,
Мен саған Ант етем!
Алланың  жұпарлы Атымен Ант етем!
Әлемге сүйгізем Қазақтың хұсни Жүрегін!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Та?ырыбы: Т?уелсіздік к?ні

Автор: Сер?азиев Д?урен ?онысбай?лы

Дата: 25.01.2015

Номер свидетельства: 160978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства