?р ?лтты? жан д?ниесін , таби?и бітім – болмысын , мінез – ??лы? , іс - ?рекетін, т?рмыс тіршілігін танытатын айнасы - оны? тілі . Сонды?тан тіл м?селесі , оны? ?о?амда алатын орны мемлекетті? , тілші ?алымдарды? , зиялы азаматтарды? , ?стаздарды? к?зден таса етпейтін м?селерді? бірі болып табылады . Тіл саясаты – ?ашанда мемлекеттік саясатты? б?лімбес , ?зекті б?лшегі . Осы?ан орай , республикада тиісті ж?мыстар ж?ргізіліп жат?анды?ы барша?а аян . Осыларды? ішінде е? негізгі ж?мыс , к?п елене бермейтін , біра? жа?сысынан жаманы к?бірек к?зге т?сіп , ауыз?а ілінетіні – о?ыту; ?йрету м?селесі . К?п ?лтты республикамызды? жа?дайында тілді ме?герту , мемлекеттік тілде с?йлету о?ай іс емес екендігі белгілі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: ?аза? тілін о?ытуды? тиімді жолдары »
Қазбекова Аманкүл Хамзеқызы
№ 15 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
«Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына
байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен
техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білуі қажет».
М. М. Потошкин.
Әр ұлттың жан дүниесін , табиғи бітім – болмысын , мінез – құлық , іс - әрекетін, тұрмыс тіршілігін танытатын айнасы - оның тілі . Сондықтан тіл мәселесі , оның қоғамда алатын орны мемлекеттің , тілші ғалымдардың , зиялы азаматтардың , ұстаздардың көзден таса етпейтін мәселердің бірі болып табылады . Тіл саясаты – қашанда мемлекеттік саясаттың бөлімбес , өзекті бөлшегі . Осыған орай , республикада тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығы баршаға аян . Осылардың ішінде ең негізгі жұмыс , көп елене бермейтін , бірақ жақсысынан жаманы көбірек көзге түсіп , ауызға ілінетіні – оқыту; үйрету мәселесі . Көп ұлтты республикамыздың жағдайында тілді меңгерту , мемлекеттік тілде сөйлету оңай іс емес екендігі белгілі .
Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің, оқушылардың қызметіне тікелей байланысты және мемлекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына да байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Ғасырлар тоғысында қоғамдағы күрделі өзгерістер білім беру саласына жаңа көзқарас, жаңа ағым, жаңа сапалық деңгейге көтеретін іс-әрекет әкелгені – заңды құбылыс. Қоғамдағы оқу-ағарту саласында түбегейлі өзгерістер жүргізілуде. Оқу үрдісінің мақсаты мен мазмұны жаңарып, жаңа мазмұнды білімді іске асыру әдіс-тәсілдері, технологиялары да игерілуде. Мен қазақ тілі әдістемелік құралдарымен бірге шет тілі, орыс тілі, басқа да пәндер материалдарын, әдістерін оқып, ізденіп, оларды қазақ тілін оқытуда пайдаланамын.Қазақ тілі мұғалімінің, яғни менің міндетім мәдениетті түрде біліміммен, іскерлігіммен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа тез жететіндей тиімді жол іздеу.
Нағыз сабақ ол - әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Оқыту процесінде баланың белсенділік принципі – практиканың ең бастысы болып табылады. Ол білім мен білікті саналы түрде қажет ету, нәтижеге жету сияқты іс-әрекет сапасының түсінігін береді. Ол жайдан-жай пайда болмайды, бұл-педагогикалық технологияларды шеберлікпен жүйелі пайдаланудың желісі.
«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Ол туралы педагог ғалым Беспалько: «Оқу – тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы. Педагогикалық жүйе – бір-бірімен байланысты әдістер, педагогикалық процестер, жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін жақты мақсатты, бағытты педагогикалық әсер». Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырғандығымен де, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуі, дамуына бағытталған. Олар: ұжымдық оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы, іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы, С.Н.Лысенкованың технологиясы, В.Ф.Шаталов технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы.
Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарымда қолданып жүрген "Сыни тұрғыдан ойлау" жобасына тоқталсам. Сыни тұрғыдан ойлау - ол сынау, мін тағу деген ұғымдармен де шатастыру кездесіп тұрады. Ал, негізінде сынау емес, шыңдалған ойлау, шығармашылық ойлау. «Сыни тұрғыдан ойлау - бұл біздің ХХІ ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Сыни тұрғыдан ойлайтын адамды басыну мүмкін емес. Сыни ойлау - ақпарат соңғы пункт емес бастапқы нүкте болып табылатын жекеше ойлау. Сыни ойлау - бұл сұрақ қою және анықтауды қажет ететін мәселені анықтау. Сонымен қатар сенімді дәлелдерге ұмтылыс және бұл әлеуметтік құбылыс" - дейді Америка профессоры Дэвид Клустер. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке, әрі әлеуметтік ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталып, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сонымен қатар, ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептелінеді. Ең қиын деген мәселені өздері шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Сыни тұрғыдан ойлайтын дара мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа жолдарының бар екендігін мойындайды және оны дәлелдеуге тырысады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.
Жобаның түпкі мақсаты - ашық қоғам азаматын қалыптастыру. Жоба бойынша білімді қабылдаушы оқушы - оқыту кезеңінің басты тұлғасы. Әр оқушының өзіндік пікірін қалыптастыруды жақтап отыру олардың ойлау қабілеттерін арттыруға, өз пікірлерін дәлелді түрде тұжырымдауға көмектеседі. Сыныпта шешім жасаушы мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптасады.
"Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" жобасымен өткен сабақтарда мына мәселелерге аса назар аудару:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау.
- Қиялын дамыту үшін менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау;
-Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз қинап сұрамау;
- Баланың дүниетанымы кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау;
- Жеке тұлға ретінде "менің", өз пікірін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдіс- тәсілдері менің сабағымды ғана өзгертіп қойған жоқ, оқушылармен қарым-қатынасымды да өзгертті, оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылығы пайда болды. Оқушылардың меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда "Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" жобасының ерекше екендігін сабақтар барысында байқауға болады. Бұл жобаны оқытудағы үш маңызды талаптар:
1. Сапалы білім беру.
2. Шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Уақытты ұтымды пайдалану.
Осы жобаны оқыту процесінде алғыр оқушының бойынан байқалатын үш ерекше қасиеттер:
1. Зеректігі
2. Зейінділігі
3. Қызығушылығы.
Оқушыны ойландыру үшін жасалынылатын тиімді әдістер:
1. Сұрақты нақты, дәл қою.
2. Қызықтыра білу.
3. Шығармашылық жұмыс.
Сапаргүл Мирсеитова өзінің еңбегінде: "Мұғалімнің үйретуі - бұл бір сөз, ал оқушының өз бетінше үйренуі құптарлық жайт, ал үшінші ең маңыздысы - іздену мен зерттеу" - дегендей бүгінгі таңда менің де сабақтарым осы қағидаға сәйкес деп айта аламын.
. Технологияны қолдануда мұғалім шеберлігі ерекше мәнге ие болып, олар білім сапасын арттырудың маңызды шарты ретінде бүгінгі қоғамдық - әлеуметтік сұранымға сай жетілдіріліп отырады. Бұл орайда оқытуда қоғам мен оқушы мүддесін қатар қамтитын, мұғалім шеберлігін шыңдайтын оның нәтижелі жұмыс жүргізуіне оң әсерін тигізетін технологиялардың көбеюі мұғалімнің таңдау мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Ол оқу үрдісіндегі кездейсоқтық пен жүйесіздіктен арылуға, оқу материалын тиісті деңгейде меңгеруге, оқушы білімін объективті бағалауға жол ашады. Сондықтан да педагогикалық технологиялар білім сапасын жетілдірудің маңызды компоненті деп саналады.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Мемлекеттік тілдің жоғары деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірілетін білімнің сапасымен өлшенеді демекпін. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру - өмір талабы. Ал, өмір талабын орындау – барлығымыздың абыройлы паразымыз.